СОӨЖ, СӨЖ сабағына дайындалуға арналған әдістемелік нұсқаулар Студенттердің өз бетінше іс-әрекеті келесі мәселелерге бағытталуы мүмкін:
Жеке тақырыптар бойынша психологиялық білімдерді тереңдету және кеңейту;
Алған білімдерді қолданбалы міндеттерді кеңейту үшін қолдану ептілігін меңгеру;
Психологиялық зерттеу ептіліктері мен дағдыларын қалыптастыру;
Практикалық психологиялық жұмыс дағдылары мен ептіліктерін қалыптастыру;
Өзін-өзі тану және өзін-өзі дамыту ептіліктерін дамыту.
Студенттің өзбетінше жұмысының өзекті мәселелерінің бірі – ұғына оқу, психологиялық мәтіндерді түсіну дағдыларын дамыту. Студенттердің танымдық функцияларын дамыту үшін, ұғымдарды, теоретикалық қағидаларды және олардың эмпирикалық фактілермен байланысын түсінуі және де білімдерді меңгеруі үшін келесі тапсырма түрлерін қолдануға болады:
Маңызды ақпаратты таңдау және оны қосымшадан бөліп алу.
Мәтіннің жекеленген ойларын өзге стилистикалық және синтаксистік формада түсіндіру.
Оқыған материалды схемтизациялау және құрылымдау.
Оқылған материал бойынша резюме құрастыру.
Мәтіндік түсініктемемен бірге графикалық тірек схема құру.
мәтіннің қысқаша конспектісін құру.
ҚОЛДАНЫЛАТЫҢ КӨРНЕКІЛІК ҚҰРАЛДАРДЫҢ ТІЗІМІ, ОТҚ, ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР, РЕАКТИВТЕР, ОҚЫТУДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ҚҰРАЛДАРЫ.
Арнайы аудиториялар тізімі
«Дене мәдениеті және спорттың теориялық негіздері» кафедрасы
«Спорттағы ивент-менеджмент. Спорттық іс-шараларды басқару» пәні бойынша