Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 Бұйрығына 1-қосымша
Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесі 1. Орта білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесі: 1.1. білім алушыларды және (немесе) тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу бойынша (барлық пәндердің педагогтері): 1) орта білім беру ұйымдарына арналған 1-4 сыныптарға арналған сынып журналы; 2) орта білім беру ұйымдарына арналған 5-11 (12) сыныптарға арналған сынып журналы; 3) орта білім беру ұйымдарына арналған мектепалды сыныптарының журналы; 4) орта білім беру ұйымдарына арналған факультативтік сабақтардың немесе үйде оқыту журналы; 5) орта білім беру ұйымдарының педагогіне арналған күнтізбелік-тақырыптық жоспары; 6) орта білім беру ұйымдарының педагогіне арналған сабақ жоспары немесе қысқа мерзімді жоспары; 7) жиынтық бағалау жүргізу қорытындылары бойынша талдау туралы мәліметтер; 8) тәлімгер педагогтің жас маманмен жұмыс жоспары. 1.2. білім алушыларды және (немесе) тәрбиеленушілерді тәрбиелеу бойынша (сынып жетекшісінің функциясын атқаратын педагог): 1) тәрбие жұмысы жоспары; 2) орта білім беру ұйымдарына арналған ата-аналар жиналысының хаттамасы; 3) орта білім беру ұйымдарына арналған білім алушының жеке іс қағазы; 4) орта білім беру ұйымдарына арналған 1-4 сынып білім алушысының үлгерімі туралы табель; 5) орта білім беру ұйымдарына арналған 5-11 (12) сынып білім алушысының сабақ үлгерімі туралы табель; 1.3. білім беру қызметін ұйымдастыру бойынша (басшы, қызмет бағыттары бойынша басшының орынбасары (оқу жұмысы бойынша, тәрбие жұмысы бойынша, бейіндік оқыту бойынша, ақпараттық технологиялар жөніндегі): басшы: 1) орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-тәрбие жұмысы жоспары; 2) орта білім беру ұйымдарына арналған мектепті дамыту жоспары; 3) мектепішілік бақылау жоспары; 4) орта білім беру ұйымдарына арналған бұйрықтарды тіркеу кітабы; 5) орта білім беру ұйымдарына арналған педагогикалық кеңесі хаттамаларының кітабы; 6) орта білім беру ұйымдарына арналған педагогтердің жеке құрамын есепке алу кітабы; 7) орта білім беру ұйымдарына арналған білім алушыларды жазатын алфавиттік кітабы; 8) орта білім беру ұйымдарына арналған кеткен білім алушыларды есепке алу кітабы; 9) орта білім беру ұйымдарына арналған келген білім алушыларды есепке алу кітабы; қызмет бағыттары бойынша басшының орынбасары (оқу, тәрбие, ғылыми-әдістемелік, бейіндік оқыту бойынша, ақпараттық технологиялар жөніндегі): 1) орта білім беру ұйымдарына арналған ғылыми-әдістемелік жұмыс жоспары; 2) орта білім беру ұйымдарына арналған оқу жұмыс жоспары; 3) орта білім беру ұйымдарына арналған педагогтердің оқу жүктемесі (тарифтеу) туралы мәліметтер; 4) орта білім беру ұйымдарына арналған ғылыми-әдістемелік кеңес хаттамасы; 5) орта білім беру ұйымдарына арналған босатылған және ауыстырылған сабақтарды есепке алу журналы; 6) орта білім беру ұйымдарына арналған білім алушылардың үлгерімі туралы табельдерді есепке алу кітабы; 7) орта білім беру ұйымдарына арналған негізгі орта білім беру ұйымын бітіргендігі туралы аттестатты беру және есепке алу кітабы; 8) орта білім беру ұйымдарына арналған жалпы орта білім туралы аттестатты есепке алу және беру кітабы; 9) орта білім беру ұйымдарына арналған мақтау грамоталарын және мақтау қағаздарын беруді есепке алу кітабы; 2. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттар тізбесі: 2.1. білім алушыларды және (немесе) тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу бойынша (барлық пәндердің оқытушылары, өндірістік оқыту шеберлері): 1) орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған оқу жұмыс бағдарламасы; 2) орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған күнтізбелік-тақырыптық жоспары; 3) орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған педагогінің сабақ жоспары; 4) орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған теориялық оқытуды есепке алу журналы; 5) орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған жеке сабақтарды есепке алу журналы; 6) орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған өндірістік оқытуды есепке алу журналы; 2.2. білім алушыларды және (немесе) тәрбиеленушілерді тәрбиелеу бойынша (сынып жетекшісінің функциясын атқаратын педагог): 1) тәрбие жұмысы жоспары; 2.3. білім беру қызметін ұйымдастыру бойынша (басшы, басшының орынбасары (оқу, ғылыми және оқу-әдістемелік, тәрбие, оқу-өндірістік жұмысы бойынша, кәсіптік оқыту, ақпараттық технологиялар), бөлім меңгерушісі, оқу бөлімінің меңгерушісі: басшы: 1) орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқу жылына арналған жұмыс жоспары; 2) орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған колледжішілік бақылау жоспары; басшының орынбасары (оқу, ғылыми және оқу-әдістемелік, тәрбие, оқу-өндірістік жұмысы бойынша, кәсіптік оқыту, ақпараттық технологиялар), бөлім меңгерушісі, оқу бөлімінің меңгерушісі: 1) орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған оқу жұмыс жоспары; 2) орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқу жұмыс бағдарламасы; 3) орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік жұмысы жоспары; 4) орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары педагогтердің оқу жүктемесі (тарифтеу) туралы мәліметтер; 5) орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім алушының жеке білім беру бағдарламасы; 6) орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған білім алушының үлгерім кітапшасы; 7) орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған диплом беру кітабы; 8) орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған дипломдардың телнұсқасын беру кітабы; 9) орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған академиялық анықтама беру кітабы; 10) орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған білім алушылардың атаулы кітабы. Құжаттарды педагогтер қағаз немесе білім беру ұйымы электрондық жүйеге қосылған жағдайда, электронды түрде толтырады.
Бұйрығына 2-қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі