1. Коммунистік партиялар мен солшыл радикалдық бағыттағы партиялар К.Маркстің ілімін басшылыққа алады. Жеке меншіксіз, тапсыз қоғам құруға тырысады. Басқа партиялар коммунистік партияның басқарушы рөлін мойындауы тиіс. Мысалы, бұрынғы КСРО, Қытай, Солтүстік Корея, Куба.
2.Социал-демократиялық партиялар қазіргі капиталистік қоғамды еңбекші халықтың мүддесіне сай ұдайы реформалап, өзгертуге тырысады. Олардың басты құндылықтары: бостандық, әділеттілік, ынтымақтастық, теңдік. Мысалы, Австрияның, Германияның, Швецияның социал-демократиялық партиялары, Ұлыбританияның лейбористік партиясы және т.б.
3. Буржуазиялық-демократиялық партиялар ХІХ ғасырда Еуропа мен Солтүстік Америкада пайда болды. Негізгі принциптері: қоғамда билік үшін әрқашан ашық күрес жүруі керек, билікке жалпыға бірдей сайлау арқылы жету, парламентте көпшілік дауыс алған партия немесе партиялық бірлестік өкіметті билейді, басқарушы партияларға қарсы үздіксіз ашық оппозиция жұмыс істейді. Заң алдында бәрінің де тең болғанын, сөз, баспасөз, жиналыстар бостандығын қалайды. Мысалы, Германияның еркін демократиялық партиясы, Англияның социал-либералдық партиясы т.б.
4. Консервативтік партиялар ірі буржуазияның мүддесін қорғайды. Әлеуметтік теңсіздікті сақтағысы келеді, адамдық және азаматтық ар-намыс, плюрализм, ынтымақтастықты жақтайды. Мысалы, АҚШ-тың республикалық партиясы, Германияның Христиандық-әлеуметтік одағы мен Христиандық-демократиялық одағының блогы, Ұлыбританияның консервативтік партиясы.
5.Фашистік партиялар жеке мүддеден мемлекеттік мүдденің басым болғанын, басқаруда қатаң орталықтандырылуды, адамның құқықтары мен бостандықтарын шектеуді қалайды. Ұлтшылдықты уағыздайды. Бұл тоталитарлық немесе авторитарлық жүйеге жол ашады. Фашистік партиялар бұрын Германия мен Италияда болған.
9. Партиялық жүйелер және олардың түрлері. Партия жүйесідеп – елдегі билік үшін тең бәсеке немесе біріккен күресі арқылы көрініп отыратын партиялардың өзара байланыстарының, қатынастарының жиынтығын айтады. Партия жүйесінің түрлері: бірпартиялық; бір жарым партиялық; екі партиялық; екі жарым партиялық; көппартиялық.