Жоспар:
Кіріспе
1.Шығармашылық зерттеу- жеке тұлға мүмкіндігінің өлшемі.
1.1 Шығармашылықтың пайда болуының негізгі факторы.
1.2 Психологиялық дайындау- шығармашылық шабыт шақыру.
1.3 Шығармашылық жұмыс- баланың ізденіс қабілеттерін дамыту жолдары.
2.Шығармашылық жұмыстың түрлері
2.1 Шығармашылық дербестікті қалыптастыруда жазба жұмыстарының маңызы.
2.2 Дидактикалық тапсырмалар беру оқушы ойын кемелдендіру
2.3 Тестердің тиімділігі.
2.4Тіл ұстарту- пікір алмасуға үйретудің жолдары.
3. Шығармашылық жұмысты жүргізудің тиімділігі.
3.1 Сабақта және сабақтан тыс уақытта жүргізілген жұмыстар арқылы танымдық белсенділігін арттыру.
Қорытынды
Кіріспе
Қазіргі таңда еліміздің болашақ ұрпақтарын тәрбиелеу бағытындағы білім беру мәселесі- мемлекетіміздің басты ұстанымдарының бірі. Осы ұстанымға жетудің бірден- бір жолы: әлемдік білім кеңістігінен орын алу, өркенитетті, қуатты елдер қатарына қосылу болып табылады. Оқытудың инновациялық технологияларын пайдалана отырып білім сапасын арттыру, сондай- ақ рухани жан дүниесі бай, жан- жақты дамыған ұрпақ тәрбиелеу- осы ұстанымдардан туып тұрған өзекті мәселелердің бірі.
Бүгінгі таңда білім саласының алдында дайын білімді, дағдыларды меңгеретін, шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, тың жаңалықтар ашатын, біртума ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндеті тұр.
Қазақстан Республикасы” Білім туралы ” Заңында”Білім беру жүйесінің баты міндеті- жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау, интеллектін байыту”деп атап көрсетеді.Сондықтан жалпы білім беретін мектеп қабырғасындағы әрбір пән оқушыны дара тұлға ретінде жетілдіруге, оның шығармашылық қабілеттерін дамытуға алғы шарт жасауы керек деген қағида берік орнықты.
Мектептегі оқыту үрдісінің негізгі мақсаты- баланың білім беру кезіндегі ойлау қабілетін қалыптастыру, сол арқылы таным әрекетін белсендіріп, шығармашылық қабілеттерін тәрбиелеп дамыту.
Шығармашылық қабілетті дамыту мәселесі қай кезде де ойшылдармен ғалымдардың назарындағы нысан болып келеді. Психологтар шығармашылық қабілетті дамытуды- тұлғаны дамытудың ең басты тетіктердің бірі ретінде қарастырды, өйткені шығармашылық іс- әрекеттің нәтижесі оның қайталанбайтындығымен, бірегейлігімен ерекшеленеді. [3]
Шығармашылық қабілет әр оқушының табиғатында болуы мүмкін. Менің міндетім – оқушы бойында жасырынып жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету.Сондықтанда осы тақырыпты таңдап алдым.
Мақсаты: Оқушы шығармашылығын дамытуда оқушыны жеке тұлға ретінде қалыптастырып, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Міндеті:Оқушы қабілеті мен әрекетін дамыту, шығармашылықпен жұмыс істеуге үйрету, шығармашылық жұмыстар жүргізе отырып, ізденімпаздықпен іскерлігін жетілдіру. шығармашылыққа арналған тапсырмалар арқылы балалардың қызығушылығын, тапқырлық, ұстамдылық әрекеттерін, ойын ұштай келе, қиялын дамытып, баланы өз бетімен жұмыс істеуге икемдеу.
Жұмысты жүргізу әдістері:
Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастырудың дидактикалық әдістері:
Әртүрлі тапсырмалар беру, диолог, шағын әңгіме құрастыру оқушының танымдық білімін толықтыру.
Рольдік ойындар құрастыру, іскерлік ойындар ұйымдастыру, оқушының зейін- зердесін танымдық мәнге аудару.
Жоғарғы сынып оқушылармен әр түрлі тақырыпта жарнамалық роликтер ұйымдастыру.
Оқушы орфографиялық, грамматикалық қатесіз жазуға өз бетімен жеке жұмыс істеуге талпындыру.
Ынталандыру және әсерлендіру әдісі:
Сөз қолданыстағы жауапкершілікті сезіну. Аудиовизуалдық танымды меңгеріп, оны тұтына білуге жаттығу, сөздіктерді пайдалана білу.
Оқытудағы практикалық әдістер:
Мәтінді рөлдерге бөліп оқу, диолог. мәтін бойынша пікірлесу. Өзіндік таным түсінігін айтып беруге жаттығу. Сөздіктерді пайдалана білу.
Сыныптан тыс -жұмыстарды өткізу әдістері:
Үйірмелер, кездесулер, конкурстар, конференция, олимпиадаларды ұйымдастыру.
Оқытудағы индуктивтік және дедуктивтік әдістері:
Дараны жалпыға, жалпыны дараға келтіріп талдауды оқушының қызығушылығына үйлесімді болуына мән бере отырып жүргізу.
Проблеманы оқушыға шешкізу, оларды өздігінен ізденуге бағдарлау:
Оқушыны өздігінен ізденіп, өздігінен ойлантып пайымдау жасату, зерттеушілік тұрғыдағы ой тұжырымдамасын жасай білуге бейімдеу.
Оқытудағы белсенділік және интенсивтік әдістер:
Техникалық пайдалану, түрлі ойындар мен шығармашылыққа бейімдеу, интенсивтендіруде суггестиялық жолды жүзеге асыру. [25]
1. Егеменді еліміздің ең басты мақсаты өркениетті елдер қатарына көтерілу болса, ол өркениетке жетуде жан-жақты дамыған, рухани бай тұлғаның алатын орны ерекше. Қазіргі білім берудің басты мақсаты да сол жан-жақты дамыған, рухани бай жеке тұлға қалыптастыру болып отыр. Жеке тұлғаны дамытып қалыптастыру үшін олардың өзгермелі әрекеттерін айналадағы нақты құбылыстар мен таныс объектілерді зерттеумен байланыстырудың маңызы зор.
Баланы ізденушілікке баулу оған зерттеу дағдысы мен білігін игерту бүгінгі білім беру саласының маңызды міндеті болып саналады.
Зерттеу–ғылыми әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, белгілі бір объект жөнінде жаңа білім қалыптастырумен аяқталатын жүйелі және арнайы мақсатқа көзделген объектімен танысу. Танымдық әрекет оқушы үшін еске түсіру мен өзгерту бағытында болуы мүмкін. Оқушылардың өзгерту таным әрекеті «зерттеу» деп аталатын тәсіл арқылы жүзеге асырылады. Интеллектуалдық және шығармашылық қабілеті жоғары дамыған балалардың өз бетімен білім алу мүмкіндігі болуы тиіс. Яғни мұндай оқытуды бала өзі басқарады, өзі анықтайды, өзі жүзеге асырады. Оқушының өзіндік зерттеу әрекеті оның өзіндік талабын қанағаттандыруға ықпал етеді. Оқушылар қоршаған ортамен таныса отырып, өзіндік зерттеу әрекетінің көмегімен жаңа білімді дайын күйінде емес, өзі ашады. Баланың жүріс-тұрысындағы әрекеттер процесінде оның тұлғалық қасиеттері қалыптасады. Тұлғаның қасиеті, жүріс-тұрысы қоғамдық қатынастармен, жалпы адамзаттың құндылықтарымен бірге қарастырылады. Сонымен қатар әрбір адам ортасына деген көзқарасы мен әрекетіне қарай бір-бірінен өзгешеленеді.Адамның айналасын танып білуде жануардан айырмашылығы ортаға бейімделуінде емес,оған шығармашылықпен қарауында. Шығармашылық-зерттеу тәртібінің маңызды сиппаттамасы. Шығармашылық зерттеушілік ізденіс адам үшін екі түрлі көзқараспен маңызды: бір жағынан, жаңа өмірге қол жеткізуінде,екінші жағынан ізденіс процесінің мәнділігінде.Адам шығармашылық нәтижесінде ғана қанағаттанып қоймай, шығармашылық пен зерттеу ізденушілігінің өзінен де ләззәт алуға қабілетті.[23]
Зерттеу мен дағдысы ғылыммен ғана айналысатын адамдарға ғана емес, сондай‑ақ әр адамның түрлі саладағы қызметіне қажет. Шығармашылық ізденушілік кез келген кәсіппен тікелей байланысты. Зерттеу ісі қазіргі кезде аясы тар мамандандырылған қызмет емес, сондай-ақ бүгінгі заман адамының өмір сүру тәсіліне енген, кәсіби шеберлігін танытуда өзіндік көзқарасына сәйкес қызмет болып табылады. Бұл пікірді Абайдың жетінші қара сөзіндегі:«Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біріншісі-ішсем, жесем, ұйықтасам» деп туады. Екіншісі — көрсем, білсем деп, ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, ол неге үйтеді ,бұл неге бүйтеді деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін, тыныштық көрмейді ,- деген ой- тұжырымды растайды.
Баланы ізденушілікке баулу, оған зерттеу дағдысы мен білігін игерту бүгінгі білім беру саласының маңызды міндеті болып саналады. Егер әр оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуын қамтамасыз ету қажет болса, онда баланың қабілетін түрлі әрекетте көрсету үшін зерттеуге дайындау қажет. «Зерттеу» түсінігі энциклопедиясында «жаңа білімді өңдеу процесі және таным қызметінің бір түрі болып есептеледі» деп түсіндіріледі. Балаларды оқытуда зерттеу әдісін қолдану қажеттілігі олардың табиғи қызығушылығының басымдылығымен түсіндіріледі.Оқушының өзіндік зерттеу әрекеті оның өзіндік талабын қанағаттандыруға ықпал етеді.Оқушылар қоршаған ортамен таныса отырып, өзіндік зерттеу әрекетінің көмегімен жаңа білімді дайын күйінде емес өзі ашады.
Шығамаршылық‑зерттеу тәртібінің маңызды сипаттамасы.Шығармашылық зерттеушілік ізденіс адам үшін екі түрлі көзқараспен маңызды: бір жағынан, жаңа өнімге қол жеткізуінде,екінші жағынан,ізденіс процесінің мәнділігінде. Адам шығармашылық нәтижесінде ғана қанағаттанып қоймай, шығармашылық пен зерттеу ізденушілігінің өзінен де ләззәт алуға қабілетті.[9] Елімізде шығармашылықтың дамуы туралы арнайы зерттеп жұмыстарын жазған психолог – ғалымдар Т.Тәжібаев, Ж.Аймауытов, Қ.Рахымбаева, С.Бердібаева, Б.Тұрғынбаева еңбектерін атап өтуге болады.
Психологиялық сөздікте «Шығармашылық іс- әрекет нәтижесінде жаңа материалдық және тарихи құбылыс болып саналатын шығармашылықтың психологиялық аспектісі де бар: жекелік және үрдістік. Бұл жеке тұлға нәтижесінде өзінің жаңалығымен, бөлектілігімен ерекшеленетін өнім шығаруға қажетті қабілеттердің, білімнің, икемділіктің және дағдылардың болуын талап етеді» деп берілген.
Л.Выготский «Шығармашылық деп жаңалық ойлап табатын іс- әрекетті атаған.» Ал шығармашылық мәселесін терең зерттеген Я.Понамеров оны даму ұғымымен қатар қояды.
Шығармашылық сөзінің түп төркініне орыс ғалым М.Поташник былай анықтама береді:
-жаңа өнім жасау немесе бұрынғы өнімді жаңалап жетілдіру;
-іс- әрекеттегі қайталанбайтын, өзгеде жоқ, нәтижелі өнім.
1.2. Психологтар соңғы жылдары адам бойындағы дарындылықтың екі түрін бөліп көрсетті. Оның бірі «туа біткен» данышпан деп, ал екіншісінің өкілін «келе-келе қалыптасқан» данышпан деп атау негізге алынған екен. «Туа қалыптасқан» данышпандар өз туындыларына керемет қабілеттілік та-
нытқан. Ал «келе – келе қалыптасқан» данышпандардың ең үлкен қасиеті- қажымайтын жігер, білуге деген құштарлық, өз-өзіне қоятын қатаң талаптың болуы екен.
Мектеп қабырғасында кемеңгерлер жақсы да,жаман да оқиды. Ал адам бойындағы дарындылықты нағыз данышпандыққа айналдырудың бір ғана шарты – табиғи талантпен шектеліп қалмай, табандылықпен еңбектену. Демек, табиғи таланттарды ашу, жас талапкердің жарқырап көрінуі үшін ұстазға жүктелер міндет не? Ол міндет – оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін жан аямай еңбек ету. [16]
Психологтардың зерттеуі әрбір жаста шығармашылыққа баулуға өзек болардай өзіндік қабілет, бейімділік болады дегенді айтады. Сондықтан баланы сәби кезінен бастап мектеп бітіргенге дейін үзбей, жүйелі түрде шығармашылыққа баулып, ақыл – ойын, икемділігін дамыту қажет. Орта буынды шығармашылық мүмкіндігі зор, шығармашылықпен тұрақты, белсенді айналысуға икемді жас деуге болады. Оқушыларды шығармашылыққа баулу үшін тағы бір қажеттілік – баланы психологиялық дайындықтан өткізу. Психологиялық дайындық , яғни педагогтің психологиялық әсері шығармашылық кезеңде баланың шабытын оятып, құлшындырып, еліктіріп отырады. Шығармашылық шеберлік үшін оқушыға ұстаздың берер психологиялық әсері мынадай болмақ: «сенің қолыңнан бәрі келеді», «сен қабілеттісің», «жаз», «үйрен» деп баланың еркін билеп, сенім білдіру; оқушының кішкентай жетістігі болса да, жоғары бағалап, мадақтап, көтермелеу; шығармашылық сәтте оқушыға құптаушылық көзқарас білдіру, сезім күйін бақылау, қамқорлық таныту; оқушының қойған сұрақтарына пейілмен дұрыс жауап беру, олардың психологиялық еркіндігін қамтамасыз ету сияқты әрекеттерді педагог білу керек. Шығармашылықты тежейтін бірнеше кедергі бар: біреулер «жаза алмаймын, қолымнан келмейді» деп өздерін үрейге , қорқынышқа билетсе, екінші бала өз жазғанына өзі қанағаттанбайды; ал үшінші біреу –жасқаншақ немесе ұяңдықтың кесірінен өз талантын танытуға енжар болады; төртіншісі жалқаулыққа жеңдіреді. Міне осындай кедергілердің алдын алып, баланың талабын ұштау ұстазға байланысты.
1.3 Шығармашылық- бүкіл болмыстың, қозғалыстың дамудың, бір сөзбен айтқанда, тіршілік көзі.Қазіргі педагогика ғылымында оқушы шығармашылығына бағыт- бағдар беру мәселесі кеңінен көтерілуде.Оқушы шығармашылығын дамытудың қажеттілігі қоғам талабынан туындайды.
Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі.Бұған бүкіл халықтық және жеке адамның шығармашылығы арқылы жеттік.Әр жаңа ұрпақ өзіне дейінгі ұрпақтың қол жеткізген жетістіктерін меңгеріп қана қоймай, өз іс- әрекетінде сол жетістіктерді жаңа жағдайға бейімдей, жетілдіре отырып, барлық салада таңғажайып табыстарға ие болады. Баланың шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдарын, құралдарын анықтау психология мен педагогика ғылымдарында да зеріттеліп келеді. Шығармашылық педагогикасының мақсаты- бүгінгі күн талаптарынан туындаған, озық қоғамға лайықты жаңа сана, рухани сапа қалыптастыру және дамытуда тың жолдармен жаңа шешімдер іздестіру болып табылады. Баланың шығармашылық қабілетін дамыту мәселесін таңдау ең алдымен «қабілет»ұғымының мәнін терең түсініп алуды қажет етеді. Қабілеттің екі түрі бар:
Репродуктивті-іс- әрекетті, білім берілген үлгі бойынша қабылдай алу
деңгейі.
Шығармашылық- жаңалық ойлап табуға бағытталған қабілеттер деңгейі. «Шығармашылық» сөзінің төркіні «шығару», «ойлап табу»дегенді білдіреді.демек, жаңа нәрсе ойлап табу, сол арқылы жетістікке қол жеткізу деп түсіну керек.Ол үшін мұғалімнің өзі де шығармашылықпен тұрақты айналысып, дәуір көшінің өзгерістеріне ілесе алатын болуы тиіс десек, мұғалім- бақылаушы емес, бағалаушыда емес, танымдық іс- әрекетін ұйымдастыратын шығармашылық істердің ұйытқысы.
Шығармашылық жұмыстың түрлері.
Шығармашылық оқушыға шын ләззат, қуаныш сезімін әкелуі тиіс.Жаңаны жасау, өзі жасаған тың дүниеден алған жан ләззаты оқушы үшін шабыт баспалдағы болмақ. Сабақ беру үрдісінде шәкірттерді шығармашылық жұмысқа баулудың маңызы зор.Жазба жұмыстар олардың танымдық белсенділіктерін, ойлау жүйесін арттыруға көмектеседі.Жазба жұмыстарынан әр баланың өзіндік көзқарасын, эстетикалық және адамгершілік танымы, эмоциясы, пікірі, талдау, қорытындылау, салыстыра білу тәрізді жекелік қасиеттері байқалып тұруы қажет деп ойлаймын.
Шығармашылық жазба жұмыстары -тіл дамыту жұмыстарының бір түрі. Жазба жұмысын жазарда мұғалім оқушыға міндетті түрде бағыт – бағдар беруі керек. Шығармашылық жазба жұмыстарының мақсаты – логикалық ойлауды дамыту, шығармашылық, қиялды, нақты нәрсені еркін, қызықты түрде беруге қалыптастыру. Шығармашылық жұмыс табиғаттың төл перзенті адамның көңіл күй, ой-толғам болмысына, сыртқы дүниені танып білу, ұмтылу мүмкіндігіне де байланысты.Осыған орай кейде ой-толғау түрінде оқушыларға «Мен кіммін?»,«Who l am?»деген тақырыпты жазуға тапсырма беремін.
Менің бұл арадағы ұстаздық міндетім – жұмбақ дүние сырын меңгеру бары-
сында әрдайым дамып жетіле беретін жекелік қасиеттерді шәкірт бойына да-
рыту- дара тұлғаның пікірі арқылы адам психологиясы мен қоғам өмірін жа-
қындастыру, баланың өз шығармасы арқылы өмірмен байланыстыру.Оқушылардың ағылшын тілінен білімін бағалау негізінен, екі түрлі шартқа байланысты. Біріншіден, түсінгенін дұрыс айта білу( сөйлемді дұрыс құрастыру,жеке дыбыстарды, буынды, сөзді, сөз тіркестерін дұрыс оқу).Екіншіден тақтадан, кітаптан, мұғалім айтқанынан сөз, сөз тіркестері, сөйлемдерді сауатты көшіре білу.
Тілдерді меңгеруде оқушылар сөздерді, сөз тіркестерін ауызша, жазбаша дұрыс қолданып, ерекше дыбыстарды меңгермейінше ағылшын тілінде дұрыс сөйлеу, салауатты жазу мүмкін емес. Сондықтан жазба жұмысын барлық сыныптарда үнемі өткізіп отырған тиімді.
Жалпы білім беретін мектептерде5 сыныптан бастап диктант түрлерін, жазба жұмыстарын өткізуге болады.
Әріп диктанты. 5 сыныптарда өткізіледі. Мақсаты- ағылшын тілінің дыбыстары мен әріптерін дұрыс меңгеріп, олардың бір- бірінен айырмашылықтарын, ұқсастықтарын білдіру. Бұл диктант түрі оқушылардың сауатын ашумен қатар олардың есте сақтау қабілетін дамытады әрі оқушы каллиграфиясының қалыптасуына әсерін тигізеді.
Мысалы:a,e,i,o,u,y,t,d,n,m,b,v әріптерінен келетін сөздерді жаздыру.
Сөздік диктант- барлық сыныптарда жүргізіледі. Диктанттың бұл түрі жаңа грамматикалық тақырып, мәтін, сурет,түрлі жаттығу жұмыстарынан кейін өтілген материалдарды пысықтаудың ең тиімді жолыболып есептеледі.
Мысалы:living room, bed room, study, dining room, ground floor, flat, house, window, door.
Шығармашылық дикатант.Диктанттың бұл түріне сөйлем мүшелерінің орын тәртібі бұзылып,шашыранды сөз түрінде берілген сөйлемдер алынады.Бұл сөздердің әр тобынан оқушылар өздігінен сөйлем құрастырады.
Usually , watch, I,TV, on Sunday.
Always, she, piano, plays, at home, the.
1. He, sweets, cakes, jam, likes.
2. The shop, closes, at 5o’clock.
1. A lot, in, winter, here, it, rains.
2. Very, she, visits, her, it rains.
Бақылау диктанты- барлық сынаптарда оқушылардың білімі мен сауаттылығын тексеру мақсатында өткізіледі.Диктанттың бұл түрі белгігі бір тақырып өтілгеннен кейін жүргізіледі. Бақылау диктантын жазуға төселудің шарты- оқылған сөйлемдерді , сөздерді, бірден ұғып алып, жадында сақтап жазуға үйрету.
Жеміс пен көкеністі екі топқа бөлу.
Fruit vegetable
Bananas, apples, tomatoes, onions, carrots, cabbages, apricots, oranges.
Киімдерді үш топқа бөлу.
Boy’s wear Girl’s wear Either
Boots raincoats pajamas pants tights dresses trousers pullovers shirts gloves.
Сөз таптарына байланысты үш топқа бөлу.
Nouns Verbs Adjectives
Dog, play, farm, hand, river, cry, small, eat, clean, hunter, boring, write.
Оқушылардың білімін сынауға арналған тағы бір жазба жұмысының түрі- сұрақтарға жауап жазу. Сұрақтар алынған мәтінді қайталауға, немесе белгілі бір тақырыпқа берілген суреттер, диафильмдер бойынша қойылуы мүмкін. Жауаптары бағаланғанда оның мазмұнына, сөйлем құрлысының дұрыстығы, орфографиялық сауаттылығы ескеріледі.
Диктант, жазба жұмыс түрлерін оқушылардың жас ерекшілігіне, топтың қабылдау қабілетіне қарай, оқу материалының күрделілігіне байланысты жеңілдетіліп немесе қиындатып отыруға байланысты жеңілдетіп немесе қиындатып отыруға болады.[8]
2.2 Менің ұстаздық міндетім – жұмбақ дүние сырын меңгеру барысында әрдайым дамып жетіле беретін жекелік қасиеттерді шәкірт бойына да-
рыту- дара тұлғаның пікірі арқылы адам психологиясы мен қоғам өмірін жа-
қындастыру, баланың өз шығармасы арқылы өмірмен байланыстыру. Бәрі-
мізге белгілі, бір сыныпта қабілетті, икемділігі, қызығуы, дамуы, ой-өрісі, сөйлеуі, сырт бейнесі әр түрлі оқушылар отырады. Ағылшын тілі 5-сыныптан бастап жүргізіледі, сол кездің өзінде-ақ қай оқушының шет тіліне қандай екенін байқауға болады. 5- сыныпта ешқандай өзгеріс бола қоймайды, барлы-
ғы біркелкі оқитын сияқты болып көрінеді. Әрине, қандай жұмыс болсын оның нәтижесін көру үшін көп шығармашылық керек. Ал мен оқушының ұқыптылығын, зейінінің тұрақтылығын, еңбек ету қабілетінің жоғарылығын байқаған соң ғана тілге бейімделіп, сынып ерекшелігіне қарай қосымша тап-
сырма бере бастаймын.[19]
Мұғалім басқа оқушылар өлең жаттау керек болса, ол оны есіне сақтап жазады немесе сурет қылып салып береді,дыбыстарды көрсетіп, карточкалар жасайды, ұнатқан суретін салады да, сол бойынша әңгіме құрастырады, өзі сөзжұмбақ жасайды, берген сөзжұмбақты шешеді, бөлек дайындалған карточкалармен жұмыс істейді.
Орта буынға келгенде, қабілетті дарынды оқушылар сабақтағы жұмыстарға қанағаттанбайды. Осы кезден бастап қосымша сабақтар өткіземін, баланың қабілетін танытуға мүмкіндік туады. 45 минутта қалай үлгеремін демей, жеке өзімен аптасына қосымша сабақ жүргіземін, әр уақытқа оқушыдан бөлемін, себебі екеуіне сөйлесуге мүмкіндік туады, бірінің қатесін бірі тауып, толықтырып, түсіндіріп отырады, бір-бірімен жарысып, бір деңгейде болуға тырысады. Бұл жастағы балалар өз мүмкіндіктеріне қарай шығармашылық жұмыстармен айналыса бастайды. Мен көбіне-көп оқушылардың өздеріне орындауға мүмкіндік беремін,келесі сабақта қатесін тауып,қосымша ойлармен толықтырып, әңгімелеп береді, шағын мазмұндамалар жаздырамын. Осындай қосымша сабаққа қатысатын оқушылар мектептегі жарыстарға, апталықтарға белсене араласып ұйытқы бола алады. Оқушы алдына оқу мақсаттарын қоюда ешқандай дайын үлгі берілмейді. Мақсатты шешу іштей талқылау, сосын жинақтау арқылы жүзеге асады. Мұғалім сабақ процесін ұйымдастырушы, бағыттаушы адам ролінде. Шешім табылған кезде әркім оның дұрыстығын өзінше дәлелдей білуге үйретіледі.Әр оқушыға өз ойын, пікірін айтуға мүмкіндік беріледі, жауаптар тыңдалады. Әрине, жауаптар барлық жағдайда дұрыс бола бермес. Дегенмен әр бала жасаған еңбегінің нәтижесімен бөлісіп дәлелдеуге талпыныс жасайды, жеке тәжрибесін қорытындылауға үйренеді. Қойылатын сұрақтар проблемалы ойлауды, пайымдауды қажет ететіндей етіп беріледі, оқушы да ондай сұраққа өз ойын, өз пікірін білдіре жауап беруге дағдыланады. Бұл сабақтарда жаңа материалды талдауға зор көңіл бөлінеді. Өйткені талданбаған шығарма бала жүрегіне жетпейді деп есептеледі. Талдау – бірлескен ізденіс. Ізденіс барысында әр баланың көңіл күйін бақылауға, ой-пікірін байқауға мүмкіндік алады, интеллект деңгейін анықтай алады. Әсіресе оқу сабақтарындағы материалды талдау арқылы шығарманың айтар ойы, идеясы бала жүрегіне жетіп, талдаулар арқылы ар, ұят, қайырымдылық, әдептілік т.б. сияқты тамаша адамгершілік қасиеттер бойына жұғысты болады. Сабақтың әрекет теориясына сәйкес ұйымдастырылуы-баланың жеке басын дамытудың басты кепілі. Ол үшін мұғалім мына қағидаларды есінде ұстауы қажет:
-баланың бойындағы құмарлығын, қызығушылығын жойып алмай, оның үнемі алға жылжуға деген талап-тілектерін сұраныс пен мұқтаждарын ескеру, шығармашылығын жетілдіру;
-білімді өз бетінше іздену арқылы алуға қолайлы жағдай жасау;
-өзін-өзі дамытатын тұлғалар қалыптастыру.
2.3 Ағылшын тілі пәнінде де шығармашылыққа, интеллектіні дамытуға берілетін тапсырмаларды қолданамын. Бұл сабақтар балалар үшін өте қызықты сабақтардың біріне айналды. Алғаш заттарды салыстыру, ұқсастығын, айырмашылығын анықтау сияқты қарапайым тапсырмалардан басталған жаттығулар бірте-бірте баланың тез ойлап, шұғыл шешім қабылдауын талап ететін, оны жан-жақты дамытуға әсер ететін тапсырмалар түріне ауыса бастады. Әсіресе дамытушылық мақсаты «жасырын» тұрған бір қарағанда қызықты көрінетін дидактикалық ойындар жоғары эмоциялық жағдайда өтеді.
Солардың бірі «What is this ?» «Ол не ?» ойыны. Оқушылар өздеріне ұнайтын заттарын, ойыншықтарын алып келеді. Бірақ оны ешкімге көрсетпеулері керек. Сабақта сол әкелген затына ауызша сипаттама береді. Қалған оқушылар айтылған белгілеріне қарап әңгіме не туралы екенін анықтаулары керек.
Мұғалім: "This is a boy. It is round. The color this of the toy can be different. It will be big and small. The children like this toy very much. They play different games with it". Бұл ойынды әртүрлі нұсқада ұжым болып та, топтарда да, қолдануға болады. Ең негізгісі – балаға дұрыс меңгерте отырып, сипаттама бере білуге үйрету. Жауаптарда айтылғанға сәйкес ұқсас заттардың табылып жатуы мүмкін. Ол ойынды одан әрі қызықтыра түседі. Ойынды бірнеше рет қайталауға болады.
Оқушының ерекше қызығушылығын туғызатын жұмыс түрі өмірде көп кездесетін,бір қарағанда жағымсыз болып көрінетін кейбір оқиғалардың пай-
далы жағын көруге тырысу және айтып беру. Бұл тапсырма да күрделеніп отырады. Оған мысал ретінде «Жақсы-жаман» «Good-bad» ойыны. Ол үшін жақсы таныс зат не объект таңдап алынады. Сол затты сипаттау, оның жақсы және жаман қасиеттерін айтып шығу тапсырылады. Жауаптар бірін-бірі қай-
таламаулары керек.
Мұғалім: «Pencil. It is red-good, it is thin-bad. We can use it with our hands -good, we cannot put it in the bag – bad.
Бұл тапсырма арқылы балалардың объективті дүниені тану, диалектикалық заңдылықтарды ұғыну, оның қарама-қайшылықтарын түсіну, сапасы мен санын ажырата білу сияқты қасиеттері қалыптасып, логикалық ойлай білуге, жүйелілікпен талдай білуге үйренеді. Тапсырманың соңғы үшінші түрі қиындау бірақ өте қызықты. Ойынды жүргізу үшін арнайы дайындықтың қажеті жоқ. Тек ойдың ретін жоғалтып алмаса болғаны. Сынып жағдайында күніне бірнеше рет қайталап ойнауға болады. Бұл шығармашылық қабілеттердің негізгі өлшемдерінің бірі-білімді жаңа жағдайға тасымалдай білуді қалыптастырады.
Қазіргі талап –оқушыларды ойландыру,іздендіру, сол арқылы өз беттерінше еңбектеніп оқуға баулу. Осы міндет тұрғысынан ағылшын тілі сабағында ойларын кемелдендіру тілдерін дамыту,сөз байлығы молайса,ой қабілеті шынықса , білім көлемдері де артады, тереңдейді және сапалы, тиянақты болады. Бұл орайда төмендегідей жұмыстарды жүзеге асыр-дым.
Мысалы, «Тыныс белгісін қой». Тыныс белгісі қойылмаған 30-50 сөзден құралған мәтінді даярлап , оқушыларға үлестіремін. Олар мәтіндегі сөйлем-
дердің жігін айырып, тиісті тыныс белгілерін қояды.
Мысалы, «Where did you get it?»
When uncle Peter came to their house, mother said I`m sorry I have no cheese I know you like it very much little Jim turned went out the room and soon came back with some cheese Uncle Peter thanked him put the cheese into his mouth and said You have very good eyes Where did you get it the boy answered from the rat-trap.
«Адасқан сөздер». Орны ауыстырылып қойылған сөздер беріп, сол сөздерді орны‑орнына қойып, сөйлем құратамын, оқушылар сол сөйлемдерден мәтін құрайды.
Мұғалім: «A thirsty man». A man along a road was walking. was thirsty He. saw a swimming pool He. There two boys were swimming. He them asked to show a shop the way to. He the store came to. The shop assistant on the phone was talking. It long talk was very. The man and was angry the store left.
«Қосымшасын тап».Жеке атау сөздерден құралған сөздер беріп, оларға тиісті қосымшалар, предлогтарды қойып сөйлем құратамын.
Omar…. Ales were watch…TV…8 o'clock. My friend came home…9 o' clock yesterday evening. His mother was cook the kitchen.
«Қалып қойған сөзді тап». Оқушыларға мәтін беремін, оның ішінен кейбір сөздерді қалдырып кетемін. Сол нүктенің орнына керікті сөздерді тапқызып жаздыртамын.
Мұғалім: «Pete' s story. One day a teacher says to his pupils:
«Write….about the football….on Sunday. » Pete….writes three words in his notebook…puts his…
Down on the desk. «Where… your story,…Show it to me!», says the teacher. Pete…to the teacher his story. ….takes his notebook and reads: «Rain. No game»
«Мәтін құра». Тақырып белгіленіп, сол тақырып бойынша ыдыратылған сөйлемдер беріледі. Оқушылардан сол сөйлемдерді орын – орнына қойып, жүйелеп айтып беруін талап етемін.
«Hobbies». Steve enjoys playing football. He has two brothers. His favourite subject is P.E. He knows a few words of Spanish but he doesn’t like learning foreign languages. He is in the school team. He doesn’t like doing homework. He also likes basketball.
«Сұраққа жауап бер». Тақырып белгіленіп, сол бойынша ыдыратылған сөйлемдер беріледі, астына сұрауларын жазып қоямын. Оқушылар сол сұрауға жауап боларлық сөйлемдерді орнына қойып, әңгіме айтады.
«The environment»Cambridge is in the east of England. Cambridge is an ancient city. The main industries in Cam-bridge are tourism and agriculture. The population is about a hundred thousand. It is a small city. There are a lot of English language schools. Where is Cambridge? What kind of city is it? How many people live there? Is it an ancient city? What are the main industries? What kind of schools are there?
« Тақырыбын тап». Бір тақырыпқа байланысты белгілі сұрақтар жазып қоямын. Балалар сол сұрақтарға жауап береді және әңгіменің тақырыбын белгілейді.
Мұғалім: Which class are you in? What is your teacher’s name? What subject do you like?
«Әңгімені құра». Белгілі бір оқиғалы суретті үлестіріп беремін,кейде сынып тақтасына үлкейтілген түрін іліп қоямын.Суреттің астына сұрақтар жазамын. Оқушылар сол сұрақтарға жауап беру арқылы мәнді әңгіме құрап береді.
Мұғалім: When was she ill? What was the matter? Did she have a headache in the morning? How long did she sleep? How does she feel today? Why is she staying in bed?
«Әңгімені аяқта». Тиісті тақырыпқа жазылған әңгіменің бас жағына 2-3 сөйлем өзім жазып қоямын. Оқушы сол әңгімені өзі аяқтау керек.
Teacher: Which is nearer: Africa or the sun?
Pupil: The sun.
Teacher: The sun. Why do you think so?
Pupil…
«Мақалды тап». «I like this place», said the young man. «Tastes differ. As for me, I prefer the seaside», George smiled at his brother.
«Сөздердің антонимдерін тап».
Sly-naive fast-slow
Greedy-kind clever-silly
Cowardly- brave strong-weak
«Полиглот». Аталған мақалдардың қазақша, орысша баламаларын тап.
There is no smoke without fire. Жел соқпаса, шөптің басы қимылдамайды. Нет дыма без огня.
To make a mountain out of a molehill. Түймедейді түйедей ету. Делать из мухи слона.
«Сөзжасам түрлерін тап».
Answer— жауап to answer— жауап беру
Hand- қол to hand- қолға беру
Order- бұйрық to order- бұйыру
Жаңа сөздерді есте сақтау жадысын дамыту бағытында сөзжұмбақтардың
ағылшын тілі пәнінде қолданудың орны ерекше.[24] Сөзжұмбақтарды әртүрлі бағыттарда қолдануға болады:
жасырылған сөзді тауып, сөйлем құрау;
сөз топтарын тауып содан әңгіме құрастыру;
жаңа сөздердің ішінде сөзжұмбақ етіп жасыруға болатындарын анықтау.
Сөзжұмбақ құрастыру үлгілері:
екі сөздің қосындысы: arm+chair
үтір қойылған әріптерін алып тастау: chair-hair
іn жалғауы арқылы: fine
on, up, under жалғаулықтары арқылы: second
бір әріпті сызып тастау арқылы: cap-cat
сөздің әріптерінің ретін ауыстыру арқылы: cat-act
of жалғауы арқылы: coffee
by, at жалғауы арқылы, егер бір әріп екінші әріпке тақалып тұрса: late
бір нәрсе керісінше тұрса: dog-god
бір әріп екіншісіне бағытталса to жалғауы жалғанады: today
Төменгі әріптерден сөз құрап, бір әріп бір сөзде екі рет қайталанбауы тиіс. Bag, yet, age, globe, tie, get, big, cat, rat, goal, etc.
2.4
«Ұстаздық ізденістер» атты озық іс-тәжірибелер жинағында шыққан ауда-нымыздың аға-ұстазы Бөлекбаева Қанзиба Кемелқызының ұсынған тест түр-лерін күнделікті сабағымда пайдаланамын.Тест оқушылардың өз бетінше жұ-мыс істеу әрекетін арттырады, оқытудың тиімділігіне қол жеткізеді, ойлау қабілетін, шығармашылық шабытын оятады. Оған қоса оқушылардың алған білімдеріндегі олқылықтарды анықтайды, уақытты тиімді пайдалануға мүм-кіндік береді. Тесттің мынадай түрлері бар: қосынды тест, сәйкестік тест,рет бірлігін анықтау тестісі, көптен таңдау тесті, баламалы тест,толықтыруды қа-жет ететін тест.[5] Мысалы, «How he belongs to ages» шығармасын талдағанда баламалы тест (True-False Test) қолдандым.
1. Nobody knows when President has been killed.
|
False
|
2. John Booth fired into the President `s head.
|
True
|
3. The President died the next day.
|
True
|
4. The President didn’t want to go to the theatre.
|
True
|
Оскар Уайлдтың «The picture of Dorian Gray» атты шығармасын талдау саба-ғында сәйкестік тестін (Matching test) пайдалануға болады: оқушыларға бір-неше сөздер (зат есім, сын есімдер) беріледі. Сол сөздерді шығармадан алын-ған төрт кейіпкерлердің(Dorian, Sybil, Basil, Sailor)бейнесін ашу үшін сәйкес-тендіру қажет.
1. Dorian painter, successful, actress, sailor, cruel, kind, terrible,
2. Sybil young, clever, very handsome, talented, helpful, selfish,
3. Basil rude, hot-tempered, sympathetic, charming, vain, serious,
4. Sailor proud, worried, mysterious, angry, reliable, good.
«Оқыту үдерісінің үш түрлі құралды бөлігі бар, ол – ғылым,шеберлік,өнер» дейді белгілі педагог В.А.Сухомлинский. осы үш түрлі қасиет мұғалім бойынан табылса, сонда ғана ол сабақ үстінде білімділік, тәрбиелік мақсаттарды ұштастыра жүзеге асырады.
Оқушылардың танымдық қабілетін арттыру, оларды білуге ынталандыру, шығармашылыққа ұмтылдыру, ойлана, іздене білім алуға, өз ойын дәлелдеп, тиянақты айтып беруге дағдылану сияқты сапаларды оқушы бойына дарыту білім саласындағы бүгінгі күннің өзекті мәселесі.
Өкінішке орай көп жағдайда оқушыларымыз актив сөздік қоры мол бола тұра, сөздерді бір-бірімен байланыстырып сөйлей алмай жатады. Е.И.Пассов айтқандай, мұның себебін оқытудың стратегиясынан іздеу керек. Олай болса тіл үйрететін құралдарымызды коммуникативтік тұрғыдан таңдап-талғап ала білуіміз керек.
Яғни,
А)қай салада оқушылар қарым-қатынаста болуы керек, соны анықтауымыз керек.
Б)сөздік қоры тіл ұстарту мақсатымен тығыз байланысты болып іріктелінуі керек.
В)сөйлеуге үйретудегі проблемаларды айқындағанда, оқушылар тарапынан қараған жөн. Ал оқушылар өздері ықылас білдіріп, өз еркімен сөйлеуі үшін олардың өз көзқарастарына, қызығушылығына сай ситуациялық жаттығулар туғыза білуіміз керек.Өйткені сабақта ситуациялық жаттығулар мен ойындар-ды қолдану арқылы оқушылардың ынтасы мен зейінін арттыруға болады.
Әрбір оқушының бір-бірімен әңгімелесуі, сөйлесуі үшін, өздері бір-біріне немесе мұғалімге, ата-анасына, бөгде адамдарға сұрақ қоя білу әдісін меңгеруі аса қажет. Осы орайда ойын жағдаяттарын пайдаланудың маңызы зор.
Сабақты ойын түрлерін пайдалана отырып жүргізу – оқыту әдістемесінің белсенділігін арттырып, қосалқы-қосымша мүмкіндік тудыратын тәсіл деуге болады.
Рольдік ойын барысында оқушылар әлеуметтік тұлғаларды әлеуметтік қа-рым-қатынас көлемінде меңгеріп ойнайды. Білік негіздерін қалыптастырып дамытудағы рольдік ойындардың берер көмегі өте көп:
Рольдік ойынның өзіне тән қасиеті – басынан бастап оның «сөйлеу» ре-тінде жүргізілуі.
Сөздің, сөйлемнің тілдік қызметінен ауытқымауы.
Оның әлеуметтік қарым-қатынастарға негізделген көрініс-бейнелердің үлгісі екендігі.
Рольдік ойын барысында тілдік серіктестік жұмысының жасанды емес, шынайы түрде жүргізілу мүмкіндігі.
Сабақта бір ескеретін нәрсе,жұппен жұмыс барысында рольдік ойынды қол-данғанда оқушылардың алдында басты міндет – жұп арасындағы әңгімені өр-бітуден басқа да қосалқы-қосымша міндеттердің туындайтындығы. Сол үшін оқушыларды функционалды тіректерді пайдалана білуге үйретуіміз керек.
Жұп арасындағы әңгімені топ ішіндегі әңгімеге өрбітуге мүмкіндік тудыратын функционалды тіректердің моделін қарастырайық. Пікір алысуға үйрету барысында тіл ұстарту шараларын ұйымдастыруға мысал келтірсек; нашар оқитын оқушы мен жақсы оқитын оқушының арасындағы әңгімені өрбітудің функционалды моделін былай қарастыруға болады.
Жұп мүшелерінің алдына қойылған міндет:
Нашар оқитын оқушы түзелгісі келетіндігін білдіріп жақсы оқитын оқушыдан көмек сұрауы керек.
Жақсы оқитын оқушы көмектесуге ісімен де, сөзімен де дайын екенді-гін көрсетуі керек.
