1. Өлеңнің түсініктемесі



бет2/2
Дата06.01.2022
өлшемі20,05 Kb.
#109743
түріПоэма
1   2
Байланысты:
Күрделі метафоралар

Шалқы, қазақ, шалқитын заман келді,

Текке қанын төккен жоқ Аманкелді.

Кең далаңда керіліп, атыңды атап,

Жырла, қазақ, жаңа күй, жаңа ән келді.-

дей отырып, қазақты адамзаттық құндылықтарға жақын болуға шақыратыны белігілі. Менің ойымша, бұл өлең «Мен - қазақпын» деген жолы арқылы-ақ қазақ барда өміршең болып қала береді.

Қаза тапқан солдаттай ізгі өлімнен,

Қалалар да өтіпті түз белінен.

Қаңқалары табылып жатыр қазір

Соғыстар мен жорықтар іздерінен.


О замандас, соларға бір қараңыз:

Әр кірпіші, әр тасы бір қора аңыз.

Өлгендерді тірілтіп, өмірлі етіп,

Өшкендерді табатын бір ғана біз.

Арылмады басымнан замана – түн,

Үйіп-төгіп жазмыш жаманатын.


«Мен – қазақпын» дедім хан Темірге де.

Жез тырнақша қадалды жебір неме.

Шыңғыс қорқау болғанда, мынау бөрі,

Біреуінен бірі кем елірді ме!?

Қан да, көздің жасы да сорықпады.

Күреңітті көлдердің борықтары.

Азан-қазан «Ақ табан шұбырынды»,

Ала топан жоңғардың жорықтары...


Қашан қазақ атандым мен азандап? –

Әлі күнге білмейсің, ей, адамзат.

Есіміме береді бала жасын

Құлпы тасты шұқыған кей азамат.


Өзі шешер тарих талас үнін,

Әйтеуір мен – адамның баласымын.

Екеу емес, адамзат біреу ғана,

Айырымы жоқ ақ өң мен қарасының.


Ұл өсірдім, қыз бақтым – ұлан тудым

Жақсы ішінде кейде бір жылан тудым.

Хан-сұлтан боп, бай болып аждаһалар

Салды астына жұртымды лаң тудың,


Абылайды, Жәңгірді, хан Кенені

Қазақ өзі қашаннан аң демеді?!

Қылықтары еріксіз түссе еске,

Қан татыған аузыма дәм келеді.


Өшпейтұғын от іздеп құр сандалған

Прометей мен болдым құрсауланған.

Жарқылдадым Исатай найзасы боп,

Махамбет боп тілінен жыр саулаған.


Қамшы үйірдім атойлап хан тағына,

Хан-сұлтандай қайрымсыз аң табына.


Жалаңдаған найзама жалт қарады

Қаңтарылған зар заман аңтарыла.


– Тоқтат! – деді патшамыз, – қазағы кім?

Қазақ деген жоқ болса, азалы кім?


– Болған емес, болмайды қазақ деген!–

Патша ашулы, шеккендей азап менен.


Бөгеттер мен жасанды шекаралар

Бөле алмады, жалп етіп құлай қалды.


Мен – бұл кезде Шоқанмын, Абайлармын,
Оң-солымды туды енді абайлар күн.

Оятқандай даламды дауыстары


«Кім жазықты?» дегенде талайлардың.

Қилы ертегі шертеді тамыр орыс


Қанжарының бір сипап жез қынабын.
Дүбір дала дыбысшыл, дабырашыл,

Ат қосқандай бәйгеге ауыл да асыр.

Көп күркіреп, жалт ойнап жетті түзге

Жиырмасыншы жас ғасыр, дауыл ғасыр.


Мен – қазақпын, мен енді Октябрьмін,

Революция күшімін, нақ тәңірмін.



Кейіпкері Лениндік декреттің,

Мен – жұлдызды халықпын, бақ тамырмын.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет