Соколов сынамасы (алақандағы «тесік») , Науқас оң қолымен
түтікшеге оралған қағазды оң көзінің алдында ұстап тұрып, сол қол
алақанының бүйірімен, түтікшенің соңына таман, бүйір бетіне тақап қояды.
Екі көзбен 4—5 м қашықтықта орналасқан тікелей бір затқа қарап отырады.
Бинокулярлы көру сақталса, науқас алақанында тесік көреді, түтікшеден
көрген бейнені қолдағы тесікте де көреді. Монокулярлы көру кезінде
алақандағы «тесік» көріністері болмайды.
Төрт нүктелі тест түстік аспап (белгілер проекторы) немесе белгілер
құрылғысы арқылы көрудің сипатын нақты анықтау үшін төрт нүктелі тестті
қолданады.