1. Орталық нерв жүйесі құрылымының жалпы жоспары, құрылымы, бөлімдері және маңызы мен қызметтері.



бет13/55
Дата26.10.2022
өлшемі218,56 Kb.
#154977
түріҚұрамы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   55
Байланысты:
1. Орталы нерв ж йесі рылымыны жалпы жоспары, рылымы, б лі

Кері байланыс принципі.Бұл принципте жауап қайтарылу әсерленісі жеткілікті жағдайда ма,жоқ әлде жеткіліксіз бе,қалай атқарылып жатыр деген сияқты және т.б. мәліметтерді ОЖЖ – не жеткізетін серпіндердің ағысы жатыр.Оның оң және теріс деген 2 түрі бар.Оң – ОЖЖ – нің жауаптық әсерленісін одан әрмен күшейтеді,ал теріс – ОЖЖ – нің жауатық әсерленісін,реакциясын және де қызмет атқаратын нейрондардың активтілігін төмендетіп тастайды. Бұл өздігінен реттелудің негізіне жатады.

  • Субординация(яғни бағыныштылық) принципі.Орталық жүйке жүйесінің кей бөлімдерінің арасында бір – біріне белгілі бір дәрежеде бағынушылық орын алады.осылардың ішінде ми қыртысы ең жоғарғысы болып саналады,ми қыртысына ОЖЖ – нің қалған бөлімдері бағынышты болады.

  • Қозу мен тежелу үдерістерінің өзара әрекеттесу принципі. ОЖЖ – де пайдаболатын бір үдеріс екіншібір сол үдеріске қарама – қарсы үдерістің туындауына себепкер болады.Айтқым кеп отқаны қозу тежелуді,ал тежелу қозуды тудырады. Мәселен, бүгу мен жазу бір уақытта жүзеге аса алмайды. Адам бір уақытта жұтып шайнай алмайды. Оны өзара индукциялық қарым – қатынас деп атайды,яғни бұл индукция құбылысы. Шерингтон индукция есебінен болған тежелуді репрокциялық тежелу дейді. Репрокциялық тежелудің механизмін Экклс жұлын орталықтарында кездесетін реншоу жасушалары сияқты тежелу жасушаларының қатысымен өтетінін анықтады. Оның екі түрі бар : бір ізді(немесе оны жүйелі деп те атайды) және бір мезгілді(немесе өзара).Жүйелі – екі үдеріс бір – бірін белгілі бір уақытта алмастырып отырады,ал өзарада – екі үдеріс бір уақытта жүреді,оң және теріс болып жүзеге асады.

    Координация - бұл орталық жүйке жүйесінің қызметіне тән жүйке процестерін үйлестіру және байланыстыру.
    Доминанттық қозу - белгілі бір орталық уақытша үстемдік ететін билеуші бола алады. Бұл орталықтар өте қозғыш, қозуы инертті, қозудың күші, жиілігі тітіркендіргіштен артық болуы мүмкін.
    Орталық жүйке жүйесінде конвергенция кеңінен кездеседі. Жұлында сезгіш нейрондар мотонейрондардан 5 есе көп. Мотонейронға сезгіш және аралық нейрондардан серпіністер жиналады. Сондықтан мотонейрон түрлі рефлекстерге қатысады. Олар таласады, сонда күшті серпіністер жеңеді.
    Орталық жүйке жүйесінің иерархиялық ұйымдастырылуы келесідей:
    ¾ нейрондар жүйке тізбектеріне біріктіріледі;
    ¾ жүйке тізбектері жүйке орталықтарына біріктіріледі;
    ¾ жүйке орталықтары бөлінген жүйелерге біріктіріледі;
    ¾ үлестірілген жүйелер иерархиялық принцип бойынша жұмыс істейді.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   55




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет