1.
1946-1953 жылдардағы Қазақстанның қоғамдық-саяси ауыр ахуалы
және әлеуметтік-экономикалық мәселелердегі қиындықтары.
Қоғамдық-саяси өмірде қатаң әкімшіл-әміршілдік жүйе - тоталитаризм
1940-1950 жылдары өзінің шырқау шегіне жетті. Бұл қоғамдық-саяси өмірдің
барлық саласынан көрініс тапты. Адамның табиғи құқығын шектеу, ұлттық
мүддені ескермеу, мемлекеттік басқару жүйесіне ықпал жасау сияқты
олқылықтардың шегі болмады. Қоғамдық-саяси және мәдени өмір орталықтан
басқарып отырған Коммунистік партияның қатаң бақылауына алынды.
Сталиннің жеке басына табыну қоғамдық өмірде берік орын алды. Үкімет
басшылары түрлі желеулермен заңдылықтарды өрескел бұзып, мемлекеттік
билікті теріс қолданып жатты. Оған өзгеше ойлайтын адамдарды қудалауға
жаңа науқан ашқан БКП (б) Орталық Комитетінің 1946 жылдың 14 тамыздағы
«Звезда» және «Ленинград» журналдары туралы қаулысы бұл құбылыстың
нақты дәлелі бола алады. Қазақстан партия комитеттері өз жұмысын аталмыш
қаулының аясында жүргізді.
Мәскеу мен Ленинградта «Лениградтық іс», «Дәрігерлер ісі» жүргізіліп
жатқанда
Қазақстанда
талантты
тарихшы
«Бекмахановтың
ісі»
ұйымдастырылды. Е.Бекмаханов соғыс жылдары А.П.Кучкин, А. Панкратова,
Б.Д. Греков, Н.М. Дружинин және тағы басқа кеңес тарихшыларымен бірлесіп
Қазақ КСР тарихын даярлаған болатын. Кітап 1943 жылы баспадан жарық
көрді. Алғашқыда еңбек жоғары бағаланғанына қарамастан, көп ұзамай сынға
алынып, әсіресе, кітаптағы ұлт-азаттық көтерілістерге берілген баға қызу айтыс
тудырды. Е.Бекмахановтың 1947 жылы жарық көрген «Қазақстан XIX
ғасырдың 20-40 жылдарында» деген көлемді еңбегі де сынға ұшырады. 1950
жылы «Правда» газетіндегі «Қазақстан тарихының мәселелерін маркстік-
лениндік тұрғыдан жазайық» деген мақалада Е.Бекмаханов еңбегі айыпталды.
1951 жылы 10 сәуірде Қазақстан Компартиясының Орталық Комитеті «Правда»
газетіндегі мақала бойынша қаулы қабылдап, «Бекмахановтың буржуазиялық-
ұлтшылдық көзқарасын айыптады». Қаулыны жүзеге асыру барысында тарих
ғылымдарының докторы Е.Бекмаханов Ғылым академиясындағы қызметінен
босатылып, барлық ғылыми атақтарынан айырылып, 1952 жылы 4 желтоқсанда
25 жылға сотталды.
Е.Бекмахановпен қатар республиканың көрнекті қоғамтану ғалымдары
А.Жұбанов, Х.Жұмалиев, Б.Шалабаев, Б.Сүлейменов, Е.Смайлов, жазушы
Ю.Домбровский осындай жалған айыптармен жазаланып, сондай-ақ
Ә.Марғұлан, Ә.Әбішев, С.Бегалин секілді ғалымдар мен жазушылар саяси және
буржуазиялық-ұлтшылдық қателіктер жіберді деп айыпталды.
1948 жылы «космополитизммен», яғни шетел мемлекеттерінің мәдениетіне
көңіл бөлушілермен күрес науқаны басталды. Космополитизм науқанында
Қазан төңкерісіне дейінгі қазақ халқының мақтанышы болып келген
Шортанбай, Шәңгерей, О.Қарашев феодалдық-реакцияшылдар деп танылып, ал
кейінгі кеңес әдебиетшілері - Б.Кенжебаев, Т.Нұртазин, Ә.Қоңыратбаев,
Е.Ысмайылов ұлтшылдар ретінде қудаланды. Ғылым Академиясының
президенті Қ.Сәтбаев «Едіге батырға» алғысөз жазғаны үшін «ұлтшыл» атанса,
М.Әуезов 1945 ж. жарық көрген «Абай өмірінің және творчествосының
биографиялық очеркі» еңбегінде Абайды «феодалдық ақындар Шортанбай,
Мәшһүр Жүсіп Көпеев ортасында суреттегені үшін» қудаланады. Екі зиялыға
да осындай орынсыз кінәлар тағылғаннан кейін, Мәскеуге қоныс аударуға
мәжбүр болды. «Космополиттер» қатарына белгілі шығыстанушы, академик
В.В.Бартольд та енгізілді. Оған «араб, иран, қытай мәдениеттерін жоғары
көтерген» деген мағынадағы кінә тағылды. Сонымен қатар 1946 жылы
А.Маметованың «Абай Құнанбаев» атты әдеби еңбегіне де космополиттік деген
кінә тағылып, басылымнан алынды. 1952 жылы баспадан С.Мұқановтың
«Балуан Шолақ», С.Мұқанов алғысөз жазған Қ.Аманжолов пен Х.Бекхожиннің
«Батырлық эпосы», Қ.Сатыбалдиннің «Әлия», М.Хакимованың «Мәншүк»
еңбектері қайтып алынды.
Осылайша соғыстан кейінгі жылдарда пісіп-жетіліп келе жатқан қоғамда
өзгеріс қажет деген ұғымды әкімшіл-әміршілдік жүйе тұншықтырып тастады.
1953 жылы Сталин қайтыс болғаннан кейін қуғын-сүргін науқаны біраз
баяулады. Сталиннің өз кезінде жоспарлаған Қазақ КСР Ғылым
Академиясының тарих, археология, этнография институтын, тіл және мәдениет
институтын, Кеңестік жазушылар Одағын «ұлтшылдардан» тазалау саясаты
тоқтатылды. 1953 жылы мамыр айынан бастап социалистік қоғамдағы
қайшылықтар, жеке тұлға мен халықтың тарихтағы рөлі, Сталиннің жеке
басына табыну мәселелері төңірегінде алғашқы пікірлер ай- тыла бастады.
Кезінде ОГПУ, НКВД-ні басқарып, әкімшіл-әміршіл жүйенің адамзатқа қарсы
жасалған қылмыстарын заңдастырған Берия ату жазасына кесілді. «Үштіктер»,
«Бестіктер», «Ерекше кеңес» жойылып, ГУЛАГ МҚК-не берілді. Л.П.Берияның
қылмыстық
іс-әрекетін
үзілді-кесілді
тоқтату
қоғамдық
өмірді
демократияландыру жолындағы маңызды кезең болды. Бірақ бұл - әкімшіл-
әміршіл жүйенің күйреуі емес болатын.
Сотталған адамдар бұрынғыша лагерьлерде отырды, ал адам құқығының
аяққа басылуына Сталиннің өзі сияқты қатысы болған көптеген саяси
қайраткерлер жоғарғы өкімет орындарында отыра берді.
Соғыстың зардабы мәдениет саласының дамуында да үлкен қиын- шылық
тудырды. Республиканың интеллигенция өкілдері, мәдениет қайраткерлерінің
соғысқа алынуы, мәдени мекемелер, оқу орындары мен мектептердің санының
азаюы елдің мәдени даму үрдісіне кедергі келтірді. Аталған кезеңде дүниеге
келген шығармаларда тек майданда ерлік көрсеткен жауынгерлер мен ауыл
еңбеккерлерінің өмірі бейнеленді. Олардың қатарына Е.Мүсіреповтің «Қазақ
солдаты», Ә.Нұрпейісовтың «Курляндия», С.Мұқановтың «Сырдария»,
Ғ.Мұстафиннің «Миллионер» еңбектерін жатқызуға болады. Сонымен қатар
республика
әдебиеті
жазушылар
Ә.Нұрпейісовтың,
Т.Ахтановтың,
Б.Момышулының, С.Мұқановтың, Ғ.Мүсіреповтің; ақындар Қ.Аманжоловтың,
Х.Ерғалиевтің т.б. жаңа шығармаларымен байыды. М.Әуезовтің «Абай жолы»
романы дүние жүзіне танылды. М.Төлебаевтың «Біржан мен Сара»,
Брусиловскийдің «Дударай», Қ.Қожамияровтың «Ризвангүл» опералары
Қазақстанның музыкалық мәдениетінің алтын қорына кірді.
1946 жылы ҚазКСР Ғылым Академиясы ашылып, оның тұңғыш президенті
болып Қ.И.Сәтбаев сайланды. Ғылым Академиясының толық мүшелері болып
көрнекті ғалымдар - М.Әуезов, Ә.Бектұров, А.Қ.Жұбанов, Н.Г.Кассин,
Н.Т.Сауранбаев, мүше-корреспонденттеріне Ақжан Машанов, Н.О.Базанова,
Р.А. Барукаев, Ә.Х.Марғұлан, М.И.Усанович және т.б. сайланды. 1950-
жылдардың аяғында Қазақстан Ғылым Академиясының жүйесінде 50 ғылыми
зерттеу институты жұмыс жасады. 1958 жылы Орталық Қазақстанның кешенді
металлогендік әрі болжамдық картасын жасағаны және оның әдістемесін
зерттегені үшін ғалымдар: Р.А.Борукаев, Г.Медоев, Д.Н.Казанин, Қ.И.Сәтбаев
және басқалары Лениндік сыйлыққа ие болды.
Ал жоғары оқу орындарының құрамына тоқталар болсақ, 1950-жылдары 13
институт: Семейде - малдәрігерлік-зоотехникалық және медициналық,
Қарағандыда - медициналық, политехникалық және педагогикалық, Атырауда,
Қостанайда, Шымкентте және басқа жерлерде педагогикалық институттар
ашылды.
Соғыстан кейінгі жылдарда мектепте білім беру ісі тоталитарлық тәртіптің
ықпалынан шықпады. Партия, комсомол және пионер ұйымдары, мүғалімдер
жас ұрпақтың санасы мен мінез-құлқын қатаң бақылауда ұстады. Оқу-тәрбие
процестерін саясаттандырумен қатар жалпы көрсеткішті қудалау, оқу
процестерін жасанды жүргізу, оқушылардың оқуға немқұрайлы қарауы орын
алды. Осының салдарынан 20 жылдың ішінде (1950-1970) қазақ мектептерінің
саны 3891-ден 2577-ге дейін азайды, ал сабақ орыс тілінде жүретін орыс
мектептерінің саны 1,5 мыңға көбейді. Қазақ тілі тек тұрмыстық қолданыс
дәрежесінде сақталса, орыс тілі негізгі мемлекеттік тіл ретінде қолданылды.
Кітаптардың 95% орыс тілінде басылды, теледидар хабарларының 70% эфирде
тек орыс тілінде жүргізілді. Кеңестік тәртіптің бұл қылмысының нәтижесінде
қазақ халқының ұлттық мәдениетінің аясы жылдан-жылға тарылып, тіпті
ұлттық аумаққа қауіп төнген жағдайлар орын алды.
Сонымен, қаралған жылдары республикада интернационализм түсінігі
үстем
идеологияға
айналды.
Ұлттық
мәселелердің
барлығы
тек
интернационалдық тәрбиені жақсарту арқылы шешіледі деген түсінік негізінде
ұлыдержавалық шовинизм жатты. Ұлттық салт-санадан гөрі кеңестік салт-сана
үстемдікке ие болып, көбірек дәріптелді.
Соғыстан кейінгі жылдары Кеңестер Одағында экономикалық саясатты
жаңартып, жаңа экономикалық даму жолына түсу мәселелері төңірегінде
әртүрлі пікірлер айтылды. 1947 жылға дейін Сталин халық шаруашылығының
даму бағытына байланысты дәйекті шешім қабылдамады. Ұлы Отан соғысының
аяқталуымен Кеңестер Одағы мен Батыс мемлекеттері арасында орын алған
алшақтық Сталиннің соғыстың алдыңғы жылдары қалыптасқан экономикалық
жүйені қалауына әсер етті. Ендігі жерде кеңестік басшылар социалистік
экономиканы нығайту негізі ретінде бірнеше бағыттарды белгіледі. Олар: ауыр
өнеркәсіп, әскери өнеркәсіп кешенін дамыту; Одақтық республикалар
экономикасын орталықтан басқару; еңбеккерлердің еңбек етуге ынтасын
арттырудың орнына мәжбүрлеу әдістерін қолдану.
Соғыстан кейінгі алғашқы 1946 жыл ауыл шаруашылығы үшін қиын жыл
болды. Соғыстың ауыр зардаптары салдарынан Молдавия, Украина, орта
қаратопырақты аудандарда, Төменгі Поволжьеде және т.б. аудандарда аштық
орын алды. Қазақстанда орта есеппен 1 га-дан 4 ц. астық алынып, астық
салынбаған
аудандардағы
шығындар
Қазақстан
астығы
арқасында
толықтырылды. Осы жылғы жиналған астықтың 56% мемлекетке тапсырылған.
