8.Ұйымдастыру кезеңі: 6 мин (6%)
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Сабақтың мақсаты мен міндеті.
9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 14 мин (15%)
10. Жаңа сабақты түсіндіру : 26мин (30%)
Психология ғылымындағы негізгі ұғымдардың біреуі қарым-қатнас. Қарым-қатынас түрлері мен формалары бойынша әр алуан. Қарым-қатынаста адамдар өзін көрсетеді, өзі үшін және басқалар үшін психологиялық қасиеттерін аша түседі. Қарым қатнастың маңызды бес функциясын бөліп қарастыруға болады.
Қарым қатнас ары қарай жеке адамаралық және көпшіліктік қарым қатнас болып бөлінеді. Көпшіліктік қарым-қатнас көпше түрдегі таныс емес адамдардың жөне көпшіліктік мәлімет құралдарыарқылы қарым қатнас , осындай қатнастардың түріне өнер эстетикалық қарым-қатнастарды қалыптасатын түрі.
Адам қоғамда өзiн қоршаған адамдар тобында өмiр сүредi және дамиды, оның талаптарына сәйкес өз ойлары мен мiнез-құлқын өзгертедi, топтың басқа мүшелерiмен өзара әрекеттесу арқылы әртүрлi байланысты сезiнедi.
Қарым-қатынас психологиясы мынандай құбылыстарды зерттейдi; адамдардың бiр-бiрiн қабылдауы және түсiнуi, елiктеу, сендiру және нандыру, ұйымшылдық немесе жанжалдық, бiрiккен iс-әрекет және тұлғааралық қатынастар. Осы психологиялық құбылыстың әр түрлiлiгiнде, олардың пайда болуының негiзгi қайнар көзi болып адамдар арасындағы қарым-қатынас аймағы болып табылады.
Егер қарым-қатынас болмаса, бiздiң рухани, материалды даму деңгейiмiздiң қандай дәрежеге көтерiлгенiн бiлмес едiк. Бiздiң әрқайсымыз өзiмiздiң негiзгi қырларымызды жеке қарым-қатынас тәжiрбиелерiмiз арқылы жанұядағы, мектептегi, жұмыстағы, көшедегi тiкелей қатынастар арқылы игеремiз. Бұл микроорта. Микроортадағы қарым-қатынас арқылы әрқайсымыз әлеуметтiк әлемдi кеңiнен танимыз және қарым-қатынасқа түсемiз, яғни макроорта әсерiн сезiнемiз.
Макроорта – бұл өз ғылымы, мәдениетi, идеалогиясы, заңы, қоғамдық өлшемдерi бар қоғам.
Микро және макроортаның кездесетiн жерi, олардың өзара әрекеттесетiн шек – бұл кiшi топ, онда бiздiң әрқайсымыздың өмiрiмiз өтедi.
Қарым-қатынас тарихи алғашқы форма болып табылады оның негiзiнде өркениет дамуының кейiнгi кезеңдерiнде қарым-қатынастың басқа түрлерi пайда болды. Мысалы; жазбаша қарм-қатынас жазбашалықтың құралуынан кейiн ғана пайда бола бастады. Бiздiң әрқайсымыз адамдар арасында өмiр сүрiп және жұмыс iстегендiктен кез-келген жағдайда өз тiлектерiмiзге тәуелсiз түрде адамдармен қарым-қатынасқа түсемiз.
Егер бiз өз өмiрiмiздi бақыласақ онда мынаны байқаймыз:
• басқа адамдармен өзара әрекеттесiп оларды қабылдаймыз және бағалаймыз.
• Жиi түрлi естiгендерiмiздi қызығушылықпен қабылдаймыз.
• Таныстарымызбен немесе кездейсоқ адамдармен өмiрлiк тәжiрбиелерiмiзбен алмасамыз.
• Басқа адамдардың әсерiн сезiнiп оларға елiктеп өз мiнез-құлқымызды өзгертемiз.
• Шешiм қабылдағанда көп жағдайда қасыңдағы адамдардың пiкiрiн есепке аламыз.
Қарым-қатынас стратегиясы
Қарым-қатынас стратегиясы үшке бөлiнедi.
1-шi ашық-жабық қарым-қатынас. Ашық қарым-қатынаста әр адам өзiнiң көзқарасын жеткiзе бiлуi және басқалардың позициясын тыңдауға әрдайым дайындық. Ал жабық қарым-қатынас ақпаратқа деген өзiнiң көзқарасын қатынасын жеткiзе алмауы, қарым-қатынасқа түсуге талпынбауы.
2-шi Монологты стратегия.
3-шi Рольдiк тұлғаарлық стратегия (мұғалiм-оқушы, үлкен-кiшi).
Достарыңызбен бөлісу: |