Апта 7
Өсімдіктердің гинецей және андроцей түрлері
Жұмыстың мақсаты:Аналықтың ұрық қалтасының (мегаспорангийдің) құрылыстарымен аналық гаметаның дамуымен. Аталық құрылысындағы тозаңқап (микроспорангийдің) ерекшеліктерімен және тозаңның (микроспора) жетілу кезеңдерімен танысу.
Тапсырма:
Гүлдеп тұрған бөлме өсімдіктерінің гүлінен:
А) аналығын алып лупамен қарап, аналық аузын, мойнын және жатынын анықтап, суретін салу.
Ә) аталықтарының санын, орналасу тәртібін, аталық жіпшесін, тозаңқабын зерттеп, аталық түрлерінің суретін салу.
Аналық жатынның ұзыннан кесілген кесіндісінен препарат дайындап, аналық ұяларын көру.
Тозаңқаптың суреттерінен тозаңқаптың қабаттарын анықтап, тозаңқап пен тозаң суреттерін салып, тиісті белгілермен белгілеу.
Гүлдеп тұрған өсімдіктерден: үстіңгі, астыңғы, ортаңғы гүл түрлерін анықтау.
Қорытынды.
Достарыңызбен бөлісу: |