1 Сезімталдық организмнің сыртқы ортадан және өзіндік тіндермен, ағ



Дата15.03.2022
өлшемі19,37 Kb.
#135748
Байланысты:
13 БИЛЕТ


1)Сезімталдық - организмнің сыртқы ортадан және өзіндік тіндермен, ағ-
залардан тітіркенуді қабылдау мүмкіндігі. И.П. Павловтың анализаторлар
жайлы зерттеулері табиғат және оның механизмдері жайлы түсінік калыптас-
тырды. Әрбір анализатор шеткері бөлімнен, өткізгіш бөліктен және қыртысты
бөлімнен тұрады.
Рецепторлар - арнайы сезімтал құрылымдар, ағзадағы сыртқы және ішкі
өзгерістерді қабылдап, оларды жүйке импульстарына айналдырады. Рецептор-
лар афферентті нерв талшықтарының перифериялық бөлігін құрайды, олар
жұлын түйіндерінің псевдоуниполярлы нейрондары. Осы арнайы рецептор-
лардың арқасында сыртқы қоздырғыштардың алғашқы анализі - бөліктер-
ге бөліну, сигналдардың сапасы мен саралануы жүргізіледі. Барлық сыртқы
әсерлер (сенсорлы стимулдар) жүйке импульстарына тасымалданады, олар
ОЖЖ-ға барады. Сенсорлы стимулдың жүйке импульстарына тасымалдануы
ионды канал рецепторларының тікелей белсенуі арқылы жүреді немесе тіке-
лей емес белсену арқылы ол жасуша ішілік салдарлық мессенджерлер арқылы
жүзеге асады. Барлық жағдайда жүйке импульсі әрекет потенциалы ретінде
өткізіледі, ол жасушадан жасушаға өту арқылы нерв талшықтарына тарайды.
Сезімталдық өзіндік арнайылық, модальдылық қасиеттеріне ие; сол ар-
қылы сараланған афферентті ақпаратты қабылдайды. Өзінің атқаратын қыз-
метіне қарай рецепторлар бөлінеді: экстерорецепторлар (тері қабаттарында
орналасады, сыртқы ортадағы ақпаратты береді), телерецепторлар (көру және
есту мүшелерінде), проприорецепторлар (бұлшықет, сіңірлерге күш түскенін,
дененің қозғалысы жайлы ақпарат береді), интерорецепторлар (ағзаның ішкі
жағдайын хабарлайды). Сонымен қатар, осмо-, хемо-, барорецепторлар бар.
Тері рецепторларын атқаратын қызметіне қарай жіктеуге болады: меха-
норецепторлар (қысым, жанасуды сезеді), терморецепторлар (жылу, суық),
ноцицептивті немесе ауырсыну рецепторлары. Осы рецепторлар теріде көп,
әсіресе, тері мен эпидермис арасында, сондықтан тері сезімтал ағза ретінде
қарастырылуы мүмкін.
Механорецепторлар тактилді стимулдарға әсер етеді және олар тез неме-
се баяу адаптацияланады. Тез әсер ететін ол түкті фолликулдар, Мейсснер
денешігі, тері асты Мейсснер денешігі Түкті фолликулалар ре-
цепторлары мен Мейсснер денешігі 30-40 Гц жиілікті түзетін стимулдарға
жауап кайтарады, ал Пачини денешігі 250 Гц жиілікті жауап береді. Ал баяу
Әсер етуші тері механорецепторларына Меркель дискі жатады, оның рецеп-
тивті алаңы бар. Сонымен бірге, Руффини денешігі теріні созғанда белсенеді.
Осы рецепторлардың барлығының миелинді аксондары бар, олар әр топта-
ғы талшықтарға жатады, түкті фолликупалардың рецепторларынан басқа, Абай
талшықтарымен қамтылған. Миелинсіз аксонды механорецепторларда (С
топтағы) бар, олар баяу қозғалатын стимулдарға әсер етеді (сипау).
Терморецепторлар температуралық әсерге сезімтал. Терморецепторларды
жылы және суық деп бөледі. Олар бейімделуші рецепторларға жатады, бірақ
олар фазалық өзгерістерге, температураның жылдам ауысуына жауап бере
алады (қысқа уақытылы жоғары жиілікті). Басқа рецепторлармен салыстыр-
ғанда терморецепторлар қалыпты физиологиялық жағдайда спонтанды им-
пульсацияға ие және температураның кең кеңістігінде белсенділік көрсетеді.
Қалыпты температура кезде (мысалы 35 °C) суық сондай-ақ жылу рецептор-
лары да белсенді, олар ОЖЖ-дан сараланған ақпаратты алуға мүмкіндік бе-
реді. Теріні 37 °С жоғары қыздырғанда суық рецепторларынан импульсация
тоқтайды, ал теріні 35 °С-қа төмендетіп суытқанда жылу рецепторларының
импульсация тоқтайды, осы кезде жоғары - табалдырықты суық рецептор-
ларының бірі белсенеді. Егер температура 45 °С-тен жоғары болған жағдайда
ауырсыну деңгейге жеткенде, терморецепторлар өзінің белсенділігін жоғалта-
ды, сол себептен организмге қауіп төнгені, күйік немесе ауырсыну сигналда-
ры жетпейді. Тері температурасы белгілі деңгейге төмендеген кезде көптеген
суық рецепторлары Аб талшықтарымен қамтамасыз етіледі, ал жылу рецеп-
торлары - С талшықтарымен.
Ауырсыну рецепторлары (ноцицепторлар) организмге қауіп төндіретін сти-
мулдарға әсер етеді (3.2-сурет). Тері ноцицепторларының негізгі екі түрі бар:
Аб-механоноцицепторлары және полимодалды С-ноцицепцепторлар. Меха-
норецепторлар жіңішке миелинді талшықтармен, ал С-ноцицепторлары миелинді емес С-талшықтарымен жүйкеленеді. Аб-механорецепторлары терінің
қатты механикалық зақымдануына жауап береді, мысалы инемен шаншу не-
месе пинцетпен шымшып алу сияқты. Әдетте олар термиялық және ауырсыну
стимулдарына жауап қайтармайды. Полимодалды С-ноцицепторлары әр түрлі
ауырсыну стимулдарына жауап береді, олар механикалық, термиялық және
химиялық болады.
Ноцицепторлардың афферентті талшықтарының жоғары сезімталдығы
сенситизация деп аталады. Рецепторлар зақымдалған стимулдарына жауап
берген кезден кейін сенситизация дамиды. Сенситизирленген ноцицептор-
лар екіншілік стимулдарға жылдам әсер етеді және одан да қатты ауырсыну-
ды шақырады, ауырсыну сатысы жауап ретінде төмендейді. Ноцицепторлар
фонды разрядты түрлендіре алады, сондықтан спонтанды ауырсыну байқа-
лады. Сенситизацияға ауырсыну жүйкелерінің маңайында орналасқан тін-
дердің зақымдануы мен қабынуы себеп болады. Олар тіндерден (гистамин,
серотонин, простагландиндер, лейкотриен, К* иондары) босап шығуымен,
ісіну медиаторлары және қабыну (брадикинин, каллидин) (3.2-сурет) жүреді.
Ноцицепторлардың белсенуі кезінде миелинді емес С-афференттерінен пеп-
тидтер (субстанция Р, нейрокинин А, акуыз, кальцитонинның кодты геномы) босап шығады. Нәтижесінде пайда болатын жүйке импульсі антид-
ромды таралуы мүмкін (аксон-рефлекc), сонда тіндерге үнемі нейропептидтер
бөлінеді, олар тіннің өткізгіштігін арттырады және альгогендердің локалды
концентрациясының жоғарылауына әсер етеді. Осы пептидтер тамырдың бо-
сауына әкеледі.
Капилляр өткізгіштігі, сонымен қоса, басқа заттардың әрекетін жоғары-
латып, зақымданған жасушадан тромбоциттерді, мес жасушаларды, лейко-
циттерді патологиялық ошақтан шығарады. Соңында қабынудың пайда болу
әсерінен кызару, дене қызуының жоғарылауы, ісіну, сезімталдықтың жоғары-
лауы сенситизациялы ноцицепторлар әсерінен дамиды.
Бұлшықет, буын, және ішкі ағзалардың рецепторлары. Ноцицепторлар
бұлшықетке кысым жасаса немесе метабалиттер босауына көбінесе ишемия
кезінде үлкен әсер етеді. Бұлшықет ноцицепторлары орташа диаметрлі ак-
сондармен және жіңішке миелинді немесе миелинсіз афферентті аксондармен (IV топ) жүйкеленеді.
Беткейлік сезімталдықтың өткізгіш жолдары
Бірінші нейрон жұлын түйінінің псевдоуниполярлы нейрондары, олар
ауырсыну және температура сезімталдығының импульстерін өткізуші ней-
рондары (3.7-сурет), шеткері тармақтар (дендриттер) миелинді және мие-
линсіз талшықтардан тұрады және терінің (дерматома) белгілі аймағының
рецепторларына бағытталады. Бұл жасушаның орталық тармақатары (ак-
сондар) жұлынның артқы түбіршегінің латералды аймағы арқылы кіреді.
Жұлында олар қысқа төмендеген және жоғарлаған коллатералдарға бөлінеді
де, 1-2 сегменттен кейін интернейрондардың желатинозды субстанциясы-
мен байланыс түзеді.
Жұлынның күрделі біріккен жасушалық тобы сенсорлық ақпараттың
біріншілік анализін, сигналдардың модуляциясын және олардың жүйке жү-
йесінің жоғарғы бөліктеріне өтуін қамтамасыз етеді.
Артқы мүйізде салдарлық нейронның денелері орналаскан, жоғарылаған
аксондары қиғаш үстіне қарай бағытталады да алдыңғы сұр затқа барып қа-
рама-қарсы жаққа өтеді. Олар тежегіш бағандарда орналасып, латералды
жұлын - таламустық жолды құрайды. Олар блоктаушы бағанда орналасып,
латералды жұлын-таламустық жолды түзеді. Бұл жолдың құрамында жүретін
талшықтар соматотопикалық таралуға ие: жұлынның төменгі сегментінен
(аяқтың, дененің төменгі бөлігінің нервтенуін қамтамасыз етеді) таралған
талшықтар латералды, ал жоғарғы сегментінің таралған талшықтар медиалды
(ұзын өткізгіштердің эксцентрикалыкорналасуы) орналасады.
2) [09:42, 10.09.2021] Беркелиева Райшын 514 Б: Перифериялык жуйкенiн невропатиясы Kapi жiлiк жуйке нервопатиясы. Жогаргы жак жуйкелерiнiн iшiнде карi жiлiк жуйкесi жил закымданады. Heri3ri себебi латералды булшыкет ара- лык перде тесiлген жерiнен иыктын ортангы және теменгi болiгiнiн басылуы. Уйкы кезiнде жаракатка бейiм болып келедi, наукас улыктап жатканда, колын басынын астына немесе денесiнiн астына койганда, кобiне мастанумен бай- ланысты терен уйкыда. Иык суйектерi сынганда закымдалуы мумкiн, жгут- пен басылганда, иыктын беткейiне iшкi инъекцияны дурыс емес жургiзгенде, кебiне жуйкенiн аномальды орналаскан жерлерiнде, балдакты дурыс колдан- баганда ("балдақты" салдану). Сирек себебiне инфекция (бертпе сузегi, ту- мау) жэне интоксикация (коргасынмен, алкоголькен). Клиникалык корiнici кэрi жiлiк жуйкесi закымиалу денгейiнде аныкта- лады. Иыктын белiгiмен колтык асты шункырдын закымдалган- да оның нервтейтiн булшыкеттердiн салдануы болады (14.2-сурет): қолды кетергенде кол салбырап турады («асылган» кол); I саусак II саусакка экелiнген; бiлекпен колдын жазылуы, I, кейде III саусак сезiмталдыгы- нын темендеуi айкын емес, кобiне парестезия байкалады. жiлiк жуй- кесiнiн ортангы иык денгейiнде закымдалганда бiлек жазылуы, шынтактык рефлекс сакталган; жогарыда симптомдар бар кезде иыкта
Сезiмталдык сакталган. Жуйкенiн иыктын теменгi болiгi мен бiлектiн жогаргы белiri закымдалганда бiлектiн сырткы белiгiнде сезiмталдык сакталуы, кол, саусактардын жазылу функциясы мен колдын сыртқы бетiнiн сезiмталдыгынын бузылуы. Kapi жiлiк жуйкесiнiн закымдалуынын диагностикалык сынамасы:
турган калыпта колды темен тусiрген жагдайда кол супинациясы мен
I саусак экетiлуi мумкин эмас;
жазыктыкка саусакпен кол сыртымен мезетте жанасу мумкiн;
егер кол алакан бетiмен устелде турса,
III саусакты касындагы саусактарга кою мумкiн емес;
Сол жактагы кәрi саусактарды ашкан жагдайда (КОЛ жiлiктiн закымдануы
бip-бipiне алакан бетiмен жанаскан) закымдалган когда ол ашылмайды, бугiлiп, сау алақаннан сыргиды.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет