1.Химия реакция кезінде әрекеттесуші заттар құрамындағы атомдар немесе иондардың тотығу дәрежесі өзгеру арқылы жүретін реакцияларды тотығу-тотықсыздану реакцияларыдеп атайды.
Тотығу-тотықсыздану бір-бірімен тығыз байланысқан процесс.
Тотығу процесі тотықсыздандырғыштың тотығу дәрежесін жоғарылатады, тотықсыздану процесін тотықтырғыштың тотығу дәрежесін төмендетеді. Яғни кез келген элементтің атомы өзінің жоғары тотығу дәрежесінде оны одан әрі жоғарыта алмайды (электронды бере алмайды), ал ең төменгі тотығу дәрежесіндегі оны одан әрі төмендете алмайды (электронды қоысп ала алмайды). Сондықтан элементтің атомы ең төменгі тотығу дәрежесінде тек тотықсыздандырғыш, ең жоғарғы тотығу дәрежесінде тек тотықтырғыш, ал аралық тотығу дәрежесінде болса әрі тотықтырғыш, әрі тотықсыздандырғыш қасиет көрсетеді.