51
түтікше түрінде болып келген, түтікшкнің бір ұшы тұйық, ал екінші ұшы мұрын
қуысына ашылады. Адамда бұл мүше мұрын пердесінің 1/3 алдыңғы бөлігінің дәнекер
ұлпасында орын алады (сошник пен шеміршек перденің арасында).
Вомероназальді мүшенің эпителиі рецепторлы және респираторлы болып бөлінеді.
Рецепторлы эпителиі иіс сезу эпителиінеВомероназальді мүшенің эпителиі
рецепторлы және респираторлы болып бөлінеді. Рецепторлы эпителиі иіс сезу
эпителиіне ұқсас болып келген, тек айырмашылығы апикальді полюсіндегі
кірпікшелері қозғалмайды. Иіс сезу мүшесінің аралық немесе өткізгіш жолдары
құрамында 20 -40 шақты миелинсіз талшықтары бар иіс сезу (аксондары) жүйкесінен
тұрады. Бұларды леммоциттер қоршайды. Иіс сезу жүйесінің орталық бөлігі – ми
қыртысындағы гипокамп немесе гипокамп сайында орналасқан. Иіс сезу бездері.
Эпителий астындағы дәнекер ұлпасында бөлетін секреті мукорпотеидтер болатын
бездердің соңғы секреторлы бөліктері жатады. Құрылысы жағынан бұл бездер
түтікшелі – альвеолярлы. Бөлінген секрет иіс сезу кірпікшелерін жуып-шайып, иісті
заттарды ерітіп, кірпікшелердің мембранасындағы рецепторлық белоктар арқылы иісті
қабылдап отырады.
Иіс иісті молекулалардың иіс сезу жасушаларымен өзара әрекеттесуіне негізделген.
Өздерінің негізгі массасынан бөлініп, ауаның ағымымен қозғалатын иісті заттардың
молекулалары қашықтықта әрекет ете алады.
Иіс сезуінің шығу тегі молекулалардың немесе иісті зат бөлшектерінің OR-мен өзара
әрекеттесуіне негізделген; дегенмен, бұл өзара әрекеттесуді молекулалардың қандай
қасиеттері анықтайтыны әлі түсініксіз. Сондай-ақ, рецепторлық жасушаларда
локализацияланған заттардың молекулаларымен өзара әрекеттесуі анық емес.
Молекулалардың иісті қасиеттерін химиялық қасиеттері мен құрылымымен
түсіндіруге тырысу сәтті аяқталған жоқ. Қасиеттері мен құрылымы ұқсас заттардың
иісі әр түрлі болуы мүмкін және керісінше. Қазіргі уақытта иісті сезінудің барлық
теорияларының ішінде екеуі ең көп назар аударуға лайық:
Достарыңызбен бөлісу: