Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
ҚБ: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
31 мин.
|
№1-тапсырма:
Өлеңді оқып, ақын идеясы мен тақырыбын анықта. Ақын өлеңді қалай бағалайды? Оның «аялап өтемін» дегенін қалай түсінесің?
|
Оқылым-айтылым:
Өлеңді оқып, ақын идеясы мен тақырыбын анықтайды.
Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылардың оқылым –айтылым дағдысы қалыптасады.
|
Дескриптор: Жалпы - 6 балл.
-сұрақтарға дұрыс жауап береді.
- өлеңді оқып, ақын идеясы мен тақырыбын анықтайды.
|
ДК
Оқулық
Жазу дәптері
|
|
№2-тапсырма:
Ақынның лирикалық тұлғасының ерекшелігін білдіретін сөздерді тауып, лирикадағы психологизмді анықта.
|
Айтылым:
Ақынның лирикалық тұлғасының ерекшелігін білдіретін сөздерді тауып, лирикадағы психологизмді анықтайды.
Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылардың оқылым дағдысы қалыптасады.
|
Дескриптор:
Жалпы-4 балл.
- Ақынның лирикалық тұлғасының ерекшелігін білдіретін сөздерді табады.
- Лирикадағы психологизмді анықтай алады.
|
Оқулық
Жұмыс дәптерлері.
|
Сабақтың соңы
Ой толғаныс.
Рефлексия
7 мин.
|
«Бір ауыз сөз» әдісі.
Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.
|