№1 Семестрлік жұмыс



Дата07.02.2022
өлшемі43,52 Kb.
#83200

Алматы Технологиялық университеті

№ 1 Семестрлік жұмыс


Тақырыбы: Қазақ ойшылдарының әлеуметтік көзқарастары

Орындаған:ТМжАБЖ тобының студенті


Ильяс Али
Тексерген:

Жоспар
Кіріспе......................................................................................................................3


Негізгі бөлім
I Ш.Уалихановтың әлеуметтік көзқарастары.........................................5
II Ыбырай және Абайдың шығармаларындағы қоғам және адам мәселелері......................................................................................................8
Қорытынды............................................................................................................15
Пайдаланылған әдебиеттер..................................................................................16

Кіріспе

Қазақ елі XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың бірінші жартысында феодалдық қоғамдық қатынастар дәуірінде болды. Қазақ халқы, бір жағынан, жергілікті феодалдардың, екінші жағынан, Ресей Патшасының зор қанауының, езгісінде болды. Еңбекші бұқараның хал-жағдайы өте нашар болды, өйткені олар әр уақытта алуан түрлі ауыр салықтар төлеп отыруға мәжбүр болды. Қанаушылар олардың құңарлы-шұрайлы жерлерін тартып алып, өздерін шөл және шөлейт жерлерге ығыстырды. Ресей патшасы байырғы ұлтты одан әрі жаныштап, езуді күшейтті. Ал, жергілікті үстем тап, қалыптасып келе жатқан буржуазия, дін басылары, патшалық ресей үкіметі халықты революциялық күрестен аулақ ұстауға тырысты, қазақ бұқара халқын орсытың жұмысшы-шаруа табынан, алдынғы қатарлы интеллегенциясынан алыс ұстауға әрекет жасады, араға іріткі салды, ұлтаралық дау-дамайды, жанжалды насихаттады. Осылардың салдарынан Қазақстанда бұқара халықтың патшалық ресей үкіметіне, жергілікті хандарға, байларға қарсы әлденеше стихиялық ереуіл-көтерілістері болды, бірақ олардың бәрі күшпен басылып отырды.
Осындай ауыр жағдайлардың нәтижесінде және орыс демократиясының, мәдениеті мен ғылымының игілікті әсерінің негізінде Қазақстанда алдыңғы қатарлы философиялық, әлеуметтік-саяси ой-пікірлер қалыптаса бастады.
Қазақ халқы ұлттық мәдениетінің тарихына жаңа жол ашушы бір топ ұлы ойшылар мен прогрессивті ағартушылар, қоғамдық-саяси қайраткерлері шықты. Олардың қатарында Шоқан Уәлиханов (1835-1865жж.), Ыбырай Алтынсарин (1841-1889жж.), Абай Құнанбаев (1845-1904жж.) сияқты қоғамдық-саяси қайраткерлер, Әлихан Бөкейханов (1870-1937жж.), Ахмет Байтұрсынов (1873-1937жж.) т.б. оқымыстылар болды.
Алаулаған аз ғана өмірінде кейінгі ұрпаққа өшпестей рухани-әлеуметтік мұра қалдырған, әлем мойындаған аса көрнекті ғалым ағартушы және зерттеуші Шоқан Шыңғысұлы Уалихановтың туғанына өткен жылы ғана 173 жыл болды. Ш.Уалихановтың аса дарынды ғалым ретінде тарих, этнография, бейнелеу өнері, география, әдебиет, заң және философияға, сонымен қатар басқа да салаларға қосқан үлесі зор екенін ескере отырып, оның терең энциклопедист ғалым екеніне сөз жоқ.
Қазақтан шыққан тұңғыш саяхатшы ретінде Шоқан Уалиханов - Қазақстанда, Шығыс Түркістанды, Орта Азияны зерттеуге үлес қосты. Шоқанның аса зеректігі мен қабілеттілігі және білімділігіне оның өзі оқыған ортадағы достары мен ұстаздары және кейіннен қызметтес болған әріптестері тәнті болған. Белгілі шығыстанушы Н.И.Веселовскийдің "Шоқан Шыңғысұлы Уалиханов шығыстану ғылымында аққан жұлдыздай жарқ етті де, жоқ болды" дегеніндей, Шоқан отыз жылдық өмірінде бұған дейін зерттелмеген немесе кейбір тұстары ғана ашылып қойған аймақтарды, осы кездегі өзекті деп табылған қоғамдық-саяси тақырыптарды қарастырып көптеген шығармалар жазған болатын.
Ыбырай Алтынсарин — қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, 3

жазушы, этнограф, фольклоршы.Туып-өскен жері — Қостанай облысының Қостанай ауданы, Арқарағай. Осы өңірде, Тобол өзенінің жағасынан топырақ бұйырған. Ы. Алтынсарин жергілікті жерлерден мектеп ашу ісімен айналысады, қазақ балаларына арнап оқулықтар, оқу құралдарын және әдістемелік кітаптар жазды. Ол қазақ кыздары үшін мектеп-интернат, ауыл шаруа-шылық және колөнер училищелерін аштырды. Өйткені Ы. Алтынсарин қазақ халқының жарқын болашағын тек оқу-ағарту ісімен, білім- ғылым-мен байланыстырған. Сондықтан да ол: «Мектеп - қазақтарға білім берудің басты құралы. Біздің барлық үмітіміз — казақ халқының келешегі осында, тек осы мектептерде ғана» деп жазған болатын.


Ал Абайдын әлеуметтанулық көзқарастарының калыптасуына орыстың революцияшыл-демократтары мен Батыс Еуропа әлеуметтанушыларының еңбектері ыкпал етті. Абай Г. Спенсердің орыс тіліне аударылған әлеу- меттанулык, туындыларымен танысып, оның эволюциялык, теориясын кабылдайды. Бүкіл тіршілік атаулыныңөзгермелілігі туралы ой Абайдың өлендері мен кара сөздерінде жиі ұшырасады. «Жиырмасыншы қара сөзінде»: «Дүние біркалыпты тұрмайды» десе, өлекінде: «адамзат күнде өзгерер» дей келіп, патриархалды-феодалдық күрылысты басынан өткізіп жатқан қазақтардың жаңа қоғамға етеріне зор сеніммен қарайды.
4

Негізгі бөлім


I. Ш. Уәлихановтың әлеуметтік көзқарастары.
Ш. Уәлихановтың (1835—1865) ғылыми еңбектерініңбәрінде, атап айтқанда, «Қазақтардың өрісі мен қонысы туралы», «Сот реформасы жайлы жазбалар», «Баянауыл округі туралы», «Өлкенің үкімет басқару жүйесі мен саяси жағдайы», «Сахарадағы мұсылмандық туралы» және т.б. шығармаларында қазақ қоғамындағы көкейтесті әлеуметтік мәселелер зерттеледі.
Шоқан Уәлихановтың әлеуметтік-ғылыми көзқарастары, оның демократиялық, гуманистік ой-пікірлері Петербургте және Сібір Кадет корпусында оқып жүргенде, сонымен бірге сол кездегі орыстың ұлы демократиялық өкілдерінің шығармаларын оқып, олардың кейбіреулерімен жақындасып, кездесіп, араласып жүргенде қалыптасты. Ол қазақты орыс мәдениетіне жақындату, орыс ғылымына идеясын жақтаған адам. Оның аққан жұлдаздай қысқа өмірі ғылым үшін өте құнды жылдар болғпн еді.
Терең білімді, ғылымға берілген Шоқан өз қызметін халық тағдырымен байланыстыра қараған. Сондықтан ол тек ғалым ғана емес, қоғам қайраткері де болды. Осы тұрғыдан келгенде Шоқанның қоғамдық көзқарастарына талдау жасау қызғылықты болып табылады.
Шоқанның «атаңның ұлы емес, адамның ұлы» болуға тырысқан деп айта аламыз. Шоқан шығармаларынан халқына деген шексіз жаңаршылығын, сүйіспеншілігін байқаймыз. Патша үкіметінің қазақтарға кемісітушілік саясатын қолданып отырғанына ол үзілді-кесілді қарсы шықты. Халқының сауатсыз болғанын жасырмай айтқан Шоқан оның қабілетті, өркениетті қабылдай алатын ел екенін де дәлелдеді.
Қазақ, қоғамында орын алған жағымсыз құбылыстар тоқыраудың мотиві болғанын, қоғам дамуында жаңа бетбұрыс алған еркін ағымды тоқтатқанын сынай отырып, қазақ елінің өркендеу болашағын реформамен тығыз байланыстырады, реформаға қалай әзірлену және оны қалай жүргізу қажеттігі жөнінде аса құнды ой-пікірлер тұжырымдады. Оның пікірінше, реформаға ғылыми тұрғыдан келу керек, нақты тарихи жағдайды есепке алу қажет. Сонда ғана реформа сәтті орындалады, соның негізінде қоғамдық организмнің дамуы іске асады. Мұндай реформаны аяғына дейін жеткізуді маңызды процесс деп санайды. Егер де қоғам мұқтаждығы мен құралдары белгілі болса, қоғамның әл-ауқатын жақсарту мақсатын кездеген кез-келген реформа алға қойған мақсатына сол уақытта ғана жетеді. Басқаша сөзбен айтқанда, реформаны жемісті жүргізу үшін өзгерістердің ішкі қайнар көздерін көре білу қажет болды. Сонымен қатар Шоқан қоғамдағы өзгерістерді жасау кажеттілігі қоғамның даму деңгейінен және бұқара халықтың өмір салтынан туындауы тиіс деп түйді. Ал бұның өзі дифференциялау принципі тұрғысынан қаралуы керек. Қазақ ко-ғамында жүргізілетін реформалардың ішінде адамнын тұрмысын жақсар-туға ықпал ететін реформа ғана пайдалы, ал бұл мақсатқа жетуге кедергі келтіретін реформа «зиянды». Сондықтан ол бұл мақсатка жете алмай-тын кез келген реформаторлықты жокка шығарды. Қазақ еліне қоғам-дық өмірдін
5

«экономикалық және әлеуметтік» жақтарын қамтитын реформа кажет деп санады. Ш.Уәлихановтың тұжырымдауынша, қоғамда жасалатын бетбұ- рыстардың халықка ұнамдысы, пайдалысы экономикалық және әлеуметтік реформа, ал саяси реформалар кажетті экономикалық реформаларды іске асырудың құралы ретінде колданылуы тиіс, өйткені жеке алынған әрбір адам және барлық адам-зат ұжымдаса отырып өзінің дамуында бір ғана түпкі мақсатка — өзінің материалдық әл-ауқатын оңалтуға ұмтылады және осының өзі прогресс болып саналады». Шоқанның пікірі бойынша, экономикалық. және әлеуметтік рефор-малар шынайы қоғамдық прогреске жетуді мақсат етуі керек, ал қоғам-дық прогресс өз кезегінде халықтың материалдық халін жақсартуға қыз-мет етуі тиіс. Саяси реформа белгіленген экономикалық мақсатқа жетудің құралы қызметін атқарып, соған бағындырылады. Сол халықтың пайда-сы үшін іске асырылатын қоғамдағы өзгерістер «материалдық қажетті-лігіне» және «ұлтгык мазмұнына» орайластырылган бірнеше талаптарды қанағаттандыруы керек. Оның аталмыш мұқтаждыктар мен сипаттар деп отырғаны қазақтың ауылдык-рулык кауымдастығының жерді ұжымдасып пайдалануы, еңбекші жұрттың әлеуметтік қауымдастығы сиякты жақсы жақтары еді. Сонымен кдтар онын өзара көмек, тұрмыста бір- біріне қол ұшын беру және өзін-өзі басқару белгілерін де назардан тыс қалдырмай, олардың маңызды жақтарын ашып көрсетті. Шоқанның пікірі бойынша, бұлар «оқыған еуропалықтардың еліктеуіне» тұрарлық құбылыстар.


Ғұлама ғалымның бұл пікірінің бүгінгі танда біздің елімізде жүріп жатқан реформа үшін практикалық маңызы зор. Бірақосы құнды пікірдін ескерілмеуі қоғамды келеңсіз жағдайларға да соқтыруда. Қоғамнын күйін және халықтыңсалт-дәстүрі мен әдет-ғүрыптарын есепке алмай, өзге елдің тәжірибесін көзсіз енгізе салуды республика өз басынан кешірді. Бұның бәрі жүргізіліп жатқан реформаның барысына әсерін тигізбей қоймады.
Ш. Уәлихановтың қоғамдық-әлеуметтік және саяси мәселелерді сөз ететін «Записка о судебной реформе», «Очерки Джунгарии», «о мусульманстве в степи», «Следы шаманства у киргизов», «Тенгри» сияқты еңбектерінде және достарына жазған хаттарында біз оның көзқарастары көп жағдайда озық идеялармен ұштасып, үндесіп жатқанын байқай аламыз. Ескерте кететін бір жайт, Ш. Уәлиханов өзінің саяси көзқарасын жан-жақты, жүйелі көрсететін үлкен еңбектер жазбаған. Бірақ, бұл оның халықтың болашағы үшін күрескен, орыс өнер-білімін үндеген алдыңғы қатарлы адам болғандығын анықтауға кедергі келтіре алмайды.
Шоқан казак қоғамын әлеуметтік организмнің күрделі объектісі ретін-де қарастыра отырып, оның әлеуметтік-таптық құрамынын қоғам дамуына- сәйкес үлкен өзгерістерге ұшырап отыратынын көрсетті.Оның тұжырым- дамаларында қазақ қоғамының ак сүйек және қара сүйек деп аталатын екі топқа бөлінуі феодалдық қоғам көзінде орын алғандығы тұжырымдалады. Қоғамның мұндай екі ірі әлеуметтік топқа белінуінің себебін ол адамның шыққан ата-тегінен, мал-мүлкінен, билік ету деңгейінен көреді. Ақ сүйектер түрлі жеңілдіктерге ие болған индивидтердің жабық сословиесі еді. Бұған
6

төрелер, яғни хан түкымынан шыккандар енді. Шоқан қожаларды ақ сүйектердің қатарына жаткызбаған. Бірак халық оларды білімі үшін құрметтейтін еді, деген ой айтады. Қара сүйектер қазақтың билері, байлары, батырлары, тархандары, ақсақалдарынан тұрды. Қоғамдық емірдің әлеуметтік иерархиясынын. ең төменгі сатысының негізгі бөлігін шаруалар құраса, калған бөлігін төрелердің әр түрлі тапсыр-маларын аткарған төленгіттері толтырды. Шоқан осы жікті күлға балайды. Өмірде олардың статусы құлдардан жоғары еді. Қазақстанның Ресейге бодан болуы, хандық институттың жойылуы, басқарудың жаңа жүйесінің енгізілуі жәнет.б. себептер казакқоғамынынәлеуметтік құрылымына жаңа өзгерістер енгізді. Қоғамды ақ сүйек пен қара сүйекке бөлу бірте-бірте бәсендеп, тоқтады. Ендігі жерде қазақ халқынын әлеуметтік-таптык күры-лымының бай және кедейге бөлінгенін, кедейлердін. «сахара пролетариаты» болғанын, олардын. ауыр жағдайын ашып жазды. Бұл екі таптың әлеу-меттік мүдделерінінтіптен үйлеспейтінін, сонын салдарынан олардың ара-сында шиеленістік жағ- дайлардың болу мүмкіндігін ашады. Орыс казактарының қазақ жеріне қо- ныстандырылуы қоғамның әлеуметтік құрылымына өзгеше сипат беріп, ұлтаралық карым-қатынастарды калыптастырды.


Шоқан өз еңбектерінде таптар арасындағы әлеуметтік теңсіздіктің мотивін зерттеп, соның негізінде адамдардың қоғамда иеленетін стату-сының аныкталатынын және топтар арасындағы әлеуметтік шиеленіс-тердің пайда болуының негізгі себептерін көрсете білді.
Шоқан ұлтаралық қатынастар мәселесінііі өршуін қазақтардың өз жерінен ығыстырылып, материалдық жағдайының күрт құлдырауынан, керісінше, орыс казактарының қазақтардан тартып алынған құнарлы жерлерге орналасуынан, олардың тұрмыстык жағдайларының тез көтері- луінен деп есептейді. «Қазақтардың өрісі мен конысы туралы» деген ма- каласында Шоқан: «Казактар ұлан-байтақ жер кеңәстігін иеленгенімен, қазіргі уакыттатеконың шамалы ғана бөлігін пайдаланыпотырсада жерге әрдайым зәру», — деп құнарлы жерлерден айырыла бастағанын жазады. Жерді ұлтаралық қарым-кдтынастағы негізгі мәселе етіп қояды.
Шоқан өркендеудің қай сатысында тұрғанына қарамастан кез келген халықтыңөзін-өзі дамытуын, өзін-өзі қорғауын, өзін-өзі басқаруын және өзін- өзі жазғыруын қоғамдық даму зандылықтары ретінде қарастырып, олардың қазақ қоғамындағы әрекет ету көріністеріне тоқталады.
Ресей әлемдік сот тәжірибесін қабылдап, оны шеткі аймақтарға, сонын. ішінде қазақ еліне таратпақшы болды. Шоқан патша үкіметінін осы әрекетіне карсы шығып, оның негізсіздігін сынға алды. Онын, пікірінше, «рулық тұрмыс пен рулык кдтынастар үстем етіп түрған шакта, халықтың бұрынғы өмірінен туындап, оның даму жолдарынан және елінін, ерек-шеліктерінің ықпалынан қалыптасқан казіргі әрекет етуші билер соты қазақтардың дамуын барынша канағаттандырады».
7

II Ыбырай және Абайдың шығармаларындағы қоғам және адам мәселелері


Тарихи даму деңгейі феодалдык-рулықсатыны сақтаған қазақ қоғамын мейлінше жетік білетін ол: »Осы дарынды, ақыл иесі мол халыққа қазір, кешікпей түрып рухани және қоғамдық даму жолына түсетін дұрыс ба-ғыт беру, калай дегенмен, аса кджет болып отыр» — деп, казактардың неге мұқтаж болып отырғанын дәл тауып жазды. Ыбырай Алтынсарин осы міндеттерді дұрыс шешу арқылы ғана казак, қоғамының өркениетті елдер қатарына косылатынына кәміл сенді. Осымен байланысты қазақтарға білім беруді қолға алатын маңызды шаралардын. біріне, дамудың негізгі құралына балады. Білімсіздіктің етек алуынан қазақ қоғамын на-дандық жайлап отырғанын айта келіп, жұртты білім алуға шақырды. Сондықтан да ол өзінің жиырма бес жылдықөмірін жеткіншектерге білім беруге арнады.
Ы. Алтынсарин жергілікті жерлерден мектеп ашу ісімен айналысады, қазақ балаларына арнап оқулықтар, оқу құралдарын және әдістемелік кітаптар жазды. Ол қазақ кыздары үшін мектеп-интернат, ауыл шаруа-шылық және колөнер училищелерін аштырды. Өйткені Ы. Алтынсарин қазақ халқының жарқын болашағын тек оқу-ағарту ісімен, білім-ғылым-мен байланыстырған. Сондықтан да ол: «Мектеп - қазақтарға білім берудің басты құралы. Біздің барлық үмітіміз — казақ халқының келешегі осында, тек осы мектептерде ғана» деп жазған болатын.
Ы. Алтынсарин қазақ. балаларына арнап мектеп ашумен бірге, онда қызмет істейтін, балаларды окытып, тәрбиелейтін кадрларға, атап айт-қанда, мұғалімдерге аса зор мән берген. Ол мектептегі ен. басты тұлға -мұғалім деп есептеген. Мектептің материалдық-техникалық базасы мық-ты болғанымен, бұлардың жақсы мұғалімсіз берері шамалы, деп есептеген. Сол үшін де ол: «Халық мектептері үшін ең керектісі — окытушы. Тама-ша педагогика құралдары да, ең жақсы үкімет бүйрыктары да, әбден мүкият жүргізілген инспектор бакылауы да жақсы оқытушығатен келе алмайды. Сондықтан да жақсы оқытушыны дүниедегі заттын. бәрінен де кымбат көремін», деген болатын. Ол мектепке қажетті мүғалімдер даярлау мәсе-лесін, олардың кәсіби білім деңгейінің заман талабына сай болуын, тұрмы-стык жағдайларының жақсы болуын көкейкесті проблемалар катарына жатқызып, бұлардыңонды шешілуін талап етті,олардан оқытушының бе-делін, қоғамдағы рөлі мен статусын жоғары көтеретін факторларды керді. Мектепте оқушының бойында қоғамға керекті тұлғалық сапаларды негізінен қалыптастыратын, тиянақты білім беретін тек жақсы оқытушы ғана қызмет істеу керек деген қорытынды жасайды. Ы. Алтынсарин осы идеяларын жүзеге асыру үшін тынбай еңбек етті. Оның үсынысы бойынша Ор қаласында мүғалімдер даярлайтын тұңғыш мектеп ашылды. Ұлы ағартушы қазақ жастарына кәсіптік білім беретін, қолөнер, ауылшаруа-шылығы училищелерін ашуды қолға алып, оны бітірген мамандар казак халқынын экономикалық өркендеуіне зор үлес косады деген сенімде болды. Соның негізінде Торғайда қоләнер училищесін іске қосты.
Ы. Алтынсарин сол мектептердің шаруашылык істеріне де ерекше көніл
8

бөліп отырған. Бұл женінде ол: «Мектептің шаруашылық жағ-дайлары жаман болса, оның ісі еш уақытта да оңға баспайды, пайдалы еш нәрсе бермейді, онын оқушылары да, оқытушылары да істен күдер үзіп кетеді», — деп жазды. Бұдан жүз жыл бұрын жазған бұл сөздері осы уақытқа дейін өзінің маңызын, актуалдылығын жоғалтпай келеді. Өйткені казірдің өзінде де халыққа білім беру, мектептердің материалдык-техникалық базасын нығайту реформаның маңызды шараларының бірі болып отыр.


Ыбырай қазақ даласында қазақ балалары үшін ашылған алғашқы мектептердің негізін қалаушылардын, бірі болды. Осы өзі ашқан мектеп-тер мен онда дәріс алатын шәкірттерге арнап оку құралдары мен әдістеме-лік нұсқау-кеңес еңбектерін жазып, білім беру мен тәрбиені жүйелі жүргізетін мектепті маңызды қоғамдық институтка балап, педагогикалық әлеуметтанудың іргетасын елімізде калаған ағартушы. Оның жазған кітаптары білім беру тарихында алғашкы қазақ окулықтары ретінде әділ бағасын алды. «Мактубат», «Қазақхрестоматиясы», «Қазақтарғаорыс тілін үйретудің бастауыш құралы» атты төл шығармалары - бүгінде колға алы- нып, жарыққа шығып жатқан ұлттық оқулықтарды қалыптастырудын үлгісі болатын күнды туындылар.
Өзінің осы оқу кітаптарында танымдық, тәрбиелік мәні зор кептеген өлендер мен әңгімелер жазып қалдырды. Ы. Алтынсарин өз шығармала- рында мектептегі білім беру ісі мен тәрбие жұмысын біртұтас процесс ретінде көрсетіп, олардың қоғамда аткаратын функцияларына тоқталды және мектептің проблемаларын жүйелі әрі кешенді шешіп отыруды үйретті.
Ол ағартушы-демократ ретінде патша екіметінің отаршылдық саяса- тына, жергілікті екімет орындарының озбырлық істеріне наразылык, таныт- ты. Қазақ халқының қамын жеп, мүддесін корғады.
Көшпелі қазақ елін отырыкшылық өмірге көшуге,тек мал шаруашы- лығымен ғана емес, егіншілікпен де айналысуға, бау-бақша отырғызуға, қолөнеріне үндеген. Дінді зерттеді.
Өзінің «Мұсылманшылыктың тұтқасы» атты еңбегінде ол ислам ту-ралы объективтік түсінік беруге үмтылыс жасады. Ол ислам негіздері жөніндегі қолда бар кітаптың «ешқандай да жүйесі» жоқтығын, тіпті «көпшілік жағдайда мән-мағынасын» сақтамайтындығын, «араб жазуы» мен «құран заңына» оқыту ісін көбінесе шала сауатты адамдар жүргізетіндігін айтып, мұның бәрі қазақтың жас үрпағына «бүгінгі танда жағымсыз ықпал етіп отыр, ал келешекте одан да бетер әсер етуі мүмкін» деп жазды. Осыған байланысты Ы. Алтынсарин мұсылмандық шариғатты окиды да, «Мұсылманшылықтыңтүтқасы» кітабын жазып шығарады. Бұл кітабында ол мұсылмандық құқык пен есиетінің, діни жарлықтары мен салт-жораларының ережелерін объективті түрде баяндап берді.
Ислам ережелері бойынша адам құдайға құлшылық етіп, құран ере- желерін орындауы керек. «Байлық, кедейлік, білім, надандық құдайдан таралатынына сеніп керегі жоқ, — деп жазды ол, — еңбек етіп, оқу керек. Егер сен білім алсаң, дандайсыма, балаларды оқытып, оларды прогресс пен әділет жолына бағыттауға тырыс».
9

«Мұсылманшылықтың тұтқасы» кітабын жазғандағы келесі бір мак-саты қазақ оқу орындарында қазақ тілін татар тілінен корғап қалу еді. Өз шығармаларында тілге сіңісіп кеткен діни «кыдыр», «дәуіт», «әулие», «алла», «жаратқан», т.б. сөздерді колданған.


Ойшыл дш тарихын адамның әбден жетілген өнегелі дағдысынан алынған, өзіндік құндылығы бар исламның ғибратгы өсиеттерін білу үшін ұсынды.
Ы. Алтынсарин қазақ қоғамынын әлеуметтік күрылымын әлеуметтік- білімдік құрылымы аркылы ғана қарастырып коймаған, оның әлеуметтік- таптыккүрылымынада көңіл аударған. Қазаққоғамының кесіндісі ретінде Торғай облысының халқын алып, оны әлеуметтік зерттеу объектісі етеді. Зерттеу нәтижесінде қазақ коғамының әлеуметтік құрылымында мүліктік қатынасына карай үш әлеуметтік топтың болғанын дәлелдейді. Ол жыл- кысының саны 300-400, койы 400-500, түйесі 20-40, мүйізді ірі қарасы 50-60 басқа жеткен мал иелерін байлардың катарына коспай, оларға орташа шаруа деп караған. Бай атану үшін, сондай статус алу үшін аталмыш түліктер бұл әлеуметтік топта жүздеп емес, мындап саналған дегенді мезгейді. Ал карапайым шаруалардың, дәлірек айтканда, кедейлердің (жатақтардың) санатына мүйізді ірі кара малы 10-15 бастан, жылқысы 4—5 жә-не қойы 20- 30 бастан аспаған адамдарды жаткызған. Солай дегенмен де, мал шаруашылығының тиімсіздігін дәлелдеп, жүттың халықтың әлеу-меттік жағдайын төмендетіп жіберетінін жазды. Оның пікірінше, мал шаруашылығының тиімділігін арттыру үшін отырықшылыққа кешу ке-рек және бұл кезде егіншілік те дамиды. Шаруашылықтың отырықшы-лыкка көшірілуін қазақ, халқын прогреске апаратын маңызды тәсіл деп қарады. Отырықшылыққа – қолөнерді дамытушы фактор, деп қарады. Қолөнердің дамытылуы үй тұрмысына, жалпы шаруашылыққа қажетті әдеттегі бүйымдарды ендіру үшін керек, ал қазақтардың осындай заттарды іздеп алыстағы сауда орындарын жағалауы, малдан алынатын өнімдердің құнын кемітіп, еріксіз кажетті нәрселерге айырбастауы немесе сатып алуы осы саланың дамымауының салдары еді. Орыс, татар, Бұқар көпестеріне теріні 30 тиыннан 2—3 сомға, 1 пүт майды 2-3 сомға сататын. Осы шикізаттарды өнделгеннен кейін казактар қала базарынан етік былғарысын 6-10 сомға, майдан жасалған I пүт шырақты 6—7 сомға сатып алатын. Тіптен саз балшықтан құйылған кірпіштер үшін де башқұрт, татар, орыс казактарымен саудаласатын.
Отырықшылыктыңтиімділігін Ы. Алтынсарин оқу процесімен де бай- ланыстырады. Отырықшылык оқу процесінің үздіксіздігін, мектептердің тұракты жұмыс істеуін камтамасыз етеді деп түсінді.
Қазақ қоғамында ертеден калыптасқан әдет-ғүрыптар көптеп саналады. Ы. Алтынсарин олардын адамдар арасындағы байланыс пен карым-қаты- настарын нығайтудағы рөлін зерттеп, оның нормалық маңызын ашып көрсетеді. Ол әсіресе қазақтардың құда болу салтына ерекше мән беріп, одан қоғамды нығайтудың бірден-бір маңызды факторын байкады. Ы. Алтынсарин отбасының қазақ қоғамында ерекше міндетгер атқа-
10

ратындығына зор мән беріп, ата-аналардын. үл-кыздарын атастыру, неке- лестіру салт-дәстүрін отбасыныңтұрактылығын сақтаудың, туыстык қаты- настарды нығайтудың құралы ретінде сипаттайды. Сонымен катар қазақ жүртында сегіз атаға дейін жақындарының бойжеткен қызына үйленбеу салты әлеуметтік нормаға айналғанын атап көрсетеді.


Абайдын әлеуметтанулық көзқарастарының калыптасуына орыстың революцияшыл-демократтары мен Батыс Еуропа әлеуметтанушыларының еңбектері ыклал етті. Абай Г. Спенсердің орыс тіліне аударылған әлеу- меттанулык, туындыларымен танысып, оның эволюциялык, теориясын кабылдайды. Бүкіл тіршілік атаулыныңөзгермелілігі туралы ой Абайдың өлендері мен кара сөздерінде жиі ұшырасады. «Жиырмасыншы қара сөзінде»: «Дүние біркалыпты тұрмайды» десе, өлекінде: «адамзат күнде өзгерер» дей келіп, патриархалды-феодалдық күрылысты басынан өткізіп жатқан қазақтардың жаңа қоғамға етеріне зор сеніммен қарайды.
Абай ел билеушілерін сайлаудың оң құбылыс екенін түсінді. Алайда, оның да ел шыркын бұзатын келеңсіз жақтары бар екенін айта келіп, одан ел бірлігіне нүксан келтіретін мотивті көре білді. Ғұлама Абай өзінің «Болды да партия», «Мәз болады болысың», «Болыс болдым, мінеки», «Бөтен елде бар болса» атты елендерінде аталмыш мәселені үлкен әлеуметтік проблема ретінде көтереді.
Сөйтіп, империялық «бөліп ал да, билей бер» саясатынан шыққан билікке сайлаудың себеп пен салдарын бағамдайды.
Абай қазақ қоғамын дамытудын. құралы халыққа білім беру, оларды ғылымға тарту деп есептеді. Ғылымды ол әлеуметтік жағдайларды жақ- сартудың ғана бірден-бір құралы, деп карай отырып, ғылымды игеру бүкіл прогреске жеткізетін жол деп түсіндірді.
Ұлы ойшылдың пікірінше, ғылымды біз жанымыздан шығара ал- маймыз, жаралып, жасалып қойған нәрселерді сезбекпіз, кезбен көріп, ақылмен білеміз.
Абай осы тұжырымын «Отыз сегізінші сөзінде» тереңдете келіп, ғылым- ның, білімнің пайда болып, қалыптасуын және оның әлеуметтік рөлін былай- ша пайымдайды: «Адамның ғылымы, білімі хакиқатқа, растыққа құмар бо- лып, әр нәрсенің түбін, хикметін білмекке ынтық бірлән табылады».
Ғылымның бірден-бір мақсаты — қоғамды қажетті акпаратпен камта- масыз ету: «Ол хабарлардың ұнамдысы ұнамды қалпымен, унамсызы ұна- мсыз калпымен, әрнешік өз суретіменен көңілге түседі. Ақпаратты «көп жинағаны бар адам» сынап, орындысын, орынсызын — бәрін де бағанағы жиған нәрселерінен есеп қылып, карап табады. Бұлай етіп харекетке түс-кен адамды акылды дейміз».
Қоғамнын болашағы саналатын жастарға бағыттап жазған өлендері мен қара сөздерінде оларды жағымсыз жәйттерден сақтандырып, жақсылыққа ұмтылу керектігін түсіндіріп, тұлғаны калыптастыратын касиеттерді бел- гілеп берді. «Ғылым таппай мактанба» деген елеңінде Абай:
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асык бол,
11

Адам болам десеңіз...


Өсек, өтірік, мақтаншак,
Еріншек, бекер мал шашпақ —
Бес дұшпаның білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, ракым, ойлап қой —
Бес асыл іс, көнсеңіз, —
деп, адамды тұлға етерлік әлеуметтік қасиеттерді саралап көрсетеді. Ол тұлға мәселесін әлеуметтендіру процесімен ұштастырады. Әлеуметтендірудің негізгі агенттеріне Абай баланың ата-анасы, ағайын-туыстарын, білім мен ғылым орындарын, дін мекемелерін, т.б. жатқызады. Осы агент-тер арқылы әлеуметтендіру процесі жүзеге асады, соның нәтижесінде тұлға қалыптасады.
Қоғамдағы келексіз құбылыстармен, әлеуметтік әділетсіздікпен күрес- кен Абайға:
1) Өмірді өлтірме, қор кылма, сыйла;
2) Ұрлама, тонама, еңбегіңнің пайдасын әркімге тигіз;
3) Арамдыктан сақтан, әйелден аулак бол;
4) Өтірік айтпа, шындыкты айтуға қорықпа, бірақ ақиқатпен айт;
5) Жаныңнан өсек шығарма, біреудің айтқанын біреуге айтпа;
6) Ант ішпе;
7) Бос сөзге уакыт белме, орынды сөйле, әйтпесе үндеме;
8) Мактан қума, күндеме, жақыныңнын жақсылығына куан;
9) Жүрегінді ашудан тазарт, дүшпанынды жек көрме;
10) Сенімсіздіктен құтыл, хақиқатты үғуға тырыс - деген будда нор- малары өз дүние танымындай болды. Бұл парыздар ойшылдың шығарма- ларынан айкын аңғарылады.
Сөйтіп, Абай діннің қоғамдық институт ретіндегі аткаратын функ- цияларының арасынан тәрбие функциясын жоғары қояды. Абайдың шығар- маларында демократиялық мемлекет құру идеясы негізделген. Оның демократиялыкмемлекеті казіргі қоғамдыкғылымдар тілімен айтканда азаматтык қоғам және құқыктык мемлекет. Абайдыи пікірінше, азаматтык қоғамда әділеттілік принципі үстем болуы керек, тұлға құқығы мен бостандығы корғалуы тиіс, биліктің көзі халық болуы кажет, билікке лауазымды адамдар сайлануы керек, т.б. принциптер жүзеге асырылуы қажет.
Мемлекетте заңның бәрінен жоғары болуын, адамдардың бәрі бірдей заңға бағынуын талап етеді, азаматтардын бостандығы мен күкығынын жүзеге асырылуын колдайды, кім болса да занды орындауы қажет деп санайды.
Демократиялықкөзқарастарынасәйкес, Абай қоғамдыкдамудеңгейі артта калған ұлтымыздың әдеттегі құқыктык институттарының кереғар тұстарын батыл сынға алып, олардың әлеуметтік мәні зор баптарын өмір талаптарына қарай бейімдеуді талап етті. Осы талапты іске асыруды өзі қолға алды.
Абайдың өзі жазған Ереженің мазмұны 74 баптан түрады. Бұл - құқық әлеуметтануына елеулі үлес қосқан маңызды құжат. Абай орын алған ескі
12

құқыктыкжүйені өзгерту және ислам діні орныктырған шарттарды қоғам- дықемірге сай бёйімдеу аркылы азаматтық, кылмыстык, тұрмыстык, неке және басқа да шарттарды, көне заманнан бері пайдаланылып келген әдеттегі құқық нормаларын барынша толықтырды және дамытты.


Мемлекеттік биліктіңтармактарға бөлінуіне, олардың аткаратын мін- деттеріне назар аударады. Зан шығаратын органға ең жоғары биліктің формасы ретінде қарап, оның кабылдаған зандарының әлеуметтік, т.б. салаларды дамытуда тиімді рөл атқаратынына үміттене қарайды. Қазіргі саясат әлеуметтануында қолданылып жүрген парламент ұғымы Абайдың түсінігінде — басалқа. Оның қабылдаған заңы халықты әлеуметтік-эко- номикалық және саяси қиыншылыктар мен тоқыраулардан алып шығатын аса маңызды құрал. Сондықтан ол «басалқаңыз бар болса, жанған отқа күймейсің» деп түйеді. Абайдың түсінігінде оның шығарған занда-ры қоғамдық өмірдің барлық саласында үстем болуы тиіс және заң ал-дында бәрі бірдей жауапты болады, соның негізінде демократия дамып, билік ету жүйесі жетілдіріледі. Абай осы идеяларын «Отыз жетінші сө-зінде»: «Мен егер закон қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінөзін түзеп болмайды деген кісінін. тілін кесер едім», — деп тұжырымдайды.
Абай қабылданар заңның ғылым мен халықтың пікіріне сүйенуі тиіс дей отырып, оның қоғамды өзгертудегі және мемлекеттін. функциясын дамытудағы рөлін бағамдайды.
Саяси биліктің тармақтарға бөлініп, бірінік міндетін бірі қайталамай орындалуына көңіл аударады. Соттың баскд билік тармақтарынан дер- бестігін қолдады. Әсіресе соттың қабылданған заңнын дұрыс орындалуын кадағалау функциясын мейлінше қолдады. Мемлекет тарапынан адам күкығыныңтиімді қорғалуына Абай ерекше назар аударып, «Күлімбайға» деген өлеңінде күкык нормаларын бұрмалаушылықкд, заңсыздыкха қарсы шықты.
Бұрынғыдай дәурен жоқ,
Ұлық жолы тарайды.
Өтірік берген қағаздың
Алды-артына карайды.
Өз қағазы өз көзін
Жоғалтуға жарайды.
Тауып алып жалғанын,
Қылмысынды санайды.
Өзі залым закүншік
Танып алды талайды.
Көрмей түрып күсамын,
Темір көзді сарайды.
Сот әзіне жүктелген міндеттерді жақсы орындау үшін судьяларды сот қызметіне өмірлік етіп сайлауды жөн санады.
«... Әрбір елден толымды-білімді кісі билікке жыл кесілмей сайланса, олар түссе, жаманшылығы әшкере білінгендіктен түссе, әйтпесе түспесе» деп жазды ұлы ойшыл («Үшінші сөз»). Үкімнің әділ болуын жақтады. Сот үкімі
13

заңға сүйенген, фактілермен дәлелденген болуы тиіс деп түсінді.


«Кез келген үкімнін яки жазыктылықты, яки жазықсыздықты анық- таудың негізінде өзінің бүкіл жиынтығымен фактілер жатуға тиіс» деп тұжырым жасап, сот қызметінін. басты функциясын ерекшелейді.
Абай заң шығарушы орган, сотпен катар биліктің маңызды бір тармағы саналатын аткарушы билікке де зер салып, оның ез міндетін тиімді аткаруы үшін: жарлық қолында бар болуы керек» («Қырық бірінші сөз»), —деп түйіндейді. Абайдың ойынша, мемлекет атқарушы билікті күшейтуі қажет. Ол үшін өзіне жүктелген функцияларды үтымды атқара алатын, халқының сеніміне ие болған, арнайы басқару білімі, тәжірибесі мол тұлғалар ат- қарушы билікті жүргізуі керек. Ол: «Сатып алған, жалынып, бас ұрып алған биліктің ешбір қасиеті жоқ» («Жиырма екінші сөз») деп, билікке, басқару ісіне рулық туыстық таныстық негізде тағайындауға үзілді-кесілді карсы болғанын байқатып, оның жағымсыз, қоғамды тоқырататын құбылыс екенін мегзеді.
Абай саяси және күк,ыктық әлеуметтану кезқарасында бюрократтық көріністерге талдау жасап, бюрократияны калыптастыратын мотивтердің негізіне надандықты, білімсіздікті,өркөкіректікті және менмендікті алып, бұлардың келеңсіз күбылыска соктыратынын жасырмады. Ел басшысы, мемлекет қызметкерлері халықка тек жағымды касиеттерімен ғана танылуы тиіс. Бұл кдсиеттерді бюрократтық жағымсыздыктардан аман сақ-тайтын маңызды факторлар деп карайды. Сондықтан Абай «Қуанбандар жастыққа» деген өлеңінде саяси билік жүргізетін тұлғаларға:
Сыпайы жүр де, шаруа ойла,
Даңғайлатып қаптыкпа, —
деп акыл-кеңес береді. Атақ-дәрежеге, лауазымды қызметке тоқтауы бар күбылыс ретінде караған. Онын бүгін бар да, ертең жок болатын нәрсе екенін, сондықтан қызметкердін ез кісілігін сақтауын ескертеді.
Әлеуметтік ортаны, жалпы қоғамды ғұлама Абай адамды жан-жақты етіп қалыптастыратын негізгі социум және басты фактор ретінде қарас- тырады. Сондықтан ол «Адам баласын заман өсіреді, кімде-кім жаман болса, замандасының бәрі кінәлі» деген ой түйіндейді. Бұл жерде Абай адамның (индивидтің) қоғаммен карым-қатынасын, байланысын терең сараптай келіп, оны қоғамды құраушы элемент және белгілі бір рөлді аткарушы етіп көр- сетеді. Бұл көзқарасын жалғыздық туралы ой-пікірмен терендете түседі. Оның тұжырымы бойынша, «Дүниеде жалғыз калған адам — адамның өлгені». Адам қоғамнан тыс бола алмайды, әрдайым қоғамды қажетсінеді. Сондықтан ол социумның мүшесі, оны дамытатын жасам-паз жан. Ірі социум саналатын қоғамдыкортасыз адамныңтыныс-тіршілігі болмайтыны анық. Адамсыз қоғам, қоғамсыз адам өмір сүрмейді.
Абай жеке адам мен қоғам арасындағы өзара байланыс пен қарым- қатынастың мазмұнына үңіліп, оған әлеуметтік процесс іспетті қарады.
14

