1 Оқу пәнінің паспорты Пәннің атауы


Білім алушылардың білімдерін бағалау критерийлері



бет9/9
Дата31.01.2018
өлшемі1,54 Mb.
#36982
1   2   3   4   5   6   7   8   9

12. Білім алушылардың білімдерін бағалау критерийлері


Пәнді оқып-үйрену өтілген барлық материалдарды қамтитын емтиханмен аяқталады, емтихан жазбаша түрде өткізіледі. Емтиханға жіберудің міндетті шарты – бағдарламадағы барлық тапсырмаларды орындау болып табылады.

Әрбір тапсырма 0-100 балмен бағаланады.

Жіберу рейтингі ағымдағы сабақтардың түрлеріндегі (дәрістерге қатысу, үй тапсырмалары, студенттің өздік жұмысы бойынша тапсырмалары, практикалық сабақтардың тапсырмалары және т.б., межелік бақылау) барлық орындалған тапсырмалардың орташа арифметикалық мәнімен шығарылады.

Қорытынды бақылауға жұмыс оқу бағдарламасының барлық талаптарын орындаған (барлық практикалық және СӨЖ тапсырмаларын орындаған және тапсырған), жіберу рейтингі 50 балдан төмен емес студенттер жіберіледі.

Студенттердің әр пән бойынша оқу жетістіктерінің деңгейі қорытынды бағамен анықталады:

Қ = ЖР*0,6 + ҚБ*0,4

Салмақтық үлестер жыл сайын университеттің Ғылыми кеңесімен бекітіледі, мұнда ЖР 0,6-дан көп емес, ал ҚБ 0,3-тен төмен емес.

Пән бойынша қорытынды баға білім алушының жіберу рейтингісі және қорытынды бақылау бағасы 50-ден жоғары болғанда ғана есептеледі. Қорытынды бақылауға себепсіз келмеген студентке «қанағаттанарлықсыз» деген баға қойылады. Студенттерге емтихан және аралық аттестаттау нәтижелері емтихан тапсырған күні немесе ертеңінде (егер жазбаша емтихан түстен кейін қабылданса) хабарланады.

Қорытынды бағаны есептеудің дұрыстығы үшін межелік бақылау және қорытынды емтихан 0-100%-ға дейін бағаланады.

Студенттің оқу жетістіктері төмендегі кестеге сәйкес бағаланады.

.

Әріптік жүйе бойынша баға

Балдардың цифрлық эквиваленті

Пайыздық мазмұны

Дәстүрлі жүйе бойынша баға

A

4,0

95-100

Өте жақсы

A-

3,67

90-94

B+

3,33

85-89

Жақсы

B

3,0

80-84

B-

2,67

75-79

C+

2,33

70-74

Қанағаттанарлық

C

2,0

65-69

C-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

Қанағаттанарлықсыз


13. Оқытушының талаптары, саясат және процедуралар

Босатылған сабақтар деканатпен қойылған тәртіп бойынша қайта тапсырылады. Көп дегенде екі сабақты ғана босатуға болады. Сабаққа 2 рет кешігу 1 рет сабақ босатқанмен тең. Екі рет сабақ босатқаннан кейін оқытушы студентті сабаққа кіргізбеуіне құқылы және бұл мәселе әкімшілік шешімін табуы керек. Дәрістерге бөтен, яғни осы топтың студенті емес адамдарға кіруге болмайды.

Берілген тапсырмаларды белгіленген мерзімде тапсыру қажет. Барлық тапсырмаларды тапсырудың соңғы мерзімі – емтихан сессиясының басталуына 3 күн қалғанға дейін.

Барлық тапсырмаларды тапсырмаған студенттер емтиханға жіберілмейді.

Әрбір оқу сабағы бойынша тақырыптарды қайталау және өтілген материалдарды қайталау міндетті. Оқу материалдарын меңгеру дәрежесі жазбаша жұмыстармен тексеріледі.

Студенттің оқытушымен орындайтын өздік жұмысын орындау барысында келесілерді есте сақтау қажет:



  • оқу пәні бойынша кестеге сәйкес сабақтардан оқытушының берген ақпаратын студенттердің белсенді түрде қабылдауын жүзеге асыру;

  • оқытушының нұсқауларына сәйкес студенттер өз беттерімен оқу-әдістемелік құралдарды, әдебиеттерді оқып-үйрену, үй тапсырмаларын, курстық жұмыстарды орындайды. Осы кезеңде студенттерден жұмыс әдістерінің білуді, олардың жұмысты орындау барысында кездескен қиыншылықтарын хабарлауды, жұмыстарды өзіндік ұйымдастыруды талап етіледі;

  • оқу материалын меңгеру барысында кездескен қиыншылықтарды жүйелеу және талдау, осы жұмысты оқытушымен реттеу;

  • студенттер оқытушыға өздерінің сұрақтарын қойып, түсініксіз жайларды нақтылап, кеңестер алады.


14 Әдебиеттер тізімі

Негізгі әдебиеттер

  1. Г.Ә.Жапарова. Информатика негіздері.Алматы. Экономика.2006 ж.

  2. Сырецкий Г.А. Информатика, Основы логического программиро­вания на PDC prolog: Учеб.пособие. - Новосибирск: НГТУ.- 2003. Ч.3.

  3. Янсон А. Турбо-Пролог в сжатом изложении. - М: Мир, 2010.

  4. Гаврилов А.В., Новицкая Ю.В. Основы программирования на Турбо Прологе: учеб. пособие Новосибирск: НГТУ. - 2008.

  5. Метакидес Г. Нероуд А. Принципы логики и логического программирования. - М.: "Факториал", 2006.

Қосымша әдебиеттер

  1. Логическое программирование / Пер. с англ. и фр.- М: Мир, 2006.

  2. Клоксин У., Меллиш К. Программирование на Прологе. - М: Мир, 2007.

  3. Стерлинг Л., Шапиро Э. Искусство программирования на языке Пролог.- М.: Мир, 2002.

  4. Братко И. Программирование на языке Пролог для искусственного интеллекта. – М.: Мир, 2002.




Танысу парағы

р/с


Құжатпен танысқан адамның аты-жөні

Құжатпен танысқан күні

Қолы

Қолдың мағынасын ашу

1













2













3













4













5













6













7













8













9













10













11













12













13













14













15













16













Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Математика және информатика кафедрасы

5В060200 Информатика мамандығы студенттеріне

«Интеллектуалды ақпараттық жүйелер» пәнінің
ЕМТИХАН ТАПСЫРМАЛАРЫ

5В060200 Информатика мамандығы студенттеріне

«Интеллектуалды ақпараттық жүйелер» пәнінің
ЕМТИХАН ТАПСЫРМАЛАРЫ




Жасанды интеллект жүйесі жайлы түсінік: ЖИ даму тарихын және ЖИ қолданыстары.



Жасанды интеллект облысындағы зерттеулер бағыты: Нейрокибернетика бағыты және машиналық интеллект бағыты.



Жасанды интеллектіні модельдеу:

Нейрон тәрізді желілер және нейрон тәрізді желілердің типтері.





Эвристикалық модельдеу: Эвристикалық программалау, эвристикалық модельдеу және эвристикалық қолданбалы бағдарламалау интерфейсі.



ЖИ жүйесінде білімді қалыптастыру:

Білім жүйесін құрудағы проблемалар, БЖ қойылатын талаптар және БЖ қасиеттері мен пайдалану сипаттамасы арасындағы байланыстар.





Білімді бейнелеу модельдері: білім туралы түсініктің логикалық моделі, білім туралы түсініктің желілік моделі, білім туралы түсініктің фреймдік моделі, білім туралы түсініктің өнімдік моделі



Сарапшылық жүйелер: Сарапшылық жүйе анықтамасы, СЖ міндеттері, СЖ ерекшеліктері.



Машиналық интеллект және роботтық техника: Машиналық интеллект және роботтар типологиясы.



Логикалық программалау:

Логикалық программалардың түрлері. Олардың тарихы. Пролог тілінің ерекшелігі. Пролог тіліндегі негізгі ұғымдар. Пролог тіліндегі негізгі операциялар.





Жасанды интеллектінің даму тарихы: ЖИ ұғымымен, оның зерттеу бағыттарымен толық танысу. ЖИ даму тарихын толық білу.



Білімді модельдеу: Білім базасы және білім моделі ұғымдарымен толық танысу. Білімдердің түрлерін мысалдар арқылы түсіну.



Семантикалық желілер: Семантикалық желі ұғымын түсіну. Семантикалық графтар сала білу.



Сөйлемдердің мағыналық құрылымы: Компьютерлік лингвистика ғылымымен танысу.



Математикалық өрнектердің мағынасы: Математикалық өрнектерді графтар түрінде көрсету.



Екі үлесті графтардағы модельдер.

Екі үлесті граф ұғымымен танысу. Екі үлесті графтарды құру.





Білімнің логикалық моделі: Ұйғарым, факт және ереже ұғымдарымен танысу. Мысалдар қарастыру.



Прологта логикалық программалау. Мәліметтер базасы: Прологтағы предикат, факт ұғымдарымен танысу. Прологтағы мәліметтер базасын және сұраныстарды қарастыру.



Прологта логикалық программалау. Білімдер базасы: Прологтағы ереже ұғымын қарастыру. Прологта білімдер базасымен жұмыс істеу.



Логикалық есептерді шешу:

Логикалық есептерді прологтағы мәліметтер базасы ретінде шешу.





Лого программасы



Lisp программалау тілі



Сарапшылық жүйе



Сарапшылық жүйе құру



Графтар теориясы



Пролог тілінде сандармен жұмыс.

Құрастырушы: ____________ Алимова Ж.С.: «___» _______2014 ж.

«Математика және информатика» кафедрасының отырысында қарастырылған:

«26» 04 2014ж., № 9 хаттама.



Кафедра меңгерушісі ____________ Джарасова Г.С. «___» _______2014 ж.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет