1. Пән туралы ақпарат


Пәннің қысқаша мазмұны / Краткое описание дисциплины



бет2/28
Дата02.03.2022
өлшемі1,2 Mb.
#134103
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Байланысты:
силабус Эк нег каз 2021-22
360-тест-Емдеу-ісі-2014-ж-4-курс-ІА-диф.-сынақ, Тақырып 1 Қалемхан Ерзат
2. Пәннің қысқаша мазмұны / Краткое описание дисциплины:
2016-2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының білім және ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасының негізгі міндетінің бірі білім алушылардың кәсіптік дағдыларын қалыптастыруды ескере отырып, салалық және кәсіптік стандарттар негізінде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын әзірлеу болып табылады.
«Ұлттың жоспары - мемлекеттің одан әрі дамуы үшін 100 нақты қадам», Қазақстан Республикасының «Нұрлы Жол» жаңа экономикалық саясатында шағын және орта бизнестің дамуы ел экономикасының инновациялық өсуін қамтамасыз етудің маңызды басымдығы және құралы ретінде қарастырылады.
Бұл жағдайлар барлық мамандықтардың бакалавриаттық білім беру бағдарламаларында экономика негіздері және кәсіпкерлікті оқытудың қажетті екенін негіздейді. Кәсіпкерлік әртүрлі және алуан түрлі, ол іс жүзінде заманауи қоғамның барлық салаларында жүзеге асырылуы мүмкін, кәсіпкерлер - әртүрлі мамандықтар иесі. Кәсіпкерлік негіздерін білу түлектердің өздерінің кәсіби құзыреттерін қолдануына қосымша мүмкіндік береді.
«Экономика негіздері және кәсіпкерлік» пәні экономикалық категорияларды, экономикалық заңдарды және өндірісті, таратуды, алмасуды және тұтынуды, қатынастарды реттейтін басқару механизмдерін, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру принциптері мен әдістерін оқытады.Кәсіпкерлік идеяларды жүзеге асырудың, кәсіпкерлік қызметті жоспарлаудың, өнеркәсіптік және коммерциялық қызметтің нысандарын жүзеге асырудың практикалық мәселелеріне ерекше назар аударылады.
Мақсаты/Цель: экономика ғылымының теориялық негіздерін, нарықтық экономиканың жұмыс істеуінің қолданбалы аспектілерін оқып үйрену, білім алушылар арасында кәсіпкерлік қызметтің жүйелері мен логикасы туралы тұтас көзқарасты қалыптастыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет