1-ші деңгей Сойыс малдарының жалпы сипаттамасы, оларды дайындау және оларға қойылатын қазіргі заман талаптарын түсіндіріңіз


Сойыс малдарына қойылатын мемлекеттік стандарт (МемСт) талаптарын түсіндіріңіз



бет2/58
Дата23.02.2023
өлшемі127,79 Kb.
#169903
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58
Байланысты:
1-ші де гей Сойыс малдарыны жалпы сипаттамасы, оларды дайындау

4.Сойыс малдарына қойылатын мемлекеттік стандарт (МемСт) талаптарын түсіндіріңіз. 
Стандарт ағылшынша «норма, үлгі, модель, эталон» деген мағынаны білдіреді. Стандарттың мақсаты: Жалпы адам өмірінде азықтардың қауіпсіз болуы үшін, азықтың сапалылығы, жұмысы, қойылатын талаптар, қоршаған ортамен байланысты, төтенше жағдайлардың болмауы, ресурстардың экономикалық тиімділігі.Стандарттау, шығарылатын өнімнің сапасын бақылау процесі. Малды алғашқы өңдеу – май, ет өңдірудің негізгі бөлімі. Ауылшаруашылық малдарын союдың технологиялық схемасы туралы түсінік.
5.Сойыс малдарын жайып семірту және бордақылаудың түрлерін түсіндіріңіз. \
Малды жайып ceмірту — еңбекті аз қажет eтетін және оңай iскe асырылатын шаруа. Күн сәулесі, таза ауа, көк шалғын малдың тез қоңдануына үлкен әсер етеді. Сонымен қатар жайып семіртілген мал етінің сапасы, басқа бордақылау түрлеріне қарағанда әлдеқайда жоғары болады. Жақсы жайылымда еңбекті дұрыс уйымдастырған жағдайда жылқы, сиыр тәулігіне 700-800 г, ал қой 150-200 г салмақ қосады. Герефорд, қалмақ, қазақтың ақбас сиырының және басқа eттi тұқымды өгізшелері тәулігіне 1-1,5 кг-ға дейін салмақ қосады. Сапалы етпен катар бұл малдан сапасы жоғары тepi де алынады. Қазақстанда малды бордақылауды азық қорына байланысты бірнеше түрде болады: табиғи жайылымды пайдалану, табиғи жайылыммен қатар құрама жеммен немесе шөппен үстеп қоректендіру, бордақылаудың соңғы байлауда құрама жем, сүрлем, өндipic орындарының қалдықтарын (қант, спирт өндipicтepi) пайдалана отырып жоғары қоңдылыққа өткізу. Ipi қараны жайылымда дайындықты етке тапсырылатын малды табынға бөлуден бастайды.
6.Сойыс малдарын тасымалдау кезінде қандай құжаттары болу керектігін түсіндіріңіз.
Тасымалдауға дені сау және жұқпалы ауруы жоқ шаруашылықтың малдары ғана жіберіледі.Тасуға арналған малдың, құстың әр топтарына оларды дайындаған шаруашылықтан әдейі арналған малдәрігірлік куәлік беріледі. Онда малдың басы, жүретін бағыты, мал дайындаған жердің аурудан тазалығы және әдейі арналып жаалған малдәрігерлік өңдеу жұмыстары көрсетіледі. Бұл берілген құжат 3 тәулікке дейін күшін сақтайды. Бұдан басқа малды темір жолмен және автокөлікпен одан қала берді алысқа жайып айдағанда жолдық журнал беріледі. Тауарлы-тасу құжаты ең маңызды құжат. Оны үш дана қылып жасайды.Бір данасы шаруашылықта қалдырылады да қалған екеуі мөрленген конверттің ішінде аға жолсерікке беріледі. Оның біреуі ет комбинаттарына арналады.Бұл құжатта ірі малдар тобы бір бөлек, ұсақ малдар тобы бір бөлек болып көрсетіледі (тірі салмағы, жыныс, қоңдылығы, жасы)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет