1. Отбасын педагогикалық психологиялық сүйемелдеу курсының негізгі ұғымы


денгей 12 Отбасында тәрбиелеудің мақсаттылық ұстанымы



бет33/37
Дата06.02.2023
өлшемі99,96 Kb.
#167642
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37
Байланысты:
пед псих эссе

2 денгей 12 Отбасында тәрбиелеудің мақсаттылық ұстанымы.
Осы таңда орын алып жатқан мәселелердің бірі ата –ана мен бала арасындағы қарым- қатынас.Ал қарым-қатынас үшін тәрбие маңызы зор.Ал бала тәрбиелеу отбасы үшін ғана емес, қоғам үшін де маңызы зор. Білімді ұрпақ, саналы азамат тәрбиелеу тікелей ата-анаға қатысты. Бірақ тәрбие қалай беріліп жатыр? Балаға оң тәрбие беру үшін алдымен ата-ана өзімен жұмыс жасауы керек. Бала тәрбиесінде алдына нақты мақсат қойып алғаны дұрыс. Алдымен баланың өмірге деген көзқарасын,алдына қойған мақсаттары жайында сөйлесіп, оған сол жайында жақсы кеңестер ұсыныңыз. Солай сіз баламен жақсы қарым-қатынас орнатасыз, әрі қарай тәрбие ісі жақсара түседі.

13 Отбасында тәрбиелеудің ғылымилық ұстанымы
«Ғылыммен жақын болсаң,қолың жетер»-,дегендей отбасы үшін ғылымилық ұстаным болашаққа тікелей қатысты. Білімді ұрпақты өсіргіңіз келсе,балаға білім болашаққа ауадай қажет екенін түсіндіргеніңіз абзал. Баланың білімге деген қызығушылығын арттыру мақсатында оны түрлі үйірмеге беріңіз. Бұл жағдайға салғырт қарауға болмайды. Сол себептіден оқытушыны да жақсы таңдаған дұрыс. Әрине арасында баланы сергіту мақсатында оны қыдыртыңыз. Себебі күнделікті іс-әрекет баланы жалықтырып алуы мүмкін. Соның салдарынан білімге деген қызығушылық жоғалады. Жақсы адам болып қалыптасқан жандардың болашағы тек жақсылыққа толады. Сол себептіден баланың болашағы тікелек сізге қатысты.

14 Отбасында тәрбиелеудің ізгілендіру ұстанымы
Ізгілік-адамның жасампаздығын, қайсарлығы мен мейірбандығын,намысын,арын,жауапкершілігі мен адамның құқын, өмірге деген құштарлығын-адамның адамгершілік қасиетін ұлықтайтын идея. «Атадан бала тусайшы,ата жолын қусайшы» деп бекер айтылмаған. Осылай біз балаға өз бойымыздағы асыл қасиеттерді, ізгі қасиеттерді дарытуымыз керек.Балаларға да айтар кеңесім ата-ана берген қасиеттерді сіңіріп,босқа кетірмегеніміз жөн. Ізгілікпен жасалған әр қадамың сені жақсылыққа жеткізеді. Оны өз пайдаңа емес, адамдардың жүзінен күлкі көру үшін жаса. Меніңше ізгілік тәрбие беру жолындағы ең басты құндылық. Сол себептіден ата-ана бұл нәрсеге басты назар қойғаны дұрыс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет