Саммитте Италия премьер-министрі С. Берлусконидің «Астана рухы» –
«төзімділік пен өзара сыйластықтың», «түрлі ұлт пен дін өкілдері бейбітшілік
пен келісімде өмір сүріп жатқан» елдің рухы», – деп атап өтті.
1975 жылғы Хельсинки саммиті Еуропалық қауіпсіздік қоғамдастығына
жол ашса, 2010 жылғы Астана саммиті бірінші қадамын одан да ұзағырақ –
Еуразиялық қауіпсіздік қоғамдастығына қарай жасады.
ЕҚЫҰ саммиті үлкен дүмпу тудырды. Барлық қатысушы елдердің және
әріптестердің, сондай-ақ алдыңғы қатарлы халықаралық ұйымдардың 73
ресми делегациясын жинаған Астана саммиті осы бір ірі халықаралық
қауіпсіздік құрылымындағы өзгерістер туралы диалогқа дайын екенін
көрсетті. Қазақстан БҰҰ, Ядролық сынақтарға ортақ тыйым салу шар-ты
ұйымы, НАТО, Еуроодақ, Еуропа кеңесі, ШЫҰ, ТМД, ҰҚШҰ, ИКҰ және
басқа да беделді жаһандық және өңірлік құрылымдардың өкілдері кеңесін
өткізу арқылы елдер арасындағы диалогтерді кеңейтіп, ЕҚЫҰ процесіне
инновация енгізді. Нәтижесінде ЕҚЫҰ-ның саяси сөздік қорына
еуроатлантикалық және еуразиялық қауіпсіздіктің ортақ және бөлінбейтін
кеңістігідеген ұғым толықтай енді.
2010 жылы 1-2 желтоқстанда еліміздің жүрегі - Астана қаласында он бір
жылғы үзілістен кейін Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық
ұйымының VІІ Саммиті болып өтті. Саммит қарсаңында және оның аясында
елорда ЕҚЫҰ-ның Шолу конференциясы ұйымдастырылып, онда 560
үкіметтік емес ұйымдар бас қосты, соның 160-сы шетелдік ұйымдар. Ал
Саммиттің өзіне ұйымға қатысушы елдер мен әріптес елдерден және БҰҰ,
Еуропалық Кеңес, ЕуроАзЭҚ, ШЫҰ, ҰҚШҰ сияқты аса ірі халықаралық
және өңірлік ұйымдардың 73 ресми делегациясы қатысты. Қатысушы
қонақтар саны бес мыңға жуық адам болды. Саммиттің барысын 1300-ге
жуық қазақстандық және шетелдік журналистер жария етіп отырды.
Бұл беделді Ұйымның Орталық Азияда өткізген тұңғыш форумы еді.
Онда өңір үшін өте өткір мәселелер, соның ішінде трансұлттық қатерлер,
атап айтқанда лаңкестік пен адам саудасы, сондай-ақ Қырғызстандағы
оқиғалар және Ауғанстандағы жағдайлар т.б. мәселелер талқыланды.
Астанадағы Саммит Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық
ұйымының жұмысына жаңа серпін бере алды. Қазақстан бірін-бірі жылдар
бойы көрмей келген ел басшыларының басын қосып, мәмілеге келтірді.
Қазақстанның төрағалығы Ұйымның тарихы үшін ғана емес, бүкіл
халықаралық қатынастар жүйесі үшін ерекше із қалдырған оқиға болды.
«Еуропалық қауіпсіздік» түсінігі кеңейтілді. Бүгінде «ескі Еуропадан»
Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказды ажыратпай еуразиялық қауіпсіздік
кеңістігі туралы айту қажеттігі туындады.
Саммит Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығының шыңы болды. Осы
халықаралық ұйымның басшылығындағы іс-қимыл бағдарламасы толық іске
асты. Қазақстан тәуелсіздігінің сыртқы саяси негіздері нығайтылды.
Достарыңызбен бөлісу: