1. «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» ұғымын қалай түсінесіз? «Бағалау» термині латын тілінен аударғанда «жақын отыру»


Формативті бағалаудың суммативті бағалаудан айырмашылығы



бет3/3
Дата28.04.2020
өлшемі19,46 Kb.
#64956
1   2   3
Байланысты:
6 апта

3. Формативті бағалаудың суммативті бағалаудан айырмашылығы

Жинақталған бағалау оқыту үдерісінде тікелей қатыспайтын, субъектілермен жүргізіледі.Бұл бағалау тәсілі бір оқушының басқамен салыстыру, бірақ бұл оқушылардың тікелей жұмыстарын салыстыру, ал әр жұмысты эталонмен салыстыру жолымен болжайды.Оқытудың белгілі бір кезеңі сипатында, яғни оқыту қорытындысын шығаратын бағалаудың бұл түрі суммативті деп аталады.

Формативті бағалау - критериалды журналда сөздік бағалау болып табылады.

Формативті және суммативті бағалау

Формативті бағалау, Оқыту үшін бағалау оқушылардың  қай кезеңде, қай бағытта екенін анықтау және одан да зор жетістікке қалай жету керектігін  жоспарлау үшін қолданылады.


Суммативті оқыту, оқуды бағалау

керісінше, оқушылардың осы кезеңге дейін оқығанын қосып бағалау




Формативті (қалыптастырушы) бағалау– оқушының білім алуын үнемі бақылап отыратын мақсатқа бағытталған үзіліссіз процесс. Формативті бағалау «формальды емес» (көбінесе белгі қоймай) бағалау болады. Ол бағалау критерилеріне сәйкестікке негізделіп, кері бойланысты ұстанады. Егер нәтиженің бағасы анықталған қажеттіліктерді ескеріп, оқу процесін жақсартуға қолданылса, онда бағалау формативті болады.

Формативті (қалыптастырушы) бағалаудың мақсаты - оқу процесі арысында оқушы мен мұғалімнің іс-әрекетіне түзетулер енгізу болып табылады. Түзетулер енгізу білім алу нәтижесін жақсарту үшін мұғалімнің немесе оның оқушылармен бірігіп жаңа мәселелерді ұсынуы.

Формативті бағалау:



  • күнделікті тәжірибеде қолданылады (сабақ сайын, күнделікті)

  • оқушыға да, мұғалімге де қолайлы түрде пайдаланылады.

Формативті бағалаубілім берудің ерте кезеңінде оқыту процесіне өзгерістер енгізу мақсатында оқушының прогресік дамуын бағалау.

Суммативті (қорытынды) бағалаубелгілі бір уақыт аралығында тақырыпты, тарауды оқып болғаннан кейін оқушының білімінің, іс-әрекетінің, дағдысының, құзіреттілігінің қалыптасу деңгейін анықтауға арналған. Суммативті бағалау көптеген тексеру жұмыстарының нәтижелері бойынша жүргізіледі. Тексеру жұмыстарына қойылған бағалар қорытынды бағаны анықтауға негіз болады.

Суммативті (қорытынды) бағалаудың мақсаты - белгілі бір уақыт аралығында оқушының меңгерген білімінің, іс-әрекетінің, дағдысының, құзіреттілігінің қалыптасу деңгейін анықтау және алынған нәтижелердің стандарт талабына сай болуын анықтау.

Осылайша, мұғалімнің оқушылардың белгілі бір оқу нәтижелеріне жетуін қамтамасыз ететін дәстүрлі құралдарынан (әдістемелік нұсқау т.б.) бөлек бұл технология мынадай дәстүрлі емес ресурстарды ұсынады:


4. Баға қоюдың синтездік түрін қалай түсінесіз?

Бағалау - оқыту нәтижесін анықтау үшін қолданылатын тәсіл, оқушының берілген тақырыпты меңгерудегі кемшіліктерін жоюда, оның үлгерімінің нәтижелі болуына ықпал ететін фактор. Бағалау, көбінесе, баға қоюдың синтездік түрі (1-ден 5-ке дейінгі ранг) арқылы жүзеге асады. Сондай-ақ, мектеп тәжірибесіндегі бағалау баға қоюмен ғана шектелетін тәсіл емес, ол материалды меңгеру, меңгермеу фактісімен қатар оның себептерін анықтауға мүмкіндік беретін оқытудың маңызды құрамды бөлігі болып табылады. Жоғары оқу орындарында бағалау рейтингтік әдіс арқылы жүргізіледі

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет