8. Орталық нерв жүйесіндегі үйлестіру туралы түсінік. Орталық нерв жүйесінің иерархиялық ұйымдастырылуы. Субординация принципі. Орталық жүйке жүйесінің өзіне тән маңызды қызметтерінің бірі рефлекстерді
үйлестіру, координациялау, келістіру болып табылады. Мысалға, адам оң аяқты бүгетін
кезде онда орталығы қозады да, тонусы көтеріледі, дәл сол уақытта жазатын керісінше
тежеліп азаяды. Ал Жұлында осыған қарама-қарсы бүгу орталығы тежеліп, жазу
орталығы жазылады. Осы функция арқасында адам жүре алады. Осымен байланысты
адам бір уақытта дем алып шығара алмайды, тамақты шайнап жұта алмайды. Орталық
жүйке жүйесі қозу мен тежелуін үздіксіз жөнге келтіріп отырады. Рефлексті
үйлестіруінде субординация, жинақы қозу, конвергенция мен окклюзияның маңызы
зор.
19
Координация - бұл орталық жүйке жүйесінің қызметіне тән жүйке процестерін
үйлестіру және байланыстыру.
Бұлармен қоса бірнеше құбылыстар рефлекстерді үйлестіру негізін құрайды:
1. орталықтағы қозу орталықтарға жайылады, оны қозу жайылысы дейді. Кейін
айналасындағы орталықтарда тежелу туып, қозу үрдісін қоршап, орталықты одан соң
жинайды.