1. Оқытушы туралы мәліметтер



бет26/68
Дата13.02.2023
өлшемі3,28 Mb.
#168604
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   68
Байланысты:
umkd- ashdk agronomiya-3 2022-2023 (3)

Аскохитоз. Қоздырғыштары– Deиteromycota класы Сферопсидалыларқатарына жататынAscochyta pisi Libert.,A pinoydes Jonesжәне т. б.саңырауқұлақтар. Ауру белгілері жапырақтар мен сабақтарда, бұршаққаптар мен дәндерде дөңгелектеу, немесе созылған, күңгірт жиекпен көмкерілген сарғылт, немесе қоңырқай дақтар ретінде байқалады. Өскіндер солып, опат болуы, өсімдіктердің өсуі кенжелеп, жапырақтар мезгілінен ерте қурап,түсіп қалуымүмкін. Дақтардың үстінде пішіні дөңгелектеу, көлденеңі 180-210 мкмпикнидалар түзіледі. Конидияларр сәл иілген, ортасы жіңішкерген, жоғарғы және төменгі жасушалары жұмырлау, 1-3 көлденең перделермен бөлінген, мөлшері 10-20х3,4-5 мкм. Ауру жайлаған тұқымдар сарғылт немесе қоңырқай тартады, олардың салмағы жеңіл келеді. A.pinoуdes қоздыратын аскохитоз белгілері өсімдіктің барлық мүшелерінде қоңырқай,тамыр мойыны мен сабақтарда терең жараларға айналатын, күңгірт-қоңыр немесе қошқылдау дақтар ретінде байқалады. Пикнидалардың реңі сарғылт немесе күңгірт-қоңыр,көлденеңі 60-180 мкм, конидиялардың тұрқы түзу, кейде аздап иілген,1-3 жасушалы, мөлшері 10-21х3-6 мкм. Аурудың дамуына 15-200С аралығындағы температура және жаңбыр жиі жауып, ауаның ылғалдығы жоғары болғаны қолайлы.Инфекция тұқым арқылы таралады және шірімеген өсімдік қалдықтарында сақталады.
Ақұнтақ. Қоздырғышы– Ascomycota класының ЭризифалыларқатарынажататынErysiphe communis Grev. Ауруға шалдыққан жапырақтардың жоғарғы бетіндесаңырауқұлақ мицелийлері мен конидияларынан тұратын нәзік селдір ақ ұлпа байқалады, ол біртіндеп нығыздалып сұрғылт тартады.Конидиялар эллипс тәріздес, сағақтар ұшында бір-бірден орналасады. Жаз бойы саңырауқұлақ конидия сатысында дамып, бірнеше ұрпақ береді.Күзге қарай мицелий шоғырларында саңырауқұлақтың қалталы сатысы жеміс денелері -клейстотецийлер, олардың ішінде дөңгелектеу немесе жұмыртқа тәріздес, 8-ден мөлшері 26-72х30-45 мкмқалташалар түзіледі. Инфекция өсімдік қалдықтарында клейстотецийлер ретінде сақталады. Олар жазғытұрым пісіп жетіліп, жас өскіндерді залалдайды.
Тат. Қоздырғыштары– Basidiomycota класының Урединиялыларқатарына жататын Uromyces fabae (Pers.) D.B. және U. pysi (Pers.) саңырауқұлақтары.Біріншісі бір иелі саңырауқұлақ,бүкіл тіршілік айналымынегізгі ие-өсімдік асбұршақта өтеді. Көктемде жапырақтарда нәзік, реңі ақшыл-сары келген спермаций мен эций сатылары дамиды.Жазда урединиоспоралар жиынтығынан тұратын,ұнтақ тәріздес, ашық-қоңыр пустулалар күлдіреуіктер пайда болады. Өсімдіктердің өсу кезеңінде саңырауқұлақ бірнеше ұрпақ беріп, күзге қарай реңі қара-қоңыр келетін телийлер түзіледі. Урединиоспоралардың пішіні шар, немесе эллипс тәріздес, реңі қоңырқай, мөлшері 21-26х18-21 мкм, телиоспорлар дөңгелектеу немесе сопақтау, 20-30х16-22 мкм.U. pysi екі иелі саңырауқұлақ. Эций сатысы сүттігенде, ал урединиймен телийлері – асбұршақпен қатар кейбір бұршақтұқымдастарда дамиды. Бірінші аурудың инфекциясы телиоспоралар ретінде ие-өсімдік қалдықтарында, екіншінікі - сүттіген тамырында қыстап шығады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет