3-Қақырық түсіретін дәрілер бронх шырышының секрециясын күшейтіп, сұйылтады және қақырықтың жөтелмен бөлінуін жеңілдетеді. Бронх эпителиінің белсенділігін, бронх бұлшық еттерінің жиырылу белсенділігін арттырады. Сұйылған бронх шырышы қабынған аймақтарға бүркеуші әсер көрсетіп, тітіркенуден қорғайды.
Қолданылады: бронх-өкпе қабынуларын, бронх обструкциясын (бітелуі) кешенді емдеуде.
Муколитик дәрілер: Амброксол (Ambroxol), Бромгексин (Bromhexin), Трипсин, Ацетилцистеин (АЦЦ-Acetylcystein), карбоцистеин.
Қолданылады: бронхитте, пневмонияда, бронхоэктатикалық ауруда, бронх демікпесінде, трахеостомамен жүрген пациенттерде байқалатын ателектазада.
Достарыңызбен бөлісу: |