Логико-синтаксистік схемаларды сөйлем құрудың немесе сөйлесудің оперативтік негіздерінің бірі деп тануға болады. Оған дәлел: сөйлемдер бет алды құрылмай,белгілі бір ой жүйесінде үйлесіп жататындығы,және де син- таксистік тұрғыдан қайталанып тұратындығы.
10 сыныпта «How he belongs to ages» деген Стивен Ликоктың шығармасы бойынша өтілген сабақта қолданылған логико-синтаксистік схемаларға тоқталсақ.
Президент Абраам Линкольн туралы оқылған мәтін бойынша:
Президент туралы не білесің?
Сен не білгің келеді?
Президенттердің өмірін қалай елестете аласыңдар? деген проблемалар көтеріліп, соған байланысты мынадай логико-синтаксистік схемаларды пайдаланып:
а) I think… b) I’ve known… c)I think that…
But… Truly … However…
That’s why… I would like May be…
оқушылар өз ойларын, көзқарастарын тиянақты жеткізе білді.
Ағылшын әдебиеті сабағында оқушылардың оқыған мәтіні бойынша өзімен өзі сөйлеуін төмендегідей ұйымдастыруға болады:
Мәтіннің мазмұнын түсінуге қиындық келтіретін сөздерді, грамматика-
лық жағынан күрделі сөз тіркестерін мәтінді оқыту алдында түсіндіру, қай-
талау;
Мәтіннің мазмұнын жалпы түсінуге нұсқау беру(тексеру жолдарын,
сұрақтарды алдын ала айтуға болады);
Оқушыларға мәтінді өз бетімен іштей оқыту (оқуға берілетін уақыт
беріледі);
Мәтіндегі жалпы мағлұматтарды тексеру;
Мәтіннің мазмұнын толық түсінуді талап ету, мәтінді екінші рет оқу
үшін арнайы тапсырмалар беру;
Мәтіннің оқушылардың толық түсінгенін тексеру;
Мәтіннің мазмұнын айту;
Мәтіннің оқиғаға өз пікірін айту.
Оқушының монологты түрде сөйлеуінің мынадай түрлеріне көңіл бөлу керек:оқыған,тыңдаған мәтіннің мазмұнын айту,қысқа хабар жасау,өткен тақырыптар бойынша әңгіме құру, бір нәрсені суреттеу, кейіпкерлерге мінездеме беру, өз пікірлерін айту.
Кітап оқу жұмысы–соншалық маңызды жұмыс.Көркем әдебиет болсын, басқа әдебиет болсын –олардың білімдік, тәрбиелік мәні зор. Кейбір тақырыптарға оқушылардың өздеріне жоспар жасату, өз сұрағыма жауап боларлық сөйлемдерді мәтіннен іздеп тапқызу,мәтіннің ішінен кейбір негізгі ойлар мен кейіпкерге мінездеме боларлық жерлерін теріп оқыту жұмыстарын жүргіземін.
9-11 сынып оқушыларына көбінесе белгілі бір тақырыпқа реферат жазуға тапсырма беремін.
Ағылшын тіліндегі оқулықтарда жоқ материалдар іздейді. Тапсырма бойынша оқушы газеттерден, кітаптардан, интернеттен керек мәліметтерді іздеп, тауып,жазып әкеледі,қысқаша мазмұнын ағылшын тілінде айтып береді. Оқушыларға мұндай жұмыстар ұнайды. Бұл мен үшін пайдалы материал болса, олар үшін шығармашылық жұмыс.
Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттырып, ынталандыру үшін сабақтарда мынадай жолдармен өткізуге болады.
1. Сабақта кең көлемде көрнекі құралдарды пайдалану;
2. Сабақты түрлендіріп өткізу;
3. Сабақта оқушылар өздері жасаған суреттер, схемаларды пайдалану;
4. Техникалық құралдарды тиімді пайдалдану;
5. Сабаққа қатысты бейнетаспаларды, фильмдерді көрсету.[4]
Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылығын арттыра түсу үшін шығармашылық қабілеттерін сабақта және сабақтан тыс уақытта дамытуда ағылшын тілінен жүргізілген үйірме жұмысы оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, тіл байлығын арттыруға көмектеседі. Ағылшын тілінде сөйлеуге төселіп, сөздік қоры молаяды, оқушылардың ағылшын тіліне деген сүйіспеншілік сезімі оянып, қызығушылығы артады.
Үйірмеде орындалатын жұмыс түрлеріне тоқталсам, оқушылар шығармашылық тапсырмаларды меңгеру үшін мына шарттар орындалуы тиіс:
Баланың шығармашылық қабілеттерін дамыту ісін ерте бастан қолға алу, яғни, баланы балабақша кезеңінен бастап, мектеп бітіргенге дейін үзбей шығармашылыққа баулып, қиялын, ақыл-ойын басқа да қабілеттерін дамытып отыру керек.
Шығармашылық жұмыстар баланың ойлау мүмкіндігінің ең жоғары деңгейіне жетіп, күн асқан сайын ол деңгей биіктей беретіндей болуы керек.
Бала әрекетінің өз бетімен айналысуға, тыңдауына деген еркіндігінің болуы, немен айналысамын десе де өз еркі болуы керек.
Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін ашудың бірден-бір көзі өз бетінше жұмыс істеу
Логикалық ойын, сөзжұмбақ, ребус шешу, жұмбақ, мақал-мәтел;
Еркін тақырыпта әңгіме құрастыру, оқиғаға тән көрініс, суреттерге сюжет құру. Оқушы сол көрінестерді қиялмен, суретпен, оқиғаны дамыта отырып, шығармашылық жұмыс істейді.
Жүйелі шығармашылық әрекеті мен шығармашылық қабілет дамытуда берілетін тапсырмалар сөйлеу мен тыңдап түсінуге бағытталған жаттығулар, сөздікпен жұмыс.[10] Сөздікпен жұмыс – сөздерге сөз тіркестеріне байланысты жаттығулар. Сөздің мағынасын жан-жақты түсінуге, сөздік қорын молайтуға мүмкіндік береді.
Сыныпта өзара шығармашылықм қарым-қатынас орнату, енжар, салғырт балдарды белсендіріп, шығармашылыққа араластырады.
Мен өз сабақтарымда үнемі сөзжұмбақтар, ребус шешу, суретпен жұмыс, әртүрлі тақырыпта шығарма жазу, сөзкпен жұмыстарды жүргізіп отырамын. Мысалы: 5-сыныпта «Are you a good friend?» тақырыбын өткен кезде суретпен жұмыс, «Менің досым» деген тақырыпта шығарма жазу тапсырылды. 7-сыныпта «Parts of the body» сабағында оқушылардың тыңдап, есте сақтау қабілетін арттыру мақсатында «Draw Joe’s face!» тапсырмасы берілді. 8-сыныптарды «Environment» тақырыбында оқушылардың сөздік қорын молайту үшін «Полиглот» ойыны ойнатылды. 9-сыныптарды «If I were millionaire» сабағында «Егер мен миллионер болсам…» деген тақырыпта шығарма жаздырылды.
Оқушылардың ағылшын тілі пәніне деген танымдық қызығушылығы мен шығармашылық қабілеттерін анықтау үшін 8-сыныптар арасында тәжірибелік-эксперимент жұмысын жүргіздім. Барлығы 35 оқушы қатысты.Оның 22-сі эксперимент тобы болса, ал 13 оқушы бақылау тобында. Тәжірибелік-эксперимент жұмыстарын ұйымдастыруды анықтау кезеңінде зерттеу жұмыстары, диолог, монолог, ойын элементтері, сауалнама т.б. әдістерді қолдану жүзеге асырылды.
1-кесте. Эксперименттік тәжірибе
Білім көрсеткіші
|
Эксперимент тобы
|
Бақылау тобы
|
8 а 8ә
|
8б
|
Пәнге деген қызығушылығы
|
25
|
20
|
10
|
Өз бетімен жұмыс жасауға ынтасы
|
15
|
10
|
10
|
Берілген тапсырманың мақсаты мен мәнін анықтай білу
|
10
|
10
|
10
|
Логикалық ойлау қабілеттері
|
20
|
15
|
10
|
|
70%
|
55%
|
40%
|
Сабақ барысында өткізілген ойындар, логикалық тапсырмалар, мәтінмен жұмыс, сурет бойынша шығарма жазу, сурет салу жұмыстары нәтижесінде
2-кесте. Эксперименттік тәжірибе
Білім көрсеткіші
|
Эксперимент тобы
|
Бақылау тобы
|
8 а 8ә
|
8б
|
Пәнге деген қызығушылығы
|
30
|
25
|
15
|
Өз бетімен жұмыс жасауға ынтасы
|
15
|
15
|
10
|
Берілген тапсырманың мақсаты мен мәнін анықтай білу
|
15
|
20
|
15
|
Логикалық ойлау қабілеттері
|
30
|
20
|
20
|
|
90%
|
80%
|
60%
|
Тәжірибелік-эксперименттік жұмысы оқушылардың білім сапасы мен пәнге қызығушылығы, шығармашылықпен жұмыстануы анықталды. 1-ші бастапқы зерттеу нәтижесіне қарағанда сабақ барысында және сабақтан тыс уақытта жүргізілген жұмыстар нәтижесінде экспериментке дейінгі оқушы шығармашылығының даму деңгейі 40% эксперименттен кейінгі даму деңгейі 60% көтерілді.
Қорытынды
Шығармашылық жұмыс жасау жеке тұлғаны қалыптастыруда зор үлес атқарады. Себебі, оқушы қарапайым нәрседен ой тұтатып, қиял әлеміне шомылып, кез-келген нәрсені еркін айтып, ойын жаза да, айта да біледі. Шығармашылық жұмыс өткізудегі күтілетін нәтиже:
Тіл байлығы, сөздік қоры молайып, сөйлеу мәдениеті қалыптасады;
Жеке тұлға өз жұмісінің нәтижесін көре алады;
Танымдық ізденістерін тиімді ұйымдастыруға жол ашады;
Ой-өрісі дамиды;
Шығармашылық жұмыспен шұғылдануға машықтанады.
Қорыта келгенде, шығармашылық тұлға басқалардан өз ісіне деген сенімділігін, әдемілікті сезіне білуімен, өзгеше шабытымен ерекшеленеді. Шығармашылық қабілеттерін дамыту ісін неғұрлым ерте қолға алып, әр оқушының қол жеткен нәтижелері мен даму дәрежесіне үнемі қарайлап отырсақ, шығармашылыққа өз үлестерін қосары сөзсіз. Оқушылардың шығармашылығын, ізденушілігін дамытып, әрқайсысына жеке тұлға ретінде қарап, олардың өздеріне деген сенімін, білімге деген ынтасын арттырамын. Эксперимент-зерттеудің алғашқы кезеңінде жоғары деңгейде болса, зерттеуден кейін бақылау топтарында айтарлықтай өзгерістер, оқушылардың логикалық ойлауға машықтануы, шығармашылық жұмыстармен айналысуы, пәнге деген қызығушылығы, берілген тапсырманың мақсаты мен мәнін анықтай білуі, өз бетімен жұмыс жасауға ынтасы осындай жұмыстардың нәтижесінде көтеріліп отырды.
«Болашақтың баласында, данасында, ғалымында ұстаз өсіреді» деген Б.Момышұлының қанатты сөзімен аяқтағым келеді.
Оқушы шығармашылығынан
5 сынып оқушысы Умбетбаев Ернардің шығармашылығы
«Alphabet in rhymes and pictures» кітапшасы
5 сынып Қалдыбекова Аружандың шығармашылығы
«Some rhymes and songs» жинағы
Пайдаланылған әдебиеттер:
Ахмедиева А.Т «Шет тілі сабағында оқушыларды шығармашылыққа тәрбиелеу» Ағылшын тілі мектепте 1.2011ж. 32 бет
Ахметқалиева Г. «Шығармашылық жұмыстар» Қазақстан мектебі 7.2011ж 24 бет
Әділханова М. «Шығармашылық дербестікті қалыптастыруда жазба жұмыстарының маңызы» Қазақстан мектебі 8.2001ж. 38 бет
Батаева Ү. «Оқушылар шығармашылығын арттыру» Бастауыш меткеп 1.2011 ж 10-бет
Бөлекбаева Қ. «Ұстаздық ізденістер (озық іс-тәжірибелер жинағы)» Алматы 2007ж 125-126 бет
Джамилова Г. «Обучение английскому языку через образное представление материала» Инастрынный язык в школе 6.2007ж
Жарықбаев Қ. «Технология» Алматы білім 1993ж 272-бет
Жасыбаева А. «ағылшын тілі сабағында жүргізілетін жазба жұмыстарының түрлері» Ағылшын тілі мектепте 6.2010ж 43-бет
Жексенбаева Б. «Оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру»
Жолдасова А. «Ізденген жетер мұратқа» Атырау 2006
Жолдыбаева Г. «Коммуникативті оқыту технологиясының теория және практика тұрғысынан жүзеге асыруы» Ағылшын тілі мектепте 3.2008ж 15-19 бет
Иманғалиева А «Дарынды дамыту – ұстаз парызы»
Қараев Ж. «Оқытудың үш өлшемді әдістемелік жүйесінің педагогикалық технологиясы»
ҚР-ның «Білім туралы» Заңы. Астана 2004 ж
отырып, білім сапасын арттыру.»
Пассов Е. «Технология каммуникативного обучение иноязочный культуре»
Поташник М. «Управление качествам образования» Масква 2002ж
Рамазанова Н. «Гуманитарлық цикл сабақтарында оқушылардың»
Сарузенова Ғ «Ағылшын тілі сабағында оқушылардың шығармашылық пен ізденіс қабілеттерін дамыту» [электронник ресурс] адресwww.baiandama
Слямжанова У. «Орта буын оқушыларының ағылшын тілі сабағында шығырмашылық пен ізденіс қабілеттірін дамыту жолдары» [электронник ресурс] адрес www.baiandama
Сураншиева Н. «оқушының өзіндік жұмысындағы грамматикалық ойындар рөлі» Ағылшын тілі мектепте 6.2010ж 44-бет
«Сынып жетекші» журналы 2009
«Мектептегі шет тілі» 2.2004ж
Тұрысбаева. «Дамыта оқу технологиясы»
Шарауова А «Жаңа сөздерді есте сақтауда сөзжұмбақтардың орны» Ағылшын тілі мектепте 3.2008ж 20-21 бет
Шарикова. З «Оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыта отырып, білім сапасын арттыру.
Достарыңызбен бөлісу: |