1. ПӘн туралы жалпы мәліметтер: Пән оқытушысы



Pdf көрінісі
бет18/73
Дата08.02.2022
өлшемі1,93 Mb.
#123469
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   73
Байланысты:
Руханият

Дәріс №9-10. 
Тақырыбы: Мемлекет, қоғам және руханият 2-сағат 
Жоспары: 
1.
Қазақ мемлекеттілігінің ерекшеліктері.
2.
Отбасы құндылықтары 
3.
Қазіргі кезеңдегі тарихи және ұлттық сананың руханияттағы орны 
4.
Ұрпақ тәрбиесінің өзекті мәселелері 
 
Дәріс тезисі:
ХV ғасырдың ортасынан ХІХ ғасырдың І ширегі аралығындағы қазақ 
халқының ұлттық сипатта қалыптасқан мемлекеті болып саналады. Қазақстан Республикасының 


16 
тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» атты кітабында: «Қазақ 
хандығын Орталық Азиядағы түңғыш ұлттық мемлекет деп ерекше атап өтеді.
Тарихи дамудың заңдарына сәйкес кез келген тарихи объект өзінің ішкі 
заңдылығы және сыртқы факторлардың әсерімен қалыптасады, дамиды және күйрейді немеме 
басқа түрге ауысады. Қазақ хандығының 360 жылдай тарихы осы заңдылықты дәлелдей түседі. 
Қазақ халқының кейінгі орта ғасырлар мен жаңа заманның алғашқы кезеңіндегі тарихы Қазақ 
хандығымен тығыз байланысты. Оларды бір-бірінен бөлек, ажырата қарастыру мүмкін емес.
Тарихи құбылыстардың қалыптасу, даму және күйреу кезеңдері болатын секілді, Қазақ 
хандығы да осындай кезеңдерді басынан өткереді. Әрбір кезеңдегі тарих халықтың, қоғамның 
саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени, рухани мәселелерімен тығыз байланысты болғандықтан, 
олардың әрқайсысының халықтың тарихында алатын орны ерекше, маңызы жоғары. Қазақ 
хандығының тарихындағы аса маңызды және күрделі әрі аса қызықты тақырыптардың біріне 
хандықтың құрылуы тақырыбы жатады. Тақырыптың маңыздылығынаоның тарих төріне қазақ 
халқының ұлттық мемлекет ретінде шығуы, ал күрделілігіне — оның құрылуы, тек ішкі саяси 
факторлардың ғана емес, сонымен бірге сыртқы саяси факторлардың, этникалық дамулардың, 
рухани дамулардың нәтижесі болуы жатады. 
ХХ ғасырдың бас кезіндегі Алаш қозғалысының негізгі мақсаттарының бірі де қазақ 
халқының мүддесіне сай қызмет ететін, ұлттық мемлекеттілікті қалыптастыру жоспары да Қазақ 
хандығымен байланыста өрбіген. Алайда тарих үрдісі көрсеткендей ол жүзеге аспай қалды. Ал 
советтік негізде құрылған Қазақ АССР-ы, одан кейінгі Қазақ ССР-да қағаз жүзінде егеменді деп 
аталғанымен, іс жүзінде орталықтың толық бақылауында болып, ұлттық мүддеден гөрі 
орталықтың мүддесіне сай саясат жүргізілді. «Отар елдің тарихын отарлаушы елдің өкілі жазады» 
деген қағидаға сай советтік авторлар қазақ тарихын жазуды өз қолдарына алып, қазақ халқының 
ұрпақтарына өз мемлекеттілігінің болмағанын дәлелдеумен өтті. Қазақ қоғамындағы хандықты 
мемлекет емес, ру-тайпалық ұйым ретінде түсіндірді. Сөйтіп, қазақтардың санасына 
мемлекетсіздік, мемлекеттілікті Ресейдің әкелгендігі сияқты идеялар бірте-бірте қалыптаса 
бастайды. Ол тіпті Тәуелсіздік алған жылдардың алғашқы жылында да советтік сана-сезімнің 
идеясында болды.
Отбасы бүкіл ғасырлар бойы адам баласы тәрбиесінің құралы болып келді. Сондықтан ол 
адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. 
Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралардың сақтаушысы. Онда бала 
алғаш рет өмір жолымен танысады, моральдық нормаларын игереді. Сондықтан отбасылық өмір 
жеке адамның азамат болып өсуінің негізі. 
Отбасы оқыту мен тәрбие жұмысындағы мектептің одақтасы. Ол бала тәрбиесі жөніндегі 
мектеппен тығыз байланысты болуды өте жақсы түсінеді. Өйткені, бала тәрбиесінің отбасыда, 
мектепте нәтижелі болуы осындай ынтымақтастыққа негізделеді. 
Отбасы тәрбиесі – бұл қоғамдық тәрбиенің бір бөлігі, мемлекет алдындағы ата – аналардың 
борышы. Өкімет отбасына үнемі қамқорлық жасауда. Оған дәлел: балалар мекемелері жөніндегі 
халықтың қажеттілігін толық қанағаттандыру, балаларды еңбек, спорт лагерьлерінің, жас 
натуралистер станцияларының, ғылыми – техникалық және көркем шығармашылық үйірмелерінің 
жұмысын кеңейту; ананы, балалық шақты қорғауға ерекше көңіл бөлу; отбасы мүшелерінің 
демалуы үшін санаторийлердің, демалыс үйлерінің жүйесін кеңейту; аналар жағдайын еске алып, 
әйелдердің халық шаруашылығына қатысуын үйлестіру. 
Қазақ халқы қашан да ұрпақ тәрибесіне жіті көңіл бөлген. Атаның ақылымен, ананың ақ 
сүтімен дарыған қасиет кешегі Абайдай дана, Шәкәрімдей ғұлама, Шоқандай шоқтығы биік 
тұлғаларды қалыптастырды.
Бүгінгі жаһандану дәуірі осы дәстүрлі құндылықтарымызға салқынын тигізуде. Ұлы 
жазушы Мұхтар Әуезов «Ел боламын десең – бесігіңді түзе» деген мәнді де, мағыналы нақыл 
қалдырды. Бұл күні бүгінге дейін құндылығын жоймады. 
Бүгінгі қоғам алдында тұрған ең жауапты міндет – тәуелсіз мемлекетіміздің уығы боп 
қадалатын қоғам мүшелерін, яғни жас ұрпақты адамгершілік қасиетке тәрбиелеу, тиянақты білім 
беру. Адам бойында адамгершілік құндылықтар болмаса, олардың орнын ешқандай терең білім 
толтыра алмайтынын өмірдің өзі дәлелдеуде.
Балалар мен жастар тәрбиесінің болашағы – оларды адамгершілік – рухани жағынан нағыз 
адам етіп қалыптастыру керек. Сонда ғана нағыз толыққанды тұлғаға айналады. 


17 
Тәрбиедегі басты мәселе – балалардың тұлға аралық қатынасын дәріптеу, өз құрбы – 
құрдастарымен, отбасы мүшелерімен қарым – қатынасын жасай білу, ол үшін өзге адамдарды 
түсінуі, қабылдауы, әр адамның даралық ерекшелігін жасына, ұлтына қарамастан саналы түсіне 
білуі, өзіне сын көзбен қарап, өзінің көңіл – күйін, атқарған іс - әрекетінің есебін түсініп, істеген 
ісінің нәтижесіне өзіндік баға бере алғанда оның болашағы биікте болары сөзсіз. 
Бүгінгі бала тек мұғалім берген білімді игеріп қана қоймай, оны әрі қарай өзінің белсенді, 
нысаналы, зерделі, дарындылық іс - әрекетімен сабақтастыра білгенде болашағы кемел болары 
сөзсіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет