Тақырып 15. Мемлекеттік құрылыстың кеңестік үлгісінің іске асырылуы. Тапсырмалар: 1 Ф.И. Голощекиннің «Кіші қазан» идеясы: мәні мен салдары. Қазақ өлкелік партия комитетінің жер мәселесі жөніндегі шешімдері. Қазақ зиялыларына қуғын-сүргіннің басталуы. Қазақстанды индустрияландырудың жолдары мен әдістері туралы пікірталастар. Қазақ қоғам қайраткерлерінің индустрияландыру мәселесіне қатысты ұстанымдары. Қазақстандағы индустрияландырудың ерекшеліктері.
2. Жайылымдық және шабындық жерлерді бөлу және оның нәтижелері. Қазақ ауылын кеңестендіру саясаты – қазақтың дәстүрлі қоғамының жойылуы. Бай шаруашылықтарының тәркіленуі және оның саяси-экономикалық салдарлары. Көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруашылықтарын отырықшы өмірге күштеп көшіру. Ұжымдастырудың әдістері мен қарқыны. Ашаршылық салдарлары. 1930 жылдардың екінші жартысындағы Қазақстан ауыл шаруашылығының ауыр жағдайы. Таптық-партиялық принциптің қоғамдық-саяси өмірдегі, мәдениеттегі, білім мен ғылымдағы салдары.
3.Ұлттық мүдде жақтастарының саяси ұстанымы – С.Сәдуақасов, С.Қожанов, Ж.Мыңбаев. М.Шоқайдың эмиграциядағы саяси қызметі.
4. Кеңестік Қазақстанның әкімшілік-аумақтық бөлінісі. Сталиндік қуғын-сүргін, оның ауқымы және ауыр зардаптары. Саяси сенімсіздік пен халықтарды Қазақстанға күштеп депортациялау – ұлттық ар-намысты кемсітудің үлгісі.
Кеңестік білім беру жүйесін құру. Қоғамның ұлттық-мәдени негіздерінің жойылуы. Қазақ тілі ұстанымдарының әлсіреуі. Арабтан латынға, кейін кириллицаға көшу. Әдебиет пен өнердегі социалистік реализм. Қазақстан жазушылары мен композиторларының шығармашылық қызметі. КСРО Ғылым Академиясының Қазақ филиалының құрылуы.
Әдістемелік нұсқаулар: Практикалық жұмыстың жоспарымен танысқан білім алушыларға сұрақтарды талқылау үшін дайындалу ұсынылады. Тапсырма толық орындалуы керек, білім алушыларға толық көлемде әдебиеттер ұсынылып отыр.
Әдебиеттер тізімі: 1. Назарбаев Н. Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру. – Астана, 2017
2. Қазақстан тарихы. 5 томдық. 1-5-томдар. –Алматы, 2010
3. Қазақстан (Қазақ елі) тарихы. – 4 кітаптан тұратын оқулық. Тәуелсіз Қазақстан: алғышарттары және қалыптасуы. 4 кітап/ Т.Омарбеков, Б.С.Сайлан, А.Ш.Алтаев және т.б..– Алматы, Қазақ университеті, 2016. – 264 с.
4. Алан Барнард Антропология тарихы мен теориясы [оқулық] / А. Барнард; ауд. Ж. Жұмашова, 2018. - 240б.
5. Шваб К. Төртінші индустриялық революция [монография] / К. Шваб ; ауд.: Н. Б. Ақыш, Л. Ә. Бимендиева, К. І.Матыжанов, 2018. - 198 б.
6. Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында. – Алматы: Атамұра,1999
7. Кан Г.В. История Казахстана: Учебное пособие для вузов. – Алматы,2005.
8. Ұлы Дала тарихы: учебное пособие /Кан Г.В., Тугжанов Е.Л. – Астана: Zhasyl Orda, 2015. – 328стр.
9. Аяған Б.Ғ., Әбжанов Х.М., Махат Д.А. Қазіргі Қазақстан тарихы. – Алматы,2010
10. Артыкбаев Ж.О.; Раздыков С.З. История Казахастана: Учебник. – Астана: Фолиант, 2007. – 344 с.