1. Шығыс елдерінің жаңа және қазіргі замандарда әлеуметтік-экономикалық дамуының ерекшеліктері қандай болды?



Дата29.12.2021
өлшемі14,6 Kb.
#106035
Байланысты:
1-пр Сұрақтар, Мұхан Асхат


1-Проблемалық сұрақтар

Орындаған: Мұхан Асхат, 216топ, қытай тілі



1.Шығыс елдерінің жаңа және қазіргі замандарда әлеуметтік-экономикалық  дамуының ерекшеліктері қандай болды?

Отарларда капиталистік плантациялық шаруашылықтың қалыптасуы. Шығыс елдерінің негізгі шаруашылығы ауыл шаруашылығы болды. Ауыл шаруашылығымен халықтың үштен екі бөлігі айналысты. Отаршыл елдердің аграрлық секторды қалыптастыру әдістері сан алуандығымен ерекшеленді. Бірақ олардың барлығы екі бағытта топтасты. Біріншісі-отаршылдықтың даму барысында жерге жеке меншіктің дамуы және жерді жалға беру, помещиктік тұрпаттағы ірі өндірістер құру. Екіншісі-плантация түріндегі ірі өндірісті орнықтыру. Шетелдік плантациялық шаруашылық өзге шаруашылықтармен салыстырғанда ерте әрі жылдам сол заманғы капиталистік мекемелерге айнала бастады. Бұндай үрдіс отарларда капиталистік тәртіптің қалыптасуына өз себебін тигізді.

Алғашқы плантациялар Молук бұғазының жағалауларында XVIII-XIX ғасырларда пайда болды. Кейіннен Оңтүстік-Шығыс Азияның өзге аудандарында плантациялар сирек кездесетін құбылыс еді. Тек ХХ ғасырдың бірінші жартысында игерілмеген жаңа жерлерді игеру үрдісі қарқынды түрде жүрді. Бұл жерлерге техникалық дақылдардың жаңа түрлері әкелініп өсіріле бастады. Плантациялық шаруашылық Үндістан, Индонезия, Бирма, Египет, Малазия, Шри-Ланка және Филиппинде пайда бола бастады. Плантациялық шаруашылық үшін орасан зор жер бөлінді. Бұл жерлер тазарту, батпақты құрғату арқылы пайдаға жарамды етілді. Суармалы алқаптарда егін өсіру үшін дамбалар, каналдар, тоғандар, су айдайтын бекеттер салынды. Плантациялардың төңірегінде темір және тас жолдар, қойма ғимараттары, тұрғын үйлер, өнімді өңдейтін кәсіпорындар сияқты инфрақұрылымдар пайда болды.



Осы іспеттес кешендердің пайда болуы Шығыс елдеріне капитализмді тікелей импорттаудың көрінісі еді. Ірі плантациялық шаруашылықтарды құру және оларды дамыту сол кездегі алдыңғы қатарлы техникалық құралдар мен кадрларды пайдалану арқасында мүмкін болды. Сонымен қатар бұндай ірі плантациялық шаруашылықтарда жалақысы төмен жұмысшылардың еңбегін пайдалану кеңінен етек алды. Оларды контрактіленген кулилер деп атады. Плантацияларда қосалқы жұмысшылар да еңбек етті. Олар әдетте қайыршыланған немесе, борышқа батқан жалгер-шаруалар болатын. Сондай-ақ, бұндай ірі плантацияларда елдің нашар дамыған аудандарынан және көршілес елдерден мысалы, Қытай және Үндістаннан келген мерзімді жұмысшылардың еңбектері пайдаланылды. Плантациялардың әкімшіліктері барлық істер мен есеп-қисап жұмыстарды тікелей жұмысшылармен емес, басты жалдап алушылар арқылы жүргізді. Жалдап алушылар мен плантация әкімшіліктері кулилерді әкелу жөнінде шарттар жасасты. Кулилер контрактіге қолдарын қойған соң аванс ретінде алатын болды. Содан кейін олар шарт мерзімі аяқталғанға дейін жалдап алушының езгісіне түсті. Формальді түрде кулилерді контрактілеу жүйесі тек ХХ ғасырдың 20-жылдары жойылғанымен, ол кейінгі кезеңдерде әрекет жасай берді. Мақта, кендір, қант қамысы, темекі, кокос және май палмасы, жүзім, цитрус жемістері сияқты экспортқа арналған жергілікті өсімдіктерді өсіру қарқыны мен көлемі артты.

Отарлардағы ірі плантациялық шаруашылық дамуының салдары. Ірі плантациялық шаруашылықтың өсуі отаршылдықтың негативті формасы болды. Шетелдік капитал, жұмысшыларды контрактілеу, шаруашылықтың бір жақты дамуы, және тағы басқалар жергілікті халық пен жалданушы жұмысшылардың жағдайларын нашарлатты. Олардың ауыр әлеуметтік-экономикалық салдарлары да көрініс бере бастады. Мысалы, аграрлық ірі плантациялық аудандарда халықтың шамадан тыс тығыз қоныстануы, кең-байтақ жерлерді плантациялар үшін күштеп тартып алу, кешегі қауымдастықтар мен жалгер-шаруалардың қайыршылануына алып келді. Сонда да болса, бұл үдеріс жалпы алғанда отарларда капитализмнің дамыған түрлерінің қалыптасуында прогрессивті роль атқарды. Уақыт өте келе, жергілікті экономикаға интеграцияланған плантациялық шаруашылық экспортқа шығарылатын ауыл шаруашылығы өнімінің негізгі бөлігін өндірді және бұндай елдердің экономикасында маңызды орынды иеленді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет