1. Пән туралы ақпарат Пәннің атауы


Пәннің мақсаты мен міндеттері



бет2/17
Дата22.05.2022
өлшемі1,11 Mb.
#144464
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
SYLLABUS Қоғ. сананы жаңғырту қазақша 21-22

1 Пәннің мақсаты мен міндеттері
Мақсаты: жастардың бойында қазақстандық патриотизм құндылықтарын, белсенді азаматтық және әлеуметтік жауапкершілікті, жан-жақты дамыған үйлесімді тұлғаны қалыптастыруға бағытталған.
Міндеттері:
- «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» мақаласында айқындалған идеяларға талдау жасау, түсіндіру және насихаттау;
- заманауи тарихи-мәдени даму сипаттамаларын түсінуді қалыптастыру;
- мақалада көрсетілген Президент идеяларының тарихи мәні мен маңыздылығын ғылыми-методологиялық тұрғыдан тұжырымдау;
- стратегиялық құжаттарды тәуелсіз талдау дағдыларын қалыптастыру;
- бағдарламалық мақалада айтылған идеяларды іс жүзінде жүзеге асыруға ЖОО студенттерінің қатысуына теориялық қолдау көрсету;
- ғылыми және әлеуметтік жобаларды ұйымдастыру мен жүргізу дағдыларын қалыптастыру.
Құзыретттіліктер:
- ғылыми-зерттеу қызметі: өзінің кәсіби қызметі мен әлеуметтік практикасында білімін пайдалана алуды; нақты ғылыми зерттеу міндеттерін қоя білу және оларды тиімді жолмен шеше алуға, әлемдік тәжірибеде ақпараттық технологияларды қолдануды;
- ұйымдастыру-басқару қызметінде: ұйымдастыру және басқару қызметінде қоғамды жаңғыртудың стратегиялық міндеттерін жүзеге асыра алу;
- әлеуметтік-мәдени қызметте: сараптамалық кеңес беру жұмысында; ғылыми және практикалық міндеттерді шешуге қажетті ақпаратты жинақтау және тұжырымдау, интернет көздерін тиімді пайдалану;
- мәдени-ағарту қызметінде: рухани жаңғыру мемлекеттік саясатын жүзеге асыра алу; әлеуметтік мәдени және ғылыми бағдарламаларды құруға және жүзеге асыруга қабілеттілігі;
- педагогиқалық қызметінде: педагогикалық және тәрбие жұмысында рухани жаңғырудың стратегиялық міндеттерін жүзеге асыра алу.
Оқыту нәтижелері:
1) қоғамдық сананы жаңғыртудың тұжырымдамалық негіздерін, Тұңғыш Президент Н. Назарбаевтың негізгі жұмыстарының мазмұнын білуі тиіс;
2) жаһандық сын-қатерлер мен әлемдік қауымдастықтың даму үрдістерін бағалау;
3) жаһандық бәсекелестік ортадағы отандық мәдениет пен білім беру жүйесінің құндылық әлеуеті мен бәсекелестік артықшылықтарын және қазақстандық қоғамды жаңғырту жөніндегі стратегиялық құжаттарды талдау;
4) ұғымдық-категориялық аппаратпен еркін жұмыс істеу;
5) жалпы әлемдік өркениетті дамытуда отандық мәдениеттің әлеуетін, қоғамдық сананы жаңғыртудың негізгі императивін іс жүзінде қолдану;
6) қоғамдық сананы жаңғыртудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша ғылыми әдебиеттер мен қолданбалы зерттеулердің мазмұнын өз бетінше талдау;
7) жаңғыртудың стратегиялық міндеттерін сауатты түсіндіру және оларды іске асырудың тиімді тәсілдері мен тетіктерін құру;
8) өз кәсіби қызметінде заманауи өркениеттің инновациялық жетістіктерін тиімді қолдану;
9) қазақстандық қоғамды жаңғыртудың стратегиялық міндеттерін есепке ала отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес білім беру мекемелері мен ұйымдарында педагогикалық және тәрбие қызметіне дайындығын көрсетеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет