57
Стрессорлардың организмге әсер етуі нағыз стреске алып келеді. Рецепторлардан
келген сигнал көбінесе бірінші сезім мүшелеріне барып содан соң орталық жүйке
жүйесіне барады. Стреске жауап реакциясы нейроэндокриндік жүйеде, симпатико-
адреналиндік , гипофиз-бйрек үстібезі
жүйесінде маңызды роль атқарады. Бұл екі система мидың жоғагғы бөліктерінің және
гипоталамустың бақылауында жүргізіліп отырады.
Қазіргі кезде организм стрестік стимулға нейроэндокриндік жауап қайтарғанда
бүйрекүсті безінің милы қабаты катехоломин(адреналин, норадреналин),ал
қабыршақты қабатынан глюкокартикостероид гормоны бөлінеді.Көп жылдар бойы
бүйрекүсті безі эндокриндік мүше ретінде қарастырылып келеді. Бұл без сыртқы
қоршаған ортаның әртүрлі факторларына организмнің адаптациясына әсерін тигізеді.
Бүйрекүсті безі құрсақта бүйректің үстінде орналасқан. Ол екі функционалды
бөлімнен
тұрады. Ішкі милы қабаты, сыртқы қабыршақты қабаты. Тітіркену кезінде милы
қабатынан ацетилхолин медиаторы, сонымен қатар милы қабаттың пигментті
жасушасынан адреналин мен норадреналин бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: