11 сынып. ІV тарау. ХХ ғасыр басындағы Қазақстандағы саяси партиялар мен ағымдар
1-нұсқа
І. Жабық тест.
1. 1906 ж. 15-23 қаңтарда Санкт-Петербургте ... Жалпыресейлік мұсылмандардың съезді өтті:
А) I B) II С) III D) IV Е) V.
2. Кеңес үкіметі алғаш орнаған:А) Черняевте В) Семейде С) Қазалыда D) Перовскіде Е) Верныйда
3. «Алашорда» құрамына сайланған адамдар саны: А) 10 В) 15 С) 25 D) 35 Е) 40
4. Өзін-өзі басқару, конституциямен берілген мемлекеттік билікті өз бетінше жүргізу құқығы:
А) демократия В) дистанция С) федерация D) автономия Е) монархия
5. «Алаш» партиясының басты мақсаты қазақ қоғамын заман талабына сай етіп өзгерту… «Алаш» басшылары бізге мемлекеттілік идеясын мұраға қалтырды…» сөздерінің авторы:
А) Ә. Бөкейханов В) А. Байтұрсынұлы С) Н. Назарбаев D) С. Сәдуакасов Е) М. Шоқай
6. 1917 ж. қазақ социалистік «Үш жүз» партиясы құрылды:
А) Шығыс Қазақстанда В) Орталық Қазақстанда С) Батыс Қазақстанда
D) Оңтүстік Қазақстанда Е) Солтүстік Қазақстанда.
ІІ. 7. 8 жауаптан бірнеше дұрыс жауап таңда. «Алаш» партиясына қатысты деректер тап:
А) кадеттер партиясымен байланыс орнату туралы шешім қабылданды
В) Орынбор қазақ зиялылары ұлттық мәселелерге байланысты бір тұжырымға келу үшін съезд шақыру туралы шешім қабылдады
С) негізгі ұраны халықты отаршылдық езгіден босату болды
D) ұлттық мәдени мұраны жинақтау және оның құндылықтарын қалпына келтіру
E) азаттық күрестің маңызды мақсаты тәуелсіздік болды
F) депутаттар жер мәселесін, аумақтардағы сайлау туралы талқылап, 81 адамға дауыс берді
G) Ташкентте 1917 жылы 22 қарашада Кеңестердің ІІІ Түркістандық өлкелік съезді өтті
H) съезд Х. Досмұхамедовтың Қазақ автономиясы туралы баяндамасын талқылады.
А) В,С,Е В)D,Е,H С)С,D,G D)А,В,Е Е)В,С,F.
8. Хронологиялық ретпен орналастыр:
1. «Алаш» партиясының құрылуы
2. «Үш жүз» партиясының құрылуы.
3. «Шура-и-ислами» («Ислам кеңесі») партиясының құрылуы
4. «Сират әл-Мұстаким» («Тұра жол»)
5. «Иттифак әл- Мүслимин»(«Мұсылмандық одақ»)
А)5,4,3,1,2 В)1,2,3,4,5 С)3,2,4,5,1 Д) 2,1,3,5,4 Е) 2,3,1,4,5.
Достарыңызбен бөлісу: |