(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау.
Сұрақтар:
1.Жаһандық ядролық қауіпсіздікке Қазақстан қандай үлес қосып келеді?
2. Семей ядролық полигонын жабу қаншалықты дұрыс шешім болды деп ойлайсыңдар?
|
Сыныптастырының пікірін толықтырады.
Өз ойымен бөліседі.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.
|
Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
31 мин.
|
Оқулықтағы тапсырманы орындатады, қадағалайды, бағыт-бағдар береді. Кері байланыс орнатады.
|
1-тапсырма:
Мәтінді тыңдап, тақырыпқа қатысты өз пікірлеріңді айтыңдар.
|
Дескриптор:
- Мәтінді тыңдайды;
-Тақырыпқа қатысты өз пікірлерін айтады.
Жалпы - 5 балл
|
11-сынып оқулығы, жұмыс дәптері
|
Жеке жұмыс
|
Оқушыларға тапсырманы орындатады, қадағалайды, бағыт-бағдар береді. Пікір алмасады.
|
|