Сөйлемді толықтырыңыз:
«Әрбір ру және ауыл .... өз ____________ жүріп, осыдан жүздеген жылдар бұрын ата-бабасы тұрған бұлақ пен____________ басына тоқтаған... Қыстауда қонысы көрші көптеген ауылдар, жазда______________, шыққанда бірінен-бірі жүздеген шақырымға _________кете барған»
11 сынып. І тарау. Қазақ халқының жоңғарларға қарсы азаттық күресі
1-нұсқа
І. Дұрыста жауапты анықта.
1. Қарақұмдағы құрылтай болды:
А) 1700ж. В) 1710ж. С) 1715ж. D) 1720ж. Е) 1711ж.
2. Жоңғар хандығының құрылған жылы:
А) 1631ж. B) 1632ж. С) 1634ж. D) 1635ж. Е) 1633ж.
3. Жоңғарлардың атты әскерінің саны:
А) 10 мың В) 1 мың С) 100 мың D) 1млн Е) 2 мың
4. Қызылсөздің шешені:
А) Жырау В) Ақын С) Күйші D) Шешен Е)Шежіре
5. «Жеті Жарғы» заңдар жинағының авторы:
А) Жәңгір В) Абылай С) Тәуке D) Әбілқайыр Е) Қасым
6. 1726 жылы қазақ тайпалары мен руларының құрылтайы болған жер:
А) Орбұлақ В) Қарақұм С) Ордабасы D) Қарасиыр Е) Аңырақай
ІІ.
7. Бірнеше дұрыс жауабын таңда. Абылай хан:
А)Барлық үш жүз өкілдерінің жиналысын ашты
В)«Жеті Жарғы» заңдар жинағын әзірледі
С)Шын есімі Әбілмансұр
D)80 мың әскердің басқолбасшысы
E)Жекпе-жекте жоңғар батыры Шарышты жеңді
F)1750 жылы Аягөз маңындағы жорықты басқарды
G) Оның атына халық «Әз» сөзін қосты, ол дана деген мағынаны білдіреді
H) Ресей мен Қытай оның беделінің жоғары екендігін мойындады
А) А,В,С В) С,D,Е С) Н,D,С D) С,Е,H Е) F,G,Е
8. Хронологиялық ретпен орналастыр:
1. Бұланты бойындағы шайқас
2. Орбұлақ шайқасы
3. Аңырақай шайқасы
4. Қарақұмдағы құрылтай
5. Ордабасыдағы құрылтай
А) 1,2,3,4,5 В)3,2,5,4,1 С)2,4,5,1,3 D) 3,1,2,5,4 Е)3,1,5,4,2
9. Сәйкестігін анықта. Жоңғар басқыншыларына қарсы ерекшеленген қайраткерлер:
1. Қанжығалы Бөгенбай
|
А) Жоңғар еліне елшіліктің құрамында болды және оны бастап барды
|
В) Башқұрттардың басшысы М.Юлаев оны паналады
|
С) Біріккен қазақ қолының басқолбасшысы
|
2. Әбілқайыр хан
|
D) Ақша батырдың отбасында туған
|
E) Жауынгерлік стратегия мен тактиканы білетін, жақсы ұйымдастырушы болды
|
F) Ташкент қаласындағы сарбаздар мектебінде оқыды
|
3. Қазыбек би
|
G) Оның басқаруымен болған алғашқы шайқастар қазақтардың жеңісімен аяқталды
|
H) Жоңғарларға қарсы қазақтар, өзбектер мен қырғыздардың бірігуіне үлес қосты
|
I) Жоңғарларға қарсы әскери іс-қимылдарды басқарды
|
А) 1-А,D,Н; 2-В,Е,G; 3-С,F,I В)1-А,В,С; 2-D,Е,F; 3-G,H,I С) 1-D,F,I; 2-C,E,G; 3-A,B,H
D)1-В,С,Е; 2-А,D,Н; 3-I,F,GЕ)1-G,F,H; 2-D,I,Е; 3-А,В,С
Достарыңызбен бөлісу: |