Қорытынды


Қорыта келгенде, Шоқан өркендеудің қай сатысында тұрғанына қарамастан кез келген халықтыңөзін-өзі дамытуын, өзін-өзі қорғауын, өзін- өзі басқаруын және өзін-өзі жазғыруын қоғамдық даму зандылықтары ретінде қарастырып, олардың қазақ қоғамындағы әрекет ету көріністеріне тоқталады.
Шоқан өз еңбектерінде таптар арасындағы әлеуметтік теңсіздіктің мотивін зерттеп, соның негізінде адамдардың қоғамда иеленетін стату-сының аныкталатынын және топтар арасындағы әлеуметтік шиеленіс-тердің пайда болуының негізгі себептерін көрсете білді.
Шоқан ашқан жаңалықтар мен зерттеулердің нәтижелерін кейінгі ғалымдар өз еңбектері мен зерттеулеріне негіз етіп алатын. Жастарды ғылым жолына үйретуде де Шоқан Уалиханов есімі әрдайым биік орындарды иемденеді. "Халықтың кемеліне келіп, өркендеуі үшін ең алдымен, азаттық пен білім қажет" деп Шоқан Уалихановтың өзі айтқандай жастарға оның мұраларын жеткізіп, сол сияқты энциклопедиялық білім алуға шақыры аса маңызды іс.
Ы. Алтынсарин қазақ. балаларына арнап мектеп ашумен бірге, онда қызмет істейтін, балаларды окытып, тәрбиелейтін кадрларға, атап айт-қанда, мұғалімдерге аса зор мән берген. Ол мектептегі ен. басты тұлға -мұғалім деп есептеген. Мектептің материалдық-техникалық базасы мық-ты болғанымен, бұлардың жақсы мұғалімсіз берері шамалы, деп есептеген. Сол үшін де ол: «Халық мектептері үшін ең керектісі — окытушы. Тамаша педагогика құралдары да, ең жақсы үкімет бүйрыктары да, әбден мүкият жүргізілген инспектор бакылауы да жақсы оқытушығатен келе алмайды. Сондықтан да жақсы оқытушыны дүниедегі заттын. бәрінен де кымбат көремін», деген болатын.
Ыбырай оқу-ағарту жұмыстарына өз заманының ең озық әдістемелерін қолдана отырып, білімнің балаларға ана тілінде берілуіне айрықша мән береді. Ол кітаптарындағы оқушыны отан сүйгіштікке, еңбекке, кісілікке — тәрбиелейтін ғибратты шығармалары ешқашан да өзінің мән-мағынасын жоймақ емес.
Сонымен, әлеуметтік ортаны, жалпы қоғамды ғұлама Абай адамды жан- жақты етіп қалыптастыратын негізгі социум және басты фактор ретінде қарастырады. Сондықтан ол «Адам баласын заман өсіреді, кімде-кім жаман болса, замандасының бәрі кінәлі» деген ой түйіндейді. Бұл жерде Абай адамның қоғаммен карым-қатынасын, байланысын терең сараптай келіп, оны қоғамды құраушы элемент және белгілі бір рөлді аткарушы етіп көр-сетеді. Бұл көзқарасын жалғыздық туралы ой-пікірмен терендете түседі. Оның тұжырымы бойынша, «Дүниеде жалғыз калған адам — адамның өлгені». Адам қоғамнан тыс бола алмайды, әрдайым қоғамды қажетсінеді. Сондықтан ол социумның мүшесі, оны дамытатын жасам-паз жан. Ірі социум саналатын қоғамдыкортасыз адамныңтыныс-тіршілігі болмайтыны анық. Адамсыз қоғам, қоғамсыз адам өмір сүрмейді.
15

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.


1. Әбсаттаров Р.Б. Дәкенов Н. Әлеуметтану.- Алматы: Ғылым,2004.
2. Қарабаев Ш.К. Әлеуметтану негіздері: Оқу құралы. Алматы:
Экономика баспасы, 2007.
3. Тұрғынбаев Ә.Х. Социология. Алматы, 2001.
4. Социология. Оқулық. Алматы, 2002.
5. Социология. Жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған
оқулық. Алматы, 2002.
6. «Әлеуметтану» ІІ –том М.М.Тәжін. Алматы қазақ университеті 2005
ж,89-95 бет.
7. Сәкен Өзбекұлы «Абай және адам құқы» Жеті жарғы. Алматы 1995,
3-6 бет.
8. М.Тәжін, Аяганов Б. «Әлеуметтану оқулық» Алматы 2006ж, 92-95 бет.
16

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет