1-сабақ Сабақтың тақырыбы: 3D



бет6/6
Дата12.12.2023
өлшемі0,64 Mb.
#196478
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
2т-6кл

Сабақтың соңы
Қорытынды
Ой толғаныс.
Рефлексия
7 мин.

Кері байланыс
Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:
- нені білдім, нені үйрендім?
- нені толық түсінбедім?
- немен жұмысты жалғастыру қажет?

Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады



Оқушылар бағалай критерийлерімен өз деңгейлерін бағалайды

Плакат /слайд/

Үй тапсырмасы

§ 2.5, 61-бет «Үй тапсырмасы»











Қысқа мерзімді жоспар
6– сынып, 2-тоқсан
7-сабақ
Сабақтың тақырыбы: 3D - баспасы

Бөлім

6.2.3D - баспа

Педагогтың аты-жөні




Күні




Сынып 6

Қатысушылар саны

Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы:

3D – баспасы.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

6.3.1.6 басып шығару үшін 3D-үлгіні экспорттау
6.3.1.7 3D-баспасын баптау

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар:
«3D баспа» ұғымын біледі
Көптеген оқушылар:
2D және 3D принтерлерді салыстырады
Кейбір оқушылар:
күнделікті тұрмыста 3D принтерді қандай мақсатта қолдануға болатының мысал келтіреді.

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру: Сәлемдесу, түгендеу
Шаттық шеңбері: оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айтып, сабаққа көңілді қатысады.
Өткен сабақты пысықтау арқылы жаңа тақырыппен таныстыру.
Сұрақ қою:
3D модельдерді басып шығару үшін экспорттау мен принтерді баптау қалай жүзеге асады?



Оқушылар сәлемдеседі
Оқушылар сұраққа жауап береді



ҚБ «Мадақтау сэндвичі»



Жұмыс дәптері

Сабақтың ортасы

Бүгінгі таңда 3D (үшөлшемді) ұғымы күнделікті өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды. Біз 3D технологияны бірінші кезекте кино өнерімен, анимациялық фильмдермен байланыстырамыз. Көпшілік 3D технологияны тек кинотеатрдың немесе плазмалық теледидардың экранында ғана қолданады деп ойлайды. Алайда біздің күнделікті тұтынып жүрген заттарымыздың барлығы үшөлшемді. Мұндай заттарды жобалау және шығару үшін кәсіпорындар компьютерлік модельдеу технологияларын қолданады. 3D технологиямен бірге 3D баспа (печать) туралы жиі еститін болдық. 3D баспаны жүзеге асыратын құрылғыны 3D принтер деп атайды (Оқулықтағы 2-сурет). Ақпаратты қағазға басып шығаратын принтерлерімізді 2D принтер деп атауға болады /
3D принтердің құрылысы
1. Дисплей.
2. Принтердің қозғалтқышы.
3. 3D модель.
4. Модель жасалатын алаң
5. Филамент.
Талдау
2D және 3D принтерлерді төмендегі тармақтар бойынша салыстырыңдар.
1. Қолдану мақсаттары бойынша қандай ұқсастығы мен айырмашылығы бар?
2. Принтерлердің жұмыс істеу негіздері мен картриждерін пайдаланудағы қандай айырмашылықтарын айта аласың?
3. Адамдар үшін олардың қайсысының қызметі маңыздырақ? Себебін түсіндіріңдер.
Жинақтау
Егер 3D принтерлерің болса, оның көмегімен күнделікті тұрмыста қолдануға болатын қандай бұйымдарды басып шығарған болар едіңдер? Тізімін ұсыныңдар. Ол бұйымдарыңды қандай мақсатта қолданасыңдар?

Мұғалімды тыңдайды

Сұрақтарды өзара талқылап, ойларымен бөлісіп, стикерге ортақ ойларын жазады, пікірлерін қорғайды





ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады


Оқулық

Ақпараттық мәтін


Үлестірмелі қағаздар



Сабақтың соңы
Қорытынды
Ой толғаныс.
Рефлексия
7 мин.

Кері байланыс
Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:
- нені білдім, нені үйрендім?
- нені толық түсінбедім?
- немен жұмысты жалғастыру қажет?

Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады

Оқушылар бағалай критерийлерімен өз деңгейлерін бағалайды

Плакат /слайд/

Үй тапсырмасы

§ 2.6, «3D принтердің мүмкіндіктері мен олар қолданылатын салалар» ақпараттық жоба











Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет