1 семестрлік жұмыс



бет5/7
Дата14.10.2022
өлшемі37,55 Kb.
#153034
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
СЖ№1 Есмұрза Өстемір Философия

Шіркеу және секта.
Вебер шіркеуді сектадан универсалдылық критерийлері бойынша айырады. Шіркеу жалпылыққа жақындайды, ол өзін дүниеге қарсы қоймайды, оның мәдениетін мойындайды, сакральды және прфанды құндылықтар арасындағы қайшылықты жоюға ұмтылады. Оған сол канондық территорияда туылған адамның қатыстылығы міндетті түрде. Шіркеу өзінің құрамына сенуші адамды туылғаннан бастап оның еркіне қарамастан енгізеді. Сонымен қатар шіркеуде қатаң бағаланатын мүшелік жоқ. Шіркеу бюрократиялық ұйымның бір түрі, священник административті түрде бекітіледі.
Шіркеуге секта қарама-қарсы тұрады (лат. secta ойлар образы, іс әрекет образы, ілім, мектеп, бағыт). Секта сенушілердің аз және жабық тобы, олар өз еріктерімен ұйымдасады және де олар саналы түрде шешім қабылдайды. Секта аскетизмді жақтайды, дүниелік тәртіптерді сынайды, барлық мүшелердің теңдігін қолдайды; рухани қайта жаңғыруға ұмтылады. Сектаны харизмалық лидер басқарады.
Конфессионализм. Сенушілердің өздерінің шіркеулеріне қатынасы тең, қатаң және либералды болуы мүмкін. Конфессионализм (көңіл ақтарылу) ойлардың және мінез-құлықтың қатаң образы суреттелінеді, ол өз шіркеуінің барлық догмаларға, бекітулерге жауап береді. Конфессионализмнің ортодоксальдығы және консервативтілігі либерализмге қарама-қарсы, ол кейде дін саласында модернизм немесе индифферентизм формасына көшеді. Шіркеуден тыс және конфессионализмнен тыс дінилік ол діннің бір түрі болып табылады. Қазіргі кезде ол дүниеде көп тараған.
Шіркеу және мемлекет
Шіркеу мен мемлекеттің тепе-теңсіздігі мен қажеттілігімен айырмашылығы біріншіден христиан дінінде жақсы дамыған. Онда қоғамдық қажеттілік діни және саяси сферада анық көрсетілген. Сонымен бірге шіркеу мен мемлекет халықтан заңға бағынуды бірдей талап етеді. Бұл христиан дүниесіндегі екі саланың бастапқы бөлінуі адам бостандығын нақтылаған батыс демократиясының пайда болуына әкелді.
Шіркеу мен мемлекет байланысының түрлеріМемлекет пен шіркеу арасындағы байланыс әрбір қоғамда өзгеше. Ол теократия, мемлекеттік шіркеу түрлерінде болуы мүмкін.
Теократия (грек. theos құдай, cratos билік) 1) барлық адамзаттың үстінен Құдайдың билігі; 2) мемлекеттік басқару түрі, онда билікті шіркеу басшысы жүргізеді. Теократияда екінші мағынада мемлекеттік билік және басқарушы дін бөлінбейтін бірлікте (Көне Египеттегі абыздық билік, араб халифаттары, Рим папасының билігі т.б.). Мемлекеттік шіркеу жоғарғы билікке бағынады, материалды және рухани тұрғыда мемлекетпен қолданады. (Византиядағы православие шіркеуі, патшалық Ресей, Ұлыбританиядағы ағылшын шіркеуі және т.б). Жоғарғы (светское) мемлекетте ар-ұждан бостандығы принципі бар: азамат әрбір дінді және атеизмді қолдауына құқы бар; шіркеу автономды, ме,млекеттен бөлек, ал мемлекет оның жұмыстарына араласпайды.(АҚШ, қазіргі Қазақстан және т.б.). 20 ғасырда социалистік елдерде мемлекеттік атеизм болған, азаматтарға атеистік сенім негізделген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет