«Эксперименталдық және мазмұнды есептер шығару» І нұсқа Натрий үшін фотоэффекттің қызыл шекарасы 547нм. Электронның натрийден шығу жұмысын табыңдар.
Жауабы: 2,34эВ
Электрондардың күмістен шығу жұмысы 7,85*10-19Дж. Күміс үшін фотоэффектінің қызыл шекарасының толқын ұзындығын анықтаңдар.
Жауабы: 260нм
Цезийдің толқын ұзындығы 590нм сары жарықпен жарықтандыру барысында электрондар оның бетінен қандай жылдамдықпен ұшып шығады?
Жауабы: 2,76*105м/с
Столетов тәжірибесінде теріс зарядталған мырыш пластинка вольт тік доғаның жарығымен сәулеленеді. Егер мырыш пластинкаға толқын ұзындығы 324нм моно хромат жарық түссе, ол қандай ең төмен потенциалға зарядталады?
Жауабы:1,71В
ІІ нұсқа Егер электронның металдан шығу жұмысы 3,3*10-19Дж болса, фотоэффект әлі де байқалатын жарықтың ең кіші жиілігі қандай?
Жауабы:4,98*1014Гц
Электрондардың алтыннан шығу жұмысы 4,59эВ. Алтын үшін үшін фотоэффектінің қызыл шекарасын анықтаңдар.
Жауабы: 265нм
Барий үшін фотоэффектінің қызыл шекарасы 5,5*10-7м. Барийден жасалған пластинка беті не толқын ұзындығы 4,4*10-7жарық түсіргенде, фотоэлектрондар одан қандай жылдамдықпен ұшып шығады?
Жауабы: 4,48*105м/с
Толқын ұзындығы 130нм ультракүлгін сәулелер әсерінен вольфрам шығаратын электрондарды «тежеу» үшін фотоэлементке қандай жабушы потенціал айырымын түсіру керек?