2- Нитрофуран туындылары
Препараттары: Фурациллин, фуразолидон, фурадонин, фурагин.
Әсер етуі:РНҚ синтезін бұзады, цитоплазматикалық мембранадағы тыныс алу ферменттерінің синтезін тежеп, жасуша қабықшасының бұзылуына алып келеді.Кең спектрлі.
3-Хинолондар
I-буыны 8-оксихинолин туындылары: Энтеросептол, Нитроксолин(5-НОК).
Әсер ету спектрі кең,бактериоцидті. Микроорганизмдердің металға тәуелді ферменттік жүйесін жояды.
Энтеросептол құрамында галогені бар.
Қолданылуы:Ішек және несеп шығару жолдары инфекциясында.
Жанама әсері:аллергия, шеткерілік невриттер, көру жүйкесінің зақымдалуы, зәрдің қызыл-сары түске боялуы байқалады.
II-буыны:Налидикс қышқылы(Неграм), пипемидин қышқылы(Палин)
Грам(-) энтериобактерияларға, көкіріңді таяқшаларға әсер етеді.
Қолданылуы:Несеп шығару жолдарының инфекциялары, энтероколит, холецистит, отит ауруларында.
Бауыр және бүйрек қызметі бұзылуында, тыныс алу тежелуінде, жүктіліктің алғашқы 3айында,2жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |