Төлемнің мерзімділік қағидасы. Бұл қағиданың экономикалық мағынасы мынадай: ақшалай қаражатгы алушы қаражаггың келісімшартга көрсетілген мерзімде өзінің шотына аударылуына мүдделі. Төлемді уақтылы алудың маңызы өте зор.
Барлық есеп айырысуға қатысушылардың келісімшарт қатынастарының сақталуына мүліктік жауапкершілік пен есеп айырысудың үздіксіз жүруіне бақылауды жүзеге асыру қағидасы.
Есеп айырысудың барлық қағидалары бір-бірімен өзара тығыз байланысты болғандықтан бұлардың біреуінің бұзылуы екіншісінің бұзылуына әкеп соқтырады. Барлық қолма-қол ақшасыз есеп айырысулар шаруашылық органдардың, кәсіпкерлердің бір шоттан екіншісіне ақша аудару туралы немесе өзара тараптарды есепке алу туралы банкке берген тапсырмаларын білдіретін есеп айырысу қркаттары негізінде жүргізіледі. Есеп айырысу құжаттарының қозғалысы мен құжат айналымын бір-бірінен бөліп қа-растыру қажет. Есеп айырысу қүжатгарының қозғалысы -бұл құжаттардың есеп айырысудың басынан бастап аяғына дейін қозғалыс пунктері бойынша дәйекті жүйелі өтуі. Ал, құжат айналымы есеп айырысу құжаттарының қозғалысына қажетті уақытпен қоса есеп айырысуға қатысты әр түрлі операциялардың жүзеге асырылатын уақытты да қамтиды. Есеп айырысу құжаттарына төлем тапсырмалары мен айырысу чектері жатады.
Қолма-қол ақшасыз есеп айырысу жеке және занды тұлғалармен оларға тиісті шот ашқан банк арқылы жүргізіледі. Ол шоттар мынадай болады: есеп айырысатын, ағымдағы, депозиттік жэне валюталық. Шот жай және контокорренттік ағымдағы болуы да мүмкін. Есеп айырысу шоты, депозит шоты және валюта шоты меншік түрлеріне қарамастан барлық заңды тұл-ғаларға ашылады. Ағымдағы, депозит және валюта шоттары коммерциялық қызметпен айналыспайтын заңды жэне жеке тұлғаларға ашылады.
Есеп айырысу қызметі үшін банк пен клиент арасында банктік шот келісімшарты — екі жақты дербес азаматтық-құқықтық келісімшарт бекітіледі. Банктер мен басқа кредит мекемелері өзара есеп айырысуы үшін бір-бірінде корреспонденттік шот ашады әрі бір банк (корреспондент) басқа банктің (респондент) депозиттерін ұстауға және мұның соңғысына төлем мен басқа операциялар бойынша қызмет көрсетуге тиісті бекітілген келісім-шарт негізінде ҚР Ұлттық банк мекемелерінде де шот аша алады. Мұнда белгілі бір мерзімде аса ірі ақша сомасын аудару бойынша банкаралық есеп айырысу жалпы негізде және нақты уақыт аралығында жүзеге асырылады. Аударылатын аса ірі ақшаның сомасын Ұлттық банк анықтайды. Басқадай төлемдер (мерзімді емес және ұсақ сомалар) бойьшша банк аралық есеп айырысулар клиринг негізінде екі және көп жақты есепке алу арқылы жүзеге асырылуы ықтимал. Соңғысы есеп айырысуға дейінгі төлем хабарламаларын тапсыру, салыстыру және бекіту процесін, сондай-ақ талаптар, міндеттемелер және түпкілікті қалдықты анықтау жөніндегі өзара есеп айырысулар бойынша операцияларды білдіреді. Клиринг — бұл занды және жеке тұлғалардың тауарлар мен қызметтер үшін талаптар мен міндеттемелердің өзара есепке алуға негізделген қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың тәсілі.
Корреспонденттік қатынаста мынадай операциялар орындалуы мүмкін:
а) клиентке қызмет көрсетуге негізделген әрі банк-корреспонденттегі шот бойынша төлемдерді жүргізуді білдіретін операция. Бұл бір банктің басқасына тапсырма беруі бойынша жүзеге асырылатын базистік коммерциялық және басқа да операциялар.
ә) шетелдік банктердің тартылуымен жүзеге асатын банкаралық операциялар. Оған еркін айырбасталымды валюталарды сату-сатып алу операциялары жатады. Кассалық және мерзімді валюталық операциялар бөліп көрсетіледі. Бірінші жағдайда сатып алушы мэміле сомасын бірден (дереу) төлеуге міндетті, ал екінші жағдайда төлем белгілі бір мерзім ішінде түседі.
Төлем жүйесінің қарқынды дамып келе жатқан салаларының бірі қолма-қол ақшасыз төлем нарығы. Қолма-қол ақшасыз төлемдер «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасы Заңында және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде айқындалған тәртіппен банктік шоттарды пайдалана отырып, сондай-ақ оларды пайдаланбастан теңгемен және шетел валютасымен төлем құралдары негізінде жүзеге асырылады. Қолма – қол ақшасыз төлемдер электрондық ақша беру, электрондық төлем құралдарын пайдалану тәсілдерімен жүзеге асырылады. Соңғы жылдары әлем қолма-қол ақшасыз төлемдердің қарқынды өсуін бастан кешуде. Қолма-қол ақшасыз төлемнің дамуы салық түсімдерінің көбеюін, қаржы операцияларының ашық болуын, банк саласына тартылатын ақша көлемінің ұлғаюын қамтамасыз етеді.
Қолма-қолсыз есеп айырысудың кең таралуы, қолма-қол ақшаның айналу аясын шектеуге, ақша белгілерін жасауға, сақтауға және есептеуге кеткен шығындарды азайтуға мүмкіндік береді. Қолма-қолсыз есеп айырысудың тиімді формаларын енгізу төлемдердің жылдамдауына, есеп айырысуда ақша қаражатының айналымдылығына көмектеседі, соңында ақшаның банктік айналымын тездетеді.
Қолма-қол ақшасыз төлемдер жүйесіндегі маңызды орындардың бірін электрондық төлем құралдарын пайдалану тәсілдері, яғни төлем карточкалары алады.
Төлем карточкаларымен төлем жасау жүйесінің артықшылықтары жетерліктей:
— бірінші артықшылығы – қаражаттың сақталуында. Кез келген картаны қолданушы төлем картасын жоғалтып алатын болса, онда тек пластикті ғана жоғалтады. Ал, ақша қаражаты банк шотында сол сомада сақтаулы қалады. Бұл жерде, ең бастысы әрбір қолданушы жеке ДСН-кодын сақтау қағидасын ұстануы керек. Яғни, жеке ДСН кодын бөгде адамға айтуға және картамен бірге сақтауға болмайды. — екіншіден картамен төлем жасау қауіпсіз. Оның үстіне 3D secure қорғанысы енгізілген карталарда, сәйкесінше ғаламтор арқылы жасалған кез келген сауда-саттық халықаралық төлем жүйесі тарапынан қорғалады. Сондай-ақ мейрамханаларда, дүкендерде және басқа да төлем карталарын қабылдайтын мекемелерде қолма-қолсыз төлем жүргізу арқылы белгілі мөлшердегі жеңілдіктер мен бонустарды алу мүмкіндігі туады.
— үшіншіден төлем карталар жүйесіне ауысу арқылы шығындарды қадағалау мүмкіндігі туады. Нақтырақ айтар болсақ, қолданушыға қанша ақша қаражатын және оны қайда жұмсағанын еске сақтаудың қажеттілігі жоқ. Тек жай ғана интернет-банкинг бөлімінде толыққанды ақша қозғалысын қадағалап, тіпті мобильді банкингке қосылу арқылы әрбір транзакция бойынша СМС-хабарлама алып отыру мүмкіндігі болады және т.б.
Салыстырмалы түрде жамбыл облысы бойынша деректерді келтіретін болсақ:
Айналымдағы карточкалар саны 01.08.2017ж. жағдай бойынша 592,7 болса, өткен жылдың ұқсас кезеңінде 529,0 құраған, қолданылған карточкалардың саны 01.08.2017ж. жағдай бойынша 344,0 болса, өткен жылдың ұқсас кезеңінде 318,0 құраған, POS терминалдар саны 01.08.2017ж. жағдай бойынша 2109 болса, өткен жылдың ұқсас кезеңінде 1669 құраған, банкоматтар саны 01.08.2017ж. жағдай бойынша 356 құраса, өткен жылдың ұқсас кезеңінде 341 құраған. Жасалған транзакциялар саны 01.08.2017ж. жағдай бойынша 724,5 құраса, өткен жылдың ұқсас кезеңінде 640,0 құраған. Барлық жағдайда өсу қарқыны байқалуда.
Сонымен қатар, қолма-қолсыз төлемнің бір түрі — электрондық ақша туралы да айта кетейік. 2016 жылы қазақстандық эмитенттермен Қазақстанның аумағында электрондық ақшаны пайдалана отырып 154,2 млрд. теңге сомасына 43,3 млн. транзакция жүргізілген (2015 жылмен салыстырғанда операциялар саны 2,7 есе, ал сомасы 3,5 есе өскен).
2016 жылы электрондық ақша арқылы жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың пайдасына жүргізілген төлемдер 130,4 млрд. теңгені құрады (2015 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3,4 есе өсті).
Қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың қаражат айналымын жылдамдату, айналыстағы қажетті қолма-қол ақшаны азайту, айналым шығыстарын төмендету кезінде маңызды экономикалық мәні бар. Ақшалай есеп айырысуды қолма-қол ақшасыз ұйымдастыру қолма-қол ақшамен жасалған төлемге қарағанда анағұрлым қолайлы. Чектермен есеп айырысу. Чек беру төлемді жүзеге асырудың бір тәсілі болып табылады, онда төлем чек беруші аттас төлем құжатын ұстаушыға беру жолымен жасайды. Чек беру өз мәні бойынша чекті ұстаушының ақшалай міндеттемесін орындау болып табылмайды, бірақ ол соны орындау үшін жазылған болса да. Аталған міндеттемені орындау тек чек бойынша ақшаны алатын кезде ғана болады.
Чекті чек ұстаушы төлеуге чек жазылған күні қабылдайды және төлеуге қабылдаған күннің ертеңіне чек ұстаушы арқылы қызмет көрсететін банкке ұсынылуы тиіс. Чек кітапшасынан алынған чектің күшінде болу мерзімі, жазылған күнін есептемегенде, әдетте , 10 күннен аспайды
Банк чек берушіден (немесе чек ұстаушыдан) чекті қабылдамауына болады, егер де мынадай жағдайлары анықталса:
егер де жазумен жазылған сомасы цифрмен көрсетілмеген болса;
чектің мерзімі өтіп кетсе;
төлем құжаттарында жасанды жазулардың белгілері бар болса;
чек әртүрлі қолмен және әртүрлі сиямен жазылған болса;
чектің қорғалу деңгейі оның талабына сай келмесе (қорғалу деңгейі бестен кем болмауы керек);
чекте көрсетілген реквизиттер қате болса;
чектегі қойылған қолда үлгі ретінде қабылданған құжаттардағы қолымен сәйкес келмесе;