Ауыл шаруашылығындағы қиыншылықтардан арылу мақсатында 1946 жылдың
желтоқсанында КСРО Министрлер Кеңесі КСРО-ның шығыс аудандарында
егін егетін жер көлемін үлғайту жөнінде қаулы қабылдады. Осы қаулы негізінде
егін егетін жер көлемін 10 млн гектарға көбейту көзделді. 1950 жылы 1946
жылмен салыстырғанда Қазақстандағы егістік көлемі 1 млн. 173 000 гектарға
артады. Осы шаралардың нәтижесінен кейін Қазақстанда жиналған астық
көлемі біршама көтерілді. Бірақ та егістік көлемі көбейгенімен егін егу сапасы
төмен күйінде қала берді. Осының салдарынан 1953 жылы жоспарланған 8
млрд. пұт орнына 5,6 млрд. пұт қана астық жиналды.
Республиканың мал шаруашылығы да ауыр жағдайда болды. 1951 жылдың
өзінде ірі қара саны 4,5 млн. (1928 жылы 6,5 млн болған); жылқы 1,5 млн. (3,5
млн), түйе 127 мың (1 млн.) болды. Тез өсетін қой саны ғана 1928 жылғы
санына жақындады: 1951 жылы 18 млн мың қой болды (1928 жылы 18566 мың).
Ауыл шаруашылығындағы қиын жағдайға қарамастан, республикадан жаудан
азат етілген республикаларға көмек ретінде ақысыз 17,5 мың ірі қара, 22 мың
жылқы, 350 мың қой және арнайы жеңілдетілген бағамен 500 мың мал
жіберілді.
Ауыл шаруашылығы жұмысшыларының еңбекақысы өте төмен болды.
Өйткені, мемлекеттің ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алу бағасы өте
төмен еді. Мысалы, астық бағасы өз құнының сегізден бір бөлігін ғана жапты.
1946 жылы мемлекет 1 колхозға 143 000 сом ақша жұмсаса, 1950 жылы 170 000
сом ақша жұмсаған. Сондықтан колхозшының айлық еңбекақысы 40 сом
болды, немесе тек 60% колхозшының бір күндік жұмысына 1 кг астық тиесілі
болса, қалғандарынікі бұдан да төмен болған. Шаруаның колхоздан алған
жалақысына күн көруі мүмкін болмағандықтан, оның негізгі күнкөріс көзі -
өзінің ауласындағы жер болды. Осыған байланысты республика ауыл
шаруашылығы халықтың азық-түлікке, өндірістің шикізатқа сұранысын
қанағаттандыра алмады. Республика ауыл шаруашылығын дағдарыстан
шығарудың 2 жолы болды. Бірінші жолы - өндірістік қатынастарды қайта
қарау, нақтырақ айтқанда, осы уақытқа дейінгі жүргізіліп келе жатқан бағыттан
бас тарту, жерді жеке меншікке беру, нарықтық қатынасқа көшу, осы арқылы
ауыл еңбеккерлерінің өз еңбегінің нәтижесіне ынтасын арттыру. Екінші жолы -
ауыл шаруашылығын дамытудың экстенсивті жолы, яғни осы уақытқа дейін
жүргізіліп келген бағытты сақтай отырып, оны жеделдету жолы.
1953-1964 жылдары КОКП ОК-нің бірінші хатшысы және Министрлер
Кеңесінің төрағасы Н.С.Хрущев тұсында ауыл шаруашылығының қатаң
басшылығынан, орталық жоспарлауды колхоздар мен совхоздардың
тәуелсіздігімен ұштастыруға бағытталған талпынушылық байқалды. Оның
негізі 1953 жылы КОКП ОК-нің қыркүйек Пленумының шешімдері болып
табылады. Ұлттық табыс ауылдық жерлердің пайдасына бөліне бастады, салық
саясаты өзгерді, ауылшаруашылық өндірісін сатып алу және дайындау
бағалары көтерілді. Сталиндік қатаң бақылаудан бас тарту көп ұзамай-ақ өз
нәтижесін бере бастады. Бірақ та бұл кезеңдегі аграрлық саясат тұрақты
болмады
.
Енді, қаралып отырған кезеңдегі өнеркәсіптегі жағдайға келер болсақ,
соғыстан кейінгі жылдары Қазақстан экономикасының жағдайы ауыр болды.
Осыған қарамастан Қазақстан шикізат көзі ретінде қаралып, соғыстан зардап
шеккен аудандарды қалпына келтіру базаларының біріне айналды. Оның
соғыстан кейінгі даму жоспары 1946 жылы 18 наурызда Жоғарғы Кеңестің
бірінші сессиясында бекітілген «1946-1950 жылдары халық шаруашылығын
қалпына келтіру және одан әрі дамыту заңымен» белгіленді. Бесжылдықта
республика халық шаруашылығын дамытуға 8,8 млрд. сом қаржы бөлініп,
өнеркәсіп өнімін соғысқа дейінгі 1940 жылғы көрсеткіштен 2,2 есе асыру
жоспарланды. Қазақ металлургия зауытының құрылысын аяқтау, Қарағанды
металлургия құрылысын бастау көзделді.
Бесжылдықты мерзімінен бұрын орындау жолында социалистік жарыс
кеңінен қанат жайып, әсіресе, қара металлургия саласы үлкен табыстарға жетті.
Теміртаудағы қазақ металлургиялық зауытында 2 мартен пеші, 3 прокат жүйесі,
Ақтөбе ферросплав зауытында өндірістің 3-ші кезегі іске қосылды. Түсті
металлургия саласында Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты салынып, ол
алғашқы мырышты бере бастады. Алты жаңа көмір шахтасы, Қаратон және
Мұнайлы кәсіпшіліктері қатарға қосылып, мұнай өндіру соғысқа дейінгі
деңгеймен салыстырғанда 52% артты. Электр қуатын өндіру 1945 жылмен
салыстырғанда 2,3 есе өсті.
Жеңіл өнеркәсіп саласында Петропавлдағы тігін фабрикасы, Жамбылдағы,
Қызылордадағы, Павлодардағы тері зауыттары өз өнімдерін бере бастады.
Осыған қарамастан тұтыну тауарлары халықтың сұранысын қанағаттандыра
алмады. 1950 жылғы мәлімет бойынша Қазақстанда тұтыну заттарын өндіретін
65 қана өнеркәсіп орны болды. Республикада мақта, түбіт, тері көп мөлшерде
орталыққа жіберіліп, одан дайындалған дайын мақта өнімінің 0,1%, түбіт
өнімінің 1,4%, тері аяқ-киімнің 1,7% ғана пайдаланды. Өйткені, қаржының
басым бөлігі бұрынғысынша әскери-өнеркәсіп кешенімсалаларына жұмсалды.
1950-жылдардың екінші жартысынан кейінгі жылдардағы Қазақстанның
индустриялық дамуының негізгі бағыттары 1956 жылы өткен КОКП-ның XX
съезінде қабылданған халық шаруашылығын дамытудың 6-бесжылдық, 1959
жылы XXI съезде қабылданған 1959-1965 жылдарға арналған жетіжылдық және
1966 жылғы XXIII съезде қабылданған 8-ші бесжылдық жоспарлармен
белгіленді. 1960 жылдардың өзінде ғана 700-дей кәсіпорын қатарға қосылды.
Оның ішінде Жезқазған байыту комбинаты, Өскемен су-электр станциясы,
Бұқтырма су-электр станциясының бірінші кезегі, Қарағанды 2-жылу электр
станциясы, Соколов-Сарыбай кен байыту комбинаты, Павлодар трактор
зауыты, Алматы мақта-мата комбинаты, Жамбыл былғары аяқ-киім комбинаты
және т.б. болды. «Қазақсельмаш» зауыты ауылшаруашылық машиналары
бөлшектерін шығаруға мамандандырылып, егін шаруашылығы мен мал
шаруашылығындағы жұмыстардың механизацияландырылуын қамтамасыз
ететін жаңа машиналар мен жабдықтар шығара бастады.
Соғыс жылдары Қазақстанда соғыс тұтқындарын қабылдау үшін мынадай
лагерьлер құрылған болатын: Балхаш қаласындағы №37, Жезқазғандағы №39,
Қарағандыға жақын Спасск елді мекенінде №99. Бұл лагерьлерде 1947 жылғы
мәлімет бойынша 35375 неміс әскери тұтқындары, 3615 жапон тұтқындары
болды. Бұл тұтқындар Қарағанды, Саран, Теміртау, Майқұдық, Пришахтинск,
Балхаш, Ақмола облысындағы өнеркәсіп орындарында да тегін жұмыс жасады.
1945-1950 жылдары №99 лагерьдегі тұтқындар саны 118 923 адамға көбейді.
Лагерь
«Қарағанды
көмір»,
«Шахтақұрылыс»,
«Жилдорқұрылыс»,
«Жилқұрылыс» және т.б. өнеркәсіп орындарын ақысыз жұмыс күшімен
қамтамасыз етті. 1948 жылы халық шаруашылығында әскери тұтқындар саны 1
035 339-ға жетті. Олар 16 халық комиссариаттары салаларында еңбектенді.
Яғни, жинақ қоры ГУЛАГ жүйесіндегі тұтқындардың ақысыз еңбегі есебінен
толықтырылып отырды. Қазақстан аумағындағы әскери тұтқындар 1945
жылдан бастап біртіндеп еліне қайтарыла бастады.
Достарыңызбен бөлісу: |