1. Пәннің мазмұны және мәселелері. Табиғат байлығын пайдалану түсінігі. Қоғамдық дамудағы табиғи жағдай мен ресурстардың теориялық және практикалық мәні



бет2/2
Дата25.12.2016
өлшемі0,84 Mb.
#4906
1   2

5.4. ҚАЗАҚСТАН СУ РЕСУРСТАРЫ

Еліміздің су қоры үлттық байлық болып табылады. Оны қорғау мемлекеттің және жалпы халықтың міндеті, Сондықтан, су қоры есепке алынып, саны, сапасы қадағаланып, су қорғау және тиімді пайдалану шаралары жоспарланып отырады. Қазіргі кезде барлык су қорының кадастрлары жасалған. Онда өзендегі судың бір жылдық (орташа) ағып өтетін мөлшері, көлдегі, мұздықтағы және жер астындағы судың жал­пы қоры, сапасы есепке алынған.

Республикамызда үлкенді-кішілі 2174 өзен бар. Жалпы өзендер мен бүлақтарды қоса есептегенде олардың саны 85 мыңға жетеді. Мүның ішінде Ертіс, Сырдария, Жайық, Есіл өзендерінің әрқайсысының үзындығы 1 мың км-ден асады. Барлық өзендерден жылына 102 млрд. текше м (м3) су ағып өтеді. Алайда ірі өзендердің көпшілігі Республикамыздың шекарасына жақын аймақтарда орналасқан да, бастауын басқа елдерден алады. Жеріміздің басым бөлігі өзен сулары тапшы шөлейтті аймақта. Орталық далалық өзендердің деңгейі қар суымен қалыптасады, олар ылғал аз жылдары таязданады немесе қүрғап қалады. Тау өзендері мұздықтардан басталады. Сондықтан су деңгейі жыл маусымына қарай және әр жылда едәуір өзгеріп отырады.

Қазақстанда жер асты суларының барланған қоры 45 млрд. текше метр. Одан жылына 750 млн. м3 су алынып пайдаланылады. Болашақта пайдалануға болатын су қоры шамамен 53 текше км деп есептеледі.

Көлдердегі түщы су қоры 57 текше км, ал ащы суды қоса есептегенде 190 куб. км. Арал, Каспий теңіздерінен басқа 48 мыңнан астам көл бар. Су бетінің (акватория) аумағы 45 мың шаршы км. Оның ішінде аумағы 1 км2 аспайтын шағын көлдер жалпы санының 94%-ті, ал аумағының 10%-і. Аумағы 100 км2-ден асатын көлдер 21 - жалпы ауданы 27 мың шаршы км. Республика территориясында көлдердің орналасуы да біркелкі емес.

Алтай, Сәуір, Жоңғар, Теріскей, Күңгей, Іле Алатауларында 2700-дей мәңгі мүздықтар бар. Олардың жалпы су қоры 95 текше км. Жылына олар 2 текше км су береді.

Судың ағысын маусымдық реттеп отыратын су тоспаларындағы су қоры 48 текше км. Тоспалардың жалпы саны 180-нен астам.

Жылдық атмосфералық жауын-шашын суының көп жылдық орташа жылдық шамасы 662 км3.

Су қорын пайдалану-тұтыну және пайдалану түрінде болуы мүмкін. Су пайдаланғанда ол су көзінен бөлініп алынбайды. Мысалы, су балық өсіру, су тасымалы, энергия өндіру, климат түзеу, демалыс, сауықтыру үшін пайдаланылады. Өнеркәсіпте, егіншілікте коммуналдық шаруашылықта, ауыз суға су түтынылады, су көзінен бөлініп алынады. Бірақ осы ерекшеліктеріне қарамастан, аталған екі ұғым кең қолданыста, тең мағынада қолданыла береді. Біздің кітабымызда да осындай түрмыстық қолданысқа жол берілген. Арнайы бөлшектеп көрсету көпшілік жағдайда су пайдалану, яғни түтыну деп айтамыз.

Қазақстанда соңгы жылдары су пайдалану жылына 83 мпрд. м3-ге жетті, оның ішінде тікелей су түтыну 44%, 40% - ті су тұтынуды қамтамасыз етуге жүмсалады. 16%-ті ысырап болады.



6.1. ОРМАН ҚОРЫ
Жер бетіндегі өсімдіктер әлемінде ең маңыздыларының бірі - орман болып табылады. Орман ауадағы көмір қышқыл газын сіңіріп алып, өзінен оттегін бөліп шығарады, яғни ауадағы оттегі мен көмір қышқыл газ балансын қамтамасыз етушілердің бірі және негізгісі болып табылады. Салыстырмалы түрде айтқанда орман жердің өкпесі іспеттес. Бір гектар орман тәулігіне 220-280 көмір қышқыл газын сіңіріп алып, 180-200 кг оттегін бөліп шығарады. Орман ауаны тазартушы, сауықтырушы қызметін атқарады. Бір гектар ормандағы жапырақты ағаштар бір күнде 2 кг фитонцид бөліп шығарады, қылқанды жапырақтар - 5 кг, ал арша тектестер .- 30 кг-нан астам. Орманда ауру тудыратын микробтардың күрт азаятындығы байқалады. Қала ауасымен салыстырғанда орманда мүндай бактериялар 300 есе кем. Қылқан жапырақты ормандағы ауаның тазалығы хирургиялық операция бөлмесіндегімен бірдей. Сондықтан қалалардағы, елді мекендегі орман алқаптары (парктер, скверлер, т.б.) маңызды денсаулық сақтау, сауықтыру қызметін атқарады.

Орман топырақтың құнарлылығын сақтайды, жердің тозуын (эрозиясын) болдырмайды. Орман жердің көркі, жанның саясы. Орман су көздерін қорғау қызметін атқарады, ауыл шаруашылық жерлерін, қатынас жолдарын - жел эрозиясынан, құм, шаң басудан қорғайды.

Орман халық шаруашылығына қажетті құнды ма­териал - ағаш береді. Орманда дәрілік, тағамдық, техникалық, өсімдіктер, жеміс - жидек, саңырауқұлақтар өседі. Орман ағаштарынан құнды шырын, шайыр алынады. Орманда түрлі жан-жануарлар, қүстар, жәндіктер өмір сүреді.

Қазақстан орман қорының жері 21,2 млн. га, оның ішінде ағашты алқап - 9,1 млн.га. Орманнан жылына 2,0-2,4 млн. м3-ге дейін ағаш даярланады, ал есептелген кесуге болатын шамасы 3-3,5 млн. м3-ге жетеді.

Ағаш халық шаруашылығының барлық саласында қолданылады деуге болады. Еліміз жылына 11 млн. м3-ге жуық (келтірілген шама) ағаш өнімдерін тұтынады. Орманнан ағаштан басқа да пайдалы өнімдер алынады. Қазақстан ормандары негізінен табиғат қорғау қызметін атқарады.

Қазақстан орман қорына бай емес. Ағаш және ағаш өнімдерінің басым бөлігі шетелдерден (көпшілігінде Ресейден) әкелінеді. Сондықтан елімізде орман қорын қорғау, молайту және тиімді пайдалану өте езекті экологиялық, әлеуметтік-экономикалық мәселе.

Орман қорын қорғаудың және тиімді пайдаланудың басты мәселесі оны ұдайы, үдемелі жаңғыртып отыру, әсіресе қүнды ағаштардың қорын молайту. Орман қоры ұзақ мерзімде қалпына келетін табиғат ресурсы. Сондықтан орман қорын өсіру, қорғау ұзақ мерзімдік бағдарламалармен, жоспармен жүзеге асырылуы тиіс. Орманда әр жылдық ағаштар өседі. Бұл ағаш өсіру мен оны пайдалануды үйлестіруге мүмкіндік береді. Яғни ағашты өсіруге, оны қорғауға жүмсалатын шығын мен оның өнімдерін пайдалану процестері үздіксіз қайталанып отырады.

Екінші мәселе - ағаш даярлау (кесу, тасымалдау) жұмыстарын үқыпты жүргізу керек. Бүл жүмыстар кезінде жас ағаштардың өсуіне нүқсан келтірмеуі қажет. Ағаш кесу орман ағаштарының қүрамына, жасына байланысты белгіленеді. Ағаш даярлау кезінде әсіресе орманда қүнды ағаштардың сақталуы, қүнды ағаштар кесіліп және оның орнын басқа қүндылығы төмен ағаштар баспауы қадағалануы тиіс. Ағаш даярланғанда оның табиғи өсуіне зиян келтірмейтін техника, технологиялар қолданылуы керек.

Үшінші мәселе - орман қорын кешенді пайдалану. Орманды тек ағаш даярлау үшін емес, оның басқа қызметтерімен үйлесімді пайдалану. Қазақстан ормандарының басым бөлігі 1-топқа жатқызылған. онда тек қана күтіп-баптау, сауықтыру, тазарту кесімдері жүргізіледі. Бүл топтағы ормандар негізінен экологиялық қызметтер атқарады.

Төртінші мәселе даярланған ағаш қорын кешенді пайдалану, ағаштың сүрегін ғана емес басқа бөліктерін де (бүтақтарын, түбірін, қабығын, қылқанын) пайдалану. Тақтай тілуге жарамсыз қүндылығы төмен ағаштарды пайдалану. Қазіргі кезде ағаш даярлау, өңдеу қалдықтарынан, төменгі сортты ағаштардан халық шаруашылығына қажетті көптеген бұйымдар, өнімдер (целлюлоза, картон, қағаз, ДСП, ДВП, жасанды талшық пластмасса, жем, спирт, дрожжи, глюкоза, т.б.) шығарылады.

Кешенді пайдаланған әрбір ағаш ағаш кесуді қысқартуға, сөйтіп орманды қорғауға септігін тигізеді. Ағаш өнімдеріне көпшілік қажеттілікті ағашты кешенді пайдалану, ағаш қалдықтарын пайдалануды (маку­латура есебінен) қамтамасыз етуге болады. Сөйтіп орман ағаштары басқа экологиялық, қызметтер үшін сақталады. Екінші жағынан ағаш өсіру, қорғау, даяр­лау шығындары үнемделеді.


5. Қоғам мен табиғат арасындағы өзара әрекет нәтижесігің әлеуметтік – экономикалық салдары, қооршаған ортаны қорғау.
Баршамызға белгілі, бізді қоршаған табиғи орта, жер қыртысы (жер шарының кабығы) жекелеген қүрылымдық элементтерден — табиғат кешендерінен құралады. Бұл табиғи кешендер геоморфологиялық, геологиялық, физикалық, биологиялық, географиялық және басқа да жаратылыстану ғылымы өкілдерінің жүргізген зерттеулері негізінде анықталады. Мүндай зерттеулердің нәтижесінде табиғи кешендер бүкіл елдің аумағын физико-географтардың аудандастыруларымен қорытындыланады. Табиғат кешендері генетикалық біртұтастығымен, салыстырмалы біртектестігімен сипатгалады.

Табиғи кешендердің жеке элементтері немесе олардың жиынтығы оларды шаруашылыққа пайдалану мүмкіндігі турғысынан алғанда бірдей болмайды, яғни өзінің экономикалык маңызы бойынша, әрбір сәтке сөйкес және уақыт ағымына орай ерекшеленеді. Өндіргіш күштердің даму деңгейі мен зерттеулеріне сәйкес материалдық әрекетке тікелей қатысу формасына қарай, адамның, адамзат қоғамының қажеттілігін өтеу мумкіндігіне байланысты табиғат кешендерінің элементтері табиғи ресурс деп есептеледі. Мысалы, қазба байлықтарға -минералды ресурстарға жер қойнауының тек қоғамның белгілі бір қажеттілігін қанағаттандыру үшін ғана игерілетін бөлігі жатады. Табиғи зерзаттар, мысалы бос жыныс өндіріс техноло-гиясы мсн техникасының жетілген шағында оған қоғатмдық қажеттілік пайда болған кезде ресурсқа айналуы мүмкін. Қүрамында орта есеппен 1,5 %-тен аз мыс кені өткен ғасырда өнеркәсіптік қүндылығы жок, бос жыныс деп саналды, ал сондай қорғасын, мырыш кені осы гасырдың басында бос жыныс деп есептелді. Қүрамында фосфоры бар, темір кені олардан болат пен шойын алу технологиясын ойлап тапқанша өндірісте пайдалануда жарамсыз деп есептелді. Белгілі кезеңге дейін Чили силитрасы, Хибин апатиті мен нефелині, Қаратау фосфориті пайдаланылмай келді. Өнеркәсіптің атом, ракеталық, ғарыштық, теледидарлық сияқты жаңа салаларынын пайда болуы мен дамуына байланысты уран, берилий, цирконий, титан, ниобий, цезий, рубидий, германий, стронций алу үшін минералды шикізатгың жаңа түрлері игерілді.

Академик А.Е.Ферсманның айтуы бойынша, "...табиғатга пайдалы және пайдасыз., керекті жәнс керексіз минералдар жоқ адам өзінің жасампаз еңбегімен табиғатты өзіне бағындырады оны елдің өндіріс күшіне айналдырады. Сонымен, табиғат ресурсы деп өндіргіш күштердің дамуы мен зертгелу деңгейіне сәйкес адамзат қоғамының кажеттілігін камтамасыз ету үшін пайдаланылатын табиғи денелерді немесе табиғи куштерді айтамыз. Еңбек күшін жұмсау нәтижесінде қоғамның белгілі бір қажеттілігін камтамасыз ету үшін табиғи ортадан алынған табиғат ресурстары қоғамның материалдық құндылығын қурайды. Олар табиғи зерзаттар емес, тұтыну өнімдері, еңбек қүрал-

жабдықтары.

Табиғат ресурстарының ролі мен мәні қоғам өмірінде уақыт өткен сайын өзгеріп отырады. Өндірістің техникасы мен технологиясының жетілдірілуіне қарай адамзаттың табиғатқа тәуелділігі кемиді, бірақ табиғи ресурстарды барған сайын кем мөлшерде пайдаланады. Жоғарыда келтірілген анықтамаларға сәйкес табиғат ресурстары біріншіден, табиғи денелер немесе табиғи күштер, яғни табиғи ортаның, табиғи кещеннің бір бөлігі, екіншіден — табиғат ресурсы ретінде табиғи денелерді немесе күштерді мойындау қоғамның өндіргіш күші мен табиғаттың меңгерілгендігі белгілі бір деңгейінде қалыптасады, үшіншіден, оларды пайдалану материалдық іс - әрекетке тікелей қатыстыру формасында қоғамның белгілі бір қажеттілігін қанағаттандырады. Сонымен, "табиғат ресурсы" түсінігінің озі өндіргіш күштердің даму деңгейімен, қоғамның қажеттілігіне қанағаттануымен және экономикалық түрғыдан тиімді пайдаланумен байланысты, сөйтіп, "табиғат ресурсы" түсінігінңң өзі экономикадан, қажеттіліктен тыс болмайды.

Табиғи ресурстардың адам өміріндегі ролі жайьнда (негізінен философтар мен экономистер) үзақ уақыт бойы соз таластырды. Идеалистер, мысалы, адамзат қоғамының дамуы үшін материалдық жағдайдың маңыздылығын теріске шығарып отырды, ал "географиялық бағыттың" өкілдері адамзат қоғамының дамуында табиғи факторлардың шешуші рөл алатынын баса жазып отырды. Марксизм-ленинизм классиктері, табиғи ресурстар да еңбек сияқты зат түріндегі байлыққа негіз болатындығын көрсетті, бірақ олар еңбекпен өңделгенде ғана тұтыну қүндылығына ие бола алады. Бұл жағдайда табиғат ресурстары белсенді элемент емес еңбек заты болады. Марксистер коғамның дамуында шешуші рөлді қогамдық өндіріс, әсіресе, өндіріс тәсілі атқарады деп ойлады.

Қазіргі кезде қоғам мен табигаттьң, қоғамның жекелеген топтарын бір-біріне қарсы қоюдан гөрі олардың диалектикалық бірлігі жайындағы үғъм калыптаса бастады. Коғамның экономикалық даму деңгейі ғылыми-техникалық прогрестегі жаңа жетістіктерді қолдану арқылы елдің табиғи ресурстарын тиімді пайдалану дәрежесімен анықталады.

Табиғи ресурстардың қоғамдық өндіріске тигізетін әсерін қазіргі заманғы ғылым үш жақты қарастырады. Біріншіден, табиғи ресурстар адамды қоршаған табиғи орта ретіндс, адамзат қоғамының өмір суруі үшін қажетті, өмірлік кеңістігі, өндірістің табиғи базасы болып табылады. Екіншіден, барлық өндірістің мағынасы сайып келгенде, қоғамның белгілі бір қажеттілігін камтамасыз ету үшін табиги ресурстарды адам қажетіне пайдалануга жарайтындай етіп өнімге айналдыру болып табылады.Жоғарғы қаркынмен дамып жатқан қазіргі заманғы өндіріс табиғи ресурстардъң алуан түрлерін игеруде барынша кең түрде пайдалануды талап етеді. Осы түрғыдан алғанда, табиғат ресурс тарының (дәлірек айтқанда, өндірістің шикізатпен қамтамасыз

етілуінің) халық шаруашылығын дамытудағы қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыруда маңызы зор. Мысалы, казіргі заманғы радиоэлектроника, термоядролық өнеркосіп, авиажасау, электр энергетикасы, ракета жасау, ғарыштық техника, тусті металлургияның, сирек металлды өнеркәсіптің өнімін кең көлемде тұтынады. Бұл мағынада табиғат ресурстары негізгі өндіріс "кірпіші" — материалдық өндірістің құрамы болады. Үшіншіден,бәрімізге белгілі, табиғат ресурстарын пайдалану жағдайы, сапасы, коғамдық өндірістің, еңбектің өнімділік деңгейін анықтайды. Сол себспті К.Маркс ауыл шаруашылығында (тау-кен өнеркәсібінде) мәселе тек қоғамдық өнімділікте ғана емес,сонымен бірге табиғат жағдайына тәуелді болатын еңбектің табиғи өнімділігіне де байланысты болады деп жазды. Табиғат ресурстары — табиғат күштері — еңбектің өнімділігін арттырады,қоғамдық өнімнің өсуін қамтамасыз етеді.

Табиғат пен еңбек - қоғамның материалдық игілігін құрушы алғашқы екі фактор. Сондықтан адам және адамзат қоғамы, жоғарыда айтқанымыздай, табиғатқа оны өндіріс пен өмір ортасы ретінде өндірістің, еңбектің объектісі ретінде әсер етеді және сонымен қатар оны аталған әсерлердін зиянды зардаптарынан қорғай отырып ықпал етеді. Аталған үш түрлі әсерлердің жиынтығы, жалпы сөзбен "табиғатты пайдалануды" білдіреді.

Жоғарыда атап өткендей, табиғат ресурстарын қазіргі күнгі масштабпен пайдалану табиғаттың тепе-теңдік күшін бұзуы мүмкін және соған орай осы тепе-тендікті сақтау үшін едәуір шығын болуы қажет. Сондықтан табиғат ресурстарының өндірске тиімділігін - оның оң жақтарын ғана емес, сонымен бірге келеңсіз жақтарын да ескеру арқылы анықтауы тиіс. Қазіргі кезде табиғи ресурстардың алуан түрлерін пайдаланудың тиімділігін анықтағанда табиғи ортаны қорғауга кажет шығынның мөлшерін ескеру өте қажет. Сөйте түра, табиғи ресурстардың өзі айналадағы қоршаған ортаның құрамы ретінде адам өмірі мен өндірістің жағдайын жақсартатын немесе нашарлататын фактор ретінде қарастырылуы керек. Бүл жағынан алғанда табиғи ортаны қорғау мәселесі өздігінен табиғат ресурстарын тиімді пайдалану мәселесіне айналады. Табиғат қорғау тұргысынан алғанда, табиғи ортаны сол қалпында сақтау лазым, ал өндірістің даму ауқымына сәйкес адамның табиғи ортаға жан - жақты әсері артады. Қазіргі кезде шаруашылық әрекеттің табиғи ортамен санасуы тек жеке микро деңгейде ғана емес сонымен бірге әр түрлі масштабта табиғи-экологиялық жүйенің сақтауын талап етеді. Қоғамның мүддесі табиғат пайдалануда экологиялық сыйымдылықты ескеруді талап етеді. Экологиялық және табиғат заңдарының үйлесімділігі арқасында табиғи өндіргіш күштердін дамуы қамтамасыз етілстін экологиялық тепе - тендік сақталуы қажет.

Табиги ортаны тиімді пайдалану үшін әр түрлі гылым жетістікepiн ескеру керек. Биосферадағы биогеоценоздың жеке бөлігіндегі, сол сияқты жиынтық түріндегі ландшафттағы антропогендік факторлардың өзгерісінен болатын биологиялық, экономикалық және әлеуметтік зардаптардың салыстырмалы бағасы, табиғи ортаның жағдайы жайында дәл мәліметтер керек. Жекелеген табиғи кешендер бойынша да, сол сияқты бүкіл "адам және табиғат жүйесі жан-жақты байланысты модель құрмай тұрып, табиғи ортаны тиімді пайдалану мәселелсрін дүрыс шешу мүмкін смес. Өндіріс пен табиғи ресурстарды пайдалану көлемінің кеңейе түсуіне орай, қазіргі кезде табиғи-техникалық геосистеманың дамуын талдау мен болжау бірінші ксзектегі мәселеге айналады.

Табиғи ресурстарды пайдаланудың өндіріске, адам өміріне әсерін ғылымның әр түрлі салалары, әсіресе, жаратылыстану ғылымдары зертгейді. Ол сан қырлы, сондықтан ғылымдағы салыстырмалы түрде алғанда жаңа бағыттағы бұл сала табиғат пайдалану ғылымынын пәні болып табылады. Материалдық өндірістің субстраты ретінде табиғат ресурстары көбінесе жаратылыстану және техникалык ғылымдардың өкілдерімен қарастырылады. Табиғат пайдаланудың еңбектің қоғамдық өнімділігі мен өндірістің тиімділігіне әсерін, ең әуелі, экономика ғылымының өкілдері қарастырады.

Табиғи ресурстарды ұлттық байлыққа жатқызуға бола ма деген сұрақ ұзақ жылдар бойы талқыланып келеді. Экономикамыздың нарықтық қатынастарға көшуіне байланысты іс жүзіндс бұл мәселе олардың еліміздің ұлттық байлығы болып танылуы жағына біржақты шешілді. Бүл мәселенің анық-канығына жүгінбей-ақ еңбекке бағытталатын табиғат ресурстарының сапасына қоғамдық еңбек өнімділігінің тәуелділігі анық екендігін айтсақ та жеткілікті. Қоғамның өндірістік ресурстарының шектеулі жағдайында, ең жоғарғы халық-шаруашылықтық нәтижеге жету үшін табиғат ресурстарының сапасы қоғамдық еңбектің өнімділігін арттырушы фактор ретінде есептеу қажеттілігінен туындайды. Осыдан келіп елдің үлттық байлығының құрамындағы қандай да бір түрде болмасьн табиғат ресурстарын есептеудің қажеттілігі айқын. Біздің козқарасымыз бойынша, бүл жағынан академик Н.П.Феодоренконың айтқанында негіз бар. Ол "Өндірістік ресурстардың негізгі түрі — табиғат байлықтарына экономикалық баға берілмеуі және социалистік басқару механизміне тән шаруашылықты тиімді жүргізуді экономикалық жағынан ынталандырудан тыс қалып қойғанда, қалыптасқан жағдайды жарамды деп тануға болмайды" — деп жазды. Бірақ та, біздіңше, табиғат ресурстары механикалық түрде еңбек және жинақталған материалдық ресурсқа теңгеріле алмайтындықтан және олар тұтыну құнына арнайы бағытталған адам әрекетінің нәтижесінде ғана айналатындығын ескеру қажет. Табиғат ресурстарының осы ерекшелігі оларды қоғамның бар байлығы деп қарауды туғызады. Осыған сәйкес, отандық әдебиеттерде "табиғи өндірістік күштер" деген үғым кездеседі.

Қоғамның өндірістік күшіне табиғи ресурстарды тиімді пайдаланудың әсері қазіргі кезде оның жекелеген түрлері бойынша қарастырылып, тиімділігі бағаланады. Халык шаруашылығының, тіпті кез келген аймақ шаруашылығының дамуы оның табиғи ресурс базасының жиынтығына тәуелді болып табылады. Осыдан келіп, табиғи ресурстардың жеке түрлерін ғана емес, аймақтағы табиғи ресурстардың жиынтығын экономикалық бағалаудың қажеттілігі туындайды. Табиғи ресурстарды экономикалық тұрғыдан бағалауға келетін болсақ, оның мәнісі тек ресурстың бір түрі ғана емес, табиғи ресурстардың территориялық үйлесімділігін өндірістік түрғыдан пайдалану бойынша қалыптасқан "еңбектің табиғи өнімділігін" анықтау мен өлшеу болып табылады. Біздің ойымызша, бүл мәселе де эконо-мистердің шешетін міндеті.

Қоғамның "табиғи өндірістік күші" мәселесі қоғамдық өндірістік күшпен салыстырғанда экономика ғылымында әлі де терең және кең зерттелмеген. Социализмнің саяси экономиясы еңбек ресурстары мен өндіріс тәсілін басты факторлар санайтын, сондықтан басты назар қоғамнцың өндірістік күштерін дамытуға аударылатын. Қазақстан Республикасыньщ озіндік ерекшелігі мен оның экономикасының нарықтық қатынастарға көшуіне байланысты табиғи өндірістік күштерді зерттеу қазіргі кезде бірінші кезектегі мәселеге айналды.



Сонымен бірге, табиғат ресурстары табиғаттың сыйы және оған адам еңбегі жұмсалған жоқ, сондықтан пайдаланушыға тегін берілуі керек деген маркстік-лениндік теория теоретикалық тұрғыдан теріске шығарылмаған күйінде қалды. Теоретикалык жағынан табиғатты төлемді пайдалануға көшудің қажеттілігі мен маңыздылығын ғылыми түрғыдан дәлелдеу өмір талабы. Осыдан келіп теоретикалық көзқарас түрғысынан, табиғатты төлемді пайдаланудың принциптері мен жалпы теоретикалык-әдістемелік негізін жасау, қолданудың маңыздылығын ғылыми түрде дәлелдеудің қажеттілігі туындайды. Біздіңше, мұны дәледдеу қолданылып келген саяси экономияның шегінде мүмкін емес. Саяси экономия ғылыми пән ретінде өндірістің нәтижесін әділетті түрде бөлу тұрғысынан адамдардың өндірістік қарым - қатынасын зерттейді. Бүл жағынан, келтірілген қағиданың әділеттігі, біздіңше күмән келтірмейді. Өз қалпындағы ешкім тимеген табиғат ресурстарының, яғни оны зерттеугс және адамзаттың еңбегі жұмсалмаған жағдайда табиғи ресурстардың құны мен бағасы бола алмайды. Табиғи ресурстар бұл жағынан алғанда бүкіл адамзаттың жеке елдің халықтың игілігі. Өндірістің нәтижесін бөлу кезінде олар табиғи өндірістік күштің негізі ретінде бөлшектенбеуі керек, кім болса да оның ішінде мемлекеттің еңбексіз табыс алуының көзіне айналмауы керек. Табиғи ресурстардың неғүрлым тиімді көздерін пайдаланумен қалыптасқан еңбектің табиғи өнімділігі қоғамдық өнімділігін арттыруға ықпал етуі тиіс. Еңбектің қоғамдық өнімділігінің артуы басқа жағдайлармен бірдей болғанда, бағаның жалпы деңгейінің, оның ішінде халық тұтынатын тауардар бағасының төмендеуін қалыптастыруы тиіс. Сөйтіп, елдің табиғи ресурстарын дәлірек айтқанда, табиғи өндіргіш куштерді пайдаланудың нәтижесі бүкіл қоғамға - өзінің шынайы қожасына — халыққа ешбір қайта болусіз, иемденусіз тиесілі. "Жалған әлеуметтік құндылықты" ескермегенде, тауар бағаларының мүндай төмсндеуі экономикадағы инфляциялық құбылыстардың негізгі себептерін жояды. Бірақ, әңгіме табиғатты төлемді пайдалану туралы болғанда, мәселе өндіріс нәтижелерін әділетті болуге байланысты адамдардың өндірістік карым-қатынасы жөнінде емес, өндірістің шешуші факторларының бірі ретіндс табиғат ресурстарын тиімді пайдалану туралы, елдің табиғат ресурстарын пайдалану кезінде ең жақсы әлеуметтік-экологиялық-экономикалық нәтижелерге жету үшін табиғат пайдалану параметрін оңтайландыру жайында болып отыр. Сондықтан табиғатты төлемді пайдалану принциптерін қолданудың маңыздылығы теориялық жағынан негіздеуге жөні оның жалпы теориясын қалыптастыруға, дәлірек айтқанда табиғат ресурстарын төлемді пайдалануды, маркстік-лениндік саясм экономияның ережелсрімен, яғни К.Маркстіі еңбек құны теориясымен емес, өндірістің үш факторы теориясымен, яғни пайдалылықтың шегі теориясымен, рента теориясымен, шығынды қайтару теориясымен және басқа да жаңа қазіргі заманғы өндірістік ресурстарды пайдаланудың тиімділік теориясымен дәлелденуі керек. Тек осы жалпы теориялардың негізгі ережелерімен ғана табиғатты төлемді пайдаланудың теориясын нсгіздеуге, оның тиімді параметрін айқындауға мүмкіндік болады. Мұнда табиғат ресурстарын пайдаланудың нәтижесін әділетті бөлу принципі өндірістің әлеуметтік-экономикалық тиімділігін арттырудың тек бір факторы ретінде ғана қаралады.

Қоғам мен табиғаттың бір-біріне әсерінің мәнісін дұрыс түсіну, табиғи ресурстарды пайдалану үшін төлем төлеу проблемасын шешудін философиялық-теоретикалық фундаменті болып табылады.


6. Табиғатты тиімді пайдаланудың экономикалық механизмі.
Табиғи ортаны қорғау, табиғат байлығын тиімді пайдалану, оған барлық халық, жеке кәсіпорындар мен кәсіпкерлер, мемлекеттік органдар мүдделі болғанда ғана ауқымды және нәтижелі болады. Мүдделілікті экономикалық ынталандыру тетіктері арқылы басқаруға болады. Экономикалық басқару механизмдері қолданып табиғатты қорғауға, тиімді пайдалануға жағдай жасалады. Экономикалық жолмен басқарудың ерекшелігі, мұнда ешкімді күшпен зорлап емес, әркімнің өз еркімен табиғатты қорғауға, оның байлығын молайтып, тиімді пайдалануға жұмылдырылады. Табиғи ортаға зиян келтіру, табиғат ресурстарын ысырапқа ұшырату ең бірінші кезекте оған жол бергендердің өзіне тиімсіз болады.

Экономикалық мүдде тудырудың басты әдістері: жоспарлау, шаруашылық есеп және экономикалық ынталандыру. Бұл әдістер баға, қаржыландыру, несие, материалдық сыйлық және жауапкершілік, табиғат пайдалану төлемдері, экологиялық нормативтер, т.б. экономикалық тетіктер арқылы жүргізілөді.

Жоспарлау басқарудың әкімшілік әдісіне тән деп есептелгенімен, экономикалық басқару механизмінде де маңызы зор. Тек мұнда жоспарлаудың сипаты түбірімен езгереді. Ол жоғарыдан нұсқау, бұлжытпай орындалатын заң сипатын езгертіп, іс-әрекеттерді ерікті, сапалы басқару сипатына ие болады. Жоспар­лау арқылы көптеген жағымсыз құбылыстарды, шығындарды алдын ала болжап, оларды болдырмау шараларын ұйымдастыруға болады. Жоспарлау еңбекті белгіленген мақсатта жұмылдыруға мүмкінді береді.

Табиғат пайдалану саласында жоспарлаудың басты мақсаты - табиғи ортаны қорғауды, табиғатты тиімді пайдалануды, оның ресурстарын үнемдеп, мүмкін болғанда молайтуды қамтамасыз ету. Жоспарлаудың мұндай қызметі нарық экономикасы жағдайында күшейе түседі.

Нарық қатынасы бойынша табиғатты арнайы пай­далану төлемді, табиғат пайдаланушылар табиғат ре­сурстарын ақылы пайдаланады, табиғи ортаға келтірген зияндарын жоюға, зиянға ұшырағандардың шығынын қайтаруға міндетті және табиғи органы қорғауға, табиғат қорғау заңдарын сақтауға міндетті.

Табиғат пайдалану жоспарларын айқындау үшін экологиялық нормативтер маңызды рөл атқарады. Олар табиғат қорғау, пайдалану ережелеріне, талаптарына, тәртіптеріне сәйкес анықталады және нақты аймақтық табиғи жағдайына байланысты құрылады. Табиғат пайдалану нормалары орындалғанда, жетілдірілгенде табиғат пайдапанушыларға жеңілдіктер, сыйлықтар беріледі, ал орындалмағанда айып төлем белгіленеді.

Табиғат қорғауға, тиімді пайдалануға ынталадыру мақсатында баға тетігі кеңінен қолданылады. Жалпы баға деңгейі нарық қатынасына сәйкес қалыптасқанымен, оның негізгі құрамды бөлігі - өнімнің өзіндік құны табиғат пайдалану дәрежесіне сәйкес қалып-тасады. Табиғат қорғау шығындары өскенде немесе табиғатқа әсер артқанда, төлемдер өскенде, табиғат ресурстары ысырапқа ұшырағанда, өнімнің өзіндік құны артады, таза пайда кемиді.
Өнімнің өзіндік құнының өзгеруіне сәйкес пайданың өзгеруі
Нарық жағдайында тауардың бір түріне баға теңеседі. Ал өнімді шығаруға жүмсалған шығындар әр кәсіпорында әр түрлі. А - орташа шамада, В - жоғары, С – төмен. Осыған сәйкес С кәсіпорынының пайдасы көп, ал А кәсіпорынының пайдасы аз.

Сонымен қатар, экологиялық таза өнімдер шығарылғанда, оларды қымбатырақ бағамен сатуға мүмкіндік туады. Мысалы, кәсіпорындар экологиялық шығындар жұмсап, өнімнің өзіндік қүнын және бағасын арттырды десек, олардың таза пайдасы да артады. Табиғат пайдалануда ҒТЖ қолдану, шикізатты, отын-энергия қорын үнемдеу, қалдықтарды пайдалану дәрежесі баға деңгейінде өзінің толық көрінісін табады. Қайтарымды қалдықтарды, қаптарды, жәшік, бөтелке, полиэтилен, металлды тиімді пайдалану мақсатында олардың қүны тауардың бағасына қосылып сатылады және олар қайтарылғанда тұтынушыларға ақшасы қайтарылады. Сөйтіп, әр түрлі табиғатта өздігінен жойылмайтын, оған зиян келтірілетін тауарлардың қаптарын (бөтелке, қалбыр, жәшік, полиэтилен пленкалары, т.б.) жинау, қайта пайдалану, өңдеу, бір орталықтан залапсыздандыру ісі ынталандырылады.

Табиғат қорғауды, тиімді пайдалануды ынталандыру мақсатында қаржыландыру және несие экономикалық тетіктері кеңінен қолданылады. Табиғат қорғау бағдарламалары, жоспарлары, шаралары республикалық, аймақтық, мемлекеттік және мемлекеттік емес қорлардан бірінші кезекте қаржыландырылуы тиіс. Халықаралық, қоғамдық гранттар көпшілігінде табиғат қорғау шараларына бағытталады.

Несиенің ынталандыру және жауапкершілікті арттыру қызметі әсіресе жоғары. Өйткені несие белгілі мерзімге, белгілі мақсатқа міндетті түрде қайтарылатын жағдайда беріледі. Несиенің пайдалану мерзіміне байланысты өсімі белгіленеді. Табиғат қорғау және тиімді пайдалану шараларын ынталандыру үшін басқа іс-әрекеттерге қарағанда, жеңілдетілген (өсімі аз) не­сие беріледі. Екінші жағынан несиенің ынталандыру қызметі қайтарымыдылығы. Несие неғүрлым тез қайтарылса, соғұрлым аз өсім төленеді. Сондықтан не­сие алушылар табиғат қорғау шараларын тезірек іске асыруға мүдделі болады. Кезекпен қайтарымды несиелеу арқасында аздаған қаржымен көптеген табиғат қорғау шараларын жүргізуге болады. Дамыған капиталист елдерде (әсіресе АҚШ-та) солай істейді. Несиенің белгілі мақсатқа берілуі табиғат қорғау ша­раларын ынталандыру қызметін арттыра түседі.

Табиғат қорғау шараларын ынталандыру мақсатында материалдық сыйлықтар жүйесі де қолданылады. Ондай сыйлықтар мынандай жағдайдарда берілуі мумкін:

• ауаға улы газдардың, тағы басқа ластаушы заттардың шығарылуы, суға улы ерітінділердің төгілуі нормада белгіленген шамадан азайтыл-ғанда;

• суды пайдалану (түтыну) шамасы нормадағы мөлшерден (шектен) кемігенде;

• кен өндіргенде оның нормалы жоғалтылатын мөлшерін, ысырабын азайтқанда;

• табиғат қорғау шараларының нәтижесінде топырақтың құнарлылығы арттырылғанда, орманның қүндылығы арттырылғанда, т.б.

Бұл сыйлықтар табиғат қорғау қорларынан беріледі. Сонымен қатар, кәсіпорындарға тікелей тиім бермейтін, бірақ халық шаруашылығына, жалпы табиғатқа тиімді табиғат қорғау шараларын жүзеге асырған кәсіпорындар аймақтық және республикалық табиғат қорғау қорларынан сыйлық ала алады. Орталықтандырылған табиғат қорғау қорларынан материалдық сыйлық алудың басты шарты - табиғат қорғау шараларының халық шаруашылық тиімділігі болып табылады.

Табиғатты қорғауды, тиімді пайдалануды ынталандырудың маңызды тетіктерінің бірі - табиғат пайдалану төлемдері. Ынталандыру табиғат пайдалану төлемдерінің ең негізгі қызметі болып табылады. Төлемдер табиғат пайдаланушылардың оны қорғауға, үнемдеп пайдалануға жауапкершілігін арттыратын бірден-бір экономикалық механизм. Ресурстарды ақысыз пайдалану ысырапшылдыққа әкеп соқтыратынын тәжірибеміз өте жақсы көрсетті. Табиғат пай­далануды қаншама мөлшерлеп шектегенмен, төлемдер механизмі қолданылмаса аса нәтижелі болмайды.

Ынталандыру мақсатында кейде төлемдерден босату, азайту сияқты жеңілдіктер де қолданылады. Мысалы, жанама, ілеспе өнімдерді, қалдықтарды, өнімділігі аз, қолайсыз орналасқан табиғат ресурстарын пайдаланушыларға жеңілдіктер беріледі; төлем алынбайды немесе азайтылады. Табиғат қорғау мақсатында пайдаланған ресурстар үшін төлемдер алын­байды. Табиғат қорғау шараларын төлемдердің есебінен жүргізуге рұқсат етіледі. Төлемдер жеңілдіктерімен қоса, салық, қаржыландыру, несие жеңілдіктері де қолданылады. Мысалы, тау-кен кәсіпорындары ілеспе газдарды, кендегі емес жанама элементтерді, өндіріс қалдықтарын пайдаланғанда олар осы өнімдер бойынша ресурстарды қалпына келтіру, пайдалану төлемдерінен босатылады.


7. Табиғи ресурстарды экономикалық тұрғыдан бағалау әдістері.
Табиғат пайдаланудың мағынасы табиғат байлығын адамның қызметіне, оның белгілі бір тұтыну қажетін өтеуге жарату болып табылады. Осыған сәйкес өндіргіш күштердің белгілі даму дәрежесін игеруге болатын және экономикалық мәні бар, өндіріс қатынастарына тікелей араласатын немесе пайдалануы мүмкін табиғи заттар мен күштерді табиғат байлығы деп білеміз.

Осы тұрғыдан кем дегенде екі негізгі қорытынды жасауға болады. Бірінші - табиғат байлығы өндірістің негізгі элементтерінің бірі, онсыз өндіріс жоқ, бұл жалпы кең мағынада. Негізінде табиғат ресурсының өндіріске қатыстырылуын айтқанда біз оның тек алғашқы сатысын ғана аламыз, яғни табиғат байлығын өз ортасынан бөліп алу немесе сол ортада жұмыс істеу, табиғи заттарға еңбекпен тікелей әсер ету немесе табиғи куштерді еңбекте пайдалану. Алғашқы өңдеуден өткен, соның арқасында тауарға айналған заттарды қайта өңдегенде, тұтыну тауарларын шығарғанда жұмсалатын затты табиғат байлығы (ресур­сы) деп қарастырмаймыз. Мысалы, саз балшықтан кірпіш жасасақ, табиғат байлығын пайдаландық деп есептейміз, ал сол кірпіштен үй салсақ, олай деп айтпаймыз.

Екінші қорытынды - табиғат байлығын пайдаланудың алғашқы сатысынан бастап белгілі дәрежеде оны бағалауды бастаймыз. Саналы түрде ме, ғылыми тұрғыдан ба немесе іс қажеттілігінен бе әйтеуір бір бағалау болады.

Табиғат байлығын пайдалану керек пе? Тиімді ме? Қандай қажетімізге жаратамыз? - деген сияқты бағалау әрқашанда болады. Осылай бағалаулардың нәтижесінде табиғи заттар мен күштердің пайдалануға болатынын, оның тиімділігін, қолданатын техника мен технологияны анықтаймыз. Яғни, табиғи заттар мен күштер бағалау нәтижесінде ғана табиғат байлығына айналады. Олар өндіріс мақсаты үшін, адамдардың қажетін өтеу үшін зерттеледі. Бүл әрекеттің түпкі мақсаты табиғат байлығын саны және сапасы жағынан зерделеп, оның әлеуметтік, экономикалық қажеттілігін анықтау.

Бүгінгі күні табиғат байлығын экономикалық бағалаудың мәні ерекше артып отыр және біздің экономикамызда әлі толық зерттелмеген мәселе. Өйткені көп жылдар бойы табиғат байлығын тегін пайдалану принципі үстемдік етті. Тегін затты экономикалық ба-ғалаудың қажеттігі де жоқ еді. Дегенмен белгілі бір мақсаттар үшін (оптималдық болжамдар, жобалау, жоспарлау, т,б.) экономикалық бағалаудың теориялық негіздері, әдістемелері зерттеліп келді. Бірақ экономикалық бағалау іс-тәжірибеде қолданбағандықтан теориядан қолданысқа жеткізілмеді.

Қазір табиғат байлығын экономикалық бағалау не үшін керек, қайда қолданылады, десек төмендегі негізгі бағыттарды атау керек:

1) ұлттық байлықты есептеу;

2) табиғат байлығын игерудің оптималды мерзімін анықтау, қай түрін, қандай кезекпен, қанша мерзімде игеру қажеттігін анықтау;

3) ренталық табыстарды (пайданы) және төлемдерді анықтау;

4) өндіру салаларының өнімдерінің өзіндік қүнын, бағасын дұрыс есептеу;

5) табиғат байлығын пайдаланушы кәсіпорындардың шаруашылық есеп мүмкіндіктерін есептеу;

6) жеке экономикалық аймақтардың экономикалык мүмкіндіктерін есептеу және болжау;

7) табиғат байлығын пайдалануды болжау, жобалау және жоспарлау;

8) жеке кәсіпорындарды жобалау және экономикалық тұрғыдан жобаны дәлелдеу;

9) арендалық, концессиялық тағы басқа төлемдерді есептеу;

10) табиғат байлығын игергенде табиғи ортаға келетін экономикалық зиянды есептеу және табиғат қорғау шараларының экономикалық тиімділігін бағалау.

Осы келтірілген табиғат байлығын экономикалық бағалау негізінде шешілетін мәселелер оның қаншалықты маңызды екеніне және тез арада шешімін табу керек екеніне көзімізді толық жеткізеді. Нарық қатынасына толығымен өткен кезде қандай да болмасын шаруашылық мәселелерін, әсіресе өндіруші салаларында табиғатты пайдалануды экономикалық бағалаусыз шешуге болмайды. Өйткені барлық кәсіпорын табиғат байлығын пайдаланады, табиғи ортада жұмыс істейді және оған ықпал етеді. Біреулері табиғат байлығын өсіретін болса, екіншілері оны зерттейді, барлау жумыстарын жүргізеді, санын, сапасын зерделейді; үшіншілері - табиғат байлығын өндіріп пайдаланады немесе пайдалануға әзірлейді; төртіншілері - табиғатқа ластаушы заттар шығарып ауаға, суға, жерге әсер етеді; бесіншілері - табиғаттың ассимиляциялық, рекреациялық потенциалын пайдала­нады.

Егер бүрын экономикалық бағалау оптималдық есептеулерде, жоспарларда, болжамдарда ғана қолданылып келсе, енді ол тікелей шаруашылық қат-настарда қолданылады, меншік иесі мен табиғат байлығын пайдаланушылар арасындағы экономикалык, қатынастарды реттеуде, арендалық қатынастарда, мемлекеттік және жергілікті салық, қаржы-несие жүйелерінде толық қолданылады. Табиғат қорғау және табиғат байлығын тиімді пайдалануға ынталандыру, жауапкершілікті арттырып мұдде туғызу да экономикалық бағалау арқылы жүзеге асырылады.

Табиғат байлығын экономикалық бағалау оның қоғамдық құндылығын анықтау, яғни нақты ресурстың адам қажетін өтеуге қосқан үлесін анықтау (кең мағынада). Ал таза экономикалық мағынада - табиғат ресурсын нақты пайдаланудан түсетін экономикалық тиімнің ақшалай өлшемін анықтау. Экономикалық тұрғыдан бағалағанда табиғатты пайдаланудың табиғи ортаға әсерін, соған сәйкес қойылатын талаптарды, шектерді ескеру керек.

Табиғат байлығының экономикалық бағасы - оның халық шаруашылық құңдылығының табиғат қорғау, байлығын өсіру, жаңғырту, қалпына келтіру, игеру және ұқсату тиімі арқылы анықталған шамасы.

Табиғат байлығын экономикалық бағалау негізгі екі қызмет атқарады: есептеу және ныталандыру. Табиғат байлығы - ұлттық байлық, қоғамдық еңбекті үнемдеуші фактор, өндіріс қоры ретінде есептеледі. Құндылығын анықтау арқылы табиғат байлығын тиімді, үнемдеп пайдалану ынталандырылады, табиғатты қорғау жауапкершілігі арттырылады. Сапасы, орналасу тиімділігі әр түрлі табиғат байлығын пайдаланушыларға біркелкі бәсекелестік жағдай туғызылады.

Экономикалық бағалаудың қызметтері бір-бірімен тығыз байланысты шаруашылық басқару экономикалық механизмі мен тетіктері арқылы табиғатты тиімді пайдалануға оның калыпты жағдайын қорғауға жұмылдырады

Табиғат байлығын экономикалық бағалаудың екі негізгі : шығындық және ренталық қағидасы және олардың бірнеше түрлері бар. Шығындық қағида бойынша табиғат байлығын экономикалық бағалаудың негізіне оны игеруге, пайдалануға жумсалған шығындар (еңбек) алынады, ал ренталық қағида дифференциалдық рента түріндегі табиғат ресурстарының халық шаруашылық тиімдерін есептеуге құрылған.

Шығындық қағида бойынша экономикалық бағалау жұмсалған шығындар арқылы анықталады. Табиғат байлығының сапасы оның қүндылығын анықтаудың тек қосымша факторы ретінде қызмет атқарады. Құн заңына сәйкес, тауардың құны оған жұмсалған қоғамдық қажетті еңбек шығынымен анықталатынын ескеріп, академик С.Г. Струмилин табиғат ресурстарының құнын да оларды игеруге, үқсатуға, пайдалануға жүмсалған еңбек шығындарымен анықтауды үсынған.Бірақ табиғат ресурстарын бұлай бағалау олардың тұтыну қүндылығының шамасына сәйкес келмейді. Мысалы, пайдалы қазбалар жер бетіне жақын жатса оны өндіруге аз шығын жұмсалады. Яғни, оларды тереңнен өндірілетін кендерге қарағанда, са­пасы бірдей болғанның өзінде арзан бағалауымыз еepeк. Тағы бір мысал: Өндіру шығындары бірдей кендер сапасының - тұтыну қүндылығының әр түрлілілігіне қарамай, теңдей бағаланар еді. Түтыну құндылығы артық кен, әрине, жоғары бағалануы тиіс. Әдетте сапасы төмен жер сапалы жерге қарағанда көп шығын жүмсалады (тыңаңту, тегістеу, т.б. жү-мыстар). Оның тұтыну құны да жақсы жерден төмен. Сондықтан бағалануы да төмен болуы тиіс. Ал шығындык, қағида бойынша ол жер жақсы жерге қарағанда жоғары бағаланар еді.

Шығындық қағиданың осы басты кемшілігін табиғат ресурстарының сапасын, өнімділігін есептейтін коэффициенттер де жоя алмайды. Табиғат ресурстарының сапасы әр түрлі болғанда бірдей еңбек жұмсай отырып әр түрлі нәтиже аламыз. Сапалы табиғат ресурстары еңбек өнімділігін (нәтижесін) арттырады, ал ол қосымша диффөреіщиалдық табыс (рента) әкеледі. Сондықтан табиғат ресуртарын оның құндылығын көрсететін осы дифференциалды рента негізінде бағалау қолданылады. Дифференциалдық рента шамасын есептеудің бірнеше әдістері белгілі: жақсы және нашар жерлердің бір өлшемінен алынған өнімдер құнының айырмасы; өнімнің бағасы мен нормалы мөлшердегі пайдасымен өзіндік құнының айырмасы; әр түрлі жерден алынған өнімдердің өзіндік құндарының айырмасы, т,б.

Қазіргі қолданып жүрген әдістемелер бойынша дифференциалдық рента шамасы табиғат ресурстарынан алынған өнімнің құнынан өнімге жұмсалатын жеке нормалы шығындарды және нормалы пайда ша­масын шегеру арқылы анықталады. Өнімнің құны арнайы есептелетін шеткі (жоғары) шығын негізінде, (кадастрлық бағамен) анықталады. Шеткі шығын өнімге жүмсалатын қоғамдық қажетті шығынның шеті болып табылады.

Ренталық қағидаға сәйкес табиғат ресурстарының экономикалық бағасы (Р) мына формуламен есеп-теледі:

Р = (Z - S) В,


мұнда: Z- өнімге жұмсалатын шеткі (жоғары) шығын немесе шеткі шығынмен есептелген өнімнің құны (бағасы);

S - табиғат ресурстарынан алынатын өнімге жұмсалатын дербес шығын;

В - уақыт факторын ескеріп, Z, S, шамаларының өзгерісін есептейтін дисконттау ко­эффициенті, нәтижелердің, шығындардың өзгерісін (құнсыздануын) есептеуге қолданылатын коэффициент.

Табиғат байлығын экономикалық бағалаудың екі негізгі түрін ажыратуға болады: абсолюттік және салыстырмалы экономикалық бағалау.

Абсолюттік экономикалық бағалау табиғат байлығын ұлттық байлық құрамында, кәсіпорындардың, жеке аймақтардың балансында есептеу үшін, табиғат пайдапану төлемдерін анықтау үшін және табиғат байлығын тиімді пайдалануға ынталандыру мақсатында қолданылады.

Өз кезегінде абсолюттік экономикалық бағалау ағымдағы және узақ мерзімдік экономикалық бағалаулар болып бөлінеді. Алғашқысы бір жылдық көрсеткіштер бойынша анықталады, табиғат ресурстарын пайдаланудың жылдық тиімі (жылдық дифференциалдық рента) есептеледі, Соңғысы табиғат ресурстары пайдаланылатын барлық жылдардағы тиімдер - ренталар жиынтығы болып табылады,

Ұзақ мөрзімдік экономикалық бағалау - жылдық ренталардың дисконтталған қосындысы. Бірнеше жылдағы тиімдерді (шығындарды) қосу оларды «Капиталдандыру» болып табылады. Мысалы, жылдық

арендалық төлемдерді орташа процент өсіміне бөлу арқылы жердің сатылу бағасын анықтауға болады, яғни арендалық төлем капиталға айналдырылған жердің жылдық проценттік өсімі ретінде қарастырылады. Өндіріске жүмсалған қаржы (қор) К бір жылда Е тиім әкеледі дейтін болсақ және оны тағы да өндіріске жумсайтын болсақ, бірінші жылдың соңында КЕ тиім аламыз. Барлық өндіріске жумсалатын қаржы К+ЕК, яғни К(1+Е) болады. Екінші жылдың аяғында ол К(1+Е)(1+Е), яғни К(1+Е)2 дейін өседі, t жылдың аяғында К(1+Е)t, болады. Бастапқы к = (1+Е) шамасына жылғы К(1+Е) тең болады. Сонымен t жылғы шаманы алғашқы шамаға теңеу үшін оны (1+Е)t шамасына бөлуіміз керек.


№8. Табиғатты пайдаланғаны үшін алынатын салықтың және төлемдердің мөлшерін анықтау әдістері.
Нарық қатынастарына негізделген экономиканың иегізін тауар айналымы құрайды. Бұл жағдайда қоғамдық қарым-қатынасқа қатысатын табиғат ресурстары, оның ішінде табиғи ортаның сыйымдылығы, өндіріске, тіршілікке қолайлылығы тауарға айналады. Өткен тақырыптарда, осыған байланысты, табиғат ресурстарын экономикалық бағалауды, оларды қал-пына келтіру (жаңғырту) құнын анықтауды, табиғат қорғау, оның байлықтарын сақтау, молайту, қалпына келтіру шығындарын анықтауды, табиғат қорғау шараларының тиімділігін қарастырдық.

Табиғат ресурстарын тиімді пайдаланудың ең басты шарты оларды ақылы пайдалану екенін аңғардық. Өйткені табиғат ресурстарын пайдалану тегін болса, оларды үнемдеп, ұтымды пайдалануға, табиғатты қорғауға, қорын молайтуға жұмылдыратын экономикалық механизм тудырмайды, мүдде арқылы ынталандырмайды. Ол табиғат ресурстарының ысырабына әкеп соғады.

Табиғат ресурстары жалпыхалықтық (мемлекеттік) меншікте болып, пайдаланушыларға тегін берілген жағдайда үнемдеу нормалары болуына, олардың мемлекет тарапынан үнемі қадағалауына қарамастан, ысырапшылыққа жол берілді. Мысалы, жалпыхалықтық меншікті қолдайтын бұрынғы Кеңес Одағында жалпы өнімнің бір өлшеміне әлемде ең көп мөлшерде табиғат ресурстары жұмсалды.

Сондықтан, төлемдерді табиғат ресурстарын ұтымды үнемдеп пайдалануға, табиғат қорғауға оның байлықтарын сақтауға, молайтуға жұмылдыратын ең басты экономикалық басқару тетігі деп қарастырамыз. Соған қарамастан, төлемдердің қызметін әр түрлі мағынада түсінушілік кездеседі:

1) табиғат пайдалану арендалық (жалақы), дифференциалдық төлем;

2) табиғат ресурстарының орнын толтыру шығындары;

3) айып төлемдер;

4) табиғат ресурстарын қалпына келтіру шығындары және дифференциалдық рента;

5) кендерді іріктеп ендіргенде, бос жыныстар араластырғанда төленетін айып;

6) пайдалы компоненттерді толық өндірмегені, жоғалтқаны үшін штраф;

7) кендерді өндіру ұқсату технологиясын орындамағанда төленетін айып;

8) табиғат қорғау шығындарын қайтару;

9) табиғи ортаны ластағаны үшін тәлем; .

10) табиғи ортаға келтірілген зиянның орнын толтыру;

11) табиғат ресурстарын пайдалану салығы деп атайды.

Енді біреулер төлемдерді бюджетке қаржы жинау көзі деп ұғынады. Осындай әр түрлі көзқарастың болуына байланысты телемдердің мағынасын, атқаратын қызметтерін қарастырып, сұрыптау қажет болады.

Табиғат пайдалану төлемдері непзінен табиғат қорғау, тиімді пайдалану мақсатында экономикалық ынталандыру үшін қолданылатын басқару тетігі болып табылады. Олар табиғат қорғау заңдарының іске асырылуын қамтамасыз етеді және халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға көмегін тигізеді. Ал ең негізгі қызметі табиғат қорғау, тиімді пайдалану шараларына ынталандыру, жауапкершілікті арттыру болып табылады.

Табиғат ресурстарының түріне байланысты әмбебап пайдаланатын, арнайы пайдаланатын ресурстарға төлемдер ерекшеленеді. Әмбебап пайдалана­тын ресурстарға жер, су, ауа, т.б. ресурстар жатады. Арнайы пайдаланатындар - орман, биоресурстар, минералдық шикізаттар.



Экономикалық мағынасына, атқаратын қызметіне

қарап төлемдерді:

1. табиғат ресурстарын пайдалану қүқығы;

2. табиғат ресурстарын пайдалану;

3. табиғат ресурстарын қорғау, қалпына келтіру, жаңғырту, өсіру;

4. табиғат ресурстарын пайдалануды шектегені

үшін;


5. табиғи ортаны қорғау;

6. табиғат қорғау заңдарын бүзғаны үшін төлем-дер деп сүрыптауға болады,

Табиғат ресурстарын пайдалану қүқығы ушін төлемнің негізі табиғат ресурстарына меншік, иелік қүқығы болып табылады. Меншік қүқығы осы төлем арқылы көрініс табады. Меншік иесі өзінің қүқығын басқа табиғат пайдаланушыларға жалға немесе иелікке беру арқылы олардан төлем ақы алады. Табиғат ресурстары жалпы халықтық иелікте болғанда, иелік қүқығын, олардың атынан мемлекет атқарады. Табиғат пайдалану қүкығын алушылар мем-лекеттік бюджетке ақы төлейді. Төлемдердің бұл түрінің мөлшері шығындарға немесе табысқа онша байланысты емес, негізінен екі жақтың келісімі бойынша анықталады. Теориялық тұрғыдан меншік иелері төлемдер арқылы өздерінің (жалпыхалықтық меншік болғанда халықтың) әлеуметтік жағдайларын қаржыландыруға тырысады. Сондықтан төлем негізі әлеуметтік шығындар деп алуға болады. Екінші жағынан төлем шамасы табиғат ресурстарын пайдалану құқығын алушылар өздерінің табыстарының қаншасымен бөлісуге келісетінін көрсетеді. Олар үшін таби-ғат ресурсын пайдалану құқығы үшін төлем алғашқы ендіріс шығындары болып табылады. Сондықтан алынатын өнімнің өзіндік қүнына қосылады. Сөйтіп, ең негізгі төлем телеуші өнімді түтынушылар болады. Осы тұрғыдан алғанда, табиғат пайдалану қүқығы үшін төлемнің ең басты қызметі табиғат ресурстарын тиімді пайдалануды ынталандыру. Осы мақсатта қоғам табиғат ресурстарынан алынатын енімдердің бағасын біраз қымбаттатуға мәжбүр болады және ол табиғат ресурстарын тегін пайдаланудан әлдеқайда тиімді болады. Мәселен, қосымша шығындар түрғысынан қарайтын болсақ, төлем мөлшерін алмастыру шығындарымен анықтауға болады. Егер табиғат пай-даланушылар табиғат ресурсының нақты түріне пай­далану қүқығы үшін төлемнен бас тартса, онда ол оны басқа ресурспен алмастыруына тура көледі. Осы жаңа ресурсқа жүмсайтын шығын телемнің баламасы (бола алады. Төлем шамасы балама шығыннан аз болғанда табиғат пайдаланушы, әрине төлем төлеуге келіседі. Төлемнің шамасына сонымен қатар, елдегі банк процесінің өсімі, монополиялық рента, т.б. эсер етеді.

Табиғат ресурстарын пайдалану төлемдерінің мөлшері оның қүндылығына, экономикалық бағалану шамасына байланысты болады. Ал экономикалық бағалану шамасы дифференциалдық рентаға тікелей тәуелді екенін білеміз, Дифференциалдық рента өз кезегінде габиғат ресурстарының табмғи "өнімділігін", пайдалану тиімділігінен туындайды.

Табиғат пайдалану төлемдерінің негізгі бөлігі болып табылатын ренталық табиғат ресурстарын пайдаланушылардың қосымш табысының есебінен төле

Неді. Сондықтан төлемнің бүл түрі ынталандыру қызметімен қатар, табиғат ресурсын пайдаланушыларға біркелкі бәсекелестік жағдай туғызу қызметін де атқарады. Төлемнің қүрамына дифференциалдық рентамен қатар табиғат ресурсын пайдалану төлемі кіреді. Ол абсолютті рента негізінде анықталуы мүмкін. Табиғат ресурстарын пайдалану төлемі ресурстың түрлері бойынша оның әрбір өлшеміне белгіленеді.

Табиғат ресурстарын қорғау, калпына келтіру, жаңғырту, өсіру төлемдері осы мақсатгарға жүмсалған шығындар бойынша анықталады және негізгі қызметі шығындарды қайтару болып табылады. Төлем шамасы қоғамдық қажетті шығындармен анықталады. Табиғат ресурстарын қорғау, қалпына келтіру, жаңғырту, өсіру және өндіріске даярлау шығындары өн-дірістік шығындардың қүрамды бөлігі болып табы­лады. Сондьіқтан олар өнімнің өзіндік қүнына және бағасына қосылады.

Төлемдердің келесі тобы табиғатқа келтірілген зиянның орнын толтыру қызметін атқарады. Табиғатқа зиян келтірушілер: жеке азаматтар немесе заңды түлғалар зиянның орнын толтыруға, зардабын жоюға міндетті. Осы төлемдер арқылы “ластаушы – төлейді" принципі жүзеге асырылады. Бүл телемдерді кейде экологиялық төлемдер деп те атайды. Зиянның ша­масы нормалы шамадан аспағанда төлем зиянның орнын толтырады немесе зиянды болдырмау үшін жүмсалатын шығындарды қайтарады. Нормадан (шектен) артық шамада айып төлемдері алынады. Нормадағы шамадағы телемдер өнімдердің өзіндік қүнына қосылады, ал одан артық шамада таза табыстан алынады.

Төлемдер атмосфераға ластаушы заттар шығарғаны, суға ластаушы заттар төккені және жерге қалдықтарды орналастырғаны үшін алынады. Телем нор­мативің ластауды болдырмау және ластану зардаптарын жою шығындары бойынша ластаушы заттардың әрбір шартты өлшеміне белгіленеді.

Төлемнің келесі түрі табиғат ресурстарын пайда­лану (тиімді пайдалану) шектелген жағдайда алынбаған (жоғалтқан) табыстың орнын толтыру қызметін атқарады. Төлем табиғат ресурстарын шектеуші заңды түлғалардың немесе жеке азаматтардың шаруашылық пайдасынан алынады. Шектеудің сипатына ка­рай төлемдөр бір мерзімдік немесе ағымдағы болуы мүмкін. Телемдердің бүл түрін қолдану әсіресе әмбебап ресурстар (жер, су) үшін аса маңызды. Ресурстардың шектеулілігі оларды бір мақсатқа пайдалану екінші мақсатқа пайдалануды шектейді (болдырмайды). Мысалы, ауыл шаруашылық жерге қүрылыс салынғанда, ауыл шаруашылық өнімдер өндіру мүмкіндігі шектеледі.

Табиғат қорғау заңдары, ережелері, тәртіптері бұзылғанда алынатын төлемдер айып салу сипатында болады және келтірілген зияннан артық мөлшерде белгіленеді.

Аталған телемдерден басқа жер қойнауын кен ондіруден басқа мақсатқа пайдалану, техногендік минералдық ресурстарды пайдалану, т.б. төлемдер алынады.

Экономикалық бағытына қарап табиғат пайдалану төлемдерін: орнын толтыру, қайтару, алмастыру, компенсациялық, ренталық, айып, сыйлық төлемдөрі деп (білуге болады.
9. Табиғи ресурстарға және олардан алынатын өнімдерге баға беру.
Жалпы онімге және табиғат ресурстарына, оның ішіндс табиғат байлығын өндіруші салалардың өніміне баға белгілеу мәселесі экономикалық ғылымдар мен шаруашылық тәжірибенің негізгі мәселесі болып табылады. Бүл мәселе бірлеше ғасырлар бойы талқыланып келеді және оны қазіргі уақытта, бағаға бас июден бастап шектік пайдалылық пен қүнның еңбск теориясына дейін көптегсн ғылыми түжырымдамалары бар. Бұл түжырымдамаларды және баға мен құн теориясын қарастыру осы жүмыстың максаты емес. Сондықтан, біздің ойымызша, тек мыналарды ғана ерекше атап өткен дұрыс. Капиталист шаруашылықтағы нарық экономикасын зерттеу нәтижесіндс жасалған К.Маркстің еңбек қүны теориясын осы уақытқа дейін ғылыми көзқарас түрғысынан ешкім жоққа шығара алған жоқ. Керісінше, оның негізгі ережелері нарық экономикасы дамыған елдрдің ғалымдарының зсрттеулерінде дәлелденген және бағамы реттеу іс жүзінде түрақтандыру кезіндс, аталғап елдерде бағаны түрақтандыру саясатын жасау кезінде оған назар аударылады. Сондықтан табиғи ресурстарға және табиғат игеруіші салалардың өнімдеріне баға белгіленген кезде, біздін ойымызша, К.Маркстің жоғарыда аталған еңбек қүны теориясын қолданған жөн. Осы теорияға сәйкес қандай да бір товарды өндіруге жұмсалған қоғамдық қажетті еңбек шығыны оның бағасының негізі болып табылады. Төлемге қабілетгі сұранысты қанағаттандырғанда және салыстырмалы түрде экономикалық дамудың тұрақтылығы жағдайында өндіругс кететін шығынның қоғамдық қажетті деңгейі өнімнің бір данасьн өндіруге кететін орташасалалық шығынның мөлшерімен анықталады. Қарастырылатын өнім түріне және өнімнің баска түрлсріне деген сұраныс өндіріс (үсыныс) арқылы камтамасыз етілгенде олар экомикалық тепе-теңдік жағдайын білдіреді. Сүраныс ұсыныстан асып кеткен жағдайда, бағалар қоғамдық кажетті шығындардан өсу жағына қарай ауытқиды, ал сүраныстан ұсыныс асқан жағдайда олар төмендеу жағына қарай ауыткиды. Сөйтіп, ұзақ уақыт мерзімінде берілген өнім түрінің бағасы оны ұдайы өндіругс кететін қоғамдық қажетті шығынға теңеседі және сонымен анықталады, яғни бағаның негізінде еңбекшығыны жатады, ал сүраныс пен ұсыныстың ара салмағысалыстырмалы түрде қысқы мерзімде тауардың күнделікті

бағасының шамасын реттейді және бағаны тауар қүнынан не ары, не бері жағына карай ауытқытатын уақытша өтпелі фактор болып табылады.

Табиғат пайдаланушы салаларрдың өпіміне қалыптасатын бағаға К. Маркстің еңбек құны теориясын қолдану, аталған өнімге оның ішінде табиғат ресурстардың өзінс баға, сүраныс пен ұсынысты ескерс отырып, өнімнің бір данасын үдайы өндіруге қажетті коғамдық шығынның орташа деңгейі негізінде, басқа да өнім түрлеріне белгіленстін сияқты белгіленуі тиіс

Екендігіне әкеп саяды. Осыдан келіп, баға табиғат ресурстарына,оларды игеруге кететін шығынның деңгейінде койылады. Бұл өнімнің алуан түрінің, олардын қүны (айырбастау құны) бойынша тұтыну құнын айырбастау баламалылығы мен жалпы баға қалыптасу мәселесін шешуде монизм принципін қамтамасыз етеді.

Социалистік шаруашылық жағдайында, академик С.Г.Струмлиннің анықтамасы бойынша, табиғи ресурстардың бағасы оларды игеруге және өндіріскс дайындауға жүмсалған шығынымен анықталады.Табиғат ресурстарын ашуға ондіріскс дайындауға келтіруге адам еңбегі жүмсалған жағдайда, олардың құны бағасы жоқ, бірақ тұтыну құны болуы мүмкін,экономикалык түрғыдан бағаланады. Осыған байланысты табиғат, минералдық шикізат ресурстарының бағасын экономикалық бағалаудан ажырата білу керек.

Нарық шаруашылығы жагдайында табиғи ресурстардың бағасы ретінде оларды пайдаланудан түсетін тиім адынады, өйткені сатылатын және сатып алынатын ресурстардың өзі емес дифференциалдық жер рентасы, яғни В.И.Лениннің сөзімен айтқанда, "Жерді сатып алу дегеннін, өзі жер беретін табысты сатып алу, рентаны сатып алу деген соз..."''.

К.Маркс көрсеткендей, капиталистік шаруашылық жағдайында монополизацияланатын табиғат ресурстары алып-сату объектісі бола отырып, қүнның "иррационалдық" түріне ие болады және "... бүл жердің сатьп алу бағасы емес, процснттік, ставкаға есептелінгеи — сол жер беретін, жер рентасы".

Нарықтық шаруашылық жағдайында уақыт факторын ескере отыра анықталатын жер рентасы (рента) жерді және жалпы табиғат ресурстарын экономикалық түрғыдан бағалаудың мазмүнын құрайды. Осыдан келіп капиталистік шаруашылық жағдайында табиғи ресустардың "иррационалды" бағасы олардын экономикалық бағалауына тең болады. Капиталистік шаруашылык, жағдайында табиғат ресурстарынъң бағасы мен "иррационалалдық" бағалаудың осындай сәйкестігі ең алдымен өндіруші салалардың өніміне баға белгілеудің ерекше түрінің нәтижссі болъш табылады. Капиталистік өндіріс тәсілі жағдайында реттелмейтін монополиялык жср иелігінде шектеулігіне байланысты — Жер, жер қойнауының байлығы және тағы басқа табиғат ресурстары өндірістің нашар табиғи жағдайында осы өнімге жұмсалатын шығынмен ауыл шаруашылығы және өндіруші салалардың өнімнің нарықтық бағасын анықталатынын марксизм-ленинизм классиктері дәлелдеді. Сондықтан капиталистік шаруашылық жағдайында өндіруші салалар өнімнің бағасы өнімді өндіруге жұмсалатын қоғамдык қажетті шығын шегінің нормасы болады. Сонымсн қатар, бүл бағалар өнім түрінде заттанған, қоғамдық қажстті еңбектің өлшегіш қызметін дәйексіз түрде атқарады, бірақ, шындығына келгснде олар өнімнің құнын анықтайтын өнімнің сол түріне қоғамдық қажетті шығынның орташа деңгейін білдірмейді.

Өнімнің қүнына бағасыньң сәйкес келмеуі, яғни тау-кен өндірісі салалары мен ауыл шаруашылық өнімдерінің нарық­тық құны сомасының олардың жеке қүнының сомасынан көп мөлшсрде асып түсуі "жалған әлеуметтік қүнның" пайда болуьша әкеп соғады. Осыған байланысты К.Маркс "Біздің алдымызда (нарық бағасын) нарықтық қүнның капиталистік өндіріс тәсілі базисіндс бәсексге түскенде ол сол күйінде өзін қалай көрсете алатындығының анықтамасы; бүл жалған экономикалық құнды тудырады" деп жазды.
10. Табиғат ресурстарын бағалаудың ортақ көрсеткіштерін табу.
Табиғат байлығын экономикалық бағалау мен оның өндірістегі тауар айналасындағы бағасының шамасы, мәні бірдей емес. Құн заңы бойынша кез келген тауардың құны оған жұмсалған еңбекпен өлшенеді және ол жеке тауар өндірушілердің жұмсаған еңбегімен емес, қоғамдық қажетті еңбекпен өлшенеді. Қоғамдық қажетті еңбек шамасы нарық қатынасымен, сураныс пен ұсыныс арқылы қалыптасады.

Осы күнгі баға анықтау тәсілі бойынша табиғаттан алынатын шикізаттың бағасы сала бойынша өнімділігі орташа еңбек шамасының, орташа қажетті шығындар негізінде анықталады. Табиғи қалпында тұрған, игеруге ешқандай еңбек жұмсалмаған табиғи заттардың бағасы теориялық тұрғыдан жоқ, ол практикалық тұрғыдан алмастыратын ресурстардың бағасымен анықталады. Шикізаттың бағасы оны игеруге мөлшерлі пайдасымен қоса қанша шығын жұмсалғанын көрсетеді. Экономикалық бағалау табиғат байлығының нақты түрін пайдаланғанда оның тұтыну құндылығын көрсетеді.

Баға бойынша әр түрлі өнімдерді салыстыруға болады. Экономикалық бағалау шамасымен тек қана өзара салыстыруға болатын тұтыну қажетінің бір түрін өтейтін табиғат ресурстарының тұтыну құндылығы салыстырылады. Экономикалық бағалау әрқашан салыстырмалы иррационалды шама. Тек қана бір қажетті өтейтін заттар (күштер) бір-бірімен салыстырылады. Маркстік теория бойынша тауардың қүны және бағасы әр түрлі қажеттілікті өтейтін тауарларды айырбастағанда айқындалады. Осы айтқандарға қарап экономикалық бағалау мен бағаның атқаратын қызметтері де әр түрлі деп қорытындылаймыз.

К. Маркс зерттеген капиталист қоғамда табиғат байлығын бағалау шамасы ретінде сол табиғат байлығын пайдаланғанда түсетін қосымша рента алынды. Анығырақ айтсақ, жердің бағасы жер рентасымен өлшенді, өйткені жерді сату, сатып алу оның физикалық шамасын емес, одан түсетін пайданы (рентаны) сатып алу болып табылады. В.И. Лениннің айтуы бойынша, жер сату дегеніміз сол жерден алынатын табысты сату, жер рентасын сату. Жер рентасы жердің бағасының негізі болады. Сондай-ақ табиғат байлығының басқа түрлерін де экономикалық бағалау негізі рента болады.

Табиғат байлықтарының сан және сапа жағынан әр түрлі болуы, оларды пайдалану ерекшеліктері, ұқсату ерекшеліктері, зерттелу дәрежесінің түрліше болуы, мағлұматтардың толық немесе толық емес жартылай болуы экономикалық бағалаудың да түрліше болүын туғызады. Іс жүзінде қойылатын мақсатқа, мүмкіндіктерге байланысты экономикалық бағалаудың бірнеше түрлері қолданылады. Ол бірінші кезекте бағаланатын табиғат қорының түріне байланысты. Мысалы, жер, су, орман, минералдық шикізат қорын экономикалық бағалау. Мүндай бағалаулар таза әлеуметтік- экономикалық тұрғыдан, әлеуметтік-экономикалық, экология - экономикалық, экономика-географиялық болуы мүмкін.

Экономикалық бағалау нәтижесін қолдану жағдайына қарап, халық шарауашылық және кәсіпорынның есеп тұрғысынан бағалауларды ажыратамыз. Халық шаруашылық деңгейде бағалау ең жоғарғы қажетгі (шеткі) шығын негізінде есептеледі, ал шаруашылық есеп деңгейінде - қолданылатын баға негізінде болады.

Табиғат ресурстары туралы мәліметтердің жеткілікті дәрежесіне байланысты: болжамдық, жобаға дейінгі, жобалық, жоспарлық, жүмыс істеп тұрған кәсіпорындар үшін экономикалық бағалаулар жүргізіледі. Мысалы, минералдық шикізат қорын экономикалық бағалау бірнеше кезеңнен өтеді.

Табиғат ресурстарын экономикалық бағалау түрлерін мына сызбадан көруімізге болады.



2-сызба

Табиғат ресурстарын экономикалык бағалау түрлері


Табиғат ресурстарын экономикалық бағалау


Абсолютті

Салыстырмалы

Ағымдағы

Ұзақ мерзімдік


Табиғат пайдалану

Табиғат қорғау


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет