1. Пән туралы ақпарат


Тақырып 14. Саңырауқұлақтар тәрізді организидер және нағыз саңырауқұлақтар



бет6/39
Дата11.01.2022
өлшемі0,93 Mb.
#111185
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39
Байланысты:
1783286179372 Ботаника силл 607 2020-2021 (1)

Тақырып 14. Саңырауқұлақтар тәрізді организидер және нағыз саңырауқұлақтар

Страменопилалар. Лабиринтуломикота, гифохитридиомикота және оомикота бөлімдері. Омицеттер класы. Оомицеттердің клетка қабықшасының химиялық құрамы, олардың шығу тегімен эволюциясының ерекшелігінің дәлелі. Таллом құрылысы. Сапролегниялылар қатары; құрылысы, тіршілік жағдайы, таралуы, балықтардағы паразитизм. Переноспоралар қатары: құрылысы, тіршілік жағдайы, эволюциясы, практикалық маңызы.

Миксомицеттер немесе кілегейлілер. Плазмодиофоралар, диктиостелиялар, акразиялар бөлімдері.

Қыналар. Талломының әртүрлі формалары, анатомиялық ерекшеліктері, компоненттері. Қыналардың екі организмнің селбесіп тіршілік етуінің нәтижесінде пайда болғандығын ашудың тарихы (А.С. Фаминцын, О.Б. Баранецкий, С. Швендердің жұмыстары). Қыналардың компоненттерінің өзара қарым-қатынастары. Көбею жолдары. Табиғатта таралуы. Өсу жылдамдығы. Қыналар өсімдіктер жабынының пионерлері. Қыналардың практикалық маңызы.


Нағыз саңырауқұлақтар. Жалпы сипаттама. Саңырауқұлақтар құрылысының өсімдіктер және жануарларға тән белгілері. Саңырауқұлақтардың гетеротрофты қоректенуі. Сапрофитизм, паразитизм, аралық формалары. Саңырауқұлақтарды кластарға бөлу принциптері. Құрылысы. Көбеюі: вегетативті, жыныссыз, жынысты, гетерокариоз, парасексуальды процесс. Саңырауқұлақтардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы.

Хитридиомикота бөлімі. Талломының құрылыс, талшықтары, басқа да белгілері. Қатарларға бөлінуі: Хитридиялылар, Бластокладиялылар, Моноблефаридиялылар. Маңызды өкілдері, таралуы. Тіршілік жағдайы.

Зигомикота бөлімі. Зигогамия – жынысты процестің ерекше типі. Жер бетінде тіршілік етуге ауысуына байланысты жыныссыз спора түзуінің ерекшеліктері. Мукорлар қатары. Маңызды өкілдері, адам өмірінде қолданылуы, мукорлардың табиғаттағы маңызы. Энтомофторалылар қатары. Құрылыс ерекшеліктері және тіршілік жағдайы. Насекомдардың эпизоотиясындағы энтомофторалардың рөлі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет