Орындалған тапсырма https: //univer.arsu.kz/ жүйесіне жүктеледі
Әдебиет 1.Керімбаева К.З. Жалпы химия: Оқу құралы. Қарағанды: «Medef Group», 2019ж.120
2.Жалпы химия: Жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы,- 27-ші басылым./ С.С.Бабкинаның басшылығымен редакцияланған-Techmith баспаханасы, 2018 ж.- 156 бет
3.Б.Б.Шағраева Химия танымы: Оқу құралы Қарағанды, 2019 ж.-196 б.
9.2.11 Тақырыбы: Электролиттер ерітінділері Сағат саны: 1 Тақырыптың негізгі сұрақтары: 1..Судың электролиттік диссоциациялануы. Электролиттердің сулы ерітінділері. 2.Св.Аррениустың электролиттік диссоциациялану теориясы.
3. Судың иондық туындысы. Ортаның сутектік көрсеткіші.
4.Күшті және әлсіз электролиттер. Электролиттердің диссоциациялану дәрежесі және константасы. Оствальдтың сұйылту заңы.
Әдістемелік нұсқау Есептер мен жаттығулар: Электролиттік диссоциациясының дәрежесі қандай факторларға тәуелді Оны қалай ұлғайтуға және қалай кемітуге болады?
Тұнбада никель (II) гидроксидін алу үшін қандай заттардың ерітінділерін алу керек? Осы процестің молекулалық және иондық теңдеуін жазыңыз.
Келесі иондық теңдеулерді молекулалық түрде жазыңыз :
a) Рb 2+ + 2 J ‾ =
б) Нg 2+ + 2 CI ‾ =
4.Берілген тұздардың қайсысы суда еріген кезде сілтілік орта көрсетеді Na2SO4, CaCO3, BaCl2, Na2S. Жауабыңызды реакция теңдеулерімен дәлелдеңіз.
5.KNO3, NaNO3, Cu(NO3)2, Al(NO3)3тұз ерітінділері берілген. Қандай ерітінділерде Н+ионының концентрациясы ОН- ионының концентрациясына тең болады? Жауабыңызды түсіндіріңіз.