Афферентті нейрондар – сенсорлық ақпараттың өңделуіне қатысатын алғашқы
нейрондар болып табылады, олар ганглийлердер орналасқан.
Ақпараттың өңделуіне қатысатын келесі нейрон – жұлын мен сопақша ми немесе
ортаңғы мида орналасқан.Бұл жерде таламусқа, яғни оның арнайы ядроларына қарай
жолдар бағытталады. Ал бұл арнайы ядроларда сенсорлық ақпараттың өңделуіне
қатысатын, көптеген талдағыштарда кездесетін – нейрон орналасқан.
Қорыта келгенде, негізі «анализатор» яғни, «талдағыш» терминін 1909ж И.В.Павлов
ұсынған. И.В.Павлов бойынша талдағыш – бұл сыртқы немесе ішкі ортаның
серпіністері туралы ақпаратты өңдеуге және олар туралы көзқарастар(сезіну,
қабылдау) алуға қатысатын мидың рецепторлары мен нейрондарының жиынтығы.