1. ПӘн туралы мәлімет


Ұлттық Олимпиадалық Комитет



бет15/36
Дата04.11.2022
өлшемі2,4 Mb.
#156568
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   36
Байланысты:
ДШжС менеджменті

Ұлттық Олимпиадалық Комитет .Олимпиадалық ойындар программасы. ХОК олимпиадалық ойындар программасына кіретін спорт түрлерін өзі анықтайды. Олимпиадалық ойындар программасына кіру ү шін кез келген спорт түрі әлемнің кем дегенде 25 Ұлттық Олимпиадалық Комитетіне белгілі, кең насихатталып отырылуы тиіс. Алайда бұл шартты түрде орындалғанымен оны олимпиадалық ойындар программасына қабылдау, қабылдамауды ХОК шешеді. Әрі әр олимпиада алдында ХОК олимпиадалық ойындар программасына енетін спорт түрлері жайлы белгілі бір дәрежеде шартты ұсыныстар енгізеді. Мәселен, ХОК (1970) 1980 жылы алдағы уақытта ерлер үшін олимпиадалық ойындар программасына әлемнің кем дегенде 4 құрылығының 75 елінде насихатталып отырған спорт түрі ене алады, ал әйелдер үшін екі құрылықтың кем дегенде 40 елінде кеңінен таралуы тиіс. Қысқы олимпиадалық ойындар программасына ерлер үшін әлемнің кем дегенде 3 құрлығының 25 елінде, әйелдер үшін 20 елінде насихатталып отырған спорт түрлері енгізіледі деген шешімге келді. ХОК сонымен бірге олимпиадалық ойындар программасына кірген спорт түрлері 8 жыл ішінде жоғарыдағы талаптардан кеміп кетсе, онда оны олимпиадалық ойындар программасынан алып тастайды. Бұл ретте қол добы, садақ ату, дзю-до т.б. спорт түрлерінің жарыс программасына бірде кіріп, бірде алынып тасталып жүргенін айтсақ та жеткілікті.
Олимпиадалық ойындар өтетін қалалар. Олимпиада Хартиясына сәйкес олимпиаданы өткізу жауапкершілігі белгілі бір елге емес, қалаға жүктеледі.Олимпиадалық ойындарды өткізуге тілек білдірген қаланың жоғары әкімшілігі өз ұсынысын сол елдегі Ұлттық Олимпиадалық Комитетке бекіттіріп, ХОК-ке жолдайды. Сонымен бірге қаланың кандидатурасын сол елдің үкіметі толық жақтауы тиіс. ХОК олимпиадалық ойындар өтуден 6 жыл бұрын оны өткізетін қаланы бекітеді. Олимпиадалық ойындарды өткізуге тілек білдірген қала ХОК-тың сессиясында көпшілік дауыс алуы тиіс. Егер қалалардың ешқайсысы белгілі мөлшерде қажетті дауысқа іліге алмаса, онда ең аз дауысқа ие болған қала алынып тасталып, дауыс беру рәсімі қайта жүргізіледі.
Олимпиадалық ойындар өткізу міндеті жүктелген қала ХОК-тың бекітген жоспары бойынша олимпиадаға әзірлік жұмыстарын бастайды. Оны сол қала ұсынылған елдың Ұлттық Олимпиадалық Комитеті тікелей бақылауға алып, іс жүзіне асырады.
Ұлттық Олимпиадалық Комитет. Әр елдегі олимпиадалық қозғалыстың басшы органы болып саналады. Халықаралық Олимпиадалық Комитет пен Халықаралық Спорт Федерацияларының халықаралық олимпиадалық қозғалыс саласындағы ең басты буыны болып саналады. Әр елдің Ұлттық Олимпиадалық Комитеті Халықаралық Олимпиадалық Комитетпен тікелей байланыста болады. Олимпиадалық ойындарға байланысты шараларды жүзеге асыру, оны бақылау ҰОК-тың басты міндеттері болып есептеледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитеті (ҚР ҰОК) 1990 жылдың 3 ақпанында құрылып, 1992 жылдың наурыз айында Халықаралық Олимпиадалық комитеті тарапынан ресми түрде танылды. ҚР ҰОК дербес, тәуелсіз қоғамдық ұйым болып табылады. Өз қызметін жүзеге асыру барысында ҚР ҰОК Олимпиадалық Хартия, Қазақстан Республикасы Заңдары мен ҚР ҰОК Жарғысын негізге алады. Қазақстан Республикасы аумағында Олимпиадалық қозғалысты дамыту және оны қорғау, Олимпиадалық құндылықтарды насихаттау - ҚР ҰОК миссиясы болып табылады.
ҚР ҰОК ПРЕЗИДЕНТТЕРІ
Досымбетов Тимур Қамалұлы (1990 – 1992 жж.)
Ақпаев Аманша Сейсенұлы (1992 – 2002 жж.)
Әлиев Рахат Мухтарович (10.02-15.08.2002ж)
Досымбетов Тимур Қамалұлы (2002 – 2006 жж.)
Досмұхамбетов Темірхан Мыңайдарұлы (2006 – 2015 жж.)
Құлыбаев Тимур Асқарұлы (2015 жылдан бастап)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет