Асқазан секрециясын күшейтетін дәрілер-Бұл дәрілер асқазан секрециясы төмендеп, ас қорытылуы бұзылуына байланысты гипоацидті гастрит, гастроэнтерит, энтероколитте тағайындалады. Асқазан секрециясы төмендегенде сілекейдің, асқазан сөлінің бөлінуіне ықпал ететін ащы, жұпар иісті дәмдеуіштер және дәрілер қолданылады.
Қолданылатын дәрілік шөптер мен олардың препараттары: Плантаглюцид, толғақшөп, ащы жусан, қызыл бұрыш тұндырмасы, бақ- бақ, жолжелкен, субеде.
Тілдегі дәм сезу талшықтарын тітіткендіру үшін, ауыз қуысында шамалы уақыт ұстау керек. Қозу гипоталамустағы тамақ қорыту орталығына өтеді. Осы орталықты рефлекторлы қоздыруға суға араластырып сұйылтылған тұз қышқылы (HCl) 20-40 тамшыдан тағайындалады. Табиғи асқазан шырыны 2 ас қасықтан; 0,2г, 0,5г пепсин тұз қышқылымен, ацидин-пепсин 0,5г. таблеткасы 50-100мл суда ерітіліп 3 рет тамақпен бірге немесе тамақтан соң беріледі. Ферментті дәрі Абомин 0,2г. күніне 3 рет 1- 3 таблетка тамақпен бірге 1-2 айға тағайындалады .
Достарыңызбен бөлісу: |