1. ҚР емдеу және диагностика стандарттарына сәйкес диагноз қойыныз (мкб-10), негізгі синдромын анықтаңыз



бет1/3
Дата27.10.2022
өлшемі25,83 Kb.
#155218
  1   2   3
Байланысты:
4 СИТ ЕСЕП


4 СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕП
67 жастағы ер адам, қиын бөлінетін шырышты - іріңді қақырықты жөтел, физикалық жүктемеден кейін күшейетін ентігу, дене қызуының 38оС көтерілуіне шағымданады. Суықтаудан кейін жедел ауырған. Тәулігіне 20 данаға дейін темекі шегеді. Аускультацияда: тыныс шығарудың ұзаруы мен әлсіз тыныс фонынды жайылған құрғақ сырылдар, оң жақтағы жауырын асты аймағында ылғалды - майда көпіршікті сырылдар естіледі. Осы жерде перкуторлық дыбыстың тұйықталуы анықталады. Рентгенде: оң өкпенің төменгі бөлігінде өлшемі 1-2 см болатын көптеген инфильтративті көлеңкелер анықталады. Лейкоциттер - 14 мың. ЭТЖ – 22 мм/сағ. Берілген диагноздардың қайсысының болуы мүмкін:
1. ҚР емдеу және диагностика стандарттарына сәйкес диагноз қойыныз (МКБ-10), негізгі синдромын анықтаңыз
2. Клиникалық хатаммаларға сәйкес қажетті зерттеу әдістерін жазыңыз
3. Клиникалық хатаммаларға сәйкес емдеу жоспарын құрыңыз

Жауабы:
1. ҚР емдеу және диагностика стандарттарына сәйкес диагноз қойыныз (МКБ-10), негізгі синдромын анықтаңыз
ӨСОА, орташа ауырлық дәрежесі, өршу сатысы. Оң жақ өкпенің төменгі бөлігінің пневмониясы
2. Клиникалық хатаммаларға сәйкес қажетті зерттеу әдістерін жазыңыз
Шағымдар мен анамнез:
- созылмалы жөтел (күн сайын, жиірек күні бойы жалғасады; сирек жағдайда түнде);
- созылмалы қақырық түсу (кез келген созылмалы қақырық түсу ОСОА көрсету мүмкін);
- жіті бронхиттер (көп рет қайталамалы);
- ентікпе (Үдемелі. Тұрақты түрде физикалық жүктеме, тыныс алу жолдарының инфекциясы кезінде);
- қауіп қатерлі факторларға көрсететін анамнез.
Физикалық тексеру:
- форсирленген патологиялық ұзарған тыныс алу соңында аускультация кезінде тыныс жолдарының обструкциясымен шартталған құрғақ сырылдарды тыңдауға болады;
- өкпе эмфиземасы бар науқастарда көкірек клеткасы бөшке тəрізді формада болады, аускультация кезінде əлсіздеген тыныс, ал перкуссия кезінде қораптық дыбыс анықталады;
- гипоксемия кезінде цианоз пайда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет