1 ші деңгей: Патологиялық анатомия, оның мазмұны, мiндеттерi, объектiлерi, зерттеу әдiстерi мен деңгейлерi. Патологиялық анатомия



бет34/35
Дата01.03.2023
өлшемі77,52 Kb.
#170600
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35
Байланысты:
1 ø³ äå?ãåé Ïàòîëîãèÿëû? àíàòîìèÿ, îíû? ìàçì?íû, ìiíäåòòåði, îá

Лимфангиосаркома лимфа тамырларынан өсетін, атипті эндотелий жасушаларымен астарланған қуыстар түзетін ісік.
Қатерлі синовиома. Синовиоманың қатерсіз түрі жоқ, деген ғылыми ұғым бар. Бұл жерде цитоплазмасы ашық немесе ұршық тəрізді жасушалардан құралған ісік көрінеді.
Қатерлі мезотелиома сірлі қабықтардың өте қалыңдап ке туімен, олардың қуысының тарылып немесе бүтіндей тығындалып қалуымен сипатталған ісік.
Остеосаркома сүйектің қатерлі ісігі Ол негізінен ұзын сүйектерде өседі.
Хондросаркома сирек кездесетін, шеміршек жасушаларынан өсетін ісік. Хондробласт жасушаларында атипизм айрықша көрініп, олардың арасында көптеген митоздар кездеседі.
Мезенхима деп дəнекер тіндердің барлық түрлері пайда болатын эмбриондық тінді атайды. Мензенхимадан дəнекер тін, қан тамырлары бұлшықеттер, шеміршек жəне сүйек тіні, сірлі қабықтар (мезотелий) қан жасау жүйесі дамиды. Мезенхимадан өсетін қатерсіз ісіктер фиброма жетілген талшықты дəнекер тіннен өсетін қатерсіз ісік. Ол теріде, теріасты шелінде, сүт безінде, жатырда, бұлшықет аралығында өсіп, бірте-бірте үлкейіп көлденеңі 4-6 сантиметрге жетеді. Жұмсақ фиброма негізінен фибробласт, фиброцит жасушаларынан түзілген, олардың арасында аралық тін мен жіңішке коллаген талшықтары көрінеді. Аралық тін ісінген жағдайда фибробласт жасушалары бір-бірінен алшақтап, жұлдыз тəрізді болып қалады. Ісіктің бұл түрін миксомадеп атайды. Қатты фиброма əр түрлі бағытта орналасқан дəнекер тін талшықтарынан жəне аз мөлшердегі фибробласт жасушаларынан құралған. Ісік стромасы кейде гиалинге ұқсас қатты. Десмоидтық фиброма қатты фиброманың бір түрі, іштің тік бұлшықетінің апоневрозынан өседі. Ісік ұршық тəрізді, қатарласа орналасқан талшықтар түзетін, жасушалардан құралған. Десмоидтық фиброманың ерекшелігі – ол айналасындағы тіндерге ене шекарасыз өседі. Десмоид басқа жерлерде де өсуі мүмкін, оның экстраабдоминалды десмоид деп атайды. Дерматофиброма (гистиоцитома), терімен байланысқан дə некер тін ісігі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет