1. ПӘн туралы жалпы мәліметтер: Пән оқытушысы


Полюсті ковалентті байланыс



бет5/50
Дата07.02.2022
өлшемі0,82 Mb.
#88977
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50
Байланысты:
Силл. Химия кіріспе ХБ

Полюсті ковалентті байланыс. Электртерістілігінде айырмашылығы бар атомдар өзара әрекеттескенде электрон жұбы электртерістілігі күшті атомға қарай ығысып орналасады. Мысалы, HF, HCІ, HBr, H2S, NH3, H2O H. + F = H F
3.Иондық байланыс. Химиялық қасиеттерінің арасында үлкен айырмашылықтары бар элементтер бір-бірімен әрекеттесіп ионды қосылыстар түзеді. Ионды қосылыстарды негізінен металдар мен бейметалдар түзеді. Бұл жағдайда металл атомы мен бей металл атомының арасында түзілген қос электрон электр терістігі басым бей металға толықтай ауысып кетеді. Осының нәтижесінде электрондарынан айрылып қалған металл оң зарядталады, ал электрондар қосып алған бейметалдар теріс зарядталады. Пайда болған оң зарядты металл ионы мен теріс зарядты бейметал ионы бірін-бірі электростатикалық күшпен тартып қосылыс түзеді. K + F = K+F-
4. Сутекті байланысдегеніміз құрамында сутегі және электртерістілігі жоғары Ғ, О N және т.б. атомдар кіретін молекулалар арасында түзілетін байланыс. Мұндай молекулаларда сутек протон күйінде болып, басқа атомның басқа атомның бөліске түспеген электрон жұбымен әсерлеседі.
Металдық байланыс деп электростатикалық тартылу нәтижесінде металл иондарының және жалпыланған электрондар арасындағы түзілетін химиялық байланысты айтады. Металдардың сыртқы қабатында әлсіз ұсталып тұоған электроны аз және бос орбитальдары көп элементтер ғана металдық түзе алады. Сыртқы электрондардың иондану энергиясы аз болғандықтан металдың кристалл торында электрондар «электрон газы» түрінде босаң жүреді. Осы аз ғана электрондар бірталай ионды байланыстырып тұрады. Электронынан айрылған атом иоға айналады. Кристалл торының бұрыштарында натрийдің ионы, ал атомдар арасында «бос электрондар» орналасады.
Бекіту сұрақтары

  1. Химиялық байланыстың қандай түрлері бар?

  2. Ковалентті байланыс қалай және қандай элементтердің атомдары арасында түзіледі?

  3. Иондық байланыстың түзілу механизмін түсіндіріңіз

Әдебиет
1.Жалпы химия: Жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы.27 басылым./С.С.Бабкинаның басшылығымен редакцияланған-Techmith баспаханасы, 2018 ж.-208 бет
2.Керімбаева К.З. Жалпы химия: Оқу құралы. Қарағанды: «Medef Group»,2019ж.120 б https://aknurpress.kz/reader/web/12309.
3.Тугелбаева Л.М., Рыскалиева Р.Г., Ашкеева Р.К. Жалпы химия. Оқу құралы. «Қазақ университеті» баспасы. Алматы, 2013- 152 б

9.1.7 Тақырыбы: Химиялық реакциялар жүруінің негізгі заңдылықтары


Сағат саны: 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Химиялықреакциялардың энергетикасы. Термодинамиканың бірінші заңы.
2.Термодинамикалық параметрлер: ішкі энергия және энтальпия, энтропия және Гиббс энергиясы. Гесс заңы, оның салдары.
3.Химиялық реакциялардың жылу эффектілері. Химиялық-термодинамикалық есептеулер.
Дәріс тезисі
1.Химиялық термодинамика– химиялық реакциялар кезінде байқалатын энергияның бір түрден басқа түрге айналуын, реакциялардың осы жағдайда өздігінен жүру шегін, сонымен қатар химиялық тепе-теңдіктің болу жағдайларын анықтайтын ғылым.
Химиялық реакция кезінде бқлінетін не сіңірілетін жылу мөлшері реакцияның жылу эффектісі деп аталады, оны ΔН белгілейді.
Термодинамиканың бірінші заңы энергияның сақталу заңының жеке көрінісі болып есептеледі және оған әртүрлі пішіндері бір-біріне тек эквивалентті мөлшерде ауысады. Жекеленген жүйе жылу сіңіру арқылы бір күйден екінші күйге ауысқанда жұмсалған жылу (Q) мөлшері жүйенің ішкі энергиясын (ΔU) өзгертуге және белгілі бір жұмыс (А) жасауға пайдаланылады. Q = ΔU+ A
Келтірілген теңдеу термодинамиканың бірінші заңының математикалық көрінісі –термодинамикаға қолданылған энергия сақталу заңының көрінісі. Мұндағы Q- жүйенің сіңірген жылуының мөлшері, ΔU –нің ішкі энергиясының өзгеруі, А- жүйенің істеген жұмысының мөлшері.
2. Жүйенің ішкі энергиясы- молекулалардың, атомдардың, иондардың, электрондардың кинетикалық және потенциялық энергияларының қосындысынан тұратын толық энергиясы.
Энтальпия - тұрақты қысымдағы жүйенің энергиясы. Ол ішкі энергия мен потенциалдық энергияның қосындысына тең: Δ H=U+PV
3. Химиялық реакцияларға қатысатын және түзілетін заттармен бірге реакцияның жылу эффектісі көрсетілген теңдеулерді термохимиялық теңдеулер дейді. Термохимиялық теңдеулерді жазғанда термодинамика бойынша бөлінген жылу теңдеудің оң жағына минус (-) белгісімен, ал сіңірілген жылу плюс (+) белгісімен көрсетіледі. Реакциялардың жылу эффектілерін сан жағынан зерттейтін ғылымның бірі термохимия деп атайды.
.Термохимияның негізгі заңын 1840 жылы орыс ғалымы Г.И. Гесс ашты, ол Гесс заңы деп аталады: Тұрақты қысымда немесе тұрақты көлемде өтетін химиялық реакциялардың жылу эффектісі аралық сатылар санына тәуелді емес, тек жүйенің бастапқы және соңғы күйі мен түріне тәуелді.
Реакцияның жылу энтальпиясы оның нәтижесінде түзілген заттардың түзілу жылуларының (энтальпияларының) қосындысынан реакцияға қатысқан заттардың түзілу жылуларының қосындысынан алып тастағанға тең. Реакция теңдеуіндегі заттардың алдындағы коэффициенттері олардың сәйкес түзілу жылуларына көбейткіш болады.
AA + bB = cC + dD ∆H
Энтропия құбылысы. Бірдей температурадабірдей қысымдағы ыдыстың қозғалмалы бөгет арқылы бөлінген бір бөлімінде инертті газ гелий, дәл осындай екінші бөлімінде инертті газ неон бар. Енді газдарды бөліп тұрған бөгетті алса, екі газдың молекулалары бір-бірімен өздігінен араласып, біраздан кейін ыдыстың барлық көлеміне біркелкі тарайды.
Сонымен химиялық реакцияның жүру немесе жүрмеу мүмкіндігін оның изобара-изотермалық потенциалының өзгеруі көрсетеді. Реакцияның нәтижесінде жүйенің изобара-изотермалық потенциалы азаятын болса, яғни ΔG<0 болса, онда мұндай реакция өздігінен тура бағытта жүреді. Реакцияның нәтижесінде изобара-изотермалық потенциал көбейетін болса, яғни ΔG> болса, онда бұл реакция тура бағытта өздігінен жүрмейді. Егер изобара-изотермалық потенциал өзгермесе, яғни ΔG= 0, онда мұндай реакция химиялық тепе-теңдік күйде болады.
Бекіту сұрақтары

  1. Химиялық термодинамика нені зерттейді?

  2. Термохимияның қандай негізгі заңдары бар?

  3. Гесс заңы Термохимиялық теңдеулер.

Әдебиет
1.Жалпы химия: Жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы.27 басылым./С.С.Бабкинаның басшылығымен редакцияланған-Techmith баспаханасы, 2018 ж.-208 бет
2.Керімбаева К.З. Жалпы химия: Оқу құралы. Қарағанды: «Medef Group»,2019ж.120 б https://aknurpress.kz/reader/web/12309.
3.Тугелбаева Л.М., Рыскалиева Р.Г., Ашкеева Р.К. Жалпы химия. Оқу құралы. «Қазақ университеті» баспасы. Алматы, 2013- 152 б
.
9.1.8 Тақырыбы: Химиялық кинетика және химиялық тепе-теңдік
Сағат саны: 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1.Гомогенді химиялық реакциялар жылдамдығы.
2. Химиялық реакция жылдамдығына әсер ететін факторлар. Реакция жылдамдығының әрекеттесуші заттардың концентрацияларына тәуелділігі.
3. Реакция жылдамдығына температура мен катаиатордың әсері.
4. Қайтымды және қайтымсыз реакциялар. Химиялық тепе-теңдітің ығысуы. Ле- Шателье принципі.
Дәріс тезисі
1.Химиялық реакциялардың жылдамдығы және оның әрекеттесуші заттардың концентрациясына, температураға, катализаторға тәуелдігі туралы ілім химиялық кинетика деп аталады. Реакция жылдамдығы белгілі бір уақыт ішінде реакцияланушы заттардың концентрациясының өзгеруімен өлшенеді. Мысалы: реакцияға қатысатын заттың концентрациясы 1 моль/л болып, ал реакция 1 минут жүргеннен кейін 0,8 моль/л қалса, бір минут ішінде жұмсалған 0,2 моль/л осы реакцияның жылдамдығын көрсетеді. Сондықтан реакцияның жылдамдығы белгілі бір уақыт үшін ғана өлшенеді. Реакцияның орташа жылдамдығы берілген уақыттағы τ21 концентрацияның c1-c2 өзгеруімен өлшенеді. оны мына формула бойынша табады; V = c1-c22 - τ1
Химиялық реакция молекулалығы химиялық реакцияның бір актысына қатысатын молекулалар саны
Химиялық реакция реті реакция жылдамдығы теңдеуіндегі реагенттер концентрациясының дәреже көрсеткіштерінің жалпы қосындысына тең.
2А(ер) + В (ер) = Д V=K с2[A]* с [B] М =n = 3
2А(ер) + В (қ) = Д V=K с2[A] М =3 n = 2
2.Әрекеттесуші заттардың концентрацияларының реакция жылдамдығына әсерін зерттей келіп Норвегия ғалымдары Гульдберг пен Вааге химиялық кинетика үшін маңызы зор әрекеттесуші массалар заңын ұсынды.
Химиялық реакцияны жылдамдығы әрекеттесуші заттардың концентрацияларының көбейтіндісіне тура пропорционал болады.
Мысалы, mA+nB=C бұл реакция үшін әрекеттесуші массалар заңының математикалық өрнегі былай жазылады.V=K[A]m * [B]n
V- реакция жылдамдығы, К- жылдамдық тұрақтысы, [A], [B] А,В заттарының концентрациясы, m,n-формуладағы коэффициенттер, яғни формулалар алдындағы коэффициенттер зат концентрациясының дәреже көрсеткіші түрінде жазылады.
Температураның жоғарылауына байланысты молекулалардың қозғалысы жиілеп, олардың бір-бірімен соқтығысуы артады. Бұл соқтығысулар реакцияның жылдамдығын арттырады. Температураның өсуіне байланысты активтенген молекулалардың саны артады. Мұның өзі реакция жылдамдығының артуына жағдай туғызады. Реакция жылдамдығының температураға байланыстылығы Вант-Гофф ережесімен анықталады. Температураны 100С жоғарылатқанда реакция жылдамдығы 2-4 есе артады. Бұл ереженің математикалық өрнегі мынадай: Vt2=Vt1t2-t1/10
Тура реакцияның жылдамдығы кері реакцияның жылдамдығына тең болатын қайтымды реакцияның күйін химиялық тепе-теңдік деп атайды..


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет