1. Самбо күресінің қалыптасып даму тарихы



бет1/2
Дата19.09.2022
өлшемі42,5 Kb.
#149946
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
Самбо тарихы


1. Самбо күресінің қалыптасып даму тарихы.
Кеңес Одағының алғашқы жылдары құқық қорғау органдарының қызметкерлері қылмыскерлермен күресу үшін қарусыз өзін-өзі қорғау тәсілдерін қажет етті. Осы тәсілдерді құрастырған В. А. Спиридонов болды.
Ол, 1919 жылы Қызыл Армияның Бас басқармасында жұмыс істеп, одан Москвадағы әскери дайындық курсына ауысып нұсқаушы ретінде бокс және семсерлесу пәндері бойынша сабақ береді. Кешікпей В.А.Спиридоновтың ат салысуымен жаңа пән ретінде «Қорғану мен қарусыз шабуыл» курс еңгізілді, өзі осы пәннің бас жетекшісі атанды. Аталған пәннің негізі джиу – джитсу күресін алған болатын.
В.А.Спиридонов 1927 жылы көптеген әдіснамалық нұсқауларды жинастырып өзінің ең алғашқы еңбегі «Руководство самозащиты без оружия по системе джиу – джитсу» жарық көрді.
1928 жылы «Самозащита без оружия» атты екінші кітабі баспадан шықты. Осылай В. А. Спиридонов өзін - өзі қорғаудың тиімді жүйесін жасауға алдына мақсат қойды. Қауіпті тәсілдерді және соққыларды қолданбай жасаған ережесі бойынша, палуандар бастапқыда жеті, сонсоң сегіз салмақ дәрежелері бойынша күресі. Мұнда қолды, аяқты ауырту тәсілдері жҥдеде күрескенде ғана емес бастапқы қалыпта да, әрі қылқындыру тәсіліде қолданылды.
1933 жылы В. А. Спиридонов өзінің жинақтаған тәжірибесін арқасында Самозащита без оружия. Тренировка. Методика изучения» аты жаңа кітабін жазды. Осы жаңа кітаптың мұқабасында «Сам», «Самоз» «Самозащита» деген болашақ кеңестер күресінің басқы сөздері жазылды, кейін оған «бо», «без оружия» сөзі («қарусыз» деген мағананы береді) жалғанып жаңа атау Самбо сөзі дүниеге келді.
Самбо күресі жекпе–жек түрлерінің бірі. Самбо күресінің негізін қалаушы В.С.Ощепков (1892 –1937 жж). Ол 1911- 1914 жылдар аралығында Кодакан мектебінде дзюдо күресінің негізін қалаушы Дзигаро Каноның өзінен дәріс алып, оның қолынан 2- дан алған адам. 1927 – 1937 жылдар аралығында Ощепков Москва қаласында тұрады, бірақ Ленинградқа (казіргі Сант –Петербург) жиы барып, осы қалаларда дзюдо күресін әскери командалардың құрамында, және студенттермен спорт мамандарының арасында насихаттаумен айналысады. В.А. Спиридоновқа қарағанда көп адамдарды дзюдо мен айналысуға тартады. Классикалық дзюдо күресіне қарағанда В.С. Ощепков палуандардың киетін киімдерін өзгертіп (жапон дәстүрін алып тастап, қатты татамиды жұмсақ күрес кілеміне ауыстырып, техникасын еуропалық және қытайлық тәсілдермен толықтырады.
Спиридонов пен Ощепковтың системаларын салыстырғанда екінші Ощепковтың негізін қалаған күресі адамдарды көбірек таруға ынғайлы болады.
Бұл екеуі бірін–бірінің жұмыстарын өте жақсы толықтыра білді. Киіммен күресетін спиридонов мектебі мен ощепков мектебі, сол кездегі еркін күрес немесе еркін стилдегі күрес түрімен қатар бір бағытта қатар дамып отырды.
Бұл жердегі басты назар аударарлық жағдай В.А. Спиридонов негізін қалаған самбо ол жауынгерлік (қол сайыс) бағытта болса, ал В.С. Ощепковтың құрастырған самбо күресі спорттық күрес түріне сай келетіндігінде болып отыр. 1930 жылдардың екінші жартысында Спиридонов пен Ощепковтан тәлім алған В. П. Волков екі системаның элементарын алғаш рет бір оқу курсына біріктіреді, ол ҰҚК мектебіне арналған оқу құралын даярлайды (1940 ж).
Осы жұмыстың негізіне қарап А. А. Харлампиев (1906 – 1979 жж ) осы бағытта жұмысты жалғастырады, «Үлкен Самбо» деген кітапта жинастырып жариялады. Бірақ бұл жұмыста соққылар, қылқындыру, қауіпті лақтыру әдістері, қару – жарақтан қорғану тәсілдері көрсетілмеген.
А. А. Харлампиев самбо күресін екі түрге бөлеп қарастырған: біріншісі - спорттық «кілемде күресу» (халықаралық спорт түріне айналды). Екінші: - жауынгерлік самбо (оны А.А. Харлампиев «Борьба Самбо специальные приемы» кітабында атап көрсетіледі). Бұл кітап жұмыс бабында ғана пайдалану ҥшін Кеңестер Одағының Қорғаныс Министрлігінде - 1952 басылып шығады. Қазіргі кезде спорттық самбо кресі көптеген елдерге тараған.
Қол сайысынан жарыс ережеге сай екі кезеңмен өтеді. Біріншісінде қарсыластар самбо күресінің әскери қолданбалы әдістері техникасы бойынша сайысады. Ал, екіншісінде қол сайысы ережесі бойынша жекпе – жекке түседі. Өткен жылдарда республикамыздан көптеген спорт шеберлері туып шықты. Олар жекелеген шығыс жекпе–жегі және қол сайысы түрлері бойынша Әлем, Еуропа, Азия, КСРО жеңімпаздары атанды.
Спорттық Самбоны дүние жүзінің ең алғаш ресми мойындап, тануы 1966 жылдың ҥлесіне тиді. АҚШ-тың Толидо қаласында өткен халықаралық күрес федерациясының конгресінде Самбо күресінен ресми жарыстар ұйымдастыру туралы бір ауыздан шешім қабылданды. Осы шешім самбоның кең қанат жаюына тікелей ықпал етті. Самбодан алғаш ұйымдастырылған халықаралық жарыс 1967 жылы өтті. Бұл бәсекеге Болгария, Монголия, Жапония, Югославия және КСРО елдерінің ең таңдаулы самбошылары қатысты. Енді аталған спорттық сайыс түрлерінен Әлем, Еуропа, Азияныжәне халықаралық жарыстарда топ жарған саңлақтарымыздың есімдері мен қоса атақтарын айтар болсақ.
ХХ ғасырдың 30- жылдары тұсауын кескен самбо күресінен бірінші әлем чемпионаты 1973 жылы Иран астанасы Тегеранда ұйымдастырылғанды.
Бұл чемпионатта 11 елдің палуандары бақ сынап, 10 салмақ дәрежесінің тоғызында КСРО палуандары алтын медальды жеңіп алды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет