1. Шет тілі сабағында ақпараттық технологияларды қолданудың теориялық негіздері


Шет тілін оқытудың негізгі принциптері



бет3/5
Дата29.04.2018
өлшемі1,27 Mb.
#40303
1   2   3   4   5

Шет тілін оқытудың негізгі принциптері

Ағылшын тілін оқыту арқылы мектеп оқушыларының ақпараттық құзыреттілікқа тәрбиелеу жүйесін жасауда елімізде жалпы білім беру саласында аталған тәрбие жұмысына сай қалыптасқан мына төмендегідей принциптер алынады:

Ағылшын тілін оқытудың негізгі педагогикалық принциптерінің бірі оқу-тәрбие үдерісінің тұлғалық бағыттылығы.

Соңғы кезде білім беру үдерісінде жеке тұлғаға бағытталған тәлім-тәрбие мәселесіне үлкен ден қойылуда. Себебі қоғамның бүгінгі қарқынды дамуы әр істе белсенді әрекет жасай алатын жаңа ұрпақ адамының қалыптасуына тәуелді болып отыр. Яғни жаңа дамып келе жатқан қоғамға жаңа білім алған, жаңа тұрмысқа, жаңа еңбек түрлеріне, жаңа қатынастарға бейімделген, өз бетінше шығармашылық қабілет-қасиеттерін дамыта алатын, өзінің мүмкіндіктерін бағалай білетін және оларды қалыптасқан қатынастар жүйесінде іске асыра алатын тұлға қажет. Ал, бұл қажеттіліктің жүзеге асырылуы білім беру тәсілін, оны жақсартудың әдістемелік негіздерін жетілдіруге тікелей байланысты. Білім беру тәсілдерін жетілдіру мәселелері қашанда белгілі ғалымдар мен педагог-әдіскерлердің назарынан тыс қалмай олардың үнемі зерттеу нысанына айналып келеді. Айталық М.В.Кларин, Л.С.Выготский, С.Л.Рубинштейн, А.Н.Леонтьев, А.В.Петровский, Б.М.Бим-Бад, Е.И.Пассов, т.б. Ғалымдар мен жаңашыл ұстаздар білім берудегі тұлғалық бағыттылықты қалыптастырудың теориялық және әдістемелік негіздерін жасауда үлкен нәтижелерге жеткен. Олар білім берудің әлемдік процесіне тән негізгі тенденцияларды атап көрсетті. Оның ішінде танымдық іс-әрекеттердің тәсілдерін белсенді меңгеруге бағытталған, тұлғаның мүддесіне және мұқтажына бейімделген, оның өзін-өзі ашып көрсете алатын мүмкіндікті қамтамасыз ететін білімнің басымдылықтағы орынға ие екендігі ерекше көрсетілген. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында да жеке тұлғаны қалыптастырудағы білім берудің мақсаты мен оның тәсілдерін жетілдіру міндеті де айқын көрсетілген. Атап айтқанда онда: “Орта білім берудің мақсаты – жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру”, - делінген [2]. Ендеше оқу-тәрбие үдерісінде жеке тұлғалық бағыттылықты қалыптастырудың және жетілдірудің теориялық негіздері мен технологиясына ғылыми тұрғыдан талдау жасалынып, оны шешудің жолдары көрсетіліп, жаңа міндеттері айқындалып жатыр деуге толық негіз бар. Оған тағы бір дәлел көптеген ғалымдар өздерінің еңбектерінде тәлім-тәрбие берудің мақсаты ретінде тұлғаның дамуын ерекше атап көрсеткенін де атап өтуге болады. Бұл еңбектерде жеке тұлғалық бағыттылықты жасау және қалыптастыру туралы жалпы зерттелген пікірлер біріктіріліп бірқатар принциптердің жүзеге асуына яғни тұлғаны қалыптастыру, дамыту идеясын, гуманизмнің жалпы адамдық принципін педагогикалық қатынастардың демократизациялау принципін, тұлғаны дамытудағы ішкі өзін-өзі жөнге салу механизмін қолдану және күшейту аңсарын қалыптастыруға байланыстылығы негізделген.

Тұлғаны қалыптастыруда әрбір пәннің жеке алатын орны бөлек. Әсіресе гуманитарлық пәндердің мүмкіндіктері зор. Себебі гуманитарлық пәндер адамзаттың білім байлығының және оның өмірлік тәжірибесінің сақтаушысы болып табылады. Соның ішінде шет тілі де осы гуманитарлық пәндер циклындағы маңызды пәннің бірі болып саналады. Шет тілін оқытудағы тұлғалық бағыттылықты қалыптастыру тәсілінде оқушының тікелей іс-әрекеті, оның көзқарасы, сабақтағы және сабақтан тыс қызығушылығы және бейімділігі, сабақ кезіндегі қарым-қатынасты ұйымдастыруда ескеріледі. Шет тілін оқыту ерекшелігі оқу тақырыптарын өту мақсатында ғана құрылмайды, ол өмірдегі белгілі бір проблемаларды талқылауға арналады. Яғни оқушылар шет тілін оқу үдерісінде өздерінің жеке істерін, қылықтарын, күнделікті сыныптағы, мектептегі, туған ауылындағы, қаласындағы, еліндегі және әлемде болып жатқан жағдайларға өз ойын, пікірін білдіріп және өз ойын дәлелдеуі керек. Ол үшін мұғалім сабаққа қолайлы психологиялық климат және жағымды көңіл күй қалыптастыруға жағдай жасауы тиіс. Релаксация, тілектестік қарым-қатынас атмосферасында жүргізілген оқытудың тұлғаның жан-жақты ашылуына көмектесетіндігін, оқушыға түсетін психологиялық кедергіні, яғни ұялшақтықты, ынжықтықты өзіне деген сенімсіздікті жеңуіне мүмкіндік беретіндігін белгілі Ресей ғалымдары В.П.Кузовлев, В.С.Коростелев, Е.И.Пассовтар атап өткен [14]. Олай болса оқушы шет тілін тек қарым-қатынас құралы ретінде ғана қабылдап қоймауы керек, ол шет тілі пәнінің адамда әлеуметтік маңызды қасиеттерді қалыптастыруға септігін тигізетін үлкен мүмкіндігін де білуі тиіс. Бұл орайда біз И.Л.Бимнің шет тілін үйрену арқылы оқушылар қарым-қатынас жасауда жаңа құралдарды меңгереді, «әлем терезесіне» еркін үңіліп әлемдік мәдениетке, өзі тілін үйреніп жатқан елдің мәдени құндылықтарына, оның тарихын, ел тану, ғылым, әдебиет, өнерін білуге еркін қол жеткізе алады деген пікіріне толық қосыламыз [15].

Шет тілін оқыту арқылы тұлға дамуын жетілдіру мәселесі көптеген ғалымдар В.А.Артемов, Б.В.Беляев, И.Л.Бим, И.Н.Верещагина, Н.И.Гез, А.А.Леонтьев, А.А.Миролюбов, Е.И.Пассов, Г.В.Роговалардың еңбектерінде жан-жақты қарастырылып, оның тұтас концепциясы жасалған. Яғни, оқу процесінде оқушылардың әртүрлі деңгейін ескере отырып өзара әрекетті жүзеге асыратын, тұлғаның дамуына бағытталған концепция жасалған. Бұл концепцияда ғалымдар шет тілін оқыту жаңа мағлұмат беруге ғана емес, оқытудағы ойланудың жаңа формасын, өз бетінше жұмыс істеу дағдысын меңгеруге, қойылған мақсаттың ең тиімді жолдарын таңдауды, іс-әрекет процесінде өзін-өзі бақылауды және өзін-өзі түзетуді жүзеге асыру қажеттігін көрсетіп берген. Осы тұрғыдағы көзқараста И.С.Якиманскаяның да пікірі қызығушылық туғызады. Ғалым «Ілім тек мағлұмат емес, бұл оқушы үшін жеке мағынаға, құндылыққа, қатынасқа толық субъектілік әлемді мағыналық жағынан аңдау мен түсіну болып табылады», - деп көрсетеді [16].

Жеке тұлғалық бағыттылықты жасау технологиясына байланысты жіктеулер жасау мәселесінде де ілгерілік байқалады. Атап айтар болсақ бұл мәселеде зерттеуші Г.К.Селевко мен И.Ф.Харламовтардың жіктеулері мағыналық жағынан тартымды көрінеді. Г.К.Селевко қазіргі заманғы білім беру технологиясын зерттей келе жеке тұлғалық бағыттылықты жасаудағы басты мақсат баланың жан-жақты, еркін және шығармашылық дамуына жетуде антропоцентрлік, гуманистік және психотерапевтік бағыттың рөлін ерекше атап көрсетеді [17]. Ал И.Ф.Харламов тұлғалық қасиеттерді қалыптастыруда білімді болудың жеткіліксіз екендігін айтады. Оның пікірінше әрбір жеке адам білім, білік және дағды жиынтықтарын жақсы меңгеріп жоғары білімділігін көрсете алса да, ол өзінің тәрбиелілігін көрсете алмауы мүмкін, яғни қарым-қатынас жасау мәдениетінің болмауы, эгоцентрлік әдетінің болуы оның өнегелі болып саналуына қайшы келеді. Сондықтанда мектептің мақсаты оқушыларда жоғары ілім деңгейін қалыптастырумен қатар жоғары тәрбиелік деңгейді де қалыптастыру болып табылатынына ерекше мән береді [18].

Сонымен тұлғалық бағыттылық қасиетті қалыптастыруда оқушы өзін-өзі дамытатын, өз бетінше білімін көтеретін, өзін-өзі іске асыра алатын субъектіге айналады, ал оқу үдерісі, оның категориялары (мақсаты, мазмұны, әдістері, формалары) тұлғалық бағыттылықты жасаушы, қалыптастырушы қайнар ретінде қабылданады.

Біздің пікіріміз бойынша осы қаралған мәселе шет тілін оқыту үдерісінде ақпараттық құзыреттілікқа тәрбиелеуде тұлғалық бағыттылықты қалыптастырудың теориялық негізін ұғындырып қана қоймайды, сонымен қатар мектепте жүргізіліп жатқан оқу-тәрбие жұмысына талдау жасауға да мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, ағылшын тілін оқыту арқылы оқушыларды ақпараттық құзыреттілікқа тәрбиелеу жүйесін жасау ғылыми-педагогикалық, яғни дидактикалық және әдістемелік талап-тілектерді ескеріп басқа да негізгі қалыптасқан принциптерге сүйенеді.

Ағылшын тілін оқыту арқылы оқушыларды ақпараттық құзыреттілікқа тәрбиелеу жүйесі мектептегі оқу-тәрбие үдерісінің барлық аспектілерін жоспарлаудың құрамдас бөлігі ретінде қарастырылып, мектептің пәнаралық байланысы арқылы ақпараттық құзыреттілікқа тәрбиелеудегі бағыттарды көздеген мақсаттары мен міндеттеріне бағындырылады.

Ағылшын тілін оқытудың келесі педагогикалық принциптерінің бірі оқытудың мақсаттылық принципі. Ақпараттық құзыреттілікқа бағытталған әрбір сабаққа дайындалу үшін ең алдымен оның мақсатын анықтайды (тәрбиелік, білімділік, дамытушылық). Өйткені оқыту әдістері олардың мақсаттарына байланысты. Осыған орай, әрбір оқушының және ұжымның ерекшеліктерін ескере отырып, мұғалім оқыту жұмыстарының формаларын, мазмұнын, әдістерін іріктеп алады. Ағылшын тілі пәнінің өзіне тән ерекшеліктеріне сәйкес, оның мазмұнын ақпараттық құзыреттілік компоненттерімен толықтыру қажет. Өйткені ағылшын тілі пәнін оқыту мен оның әлеуметтік мәндегі құралдық қызметін ұрпақ тәрбие ісінде талапқа сай пайдалану жаңа тәсілдерді табу және қолдану мәселесін де қажеттілікке қояды. Мұның басты бір себебі Қазақстан егемендік алғаннан бастап елімізге сырттан қызығушылықтың арта түскенінен байқалып отыр. Алайда көптеген мемлекеттер Қазақстан Республикасы туралы жалпылама мағлұматтармен шектеліп келеді, ал кейбіреулері тіпті Қазақстанды ең артта қалған ел деп санайды. Осы жағдайдың өзі Қазақстанды мақсатты және бағдарлы түрде әлемге танытуды өткір қажеттілікке қойып отыр. Ал бұл қажеттілікті жүзеге асыру, яғни шет елдерге Қазақстанды таныту оңай іс емес. Бұл шараның жүзеге асуы Қазақстандықтардың шет тілдерді меңгеруге деген қызығушылығына және меңгеру деңгейіне байланысты. Өйткені «шет тілін оқытудағы басты талап – бұл шет тілін және басқа елдің мәдениетін білу, оған қоса адамдағы ақпараттық құзыреттілік сезімінің тәрбиелілігін ұштау болып табылады. Бұл талаптар көпшілік жағдайда сақталмайды. Өкінішке орай әсіресе ақпараттық құзыреттілік тәрбие істері қазір назардан шеттеу қалуда» [12]. Сондықтан да ағылшын тілін оқыту қазіргі кезе сапалы түрде жаңа мағынаға ие болғандығын алға тартады.

Біз оқытудың формалары мен әдістері туралы айтқанымызда, оқушылардың ағылшын тілін оқытуда ақпараттық құзыреттілікқа тәрбиелеу іс-әрекетін ұйымдастыруды мақсат етіп аламыз. Оқытудың формалары мен әдістері өзгермейтін дүние емес. Мектептің дамуына, оқытудың міндеттері мен мазмұнының өзгеруіне қарай оқытуды ұйымдастырудың формасы да өзгереді, ескілері қолданудан қалады, жаңалары туады. Ал оқыту принциптері статикалық тұрақты қағидалар ретінде үнемі жүйелі түрде сақталып келеді, олар оқытудың барлық формаларында міндетті түрде басшылыққа алынады, солар арқылы оқыту формаларының нәтижесі бағаланады.

Оқыту принциптерінің жүйесіндегі келесі принцип түсініктілік принципі. Ол оқушыда оқу-шаралардың дайындық деңгейіне сай ұйымдастырылады, мұнда берілген тапсырманы оқытушының басшылығымен терең ойлап орындауды талап ету қажет. Ағылшын тілін оқытуда бұл принциптен бірнеше ережелер туындайды:

Біріншісі жеңілден қиынға көшу. Мұнан оқушыларды ағылшын тілін оқыту барысында ақпараттық құзыреттілікқа бағытталған танымдық іс-әрекеттерге бірте-бірте үйрету, яғни шет тіліндегі фактілердегі ақпараттық құзыреттілікқа тәрбиелейтін ұғымдардың мазмұнын түсіну.

Екіншісі қарапайымдылықтан күрделілікке көшу. Ағылшын тіліндегі ақпараттық құзыреттілікқа бағытталған күрделі материалдарды талдау үшін, оларды ең алдымен негізгі терминдермен таныстыру қажет.



Үшіншісі белгіліден белгісізге көшу, мектептің оқу процесіндегі басқа сабақтардан (тарих, қазақ тілі, қазақ әдебиеті, география, биология т.б.) ақпараттық құзыреттілік бағыттағы алған білімдерін осы бағыттағы ағылшын тіліндегі материалдармен толықтыру, терең түсініп мазмұнын игеру.

Ғылымилық принцип, табиғат, қоғам, мәдениет, ойлау дамуының заңдылықтарын білуді талап етеді. Бұл принцип оқу бағдарламаларын, оқулықтарды жасағанда есепке алынып оқу процесінде жүзеге асырылады. Біздің зерттеу жұмысымыздың барысында алынған мәліметтерге қарағанда жалпы білім беретін орта мектептерде ағылшын тілін оқыту барысында ақпараттық құзыреттілікқа бағытталған тұлғаны тәрбиелеу қазіргі кездегі оқулықтардың мазмұнына тікелей байланысты. Еліміз егемендік алуына байланысты білім беру саласында үлкен өзгерістер болып жатыр, білім берудің жаңа технологиясы дүние жүзілік стандартқа негізделіп, қайта құрылуда. Жоғары оқу орындары кредиттік жүйе бойынша оқытылып жатса, орта мектептерде 12 жылдыққа көшуге дайындық процесі жүріп жатыр. Нақты атқарылған іс ол мектептердегі оқулықтар қайта қаралып жазылды. Сонымен қатар ағылшын тілі төл оқулықтарымыз да жазылып шықты. Бұл кезеңге дейін елімізде төл оқулығымыз болмастан, кеңестік дәуірдегі Қазақстан туралы деректер, мағлұматтар енгізілмеген оқулықтарды пайдаланып келдік, әлі де пайдаланып жүрміз. Көптеген мектептерде қолданылып жүрген ағылшын тілінің кеңестік дәуірдегі және қазіргі заманға сай болғанымен де Ресей мемлекетінде басылып шыққандықтан сол елдің талап-тілектерін көбірек ескеріп, біздің еліміздің жағдайына сәйкес келе бермейді. Алайда өзіміздің төл оқулықтарымызға әлі де сын айтылып жүр. Білім беру тарихында көптеген жақсы және әртүрлі оқулықтар болғандығын білеміз. Қазіргі талап-тілектерді ескере отырып оқулыққа: «Оқулық үйлесімді дидактикалық жүйе шеңберінде жүргізілетін білім беру үдерісінің кешенді мағлұматтық-әрекеттік моделі» – деген анықтама берілген. Оқулық дегеніміз білім беру үдерісінің мақсатын, принциптерін, мазмұнын, технологиясын бейнелейтін модель. Алайда, оған осы үдерісті жүзеге асыру жағдайына шындық та енгізіледі. Модель нақты бір дидактикалық жүйенің құрылымын ғана көрсетпейді, сонымен қатар оның жүзеге асырылуының жобасын жасайды. Тұлғаға бағытталған тәлім-тәрбие тұлға мен оқытудың интеграция жағдайында ғана белгілі бір нәтижеге қол жеткізеді. Демек, оқулық-модель оқулық-шындықпен интеграциялануы тәлім-тәрбие әрекеті барысында субъектілер арқылы жүзеге асырылады. Тәлім-тәрбие үдерісіндегі субъектілер оқушы мен мұғалім екендігі белгілі. Оқулықтың басты міндеті – оқушылардың жеке дамуын қамтамасыз ету. Ал бұл міндетті жаңа талапқа сай шешу, тұлғаның зерттеу жұмыстарын жүргізуі арқылы, шығармашылық әрекеті арқылы, оқулық авторы немесе оқулық кейіпкерлерімен диалогы арқылы, әртүрлі пікірлерді салыстыруы арқылы, оқыған материалдардың мәнін ұғынуы арқылы жүзеге асырылады. Қазіргі кезде оқулық құрастыру теориясы мен практикасында үш бағыт бар. Бірінші – белгілі теориялық жай күйді толықтыру және жетілдіру, осының негізінде оқулықтағы бар материалдарды түзету, оларды қазіргі жағдай мен міндеттерге ыңғайлау. Екінші – кез-келген жағдайға сай ең тамаша оқулық теориясын құрастыру. Үшінші – жалпы оқулық теориясынан бас тартып, білім беру концепцияларына сүйене отырып, әрқайсысы өз талап-тілектерін ұсына отырып, оқулық құрастыру. Көпшілік ғалымдар мен оқулық авторлары бірінші бағыт бойынша жұмыс атқарады. Ал нәтижесінде оларға үздіксіз қарама-қайшылықтарды шешуге тура келеді. Себебі оқулық өз алдына бөлек мәселені қарастырса, өмірде тіпті басқаша болады. Біз, жаңа оқулықтар дайындауда үшінші бағыт бойынша дайындалған оқулық мазмұны тұлғаға бағытталған талап-тілекке сай келеді деп пайымдаймыз. Оқулықтарды құрастыруда олардың қандай білім беру жүйесіне қызмет ететінін анықтап алу қажет. Егер де оқулық тұлғаға бағытталған болса, онда оның мазмұны тұлғаның жеке дара қасиетінің есепке алынуын қамтамасыз етеді. Ал егер де оқулық білімгерлікке бағытталған болса, онда оның негізі ғылымның мағлұмат логикасы бойынша құрастырылады, яғни басты назарда әлеуметтік құндылық ретінде білім тұрады. Мұндай білімге деген тәсіл демократиялық қоғамдағы шығармашылық, өз бетінше ойлайтын тұлғаның қалыптасуын тежейді. Сондықтан да еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін ағылшын тілі пәні бойынша дайындалған төл оқулығымыздың мазмұнына шолу жасап саралауды жөн көрдік. Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі ұсынған алғашқы төл оқулығымыз 2001 жылы «Атамұра» баспасынан жарық көрді.

Оқулық авторлары Т.Аяпова, Д.Ұқбаев [19]. Оқулықтағы іс-әрекеттердің барлығы қазіргі кездегі ең өзекті коммуникативті-когнитивтік тәсілге негізделген. Ағылшын тілінің 5 сынып оқушыларына арналған оқулық кешені 4 кітаптан тұрады: негізгі оқулық, жұмыс кітабы, оқыту әдістемесі, оқу кітабы, 68 сағатқа арналған. Негізгі оқулық 10 бөлімнен, әрбір бөлім 5 сабақтан тұрады, 6-шы сабақ қайталау немесе бақылау сабағы болып табылады. Оқулықтың мазмұнында сабақта қарастырылатын тақырыптар жеке-жеке көрсетілген. Жұмыс кітабында берілген жаттығулар оқушылардың шығармашылық ойлауын дамытуға арналған. Алайда, жалпы білім беретін орта мектептерде сағат саны 68 сағатпен қалып отыр. Бұл бастауыш сыныптарда ағылшын тілінен факультатив сағаттары бөлінбейтін ауыл мектептеріндегі баланың тілдік материалды игеріп кетуіне балалардың шет тілін оқуға даярлықсыз келуі, сағат санының аздығы қиындық туғызуда. Жалпы білім беретін мектептің 6 сыныбына арналған оқулық «Атамұра» баспасынан 2002 жылы басылып шықты. Авторлары Т.Аяпова, З.Әбілдаева [20], аптасына 2 сағат оқытылады. 6 сыныпқа арналған оқулық 9 бөлімнен, әрбір бөлім 5 сабақтан тұрады, 6-шы сабақ қайталау немесе бақылау сабағы болып табылады. 7 сыныпқа арналған оқулық «Атамұра» баспасынан 2003 жылы шыққан, авторлары Т.Аяпова, З.Әбілдаева, Ж.Тұтбаева [21], аптасына 2 сағат оқытылады. 7 сыныпқа арналған оқулық 6 бөлімнен, әрбір бөлім 5 сабақтан, әрбір 3-ші немесе 4-ші сабақтан кейін оқу кітабымен жұмыс жасау берілген. Әр бөлімнің соңында грамматикалық анықтама мен жаттығулар жұмысы және өзін-өзі тексеруге арналған тест жұмыстары берілген. Кітаптың қосымша материалында қазақтың ұлттық ойындары: аударыспақ, қыз қуу, көкпар берілген. Бұл берілген үзінді әңгімелердің өзі оқушыны ағылшын тілі сабағында ақпараттық құзыреттілікқа тәрбиелеуде мәні зор. Әлем халықтарының салт-дәстүрі тақырыбы бойынша сабақта оқушы өз елінің салт-дәстүрімен байланыстыра әңгіме жүргізіп, пікір таластыруға бақылау сұрақтары көптеп берілген. Алайда тыңдасымға арналған құралдар ескерілмеген. Оқушы тыңдасымға арналған құралдардан еліміз туралы мәтіндерді тыңдаса туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігі оянып, пәнге деген қызығушылығы да арта түсер еді. 8 сынып оқулығының авторлары Т.Д.Кузнецова, П.Г.Козлов [22], 2004 жылы «Мектеп» баспасынан шыққан, аптасына 2 сағат оқытылады. 9 сынып оқулығы «Мектеп» баспасынан 2005 жылы шыққан, авторлары Т.Аяпова, З.Әбілдаева, Ж.Тұтбаева [22], аптасына 2 сағат оқытылады. Оқулық кешені 4 кітаптан: негізгі оқулық, жұмыс кітабы, оқыту әдістемесі, оқу кітабынан тұрады. Жұмыс кітабы мен Оқу кітабы негізінен оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуге арналып, олардың шығармашылық ойлауын дамытуға бағытталған. Дегенмен ауыл мектептерінде оқулықтың жетіспеуі, Жұмыс кітабы мен Оқу кітабының оқушыға мүлдем берілмеуі сөз жүзінде айтылып, іс жүзінде орындалмайтын алшақтық бар екенін көрсетеді. Оқулықтар ағылшын тілін сапалы да тез меңгерудің осы заманғы тәсілдері негізінде жазылған. 8-9 сыныптағы оқулықтардан [23] өз еліміз туралы ағылшын тілінде сөйлейтін Англия, АҚШ және басқа елдердің өмірі, тұрмыс-салты мен мәдениеті жөнінде түсініктер мол берілген. Авторлардың негізгі көздеген мақсаттары тәуелсіз мемлекетіміздің жастарын әлемдік мәдени дәстүрлерге сай ұлттық тәрбие бере отырып, ақпараттық құзыреттілікқа тәрбиелеу. Өз елімізде басылып шыққан жаңа буын оқулықтарымызбен Ресейде басылып шыққан оқулықтармен салыстырсақ, жаңа буын оқулықтарының оқушылардың ақпараттық құзыреттілік сезімін нығайтуда артықшылығы бар. Жаңа буын оқулығының жалпы орта білім беретін мектептің 8 сыныбына арналған оқулығында [24] Ұлы Британия елінің географиялық жағдайы, экологиясы, білім беру жүйесі, мейрамдары, спорты Қазақстанмен салыстырмалы түрде берілген. Озық үлгідегі жаңашыл технологияларды пайдалана отырып, қоршаған ортаны қорғау, денсаулық сақтау, мәдени орталықтар мен саяхат тақырыптарында екі елдің айырмашылықтары мен ұқсастықтықтарын айыра отырып орындайтын тапсырмалар көп берілген. Сонымен қатар еліміздегі білім беру жүйесі Англияның білім беру жүйесімен салыстырылып, кесте бойынша берілген. Оқушы кесте арқылы білім беру жүйесіндегі артықшылық пен кемшіліктерді ажыратып, сөйлеу қабілетін дамыта отырып, еліміздің білім беру жүйесі туралы мақтанышпен айта және еліміздің өркендеуі мен дамуы білімге тәуелді екендігі туралы мағлұмат ала алады. Оқулық 6 тараудан, әр тарау 10 сабақтан тұрады. Әр тараудан кейін оқушы өзінің алған білімін байқауға арналған тест тапсырмалары берілген. Алайда тыңдасымға арналған құралдар берілмеген. 10,11 сыныптарда ағылшын тілі гуманитарлық және жаратылыстану бағыттары бойынша баспадан шыққан [25] Ал И.Н.Веращагина, О.В.Афанасьеваның «Просвещение» [26] Ресей баспасынан шыққан оқулықтарында оқу кітабы, жұмыс дәптері, оқулық және тыңдасымға арналған құралдар берілген. Тыңдасым оқушының зейінін аударуға, дыбыстың, сөздің дұрыс айтылуын жақсартуға әсерін тигізеді. Тыңдауға арналған кассетада мәтін, жаңа сөздермен қатар сол тақырыпқа байланысты әндер, тақпақтар берілген. Төл оқулықтарымыз бұл талапқа сай келмей отыр. Ал 9 сыныпқа арналған оқулықта [27] тыңдасымға арналған арнайы жаттығулар болғанымен, олардың аз тиражбен басылуы, бағаның өте жоғары болуы мектеп сұранысын қамтамасыз ете алмай отыр. Тіптен соңғы екі жылда бұл оқулықтар кейбір мектептерге, әсіресе ауыл мектептеріне таратылмағандықтан, мұғалімдер кей жағдайда өз кітапханаларында бар ескі оқулықтарды пайдалануға мәжбүр болып отыр. Оқулық ағылшын тілін сапалы да тез меңгерудің осы заманғы тәсілдері негізінде жазылғандықтан, оқушыларға тақырыпты талдауға, туған елін ағылшын тілінде сөйлейтін елдермен салыстыра отырып әңгіме жүргізуге арналған жаттығулар жұмысы, диаграмма, оқушылардың сөйлеу дағдысын дамытуға арналған сұрақтар берілген. Сөйлеу дағдысын дамытуға арналған сұрақтар өзекті мәселелерді талқылауға бағытталғандықтан, оқушы өз ойын білдіріп, қорытындылай алады. Оқулық соңында әр бөлімге арналған прогресс тестер берілген. Оқушының өтілген тақырыптарды пысықтауға арналған жұмыс дәптерінен оқушы өз бетінше тапсырмалар орындап білімін нығайта алады. Ортаңғы сынып оқушылары жанұя тақырыбын жан тәнімен талқылайды. Қазақ халқы тілі жаңадан шығып келе жатқан баласына әкесінің атын, атасының, одан кейін бабасының аттарын айтып, жеті атасын жаттатып жатады. Ортаңғы сынып оқушыларының санасында Отан-жанұя, мектеп, туған жері. Сондықтан да “Отан от басынан басталатындығын” оқулық авторлары негізге ала отырып жанұя тақырыбына ерекше көңіл бөліп, шежіре атауларын ағылшын және қазақ атауларымен салыстыра береді. Шежіре арқылы бір жағынан ата-бабамыздан мұра болып келе жатқан туысқандық қарым-қатынасты қастерлей білуге үйренсе, ал екінші жағынан өз шежіресінің тарихын біледі. Оқулық кешенімен жұмыс істеу тәртібі мұғалімдерге арналған оқыту әдістемесінде түсіндірілген. Алайда бұл мұғалімдерге үлкен әдістемелік көмек болғанымен, мұғалімдердің әрбір сабаққа шығармашылықпен келуіне шектеу қоймайды. Қазіргі кезде мұғалімдер ағылшын тілін оқытуда Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі ұсынған оқулықтармен жұмыс істей алады. Оның ішінде өзіміздің төл оқулықтарымызбен қатар, Ресей басылымынан, шетелден шыққан оқулықтар да бар. Шетелдік оқулықтарға, сонымен қатар соңғы жылдардағы басылымнан шыққан Ресейлік оқулықтар және өзіміздің төл оқулығымызға да оқытудың төрт аспектісі енгізілген. Олар:

1 таным - шет тілін оқытуда мәдениеттанулық мазмұнды меңгеруге бағытталған;

2 даму - шет тілін оқытуда психологиялық мазмұнды меңгеруге бағытталған;

3 тәрбие - шет тілін оқытуда педагогикалық мазмұнды меңгеруге бағытталған;



4 үйрену - шет тілін оқытуда әлеуметтік мазмұнды меңгеруге бағытталған [28].

Дегенмен де, бұл оқулықтар арқылы біз жеткіншектерге әлі де толық мағлұмат бере алмаймыз, сондықтан да ақпараттық құзыреттілікқа бағытталған материалдарды қазіргі ғылымның даму деңгейіне сай іріктеп, қосымша ақпарат көздерін дұрыс пайдалану өте маңызды. Ақпараттық құзыреттілік көзқарас - тәлім-тәрбие берудің жемісі, оның қалыптасуы тұлғаның білім мен тәрбие алуының біраз жылдарына созылады. Әсіресе, тек Ресей басылымынан шыққан оқулықтармен оқыту жоғарыдағы аталған мазмұн компонентінің шет тілдік мәдениеті төл мәдениетімізбен диалог құруына қайшы келеді. Яғни, берілген қосымша материалдар, сауалдар Ресей туралы, сол елдің мүддесіне бағытталған. Сондықтан да шетелдік баспадан шыққан жаңа талапқа сай оқулықтар қолданылуымен қатар, қосымша әдістемелік нұсқаулар қолданылуы қажет.




2. Шет тілі сабағында оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру мақсатында ақпараттық технологияларды қолдану

2.1 Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудағы инновациялық оқуды дәстүрмен ұштастыру

Қызығушылық баянды оқыту мен бiлiмдендiрудiң нәтижелi болуы оны ұйымдастыру әдiстерiмен сәйкестiгiне және бастамшылыққа (инициативаға) байланысты. Бiз ғұмыр кешiп отырған жаңа ХХI ғасырдағы өндiрiс пен техниканың соншалық жылдам қарқынды дамуы адамзат өмiрiнде болып көрмеген шапшаңдықты талап етiп отыр. Егемендiкке қолы жеткен Қазақстанның жоспарлы-әкiмшiлiк жүйеден нарықтық экономикалық жүйеге көшуi, қоғамдық құрылыстың күрт өзгеруi бiлiм берудi уақытқа үйлесiмдi құрып, оның әлемдiк деңгейдегi межеге сәйкесуiн қалайтындықтан тiлдердi оқытудағы ұстаным екi бағдарда өрiс алуда:

1) Дәстүрлi оқыту жүйесiн модернизациялау.

2) Оқыту үрдiсiне инновациялық оқуды кiргiзiп, оны өрiстету бағдарын жетiлдiру.

Бұл жүйенi таратып айтқанда –дәстүрлi оқыту жүйесiн модернизациялауда оқушыға берiлетiн бiлiм, олар игеруге тиiстi ұғым-түсiнiктi меңгерудегi репродуктивтiк дидактиканы уақытқа үйлесiмдi жетiлдiрiп, жаңа технологияға сәйкес дамыту. Ал инновациялық оқытуда – бiлiмдендiруге тәрбиелеудегi басты бағдар оқушының мүмкiндiгi мен шамасына қарай мәселенiң байыбына барып, үлгi көрсетер өнегелерiне елiктеп, тағылымдық жолдарын қабылдап, оған сыни көзбен қарай отырып, шығармашылық тұрғыда пайымдау жасауға үйрету негiзге алынады. Сондай-ақ, шығармашылық ойлай бiлумен бастамшылық iс-әрекеттегi саналылықты өрiстетуге зерттеушiлiк тұрғыдан белсендiлiгiн жетiлдiрiп, iс-әрекетке деген бейiмдiлiгiн, қызығушылығын қалыптастыратын жол. Iздену, iс-әрекет барысында оқушы күтпеген қиындықтарға кезiгiп немесе серiктестерiмен айтысып-тартысып пiкiр келiспеушiлiгi болып қалуы да ықтимал, ал мұның өзi адамды тереңiрек ойландырып, оның тиiмдi шешiмiн табуды бағдарлайды [28]. Әдетте, пiкiрсайыс адамның ойлау белсендiлiгiне, әрекеттену белсендiлiгiне ықпал ететiн жол.

Тiлдердi оқыту барысындағы дидактикалық iзденiстегi инновациялық оқытуда мұғалiм лидерлiк мiндет атқарғанымен де жүзеге асырылатын iстiң бәрiн тек өз қолына алмайды. Тек менiң айтқанымдай болсын деп қарамайды, әмiршiлдiк жолды ұстанбай режиссерлiк мiндет атқаруға бейiмделедi. Тiлге байланысты теорияны, мазмұндық мәндi меңгертiп, сөздiк қорды дамыту бағдарындағы сабақ барысындағы ойынды ұйымдастыруға мұғалiм бағдар бергенiменде оған тiкелей жетекшiлiк жасамайды, қайта қалыс қалып, ретiне қарай қатардағы ролдi ойнайтын, шәкiрттермен тепе-тең құқықтағы серiктес болады. Сабақ барысындағы ойынды басқарушы ролдердi бөлгенде, ойын кезiндегi диалогта ойынның өмiрдегiдей нақтылыққа жақындауына мән бередi. Ойын өмiр шындығына үйлесерлiктей жақындаса, тиiстi ролдi атқарушы оқушы өзiн бейне бiр ақиқат шындықтағыдай сезiнiп, әсерленiп, қойылған мақсатқа пара-пар iстер атқаруға машықтанады. Демек, ойынды басқарушы оқушы да, тиiстi ролдi атқарушылар да өздерiне жүктелген мiндеттi дұрыс атқарып, оның көңiлден шығуы үшiн өзiнше ойланып, өзiнше әрекеттенiп, өзiнше iзденiп белсендiлiк танытады, қызығушылығын дамытады



Қазіргі кезде қоғамның әлеуметтік-экономикалық өміріндегі түбірлі өзгерістерге байланысты білім жүйесінде және оның мазмұны мен оқыту технологиясында да өзгерістер болып жатыр.

Қоғамның жаңа деңгейге көтерілуі, оның қозғаушы күші болып отырған жастарға білім беру ісінде өткен тарихы тәжірибелерді ой-елегінен өткізіп, жаңа заман талабына сай қолдану болып табылады. Сондай қажеттіліктердің бірі ақпараттық технологиялар арқылы оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыру. Бұл мәселенің нәтижелі жүзеге асуы оқушылардың танымдық белсенділіктері бойынша толық білім сапасынан және оны практикада пайдалана білу іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыруды талап етеді. Сонымен қатар, ақпараттық технологияларда әр түрлі дидактикалық әдістерді пайдаланудың өзіндік бай тарихы, терең мазмұны, сан қилы ерекшеліктері бар. Оқушыларға рухани, эстетикалық, эмоционалдық, интеллектуалдық тұрғыда әсер етіп, олардың тұлғалық және сапалық қасиеттерін дамытуда жаңа технологияны және белсенді әдістерді қолданудың заман талабы екені белгілі. Өйткені, олардың мектептегі жұмыс сапасының кепілі. Бұл мәселе Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында білім беру жүйесінің басты міндетінің бірі ретінде көрініс тапқан. Ұлы ғалымдар, педагогтар Әл-Фараби, Я.А.Коменский, И.Г.Песталоцци, А.Дистерверг, К.Д.Ушинский, Н.Г.Чернышевский, Ы.Алтынсарин оқытудың негізінде оқушылардың ой дербестігін арттыруға, оларды өздігінен білім алуға үйретуге ерекше көңіл аударған [29].

Қазіргі заманның ақпараттық технологиясын оқушыға игерту - бүгінгі басты міндет болып тұр. Мектепті ақпараттандырамыз десек, мына міндеттерді шешіп алуымыз керек:

1) Мектепте қашықтан оқыту технологияларын әзірлеу және өмірге енгізу;

2) Мектептерді білім беру бағдарламаларына сәйкес электрондық оқулық басылымдарымен қамтамасыз ету;

3) Дарынды балалардың қабілетін дамытып, олардың шығармашылықпен жұмыс жасауына педагогикалық- әлеуметтік қолдау көрсету;

4) Оқыту және тестілеу бағдарламаларының жаңа үлгілерін жасақтау;

Инновация (латын тілінен аударғанда) - жаңарту, жаңалық, өзгеріс деген түсінікті білдіреді. Инновация – оқу-тәрбие процесінің ағымы мен нәтижесін жақсартуда педагогикалық жүйедегі өзгеріс. Қазіргі күні инновация деп көбінесе жаңа технологияларды, әдістер мен құралдарды жасау және қолдануды айтса, сонымен бірге жаңа идеяларды, процесстерді бірлікте жетілдірудің де жүйесі. Сондықтан, оқыту мен тәрбиедегі жаңа технология инновациялық идеяларды енгізу, жаңарту нысаны болып табылады.
Жаңа педагогикалық технологияны енгізу 4 кезең арқылы жүзеге асады: 1 кезең – оқып, үйрену, 2 кезең – меңгеру, 3 кезең - өмірге ендіру, 4 кезең – дамыту. Инновацияның, жаңа енгізулердің екі жағы бар: пәндік және процессуалдық [30].

Инновациялық үрдістерді ендіру үш өзара байланысты күшпен анықталады: 

1) Енгізілген технологияның ерекшеліктерімен; 2) Жаңашылдардың инновациялық әлеуетімен;

3) Жаңалықты енгізу жолдарымен. Сондықтан бұл уақыт ағымына байланысты дамиды, бірқалыпты өзгеріске ұшырайды, жағдайына байланысты тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің өзара байланысы болып саналады.

Оқушылардың танымдық белсенділігін дамытуды мынадай өлшемдер арқылы анықтауға болады:

  1. педагогикалық технологияларға қызығушылығы, сезіммен қабылдауы;

  2. ақпараттық технологияларды пайдалануда танымдық дербестігі, шығармашылық іс-әрекеті;

  3. инновациялық технологияларды тәжірибе жүзінде пайдалана білуі. Жоғарыда көрсетілген өлшемдер негізінде оқушылардың танымдық белсенділігін дамытудың үш деңгейі (төменгі, орта, жоғары) анықталды. Төменгі деңгей: педагогикалық технологияларды танып-білуге қызығушылық танытпайды; танымдық тапсырмаларды орындауға ынта-ықылас қоймайды; ақпараттық технологияларды өз бетінше ізденіп оқымайды; өзін-өзі бақылауға көңіл бөлмейді.

Орта деңгей: педагогикалық технологияларды танып-білуге қызығушылық танытады; білімді игеруге ынталы жұмыс істейді; оқу-танымдық іс-әрекетте қиындықты жеңуге белсенділік танытады; ең басты нәрсені ажыратады, осы негізде мақсат қояды, бірақ оны міндеттерде нақтыламайды; ақпараттық технологияларды пайдаланудың ерекшелігін әрқашанда ескере бермейді;

Жоғары деңгей: педагогикалық технологияларды танып-білуге қызғушылығы басым, оны шынайы сезіммен қабылдайды; берілген тапсырманы орындауда қиындықтарды жеңуге ұмытылысы жоғары; мақсаттар мен міндеттерді анықтай біледі; шығармашылық жұмыстарды жоғары дәрежеде атқарады; өз бетінше білім алады; жұмыстың мақсаттары мен міндеттеріне

Оқушылардың маман ретінде қалыптасуына ең алдымен оның оқып білуі, саналы білім алуы басты негізгі күш болады. Сабақ беру нысандарын таңдау кезінде оқушылардың танымдық мүмкіндіктерін ескеру қажет. Дәстүрлі әдістерден гөрі іздемпаздық жұмысты неғұрлым кеңірек пайдалануда танымдық қызығушылықты, оқушылардың танымдық белсенділігін қалаптастыруға септігін тигізеді. Сондай-ақ оқушылардың танымдық белсенділігін дамытуда жалпы орта білім беретін оқу орындарында проблемалық оқытуды ұйымдастырудың, проблемалық жағдайларды жасау мен шешудің, пән бойынша танымдық міндеттерді кеңінен пайдаланудың, оқу үрдісінде оқушылардың ғылыми ізденістерін ұйымдастырудың, өзіндік жұмысқа баулудың, оқып-үйрену барысында тақырыптық ойындарын және т.б. кеңінен қолданудың маңызы ерекше.

Осыдан келіп, оқушылардың танымдық белсенділігін дамытуды арнайы ұйымдастыру – оқу үрдісін жетілдірудің негізгі шарты болып табылады. Оны жүзеге асыру мектептерде оқушылардың танымдық белсенділігін мен іздемпаздығын ынталандыруға септігін тигізетін оқу үрдісін ұйымдастырудың тәсілдерін, әдістері мен нысандарын іздестіруге өзекті сипат береді. 
Жалпы оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту өзекті мәселелердің бірі болуы тиіс, себебі қоғам мүшелерінің білімдарлығы, түрлі жағдайларға бағдарлануы, алдына қойған міндеттерді шешудің қолайлы тәсілдерін таңдай білуі көбінесе олардың дайындығына байланысты болады. Төмендегідей ұсыныстар жасауға мүмкіндік берді:

- қазіргі кезде қоғамның, ғылым мен техниканың дамуы оқушыларға берілетін білімнің сапасы жоғары деңгейде болуды талап етеді;

- оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту арқылы қоғам талабына сай рухани дүниесі бай, ой-өрісі кең, жан-жақты дамыған, білімі-біліктіліктің тірегі болатын, жауапты да, жігерлі маман даярлауымызға болады;

- оқушылардың танымдық белсенділігін дамытуда өзіндік жұмыстарды жүйелі түрде ұйымдастыру, семинар және практикалық сабақтарды проблемалық сипатта жүргізу, қажетті әдіс-тәсілдердің тиімділігін арттыру міндетін жүзеге асыруды қажет етеді;

- оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту мақсатында ақпараттық технологияларды бағдарлама мазмұнына енгізу оқу үрдісінің тиімділігін арттырады.

Әрине, оқушылардың танымдық белсенділігін дамытудың мәселелерін толық қарастыру мүмкін емес. Сондықтан біз осы тақырыпты ары қарай дамытуда мынадай ұсыныстар айтамыз:

1) Ақпараттық технологияларды қолдану негізінде пән сабақтарында оқушылардың ойлау мәдениетін қалыптастыру.

2) Ақпараттық технологияларды қолдану негізінде оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту. 

Қазіргі қоғамда көптеген ғалым профессорлар оқушылардың танымдық қабілеттерін дамытуда мына мәселелерді негізге алады: біріншісі – мазмұнның жаңартылуы, бұрын жария етілген фактілерді жаңаша сипаттау, хабарланып отырған материалға тарихи бағдар беру, ілімнің практикалық мәнін ашып көрсету және ғылымның соңғы жаңалықтарын, табыстарын жүйелі баяндау, екіншісі – өз бетінше істеудің әрқилы түрлеріне негізделген, проблемалық тұрғыдан қолға алған материалды зерттеуге және оқушының шығармашылық, практикалық жұмыстарына бағытталған оқыту тәсілдері, үшіншісі – оқушының қабілеттерін ұштау, мұғалімнің оқушыға көмек беруге дайын тұруға, олардың күш – мүмкіндіктеріне қолдау көрсету қабілеті, талап қоюшылығы мен адалдығы, балаларды көтермелей білу, сондай ақ оқушылардың өзара бәсекесінен көмек көрсете білу қасиеті.

Оқушылардың танымдық белсенділігін ізденімпаздылығын арттыру үшін оқу үрдісі оларды қанағаттандыратындай ұйымдастырылуы қажет. «Жүз рет естігенше, бір рет көрген артық» деп бекер айтылмаған. Соңғы кезде теледидардан беріліп жүрген ғасыр көшбасшысы интеллектуалды казтно, жұлдызды сағат т.б. бағдарламаларды әр пән бойынша қолдану әдістемелері баспасөз бетінен орын алып отыр. Осы озық тәжірибелерді әр мұғалім қолдана білсе, оқушылардың өз пәніне деген қызығуын тудырады және танымдық қабілеттерін дамытады.

Танымдық қабілет әркімге тән. Қабілетсіз адам болмайды. Адам бәріне де қабілетті бола біледі, тек өз бойындағы қабілеттің алғы ашрты болатын нышандары оята білген жөн. Ал таным дегеніміздің өзі тану сөзінен алынған. Яғни мұндағы танымдық қабілет бұл оқушының қоғам талаптарына сай жеке тұлғаны дамыту. Тек оны дамыта білу әр ұстаздың міндеті. Сондықтан дайын ақпараттық фактілерді, заңдар мен ережелерді беріп қоймай, оқушыларды өз бетінше іздендіретін, алған білімдерін тұжырымдай алатын оқу материалдарын беру қажет.

Сонымен бірге мұғалім мен оқушының арасында ұжымдық қарым-қатынас, бір-біріне деген сыйластық болған жағдайда ғана оқыту өз нәтижесін береді. Сонымен бірге оқытушы оқыту әдістерін қолдануда шеберлікпен анализ және синтездеуді тиімді қолданса, оқушылар оқыту әдістерін қолдануда шеберлікпен анализ және синтездеуді тиімді қолданса, оқушылар сабақта жаңа тақырыпты немесе өткен сабақ материалдарын таладап динақтай білсе айтарлықтай нәтиже беретіні сөзсіз.

Тiлге қызығушылықтың қалыптасуы сабақ барысындағы сөйлесiм, тiлдесiм, оқылым, айтылым арқылы оқушының санасын жетiлдiрiп, ой түсiнiгiн өрiстетедi, белсендiлiгiн арттырады. Бұл процесті төменднгідей сипаттауға болады: (1 кесте)


1 – кесте Логикалық ойлау














Инновациялық оқыту – оқушыға бiлiм берiп, тәрбиелеуде дәстүрлi дидактикамен қатарласа жүргенiмен де, бiрдей бағдарда болғанымен де өзiндiк айырмашылықтары мен өзгешелiктерiне мән беруге тура келедi. Атап айтқанда, жоғарыдағы тарауларда талдап көрсетiлгендей дәстүрлi оқытудағы ұсталатын ұстаным – тiлдерді оқыту бағдарламасында көрсетiлген нұсқауды орындап, ондағы мағлұматтарды бiлгiзiп, оны қайталап, пысықтап, меңгерту. Ал инновациялық оқыту – iс-әрекет барысында оқушының қабiлетiн оятып, түрлi ситуация туғызу арқылы олардың жаттандылықпен шектелiп қалмай өзiнше ойланып, өзiнше әрекеттенуiне бағдар берiп, iс-қимылға талпындыру. Бейнелi түрде айтқанда оқушыны үнемi қолынан жетектеп жүру әдетiнен айықтырып, олардың өзiнше әрекеттене алуына бейiмдеу көзделедi. Мұның нәтижелiк көрсеткiшi оқушының бiлiмдiк мағлұматты жәй ғана, бiр сәттiк тұрғыда қабылдап, айнала берiп ұмытылып қалатындай болмай, саналы да тиянақты игеруiне ықпал етiп, меңгерген бiлiмнiң мән мазмұны оған қызмет етерлiктей болуға тиiс. Оқу еңбегiндегi бiлiм берудi жаңаша ұйымдастыру мен оның жаңа технологиясы жөнiндегi ЮНЕСКО жобалаған болжамға жүгiнсек, оқушыларға игертiлетiн бiлiм, бiлiкте ескерiлуге тиiстi мәселелер ішінен мыналарды ерекшелеп көрсетуге болады;



  • Оқушының iс-әрекетi өзiнше ойлай бiлуге, шығармашылық дербестiкке бағдарлайтын бастамшылыққа – инициативтiк бейiмделуге тиiс.

  • Қазiргi мектеп оқушысы дербес түрде оқи алатын, бәсекелестiкке де түсе алатын және топпен, ұжыммен бiрлесiп, одақтасып оқи алатындай болуға тиiс.

  • Сыныптас оқушылар орындаған және өзi атқарған iс-әрекеттi дұрыс бағалай бiлу – шәкiрттiң бiлiм-бiлiк тәжiрибе алуына жол ашады.

  • Алынған ақпаратты ойға қондырып, көңiлiнде елестетiп дұрыс ұғынуда тиiстi деректi оқи бiлу, құлық қойып тыңдай алу және ауызша, жазбаша жұмыстарды орындап, компьютердi пайдалануда коммуникациялық тоғысуға мән беру парыз.

  • Логикалық ойлай бiлуде оқушының тиiстi мәселенi дәйектi деректермен нақты дәлелдеп пайымдауда индуктивтiк, дедуктивтiк әдiстердi пайдалана алуға баулу.

  • Келелi мәселенi – проблеманы шешуде осы проблеманы туғызып отырған себептердi ажыратып және оның салдары жөнiнде талдап, талқылай бiлуге жаттықтыру.

  • Проблеманы шешудiң мүмкiндiктерiн талдап және оның әртүрлi жолдары бар екендiгiне ой жүгiртiп, тиiстi пайымдау барысында шешiм қабылдай бiлуге баулу.

  • Қабылдаған шешiмнiң мақсатына орайлы келетiн деректердi сұрыптай бiлу және оны пайдалану үшiн ақпараттарды жинастыру мен оны пайдалана алуға үйрету.

  • Көздеген мақсатқа жету жолында атқарылатын жұмыстың кестесiн жасап оны орындаудың жобалық жоспарын жасауға баулу.

  • Жаңа бiлiмдi игеру мен оның нәтижелi болуы оқи бiлуге оқытумен бiрлiкте шешiледi.

  • Барлық құндылықтарды меңгерудiң кiлтi тiлдi бiлiп, оның мән мағынасын терең ұғынып, пайдалана бiлуге тәуелдi болғандықтан қызығушылық дағдысын қалыптастыру шарт.

  • Әлемдiк деңгейде қойылып отырған бұл шарттарды жүзеге асыруда тiл

пәндерi арқылы берiлетiн бiлiм тиянақты болуы үшiн сөздiң мәнiн терминдердiң мазмұндық сыр-сипатын дұрыс түсiне бiлу керек. Олай болмаған жағдайда дұрыс түсiнiк, танымның өзi терiс болып көрiнуi ықтимал.

Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты – бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі – мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс – оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам. Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін - өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті. Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар: бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.

Нәтижеге бағытталған білім жүйесі мен басқарудың жаңа парадигмасы аясында жекелеген ұғымдар мен нормаларды және тиімді педагогикалық технологияларды меңгеру үшін педагогтардың кәсіби мәдениетін дамытуға бағытталған оқу қажеттіліктері туындап отыр. Мұғалімдерге қойылатын талаптардың бірі – оқытудың жаңа технологияларын меңгеру. Осындай аса қажетті технологиялардың бірі – ақпараттық - коммуникациялық технологияларды (бұдан кейін АКТ) пайдалану. АКТ - ны игеру қазіргі заманда әрбір жеке тұлға үшін қажетті шартқа айналды. АКТ - ның дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді шәкірт тәрбиелеу мұғалімнің басты міндеті болып табылады. Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан - жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді.

«АКТ құралдары» дегеніміз – микропроцессорлық және жаңа АКТ негізінде қызмет атқаратын, ақпаратты таратудың жаңа құралдары мен жүйелері, ақпаратты жинақтау мен олардың қорын жасау, сақтау мен өңдеу, оларды жан - жақты таратуды, одан қалды компьютерлік жүйелердің ақпараттар қорына енуді қамтамасыз ете алатын программалық, программалық - аппараттық және техникалық құралдар мен құрылымдарды айтамыз. АКТ - ға жататындар: ЭЕМ, дербес компьютерлер, терминалдық құралдардың жинақтары, жергілікті есептеу жүйелері, мәтіндік және графикалық ақпараттардың құрылымдары, көлемі үлкен мұрағаттық ақпараттарды сақтау құралдары, аудиовизуалдық ақпарттарды бақылайтын құралдар мен құрылымдар, машиналық графика жүйелері, программалық кешендер, жергілікті желілер, әлемдік деңгейде ақпарат алмасуын қамтамасыз ететін қазіргі кездегі байланыс құралдары.

Білім беру саласындағы көп қолданыста жүрген АКТ құралдары:

  • Интерактивті тақта;

  • Мультимедия;

  • Интернет кеңістігі;

  • Электронды оқулық.

Оқу үрдісінің тиімділігін қамтамасыз ету үшін қажет:

  • Бір қалыптылықты пайдаланбау, деңгейлер бойынша (білу, пайдалану, қолдану) оқушылар әрекетін ауыстырып отыру;

  • Баланың ойлау (зерделеу) қабілетін дамытуға бағытталу, яғни елестету, салыстыру, байқағыштық жалпыдан негізгіні айыра алу, ұқсастықты табу қасиеттерін дамыту;

  • Компьютерлік технологияны пайдалана отырып дарынды, орташа және үлгерімі төмен оқушыға сабақты ойдағыдай меңгеруіне мүмкіндік туғызу; Оқушының есте сақтау қабілетін ескеру (жедел, қысқа мерзімді және ұзақ уақыттық есте сақтау).

Оң мотивацияларды қалыптастыру – мұғалімнің кәсіби міндеті. Мотив оқушының танымдық қызығушылықтары, жаңа білім, іскерлік, дағдыны меңгерудегі қажеттіліктерімен тығыз байланысты. Жағымды жағдай туғызу үшін оқушыны коммуникативтілікке бағыттап, сабақта оқушы іс - әрекетін ынталандыратын ерекше сабақ формаларын таңдау керек. Мұғалімдердің тәжірибесі көрсеткендей, дәстүрлі емес сабақтарды ұйымдастыру оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттырады. Бүгінгі күнде мұғалімдер оқушылардың жемісті және тиімді іс-әрекетін ұйымдастыру үшін белсенді түрде дәстүрлі емес сабақтарды пайдалануда. Дәстүрлі емес сабақ түрлеріне видеосабақтар, интернет сабақ, спектакль-сабақ, саяхат-сабақ және т. б. жатқызуға болады.

Жаңа АКТ - ны сабақта пайдаланудың тиімділігі:

1) Оқушының еркін ойлауына мүмкіндік береді;

2) Ақыл - ойын дамытады;

3) Шығармашылық белсендігін арттырады;

4) Ұжымдық іс - әрекетке тәрбиелейді;

5) Тіл байлығын жетілдіреді;

6) Жан - жақты ізденушілігін арттырады.

АКТ-ның негізгі мақсаты – оқушыны қазіргі қоғам сұранысына сай, өзінің өмірлік іс - әрекетінде дербес компьютердің құралдарын қажетті деңгейде пайдаланатын жан - жақты дара тұлға ретінде тәрбиелеу. Білім беруде АКТ - ны пайдалану мен оқушылардың құзіреттілігін қалыптастыру, қазіргі заман талабына сай АКТ - ны, электрондық оқулықтарды және Интернет ресурстарды пайдалану оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік береді.

АКТ-ны сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық тапсырмалар орындайды. Сонымен қатар АКТ құралдарымен жұмыс істеу барысында мектеп оқушыларының оқуға, білім алуға деген ұмтылысының артуы АКТ құралдарымен жұмыс істей алу жаңалығымен ғана емес, сонымен берілетін оқу тапсырмаларын қиындық деңгейі бойынша реттей алу мүмкіндігінен, тапсырманың дұрыс нәтижесі үшін марапаттай алу қызметінен де байқалады.

Заманауи АКТ құралдарымен жұмыс істеу оқушыларды ұқыптылыққа, нақтылыққа, берілген тапсырмалардың нәтижелі орындалуына, басты мәселеге назар аудара білуге баулиды, сондай-ақ, АКТ құралдарымен жұмыс істеу барысында оқушылардың өзінің жеке іс - әрекетін дұрыс жоспарлауға, дұрыс шешім қабылдай алуға тәрбиелейді.

Әрбір ұстаздың алдына келген бала да әртүрлі ойлау қабілетінде болады, мысалы кейбірі шапшаң ойлап, тез жұмыс істесе, кейбірі тақырыпты баяу қабылдап, оған тапсырманы (тақырыпты) қайтадан қарап шығу тиімді болып табылады. Осы орайда АКТ құралдарын пайдалана отырып презентация құралдары арқылы сипаттап, артынан осы материалдарды флеш - карталарына салып берудің тиімділігін білеміз.

Видео - сабақтарды қолдану мен презентацияларды демонстрациялау оқу құралы ретінде қиялды, абстрактілі ойлауды, оқытылатын оқу материалына және пәнге қызығушылықты арттырады. Презентациялар бір жағынан оқушыларға жаңа материалды (иллюстрация, фотосуреттер, бейнелік, дидактикалық материалдар, т. с. с.) көрнекті түрде көрсету құралы болса, екінші жағынан, мұғалімдерге осы материалдарды және оны қолдану арқылы сабақты меңгерту процесін жеңілдетеді. Видео - сабақтар педагогикалық технологияның алға басқан тағы бір қадамы. Оқушылардың ақпаратты теледидар, компьютер және т. б. техникалық құралдардың көмегімен жақсы қабылдайтынын жақсы білеміз.

Қорыта келгенде оқушылардың ағылшын тілі пәніне деген қызығушылығын арттыруда көп ізденіп, жаңа ақпараттық технологияларды меңгеруді, әр-түрлі әдіс-тәсілдерді білуді қажет деп санаймыз. Ақпараттандырылған қоғамның талабына сай мұғалім де, оқушыда жаңаша көзқарасты, терең ойлы болу керек. Сондықтан заман талабына сай жас ұрпақты көкірегі ояу, ізденімпаз, өзіндік шығармашылық жұмыспен айналыса алатын дәрежеге жеткізуіміз керек. Қоғамның басты бағыттарының бірі – білім беру процесін ақпараттандыру. Жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану білім беру үрдісінде тиімді және білім сапасын көтеруге ықпал жасайды.Оқу үрдісінде жаңа ақпараттық – коммуникациялық технологияларды қолдану, әлемдік білім кеңістігіне толығымен еніп, халықаралық деңгейге көтерілуде білім беру үрдісіне ақпараттық – коммуникация технологияларының жетістіктерін енгізу қоғамды дамытудың жоғарғы тиімді технологияларына сүйенген жаңа білім стратегиясына көшу болып табылады. Ақпараттық –коммуникациялық технологияны оқу тәрбие үрдісіндегі қолдану оқушының өз мамандығына қызығушылығын арттырып, шығармашылық шабытын шыңдап, ғылыми көзқарасын қалыптастырып, мамандық сапасын арттырып, еңбек нарығындағы бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда үлесі мол.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет