18.Реминисценция құбылысы қандай себепке байланысты туады A) Уақытша ұмытып, кешігіп барып еске түсіруден+ B) Жүйке жүйесінің қажып, шаршауынан
C) Жүйке клеткаларының тежелуінен
D) Адамның тікелей сезімдік танып білуі мен абстрактілі ойлауы арқылы туады
E) Жүйке жүйесінің күйіне байланысты
19.Ойлау процесінің мазмұны: A) Таным процестерінің ішіндегі күрделі әрі тек адамға ғана тән психикалық процесс
B) Адамның дыбыс арқылы ойын басқа біреуге жеткізуі
C) Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс-қатынастарының миымызда жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі+ D) Өмірдің қай саласында болмасын жаңалық ашу
E) Адамның ақыл-ойымен тығыз байланысты күрделі психикалық процесс
20.Ойлаудың даралық айырмашылықтарын анықта: A) Ой қорытындысы, пікір
B) Ойдың ұшқырлығы, кеңдігі, тарлығы, орамдылығы, дербестігі, жүйелілігі+ C) Мәнерлілігі, мазмұндылығы
D) Бейнелік ойлау, абстракциялығы
E) Ұғым
21.Қиял процесінің мазмұны: A) Адамның дүниетанымы, білімі және өмір тәжірибесінен жинақтаған мағлұматтары ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып ауысады
B) Адам бұрын жиналған образдарына сүйене отырып, өз басында жаңа бейнелер, соны елестер мен идеялар тудыру процесі+ C) Заттар мен құбылыстарды әртарапты танып білуге мүмкіндік алуы
D) Бейнелердің сөз арқылы тұжырымдалуы
E) Адамның байқампаздығына тәуелді
22.Фрустрация деген не? A) Адам халінің өз басына түскендей көңіл-күйде болуы
B) Кенеттен пайда болып, бұрқ етіп сыртқа шығатын қуатты көңіл-күй
C) Қанағаттанбаушылық сезіммен жан дүниесінің күйзелуі D) Қуаныш сезімі
E) Адамның таным, білімге байланысты қажырлы көңіл-күйі
23. Жоғары сезімдерді анықта: A) Аффект, эмпатия, стресс
B) Ақыл-ой, эстетикалық, адамгершілік-моральдық сезімдер C) Стеникалық, астеникалық сезімдер
D) Кейіп, фрустрация
E) Дистресс