1 Психология тарихы және салалары. Психологияның ғылыми зерттеу әдістері


) Ойлау. Ойлаудың операцияларына сипаттама. Ойлаудың түрлері. Логикалық ойлау, ой қорытындылары



бет10/29
Дата07.02.2022
өлшемі81,89 Kb.
#84928
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   29
Байланысты:
психология жауап

10) Ойлау. Ойлаудың операцияларына сипаттама. Ойлаудың түрлері. Логикалық ойлау, ой қорытындылары.
Ойлау үдерісі: жалпы сипаттамасы
Ойлау – танымдық проблемаларды шешуде маңызы жоғары, нақты
жағдайларда бағыт-бағдар алып жүру үшін өте қажет болмыстың
тұрақты да заңдылықты қасиеттері мен қатынастарын жалпылай
және жанама бейнелеуші психикалық үдеріс.
Ойлау үдерісі құбылыстарының арасында ерекше мәнге ие
болғандары:
1) ойлау іс-әрекеттері – белгілі міндетті шешуге бағытталған ой
әрекеттері мен амалдарының жүйесі.
2) ойлау амалдары: салыстыру, қорыту, бейнақтылау, топтастыру,
жүйелестіру және нақтылау;
3) ойлау формалары: пікір, ұғым, түсінік;
4) ойлау түрлері: тәжірибе-әрекеттік, көрнекі-бейнелі және
теориялық –бейнақты;
Мазмұны бойынша тәжірибелік, ғылыми, көркем өнер ойлау іс-
әрекеттері ажыралады.
Құрылымы жағынан ойлау іс-әрекеттері а) алдын ала белгілі ере-
желер бойынша орындалатын алгоритмдік және б) қалыптан тыс
мәселелерді шығармашылдықпен шешуге бағышталған эвристикалық
болып бөлінеді.
Бейнақтылық деңгейіне орай эмпирикалық және теориялық ойлау
түрлері ажыралады.
Ой әрекеттерінің бәрі ойлау үдерісінің бірлікті байланысқан екі
тарапы ретінде көрінетін талдау (анализ) және біріктіру (синтез) өзара
ықпалдастығы негізінде орындалады.
Жеке-даралықты ойлау қызметін сипаттауда келесідей ақыл сапалары
ескеріледі: жүйелілік, бірізділік, дәлел-дәйектілік, икемділік, шапшаңдық
және т.б., сондай-ақ тек өкілінің ойлау типі мен интеллектуал ерек-
шеліктері.
Психологияда танылған ойлау формалары – пікір, ұғым және
түсінік.
Пікір – зат жөніндегі нақты таным, оның қандай да бір қасиетін,
байланыс не қатынастарын мақұлдау немесе терістеу. Бейнеленуші
зат мазмұнына тәуелді ойлау бірнеше түрге бөлінеді. Олар – жеке және
жалпы, шартты және тиянақты шешімді, болымды және теріскей.
Ұғым – бірнеше пікірлер негізінде белгілі қорытынды жасауда
қолданылатын ойлау формасы.
Дедуктив ұғым – ықтимал, жалпыдан жалқыға келтірілген ұғым.
Индуктив ұғым – ықтимал, кейбір құбылыстардың жекеленген
белгілері бойынша барша біртекті заттар жөнінде, яғни жалқыдан
жалпыға өте, берілетін ұғым.
Түсінік – біртекті топ заттары мен құбылыстарының мәнді
қасиеттерін бейнелейтін ойлау формасы.
Ойлау әрекеттері – біртекті мәселелерді белгілі әдістермен шешуге
негізделген қайта жасаушы (репродуктив) және ізденістік (өнімді
– продуктив) болып ажыралады. Қалыптан тыс проблемаларды ше-
шуде қолданылатын ойлау әрекеттері өзіндік құрылымға ие болып, ол
кезеңдерге бөлініп, бірізді орындалып барады:
1) Бастапқы кезең – танымды әрекеттің бастауы – тек өкілінің
туындаған проблемалық жағдайды түсінуі.
2) Екінші кезең – шешілетін мәселе бойынша принциптерді, жалпы
жобаны, шешу әдістерін айқындап, ашып алу. Бұл үшін нақты құбылысты
жалпы өзара байланыстар аймағында көре біліп, оның мүмкін болған
себептерін жоғары ықтималды болжау – гипотезалармен түсіндіру.
3) Үшінші кезең – мәселе шешімі бойынша алға тартылған гипотеза-
ларды тексеру. Бұл тексеріс әрқилы іс-әрекеттер сипат, мазмұнына орай
әртүрлі арнайы әдіс-тәсілдермен іске асырылуы мүмкін.
4) Төртінші, қорыту кезеңінде мәселе бойынша алынған нәтиже
бастау талаптарымен салыстырылады. Егер соңғы нәтиже мен бастапқы
талап сәйкес келсе, зерттелуші нысанның дұрыс ақпараттық-логикалық
сұлбасының (моделінің) жасалғаны, яғни қойылған проблеманың шешім
тапқаны.
Ойлау іс-әрекеттері бірінен екіншісіне ауысып баратын ой амалдары
түрінде орындалып жатады: салыстыру – жалпылау, бейнақтылау
(абстракция) – топтастыру (классификация) – нақтылау.
Ойлау амалдары – бір мақсат арнасындағы ой әрекеттерінің
тобы.
Салыстыру – құбылыстарды топтастыруға мүмкіндік ашатын әрі
құбылыстар және олардың қасиеттерінің ұқсастығы мен ерекшелігін
айқындайтын ойлау амалы.

Жалпылау - ойлау қасиеті, сонымен бірге негізгі ой амалы. Ойдың


жалпылау ісі екі деңгейде өтеді: бірінші, қарапайым деңгей - ұқсас
заттарды сыртқы белгілері бойынша біріктіру, қосу. Екінші деңгей
– заттардың мәнді жалпы белгілерін ажырату.
Бейнақтылау (абстракция)– құбылыстардың қандай да бір тұрғыдан
мәнді жеке қасиеттерін дерексіздендіре бейнелеу амалы.
Жалпылау және бейнақтылау негізінде топтастыру мен нақтылау ой
жұмыстары іске асады.
Топтастыру (классификация) –нысандарды мәнді белгілері бойынша
бір топқа келтіріп, басын қосу.
Нақтылау (конкретизация) – біртұтас нысанды оның мәнді өзара
байланыстары бірігімінде танумен оны теориялық қалыпқа келтіру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет